Іі нұсқа 1-тапсырма Берілген екі мәтінді мұқият оқыңыз. Екі мәтінді салыстырыңыз (8 ұпай) а мәтіні Жаһандану және ел тағдыры



Дата14.09.2022
өлшемі34.07 Kb.
#290316
Байланысты:
БЖБ 10 сын тіл ІІ нұсқа
Задание2, ереже даптер, Қағаз 2, 8-күн, Жұмыс дәптері, толқындық оптика, № 2 БЖБ 10 ЖМБ қазақ тілі 4-тоқсан, БЖБ 10 сын тіл І нұсқа, БЖБ 10 сын тіл І нұсқа

ІІ нұсқа
1-тапсырма
Берілген екі мәтінді мұқият оқыңыз. Екі мәтінді салыстырыңыз (8 ұпай)
А мәтіні
Жаһандану және ел тағдыры

"Жаһандану" сөзі ағылшын тілінен "global" - "дүниежүзілік" деп аударылады, орыс тілінде "глаболизация" деп айтылып жүр. Қазақ тілінде: ғаламдану, жаһандасу, ғаламшарлану, әлемилену дегенді де естиміз. Ал енді ғаламдану – жаһандасу, ғаламшарлану дегеніміздің ұғымдық-мағыналық жағын айтсақ, аты айтып тұрғандай, ғаламдану қандай да болсын үдерістің, іс-әрекет барысының немесе мәдени-әлеуметтік феноменнің, құбылыстың бір ғана ұлт, халық, мәдениет, өркениет немесе құрылық шеңберімен шектелмей, бүкіл планеталық, жұмыр жерлік, бүкіл әлемдік деңгейде көрініс тауып, маңызға ие болуын танытатын ұғым. Жаһандану – үдеріс, орын алып отырған, әлі өз мәресіне жетпеген, аяқталмаған іс. "Жаһандану" бүкіл жер жүзінде жайылу, таралу деген мағынаны да, әлемдік елдердің біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру екпініне ілесу дегенді де білдіреді.


Жаһандану біздің елде де басталып кетті. Осы тұста бір үлкен мәселе туады, ол – жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба? – деген сауал. Батыстың мәдениет ықпалды болып тұрғаны рас. Бірақ осы орайда біз Батыстан нені алуымыз, нені алмауымыз керек. Жалпы мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі – дүниетанымнан келіп шығатын, екіншісі – ғылыми – техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алумызға болады. Тіпті ХХІ ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс. Мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.Ал батыстың дүниетанымынан келіп шыққан мәдениет бізге керек емес. Себебі батыс дүниетанымы өмірдің қызығын бұрмалап, қоғамымызға жезөкшелік, түнгі клубтар, нашақорлық т.б. көріністерді енгізуде. Бұл әсіресе жас буынның санасын улап жатыр. Біз бұған жол бермеуіміз керек. Егер жастарымыз осындай жеңіл түсінікке ұрынса, онда мемлекетіміздің болашағы не болмақ?
Жөргегінде тұңшыққандай күйдегі біздің тіліміз – біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу – мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу - әрбір қазақтың қасиетті борышы. Біз қатарлы жастардың негізгі мақсаты – ана тілімізде сөйлеу арқылы оның өміршеңдігіне қол жеткізу. Сол арқылы келешекке біртұтас ұлт, рухы биік халық ретінде жол тарту.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/6896/




Ә мәтіні

184 елдің 15 364 ғалымы қол қойған үндеуде Жер шарына төніп тұрған басты қатерлер жарияланды.Олар ғаламшар экожүйесіне төніп тұрған ең басты қауіп ретінде жаһандық жылынуды атады. 1992 жылдан бері орташа жаһандық температуралар Цельсий бойынша 0,5 градусқа көтерілген, ал орташа бір жылда шығарылатын көмірқышқыл газының көлемі 62 пайызға өскен. Дәл осы уақыт аралығында тұщы су жетіспеушілігі күшейді, орман-тоғайлар территориясы қысқарды және мұхиттарда «өлі аймақтар» аумағы кеңейді.


Сонымен қатар мамандар хлорфтор көмір қышқылдарынан біртіндеп бас тартудың жағымды әсері байқалғанын айтты. Мұның арқасында стратосферада озон тесігі кішірейген.
«Соңғы ширек ғасырда Жер шары тұрғындарының саны екі миллиард адамға өсті, ал өзге сүтқоректілер және бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер және балықтардың популяциясы 30 пайызға азайды»,- дейді ғалымдар.
Олар адамның экожүйеге зиянын азайтуға мүмкіндік беретін 15 қадамды ұсынып отыр. Оның ішінде қорықтар ашу, тамақ қалдықтарын азайту және жасыл технологиялар енгізу сияқты шаралар бар.
«Адамзатқа бірінші ескерту» 1992 жылы шығып, оған 1,7 мың ғалым қойған болатын. Ол кезде де адам әрекетінен планета биосферасының бүлінуі басты қатер ретінде аталған болатын. Ғалымдар ширек ғасыр ішінде ахуал қиындай түскенін айтады.
А мәтіні Ә мәтіні
Мәтіндердің тақырыбы -1 ұпай
Стилі – 1 ұпай
Жанры- 1 ұпай
Мақсатты аудиториясы -1 ұпай
Құрылымы – 2 ұпай
Тілдік ерекшелігі -2 ұпай
2-тапсырма
Сөздерді жасалу тәсіліне қарай жіктеп жазыңыздар. 3 ұпай

қарыздар,гипотеза, айыпкер, ана тілі, төртбұрыш, ТМД, сәулетші, белбеу, ұлттық, көрермен, биыл, жастық, сәуле, ығы-жығы,оқушы, зейнеткер, ғылыми-техникалық, қуат,жастар, конус.




Синтетикалық тәсіл:
Аналитикалық тәсіл:
Лексика-семантикалық тәсіл:

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде