25-есеп
Солтүстік Қазақстан облысында 2016 жылғы есептеу бойынша халық саны жылдың басында 571 759, жылдың соңында 569 446 адамды құрады. Ағымдағы жылда 5 053 адам қайтыс болған. Соның ішінде жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларынан – 1 983, қатерлі ісіктен – 68, әр түрлі жарақаттардан – 1 668, тыныс алу жүйесінің созылмалы ауруларынан – 563, асқазан-ішек жолының ауруларынан – 576, жұқпалы аурулардан қайтыс болғандар саны – 195.
Есептеуге болатын көрсеткіштерді анықтаңыз.
Индикаторды есептеу әдісімен анықтаңыз (формулаларды жазыңыз).
Математикалық есептеуді орындаңыз.
Қазақстан Республикасы бойынша өлімнің ең жиі себептері болып табылатын аурулар қатарын жазыңыз.
Аурушаңдық туралы мәлімет беретін негізгі және қосымша медициналық құжаттарды атаңыз.
Жауап эталоны:
Өлім көрсеткіші, жүрек-қан тамыр ауруынан өлу көрсеткіші, қатерлі ісіктен өлу көрсеткіші, жарақаттардан өлу көрсеткіші, тыныс алу жүйесінің ауруларынан өлу көрсеткіші, АІЖ созылмалы ауруларынан өлу көрсеткіші, жұқпалы аурулардан өлу көрсеткіші.
Өлім көрсеткіші = * 1000
Өлім көрсеткіші = * 1000 = 8.85
Жүрек-қан тамыр ауруынан өлу көрсеткіші = * 1000
Жүрек-қан тамыр ауруынан өлу көрсеткіші = * 1000 = 3.47
Қатерлі ісіктен өлу көрсеткіші = * 1000
Қатерлі ісіктен өлу көрсеткіші = * 1000 = 0.12
Жарақаттардан өлу көрсеткіші = * 1000
Жарақаттардан өлу көрсеткіші = * 1000 = 2.92
Тыныс алу жүйесінің ауруынан өлу көрсеткіші = * 1000
Тыныс алу жүйесінің ауруынан өлу көрсеткіші = * 1000 = 0.98
АІЖ созылмалы ауруынан өлу көрсеткіші = * 1000
АІЖ созылмалы ауруынан өлу көрсеткіші = * 1000 = 1
Жұқпалы аурулардан өлу көрсеткіші = * 1000
Жұқпалы аурулардан өлу көрсеткіші = * 1000 = 0.34
4.Республика бойынша өлімге себепкер болатындар ішінде алғашқы төрт орынды:
1) жүрек және қан айналым жүйесінің аурулары;
2) жарақаттану және улану;
3) қатерлі ісіктер;
4) тыныс жүйесінің аурулары иеленеді.
5. Аурушаңдық туралы негізгі ақпарат көздерін мынадай медициналық құжаттардан аламыз:
Емдеу-профилактикалық мекемеге жүгіну деректері бойынша;
Медициналық тексеру нәтижелері бойынша;
Өлім себептерін талдау деректері бойынша.
Қосымша ресми дереккөз — мүгедектік себептерін зерттеу деректері бойынша.
Достарыңызбен бөлісу: |