Ii негізгі бөлім Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері


Қаржылық – экономикалық, есептік және бақылау – талдаулық пәндердің өзара байланысының сызбасы

Loading...


бет3/5
Дата03.04.2020
өлшемі106.28 Kb.
1   2   3   4   5

Қаржылық – экономикалық, есептік және бақылау – талдаулық пәндердің өзара байланысының сызбасы.


Қаржылық бақыаудың іс жүзіндегі көптеген типтері, түрлері және нысандарын мынадай белгілері бойынша жіктемелеуге болады:


  1. Бақылау қызметтерінің суъектісі мен сипаты: мемлекеттік, ведомстволық пен сыртқы ведомстволы, корпоративтік, меншік иесінің бақылауы, комиссиялық және жекелік; 


  2. Бақылау объектісі: ішкі, сыртқы, технологиялық, экономикалық, басқарушылық технологиялық, экологиялық, заңдылықжәне т.б.;


  3. Бақылау аясы: халықаралық, қоғамдық, тәуелсіз, парламенттік, үкіметтік, соттық, салалық, салааралық, ішкі-шаруашылық; 


  4. Бақылау нысаны; аудит, тексеру, тақырыптық тексеру, зерттеу шолуы талдау, қаржылық – бухгалтерлік сараптама:


  5. Өккізу мерзімі: алдынала, жедел, ағымдағы, келесі, жылдық, тоқсандық, ай сайынғы, он күндік және тәуелдік;


  6. Қамтау толықтығы: толық, ішінара, кешенді, камерельдық, операциялық, тақырыптық, жаппай, іріктелуі, бір және көп мәнді;


  7. Бақылаудың түрлері: орындалудың бақылауы, сәйкестігін бақылау, есеп беруді бақылау, тиімділігін бақылау мен арнаулы бақылау;


  8. Бақылау әдістері: құжаттық, нақтылық, атқарымдық, жүйелік, логикалық, ыңғвйласпалық, ұйымдастырушылық, математикалық, құқықтық, компьютерлік, мониторингтік, технологиялық;


  9. Бақылаудың кезеңдігі: бір жолды, қайталамалы, жүйелі, жоспарлы, төтенше және т.б.




Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда ұтымды ұйымдастырылумен, яғни субьектіні, обьектіні нақты белгілеумен, бақылаудың компоненттерімен, олардың құқықтары мен міндеттерімен, бақылау шараларын өткізудегі әдістері мен нысандарының ұштастырылуымен анықталады. Жоғарыда айтылған бақылау жүйесінің ең жалпы мойындалған тиімділікке ықпал ететін факторы болып мыналар саналады:

1.Бақылауды жүзеге асыратын мамандар –бақылау субьектілері. Олардың кәсіптік шеберлігі мен турашылдығы жоғары болған сайын, олардың бақылау нәтижесі де жоғары болады.

2. Бақылау обьектісі. Ол курделі болған сайын, оны тексеруге шығарылатын шығын сонша көп болады. Бақылау обьектісінің күрделілігі толық анық ақпараттарды жинауды талап етеді.

3.Бақылаудың әдістемесі яғни бақылау тәсілдерінің жиынтығы және оны қолдану тәртібі. Бақылау құралдарын таңдай білу, яғни бақылаудың тепе-теңдігін есепке алып, турашылдығын, сенімділігін, жеделдігін және бақылаудың сапасын қамтамасыз ету өте маңызды.

Қаржылық бақылаудың негізігі түрлерін айқынырақ қараймыз:

1.Ревизия-мемлекеттік, ведомстволық және сыртқы ведомстволық жүйедегі жетілдірген қаржылық-шаруашылық операцияларындағы заңдылығын, сенімділігін, мақсатқа сәйкестігін және экономикалық тиімділігін анықтауға тиісті қаржылық бақылаудың құрамды бөлігі.

Субьектінің шаруашылық қызметіне және құжаттарында көрсетілуіне қатысты құбылыстармен үдерістер ревизияның мәні болып табылады.

Ревизияның ауқымы өкілетті органның нақты мақсатымен және оны өткізудің бағдарламасымен белгіленеді.

Ревизия –ведомстволық,жоспардан тыс, жоспарлары, толық, толық емес, жаппай, іріктеме, толассыз, тақырыптық, кешенді, құрамдастырылған, қосымша, қайталамалы және т.б. түрлерге бөлінеді.

2. Аудит классикалық түсінікте-сол кәсіпорында жұмыс істемейтін дипломды тәуелсіз аудитормен (бухгалтермен) жүзеге асатын қаржылық бақылаудың сыртқы тәуелсіз түрі. Оның мақсаты білікті маманның белгілі бір критериге сәйкестілік деңгейін белгілейтін және экономикалық іс пен оқиға туралы обьективті, толық, анықты, алдын ала ойластырылмаған пікір мен қорытындыларды тапсырыскерге немес сол қорытындыларды алуға мүдделі пайдаланушыға беру.

Аудиттің түрлері, нұсқалары, теоретикалық, құқықтық, әдіснамалық және ұйымдық негіздері мен тұрпаттары қаржылық бақылаудың нысаны мен қаралатын бағыттарына байланысты білімнің тереңделуіне орай нақтыланып, толықтырылады. 

3. Дерек көздері жөніндегі аудит пен ревизияны өткізудің негізі болып құжатты және нақты бақылауды айырады. 

Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда ұтымды ұйымдастырыуымен, яғни субъектіні, обектіні нақты белгілеуімен, бақылаудың компоненттерімен, олардың құқықтары мен міндеттерімен, бақылау шараларын өткізудегі әдістерімен нысандарының ұштастырылуымен анықталады. Жоғарыда айтылған бақылау жүйесінің ең жалпы орындалған тиімділікке ықпал ететін факторы болып мыналар табылады:


  1. Бақылауды жүзеге асыратын мамандар – бақылау субъектілері. Олардың кәсіптік шеберлігі мен турашылдығы жоғары болған сайын, олардың бақылау нәтижесі де жоғары болады.


  2. Бақылау объектісі. Ол күрделі болған сайын, оны тексеруге шығарылатын шығын сонша көп болады. Бақылау объектісінің күрделілігі толық анық ақпараттарды жинауды талап етеді.




Бақылаудың әдістемесі, яғни бақылау тәсілдерінің жиынтығы және оны қолдану тәртібі. Бақылау құралдарын таңдай білу, яғни, бақылаудың тепе-теңдігін есепке алып, турашылдығын, сенімділігін, жеделдігін және бақылаудың сапасын қамтамасыз ету өте маңызды

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық бақылауы мен тереңдетілген аудитінің ақпараттық базасының құрылымы, олардың қызметінің мазмұнымен шарттасады.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес, тексеріліп отырған объект мына белгілер бойынша жіктеледі:


  1. функционалдық тағайындалым бойынша - жоспарлы, нормативті, есептілік алу, есептен, тыс, талдауы;


  2. жинау көдері және өңлеу жеңгейі – бастапқы, аралық, нәтижелік, визуалды (көзбен шола) бақылаулар;


  3. қажетті мәлімет көлемі бойынша – кешенді, тақырытық және жекелей;


  4. бейнелеу әдісі бойынша – мәтіндік, сандық алфавиттік, алфавитті – сандық, шартты, және графикалық;


  5. ұсыну насаны бойынша – ауызша, жазбаша, машиналық, машиналық емес, телефонды, магниттік таспалар және дискілер, аудио және видио кассеталар және т.с.с.; 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...