Ғылыми жұмысының максаты. Тарихи тұрғыда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қалыптастыру процесін зерттеу.
Ғылыми жұмысының міндеттері:
- Мәңгілік ел» ұғымының шығуының түп тамырын айқындау;
- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізі ретінде қазақ халқының қалыптасуын қарастыру.
- Қазақстанның «Мәңгілік Ел: Бір ел, бір тағдыр» ұлттық идеясының мәнін ашу.
- Бүгінгі күнгі Елбасының сарабдал саясатының Мәңгілік ел құрудағы болашаққа бағдарын айқындау.
Ғылыми жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында Мәңгілік ел идеясының түп тамыры қарастырыла отырып, оны қалыптастырудағы тарихи процеске талдау жасалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы «Мәңгілік Ел» ұлттық стратегиясын полиэтникалық Қазақстан ұлтын қалыптастырудың тарихи процесін зерттеуден тұрады.
Практикалық қолдану саласы. Зерттеу нәтижесін Қазақстан тарихы сабақтарында қазақ халқының қалыптасу үдерісі мен түрлі тарихи кезеңдерде Қазақстан аумағындағы әлеуметтік-демографиялық өзгерістерді зерттеу кезінде қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |