Iii-деңгей №1 тапсырма



бет10/15
Дата10.06.2022
өлшемі96.67 Kb.
#267559
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
каз пациент сонгы -1
1 ПОТОК, каз пациент , Nawqas jäne Qoğam 1 — 95
30-есеп
Алматы қаласы бойынша 2014 жылғы есеп мәліметтерінде тірі туылған сәбилер саны – 31 448, аналар өлімінен 17 жағдай тіркелген. Оның ішінде жүкті әйелдерден – 2, босанушы әйелдер – 10, босанған кейін 42 күн ішінде өлген әйелдер – 5.

  1. Есептеуге болатын көрсеткіштерді анықтаңыз.

  2. Индикаторды есептеу әдісімен анықтаңыз (формулаларды жазыңыз).

  3. Математикалық есептеуді орындаңыз.

  4. «Аналар өлімі» терминіне анықтама беріңіз.

  5. Егер жүкті әйел жол-көлік апатынан қайтыс болса, бұл жағдай аналар өлімі ретінде тіркеледі ме және не үшін?

Жауап эталоны:

  1. Аналар өлім көрсеткіші



  1. Аналар өлім көрсеткіші = * 1000

Аналар өлім көрсеткіші = * 1000 = 0.54


4.Аналар өлімі – әйелдің жүктілік кезіндегі немесе жүктілік аяқталғаннан кейінгі алғашқы 42 күн ішінде оның ұзақтығына немесе орналасқан жеріне қарамастан, жүктіліктің немесе босануды жүргізудің асқынуына байланысты, бірақ жазатайым оқиғаға немесе кездейсоқ эпизодқа байланысты емес кез келген себептен өлімі.
5.Жоқ, бұл жағдай ана өлімі ретінде тіркелмейді. Себебі өлім жүктілік пен оның асқынуына байланысты емес, жазатайым оқиғадан болған.

31-есеп
Шымкент қаласында 2011 жылғы есеп мәліметтері бойынша 17 945 тірі туылған сәбиге шаққанда 14 аналар өлімі тіркелген. Соның ішінде преэклампсиядан 4, жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетуден 2, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде қан кетуден 3, эктрагенитальды аурулардан 3, сепсистен 1, эмболиядан 1 ана дүниеден өтті.

  1. Есептеуге болатын көрсеткіштерді анықтаңыз.

  2. Индикаторды есептеу әдісімен анықтаңыз (формулаларды жазыңыз).

  3. Математикалық есептеуді орындаңыз.

  4. Қазақстанда аналар өлімінің басты себептері неде?

  5. Аналар өлімі мен сәбилер өлімі көрсеткішін төмендетуге бағытталған іс-шараларды келтіріңіз.

Жауап эталоны:

  1. Аналар өлімі көрсеткіші, эклампсиядан аналар өлімі көрсеткіші, қан кетуден аналар өлімі көрсеткіші (жүктіліктің екінші жартысындағы және босану, босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кетуден), экстрагенитальды аурулардан аналар өлімі көрсеткіші.



  1. Аналар өлім көрсеткіші = * 1000

Аналар өлім көрсеткіші = * 1000 = 0.78

Преэклампсиядан аналар өлімі көрсеткіші = * 100

Преэклампсиядан аналар өлімі көрсеткіші = * 100 = 28.6%

Қан кетуден аналар өлімі көрсеткіші = * 100

Қан кетуден аналар өлімі көрсеткіші = * 100 = 35.71%

Экстрагенитальды аурулардан аналар өлімі көрсеткіші = * 100

Экстрагенитальды аурулардан аналар өлімі көрсеткіші = * 100 = 21.4%

Сепсистен аналар өлімі көрсеткіші = * 100

Сепсистен аналар өлімі көрсеткіші = * 100 = 7.14%

Эмболиядан аналар өлімі көрсеткіші = * 100

Эмболиядан аналар өлімі көрсеткіші = * 100 = 7.14%



4.Қазақстандағы аналар өлімінің басты себептеріне:

  • Жүктіліктің асқынуы: ерте және кеш гестоздар (преэклампсия, эклампсия);

  • Акушерлік қан кетулер (жүктіліктің екінші жартысындағы, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қан кетулер);

  • Жатырдың жыртылуы;

  • Акушерлік сепсис;

  • Жатырдан тыс жүктілік;

  • Қауіпті жасанды түсік;

  • Экстрагенитальды аурулар (тыныс алу жүйесінің аурулары, ми қан айналымың жедел жеткіліксіздігі, АІЖ аурулары, қатерлі және қатерсіз ісіктер, зәр шығару жүйесінің аурулары, т.б.);

  • Әйелдердің медициналық көмекке кеш жүгінуі;

  • Жүкті әйелдің өз денсаулығының жай-күйін дұрыс бағаламауы және өз денсаулығы үшін бірлескен жауапкершіліктің жеткіліксіздігі;

  • Медициналық персоналдың саны мен біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі;

  • Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыруда кемшіліктер мен қателіктердің болуы (мыс: Қазақстанның әр түрлі жергілікті аймақтары мен өңірлер арасындағы сабақтастықтың болмауы, медициналық мекемелер арасында "өзінен-өзі" қағидаты бойынша қайта тасымалдау, басқа стационарларға негізсіз ерте ауыстыру, т.б.)

5.Аналар мен сәбилер өлімін төмендету мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

  • Акушерлік-гинекологиялық көмекті, балаларға емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру бағытындағы дәрігерлермен, эпидемиологтармен және орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету бөлігінде перинаталдық орталықтардың қызметін жаңғырту және жетілдіру;

  • Медициналық маман кадрларының санын арттыру;

  • Ауылдық және жергілікті өңірлерде көрсетілетін медициналық көмектің сапасына терең көңіл бөлу;

  • Емдеу профилактикалық шараларды іске асырушы мекемелерді үздік медициналық техникамен, дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету;

  • Маманның клиникалық дағдыларын жетілдіру;

  • Эпидемиялық маусым басталғанға дейін жүкті әйелдерді тұмауға қарсы вакцинациялаумен қамту;

  • Мемлекеттің күнтізбелік жоспарына сәйкес барлық балаларға вакцинацияның салынуын қамтамасыз ету және оны бақылаудың қатаңдығын арттыру;

  • Босандыру ұйымдарында медициналық көмек көрсету сапасына қатаң бағалау жүргізу және қызмет сапасын арттыру;

  • Балалар мен босанған аналарды күту, патронажға терең көңіл бөлу, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы