ІІІ. Қорытынды
Сөзжасамның негізгі нысаны – туынды сөздің мағыналық құрылымын талдау, оның жасалуын, негізделуін, атау сөз ретінде қалыптасу сипатын айқындау. Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық қалып, сөзжасамдық белгі, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тәсіл – туынды сөздің негізгі белгілерін айқындайтын теориялық мәселелер. Бұлар да сөзжасам саласының негізгі зерттеу нысаны болып саналады. Сөзжасам тек диахрониялық құбылыс емес, тілдің қазіргі синхрониялық даму жағдайында жаңа сөздердің қалай пайда болатынын және оларды тудыратын жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, сөзжасамда туынды және күрделі сөздер диахрониялық, синхрониялық тұрғыда динамикалық және статикалық сипатта зерттеледі.
Сөзжасам формалары оны тудырушы тәсілдердің сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді: аффикстердің көмегімен туған жаңа сөздер, кем дегенде екі тіл бірлігінің бірігуінен не қосарлануынан, болмаса тіркесуінен туған жаңа сөздер, сөздердің бір сөз табынан басқа сөз табына ауысуынан (конверсия) туған жаңа сөздер немесе сөздердің қысқаруынан туған жаңа сөздер. Тілде жаңа сөздердің жасалуы деривация деп, ал оның нәтижесінде пайда болған туынды және күрделі сөздер дериванттар деп аталады.
Сөзжасам теориясының негізгі ұғымдарының бірі – мотивация ұғымы. Оның мәні мынада: туынды және күрделі сөздердің мағынасы мен олардың құрамындағы тұлғалардың мағыналары өзара семантикалық байланыста болады. Сөзжсам құрамындағы тіл бірліктерінің бір түрі мотивация тудырушы негіз болып саналса, енді біреулері соның мотивтен нәтижесі ретінде көрінеді.
Қорыта айтқанда, сөзжасам – жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінің негізгі бір саласы.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы, 1989.
Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы, 1991.
Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002.
Орузбаева Б.О. Словообразование в киргизском языке. Фрунзе, 1964
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1974. 40-б.
6. Құлмағамбетова Б., Исанова А., Исинғарина М., Көккөзова М, Құрманғалиева Р., Айтжанова П. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Алм, 2000.
7. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алм, 1991.
8. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері. Алм, 1991.
Қалиев Ғ. Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері. – Алматы, 2002.
3-19б.б.
Ганиев Ф.А. Суффиксальное словообразование в современном татарском литературнм языке. Казань, 1974.С. 219
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты – Алматы, 1998.
Хасенов А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. – Алматы, 1969. 24-б.
13. Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект.
– Алматы, 1999
14. Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. – Алматы, 2003
Тулелев А. Проблемы синтетического способа словообразования имен существительных и прелагательных в казахском языке // Автореф. Докт. Дисс. Алма – ата. С.5.
Достарыңызбен бөлісу: |