Іі. Негізгі бөлім


Сөзжасамдық ұяның құрамындағы сөздердің іштей жіктелуі



бет4/7
Дата19.01.2023
өлшемі159 Kb.
#417500
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Морфология
1 !9-ТЖБ Математика 6-сын қаз (pdf.io), 4a стат отчот, Экология және өмір қауіпсіздігі КЭД, БББ сырты 2023, Ұлттық құндылықтар, ЖОБА 1201-31 Шынар-Мерей, М.Отемисулы поэзиясы, Екпин, Проект ОП 2019-20
2.3. Сөзжасамдық ұяның құрамындағы сөздердің іштей жіктелуі
Сөзжасамдық процесс нәтижесінде жасалған атаулар сан алуан. Оларды жүйелеп, белгілі ізге салу үшін әртүрлі теориялық ұғымдар айқындалады. Осындай ғылыми-теориялық ұғымның бірі – сөзжасамдық ұя. Себепші негіздерден сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалып, атау қызметін атқаратын құрылымдағы түбірлес туынды сөздердің жиынтығы – сөзжасамдық ұя деп аталады. Яғни сөзжасамдық ұя болу үшін:

  1. бір негізден тарайтын түбірлес сөздердің жиынтығы болуы қажет;

  2. түбірлес сөздердің әрқайсысының жеке номинативтік мағынасы болуы шарт;

  3. түбірлес туынды сөздер әртүрлі тәсіл арқылы жасалуы ықтимал;

  4. түбірлес туынды сөздердің мағыналық жақындығы себепші негіз арқылы сақталып, бір семантикалық өрісте жатуы қажет;

  5. Омонимдес тұлғалар сөзжасамдық ұяға ене алмайды.

Сөзжасамдық ұяға енетін сөздер бір түбірден тараған тұлғалар болғандықтан, формалық және мағыналық жағынан бір-біріне жақын келеді. Мысалы: оқы, оқу, оқығыш, оқығыштық, оқырман, оқыған, оқығандық, оқымысты, оқымысылық, оқыту, оқытушы, оқулық оқулықтай.
Сөзжасамдық ұяға енетін туынды сөздердің қай-қайсысы да олардың мағынасын негіздеуші түбір сөздің негізгі, өзек семасына тәуелді. Туынды сөздің семантикасын жеке атау ретінде зерттеу үшін, оның басқа түбірлес лексикалық бірліктермен терең жүйелі байланысы бар екенін айқындау қажет. Мұның өзі тілдің ішкі дамуымен байланысты жаңа мағыналық номинациялық атаудың пайда болуын мен сөз құрамы дамуының жүйелілігінен, кешенділігінен келіп шығады. Жаңа атаудың пайда болуын сөз жүйесіндегі өзге құрылымнан бөлек қарау мүмкін емес. Ал олардың мағыналық сабақтастығы, ең алдымен, сөзжасамдық ұяның негізінде қалыптасады. Сөзжсамадық ұядағы сөздер себепші негіз мағынасына негізделеді. Сөзжасамдық ұяның құрамындағы сөздер іштей сөзжасамдық тізбек пен сөзжасамдық жұпқа, сөзжасамдық сатыға жіктеледі.
Сөзжасамдық тізбек – мағыналас, түбірлес сөздердің уәжділік қатыстағы тобынан құралатын сөзжасамдық ұяның күрделі бірлігі. Сөзжасамдық тізбек бір сөзжасамдық тұлғадан таралып, бірнеше жаңа туынды атаулардан тұрады. Мысалы:
Мұра – мұрагер, мұрагерлік, мұрагерсіз, мұрагерсіздік;
Ора – орам, орамды, орамдылық т.б.
Ора – Орам-орамсыз, орамсыздау, орамсыздық, т.б.
Шап – шапқы, шапқын, шапқыншы т.б.
Шап – шапқы, шапқыла, шапқылат, шапқылатқыз.
Сөзжасамдық ұя бір негіз сөзден өрбіген түбірлес туынды сөздердің жиынтығы десек, сөзжасамдық ұядағы әр түбірлес туынды сөз сөзжасамдық тізбекте орналасады. Ұядағы түбірлес туынды сөздер қалай болса, солай жүйесіз орналаса салмайды. Олардың жасалуында да, өзіндік жүйе бар, осы жүйе бойынша тізіліп келіп, сөзжасамдық тізбек жасайды. Бір ұядағы түбірлес туынды сөздердің орнын туынды сөздің қай сөзбен жасалуын шешеді. Мысалы, кел түбірінен келгіш деген туынды сөз жасалған, сондықтан оның орны кел себепші негізінен кейін болады, келгіш сөзінен келгіште туындысы жасалады, оның орны келгіш себепші негізінен кейін, келгіште сөзінен келгіштет сөзі жасалады, ол келгіште сөзінен кейін орналасады.
Демек, сөзжасамдық тізбектегі туынды сөздердің орналасуы оның қай сөзге негізделгенімен байланысты болады. Сөзжасамдық бір ұядан бірнеше сөзжасамдық тізбек шыға алады. Олардың бәрінің де әуелгі негізі бір болғандықтан, туынды сөздердің мағыналарында ортақ сема мен өзек сема болады. Бір ұядан бірнеше сөзжасамдық тізбектің шығуының өзіндік мәні бар. Бұл ең алдымен, түбір сөздің мағынасының ауқымдылығына байланысты. Түбір мағынасы әртүрлі тұлғалардың жалғануы немесе қосылуы, тіркесуі нәтижесінде мағыналық жіктеліске түседі. Тұлғалық және мағыналық жағынан жіктелген бірінші немесе екінші сатыдағы әрбір туынды сөз дами келе жеке атаулардың мағыналық жіктелісіне негіз болып, өзіндік жаңа сөзжасамдық тізбектер жасайды.
Мысалы: Түбір арқылы дамыған сөзжасамдық тізбектер:
қара – қара күрең
қара қазақ
қара күш
қара қазан
қара құрым
қара мал
қара құл
қара қошқыл
қара қатқақ
қара қаптал
қара сирақ
қара орман
қара сөз
қара тер
қара су
қара тірсек
қара шыбын
қара шаруа
қара шұбар т.б.
Бірінші сөзжасамдық саты бойынша дамыған сөзжасамдық тізбектер: қара – қарабайыр, қарабайырлық, қарабайырлау, қарабайырлану, қарабайырландыру;
қара – қарақат, қарақатты,
қара – қарақат, қарақатсыз,
қарақарақұс, қарақұсша,
қара – қарақ, қарақшы, қарақшылық,
қарақшы – қарақшыдай.
қара – қарала, қаралай
қарала, қаралас
қарала, қаралау, қаралаушы, қаралаушылық,
қарала, қаралан, қаралану.
қара, қаралтым, қаралтымдау.
Сөзжасамдық тізбекке енген туынды сөздер бір-бірін негіздегендіктен, олардың мағыналық жақындығы айқын көрінеді. Сөзжасамдық тізбектегі синтагмалық байланыс тұрақты болады.
Сөзжасамдық тізбекке енген туынды сөздердің өзара мағыналық байланысы олардың жасалуына негіз болатын түбір сөздің мағынасымен тығыз байланысты болып, соған негізделеді. Сөзжасамдық тізбектегі туынды сөздердің саны әртүрлі болып келе береді. Оның сандық сипаты түбір сөздің мағынасына байланысты да айқындалады. Құрамындағы туынды сөздердің санына сәйкес сөзжасамдық тізбекті екі мүшелі сөзжасамдық тізбек, үш мүшелі сөзжасамдық тізбек, көп мүшелі сөзжасамдық тізбек деп бөлу үрдісі бар.
Сөзжасамдық тізбектегі синтагмалық қатынас негізінде сөзжасамдық жұп жасалады.
Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық ұядағы негіздеуші сөзбен негізделетін сөздің синтагмалық қатысы. Яғни сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады. Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты құраушы тұлғалар өзара ұғымдық, тұлғалық және мағыналық байланыста болады. Олай болуының ішкі себебі бар. Сөзжасамдық жұпқа енетін сөздердің ішкі мағыналық құрылымы мен тұлғалық жағында ортақ белгілер болады, айырмашылығы когнитивтің өзгешелігінде. Таңбалап тұрған зат немесе құбылыс әртүрлі болып, белгіленетін ұғымның өзгеше болуы, жаңа атау жасалуы – олардың мағыналық айырмашылығын көрсетеді. Ал тұлғалық сипаты кейде бірдей, кейде әртүрлі болуы ықтимал, ол сөзжасамдық тәсілдің түріне байланысты өзгереді. Егер сөз мағынасы семантикалық дамудың нәтижесінде өзгерсе, онда, тұлғалық сипаты еш өзгеріске түспейді де, өзге сөзжасамдық тәсіл арқылы өзгергенде, туынды сөз тұлғасында да ерекшеліктер болады.
Мысалы: Фонетикалық тәсіл арқылы жасалған сөзжасамды жұптар: ауа - әуе, өкім – үкім, өкімет – үкімет, ана – ене, аса – есе, ырықтау – іріктеу, тұр – дүр (етіс ұшу), тарс – тұрс, аяқ – адақ, аяқтау – адақтау, тіре – шіре, айыр – ажыра, құдық – құйық, қазық – қада, қырыл – сырыл, қыру – сыру, құла – сұла, тоқ – той, соқ – сой, соғыс – сойыс, сыйысу – сығысу, жақ – жай, жалаң- желең, т.б.
Семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөзжасамдық жұптар:
Көз (адамның көзі) – көз (иненің көзі), бай (бай адам) – бай (әйелдің күйеуі), той (той тойлау) – той (асқа тою), жаз (дастарханды жаз) – жаз (жаз мезгілі), бақ (баққа бару) – бақ (малды бағу), тақ (тақ сан) – тақ (ханның тағы), айтыс (қыз бен жігіт айтысы) – айтыс (екі бидің айтысы), тартыс (әңгіме тартысты өтті) – тартыс (термин), сабау (жүн сабайтын таяқ) – сабау (баланы сабау), т.б. (Бұл сөздердің семантикалық дамуы тарихи тұрғыдан толық түсіндіріледі).
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөзжасамдық жұптар:
Бал – балшы, балшы – балшылық;
Өс - өсім, өсім - өсімдік, өсім - өсімтал, өсім - өсімпаз, өс - өсер, өс-өскін, өскін - өскіндеу, т.б.
Бала – балалық, бала – балапан, бала – балажан, бала – балала,
бала – балалат, балалат – балалатқыз, т.б.
оқы – оқу, оқу – оқушы, оқушы – оқушылық, оқыр – оқырман,
оқы – оқығыш, оқығыш - оқығыштық, т.б.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөзжасамдық жұптар:
Ақ - аққұлақ
ақшағала
ақберен
ақтиін
аққайың
аққала
аққу
ақмамық
аққұс
аққұтан
ақбас
ақбөкен
ақбалық
ақжелек
ақжүрек
ақжолтай, т.б.
Байқағанымыздай, сөзжасамдық жұп барлық сөзжасамдық тәсілдер арқылы айқындала алады.
Сөзжасамдық жұптардың құрамындағы туынды сөздер мағыналық жағынан бір-бірін негіздейтіндіктен, соңғы сыңардағы туынды сөз алдыңғы негіз арқылы уәжделіп тұрады.
Сөзжасамдық үлгі. Туынды сөз жасаушы тұлғалардың біреуі ортақ болуы арқылы жаңа екіншілік мағынадағы ортақ мағынаның болуы сөзжсамдық үлгі негізінде жүзеге асады. Сөзжасамдық үлгі тек синтетикалық сөзжасамдық тәсілде ғана емес, барлық сөзжасамдық тәсілде болады.
Сөзжасамдық үлгі дегеніміз – туынды сөздердің құрамындағы бір тұлғаның ортақ болуы арқылы қалыптасқан екіншілік мағыналы туынды сөздер. Құрамындағы бір сөзжасамдық тұлға ортақ болғандықтан, жаңадан жасалған туынды сөзде де ортақ сема қалыптасады. Яғни бір сөзжасамдық үлгі негізінде туынды атау пайда болады.
Зерттеулерде айтылып жүргеніндей, сөзжасамдық үлгі синтетикалық сөзжасамдық тәсілде айқын көрінеді. Айталық, себепші негізге –шы сөз тудырушы тұлғасының жалғануы арқылы, кісінің мамандығына, қызметіне қатысты атаулар туындай алады. Мұның өзі негізгі –шы, -ші сөз тудырушы тұлғаның қосатын мағынасына сәйкес келеді.
Мысалы: мақал
оқу
мал
ән
сиыр
жылқы
т ігін -шы, -ші
би
үй
күй
домбыра
қой
әңгіме
ж ыр
Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл негізінде де сөзжасамдық үлгілерді анықтауға болады.
М ысалы: басшы
аяқ
бау
шалғы
қанат
Қ ол арба
бала
жаулық тума
ағаш
таңба
қап
Әрқайсысының уәжділік белгісі мен негізделуі ерекше, әр атаудың белгілеп тұрған нысаны да әртүрлі. Әр атаудың өзіндік когнитивтік белгісі бар. Дегенмен, барлық атау бір қол сөзінің сөзжасамдық үлгісінде жасалғандықтан, олардың мағынасында қолдың өзек семасы барлық жаңа туынды атаулырдың арнайы семаларында өзінің ізін сақтайды. Айталық, қолбасшы – көп қолдың (әскердің) басшысы, қолқанат – қолда ұстап жұмсап отыратын, көмегін көретін адам, қолөнер – қолмен жасалатын өнер, қолтаңба – қолмен жасалатын таңба т.б.
Аналитикалық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған атаулардың барлығы бірдей негізге мағына арқылы жасала бермейді, кей атаулар ауыспалы сема негізінде де уәжделеді. Қолқанат, қолжаулық, қолтума сияқты сөздердің туынды мағыналары ауыспалы сема бойынша жасалғанын бағамдау қиын емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет