26-есеп
2021 жылдыңсоңындаҚазақстанРеспубликасындахалық саны 19 247 393болды. Бұлкөрсеткішжылдыңбасында18 953 799халықтықұраған. Қалахалқы– 11 287 456, ауылхалқы– 7 959 937, туылғандар саны – 426 081, қайтысболғандар саны – 168 120, ер адамдар – 9 245 006, әйеладамдар – 10 002 387.
Есептеуге болатын көрсеткіштерді анықтаңыз.
Индикаторды есептеу әдісімен анықтаңыз (формулаларды жазыңыз).
Математикалық есептеуді орындаңыз.
«Урбанизация» терминіне анықтама беріңіз. Урбанизация көрсеткішіне әсер ететін факторларды анықтаңыз.
Қала тұрғындарының санының артуына байланысты денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысында болу мүмкін өзгерістер мен жүктемелер күшін негіздеп түсіндіріңіз.
Жауап эталоны:
Туу көрсеткіші, өлім көрсеткіші, табиғи өсім, урбандалу коэффиценті, ер адамдар мен әйел адамдардың үлесі.
Туу көрсеткіші = * 1000
Туу көрсеткіші = * 1000 = 22.3
Өлім көрсеткіші = * 1000
Өлім көрсеткіші = * 1000 = 8.8
Табиғи өсім = * 1000
Табиғи өсім = * 1000 = 13.5
Урбандалу коэффиценті= * 100
Урбандалу деңгейі = * 100= 58.6 %
Ер адамдар үлесі = * 100
Ер адамдар үлесі = * 100 = 48.03 %
Әйел адамдар үлесі = * 100
Әйел адамдар үлесі = * 100 = 51.97 %
4.Урбанизация – қоғамның дамуында қала рөлінің өсу процесі және қала халқының үлес салмағын артуы. Яғни урбандалу деп халықтың жақсы жұмыс іздеп, өмір сүру үшін жақсы жағдай іздеп ауылдық аудандардан қалаға көшуі (іштей миграция) салдарынан қала халқының өсуі.
Урбанизация көрсеткішіне әсер ететін факторлар мен себептер:
Ауылдық жердегі жұмыссыздық
Ауылдық жердегі әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық жағдайдың ауырлығы мен төмендігі
Ауылддық аймақтардың қалалық жерлерге қарағанда дамуда артта қалуы
Ауылдық аймақтардың экологиялық-географиялық жағдай ерекшеліктері.
5.Қала тұрғындарының саны мен тығыздығының артуына байланысты денсаулық сақтау, қалалық емдеу-профилактикалық мекемелердің қызметі мен міндеттерінде өзгерістер мен жүктемелер артады. Бұл қала дәрігерлері мен басқа да денсаулық сақтау саласы мамандарының 1 басына шаққанда қызмет көрсетілетін тұрғындар санының артуына байланысты денсаулық сақтау мамандарына деген сұранысты арттырады. Бұл өз кезегінде әр түрлі бағыттағы денсаулық сақтау мекемелерінің жаңадан салынуын қажет етеді. Сонымен қатар қала тұрғындары тығыдығының артуы санитарлық-эпидемиологиялық станция тарапынан қырағылық пен қызметіндегі жауапкершіліктің артуын тудырады. Тұрғын санының артуы қала экологиясына міндетті түрде теріс әсер ететіндігі мәлім. Осыған байланысты ауру-сырқаулық көрсеткіші де артады.
Достарыңызбен бөлісу: |