37-есеп
2020 жылы Түркістан облысы бойынша тірі туылғандар саны – 20 365, өлі туылғандар саны – 108, өмірінің алғашқы аптасында өлгендер саны – 85.
Есептеуге болатын көрсеткіштерді анықтаңыз.
Индикаторды есептеу әдісімен анықтаңыз (формулаларды жазыңыз).
Математикалық есептеуді орындаңыз.
«Сәбилер өлімі», «перинатальды өлім» терминдерине анықтама беріңіз. Аталған демографиялық көрсеткіштерді есептеу үшін мәліметтер көзі болатын құжаттарды атаңыз.
Түркістан облысында сәбилер өлімінің негізгі себебі болып табылатын факторларды ажыратыңыз.
38-есеп
2015 жылғы есеп бойынша Жаңаөзен қаласында 2660 сәби тірі туылды. Интранатальды периодта 2 нәресте, өмірінің бірінші аптасында 4 сәби, өмірінің алғашқы 2,3,4 аптасында 5 сәби, 29-күн мен 1 жас аралығында 7 сәби қайтыс болды.
Есептеуге болатын көрсеткіштерді анықтаңыз.
Индикаторды есептеу әдісімен анықтаңыз (формулаларды жазыңыз).
Математикалық есептеуді орындаңыз.
«Фетоинфантильдік шығын» терминіне анықтама беріңіз.
Тірі туылған бала мен өлі туылған балаға сипаттама беріңіз.
39-есеп
Жамбыл облысында 2018 жылғы есептеу бойынша тууға қабілетті 15-49 жас аралығындағы әйел адамдар саны 321 890 құрады. Облыс бойынша ағымдағы жылы 186 745 сәби тірі туылды, оның ішінде некедегі әйелдерден туылған балалар саны – 183 911.
1.Есептеуге болатын көрсеткіштерді анықтаңыз.
2.Индикаторды есептеу әдісімен анықтаңыз (формулаларды жазыңыз).
3.Математикалық есептеуді орындаңыз.
4.«Кеш ана өлімі» және «жүктілікке байланысты ана өлімі» түсініктеріне анықтама беріңіз.
5.Әйел жасының халықтың демографиялық көрсеткішіне әсерін бағалаңыз.
40-есеп
Алматы қаласы бойынша 2014 жылғы есеп мәліметтерінде тірі туылған сәбилер саны – 31 448, аналар өлімінен 17 жағдай тіркелген. Оның ішінде жүкті әйелдерден – 2, босанушы әйелдер – 10, босанған кейін 42 күн ішінде өлген әйелдер – 5.
Есептеуге болатын көрсеткіштерді анықтаңыз.
Индикаторды есептеу әдісімен анықтаңыз (формулаларды жазыңыз).
Математикалық есептеуді орындаңыз.
«Аналар өлімі» терминіне анықтама беріңіз.
Егер жүкті әйел жол-көлік апатынан қайтыс болса, бұл жағдай аналар өлімі ретінде тіркеледі ме және не үшін?
Достарыңызбен бөлісу: |