24-есеп
Қарағанды облысында 2012 жылғы есеп бойынша халық саны 15-49 жастағы тууға қабілетті әйелдердің саны 431 555 құраған.
Оның ішінде 15-25 жас аралығында әйелдер саны – 128 204, 26-35 жас аралығындағылар – 136 625, 36-49 жас аралығындағылар 116 726.
15-25 жастағы әйелдерден туылған балалар саны – 68 242, 26-35 жастағы әйелдерден туылған балалар саны – 79 608, 36-49 жас аралығындағы әйелдерден туылған балалар саны – 47 895.
Есептеуге болатын көрсеткіштерді анықтаңыз.
Индикаторды есептеу әдісімен анықтаңыз (формулаларды жазыңыз).
Математикалық есептеуді орындаңыз.
Әйел жасының халықтың демографиялық көрсеткішіне әсерін бағалаңыз.
Қарағанды облысында халықтың туу көрсеткішіне әсер ететін басқа да факторларды атаңыз.
Жауапэталоны:
Жасына сәйкес әйелдің бала туу көрсеткіші
Жасына сәйкес әйелдің бала туу көрсеткіші = *1000
15-25 жастағы әйелдердің бала туу көрсеткіші = *1000 = * 1000 =532.3
26-35 жастағы әйелдердің бала туу көрсеткіші = *1000 = * 1000 =582.7
36-49 жастағы әйелдердің бала туу көрсеткіші = *1000 = * 1000 =410.3
ДДҰ бойынша тууға қабілетті жас деп 15-49 жас аралығы белгіленген (фертильді жас немесе генеративті жас). Ананың жасы оның репродуктивті денсаулығын ғана анықтап қоймай, нәрестенің жатыр ішілік өмірі мен туылғаннан кейінгі өміріне де әсер етеді. 15-18 жас аралығында жыныс мүшелерінің әлі де «жас» болғанына байланысты түсіктер мен баланың ерте шетінеп кетуі, ананың бала күтудегі тәжірибесінің жоқтығына байланысты сәбилердің өлімі осы жас аралығында жиі байқалады. Жоғары туу көрсеткіші 19-35 жас аралығын қамтиды. Бұл болашақ ананың жыныс мүшелері физиологиялық тұрғыда баланы көтеруге дайындығымен, тұрмыс жасындағы қыздардың психологиялық тұрғыда «ана» атануға ыждахаттылығымен, некедегі әйел санының көптігімен байланысты. 35 жастан кейін бала туу көрсеткіші төмендей бастайды, ал 45-49 жаста тіпті төмендейді. Бұны әйел жасына сай репродуктивті денсаулықтың да «қартаюымен» байланыстырамыз. 40-тан асқан әйелдерде генетикалық хромосомалық аурулармен туылатын балалар коэффиценті артады. Бұл халықтың демографиялық көрсеткішіне елеулі әсер етеді.
Ана жасынан басқа туу көреткішіне әсер ететін факторлар:
Некелі отбасы үлесі (ерлі-зайыптылар арасында ажырасу пайызының жоғарылауы);
Ата-ананың өмір салты (темекі шегу, алкоголь ішу, нашақорлық, жеке бас гигиенасы, жыныстық өмірі, т.б.);
Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы (тұрмысының нашарлығы, экономикалық жеткіліксіздік, т.б.);
Ата-анасының кәсіптік ерекшеліктері;
Жергілікті экологиялық жағдай (өндірістің көп шоғырлануы, т.с.с).
№25 тапсырма.
Талдықорған облысының халық саны 1 350 000, тірі туылғандар 11 870, қайтыс болғандар саны 24 010 адам болды
1. Қандай көрсеткіштерді есептеуге болады?
2. Көрсеткішті есептеу әдістемесін анықтаңыз?
3. Математикалық есептеуді орындаңыз.
4. Бұл көрсеткішті есептеудің маңызын түсіндіріңіз.
Жауабы:
1. Өлім көрсеткіші, туылу көрсеткіші, табиғи өсім көрсеткіші
2.Өлім көрсеткіші = * 1000
Достарыңызбен бөлісу: |