ІІ. Ежелгі түркі мәдениеті Түркі халықтарының шығу тегі және этникалық құрамы. «Түркі» сөзі біздің заманымыздан бұрынғы ҮІ ғасырда көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды

Loading...


Дата02.04.2020
өлшемі63.01 Kb.
ІІ. Ежелгі түркі мәдениеті Түркі халықтарының шығу тегі және этникалық құрамы. «Түркі» сөзі біздің заманымыздан бұрынғы ҮІ ғасырда көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Ол кезде түркілер Монғолия мен Қытайдың солтүстік шекараларынан Қаратеңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Түркі мәдениетінің аса көрнекті жазба ескерткіші Құлтегін тасында былай деп жазылған: «Әлемнің көгінде аспан, астында қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінің арасында адам баласы жаратылды. Адам баласының үстінен менің бабаларым Бұмын қаған мен Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, Түркі заңдарын шығарып, бекітті». Н.А.Аристов «Түркілердің бастапқы шығу тегі олардың ата жұрты туралы» деген мәселеде: «Түркілердің негізгі бастыүлкен тайпалары алғашында Алтайды мекендеген. Алтайдағы жер-су аттары көне түркі халық аңыздарына енуі бұған дәлел бола алады. Ежелгі түркі мемлекеті хундар империясы болып есептеледі», -дейді.Түркі халықтарының этникалық құрамы туралы іргелі еңбек Махмуд Қашқаридың «Диван лұғат ат-түрік» кітабы болып табылады. 1991 жылғы дерек бойынша әлемде 130 миллионның үстінде түркі халықтары өмір сүріп келеді. Олардың әрқайсының бай тарихы, мәдениеті, жазу-сызуы, рухани ұстанымдары болған. Ежелгі заманда печенегтер, қыпшақтар, оғыздар, иемектер, башқұрттар, ябакулар, татарлар, қырғыздар, тухсилар, яғмалар, играктар, чаруктар, жұмылдар, ұйғырлар, танғұттар, табғаштар т.б. 20-ға жуық түркі тайпалары өмір сүрген.Түркі халықтарының жазба ескерткіші.Ү-ІХ ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталық Азия жерлеріне жазу, сызу, егін егу, әдебиет, өнер, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің

12қалыптасқаны көпшілікке аян, оған Енисей жазу ескерткіштері, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ. Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түркі» дәуіріне сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар Орхон-Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Түркілердің жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері –Орхон, Енисей, Селенга және Талас бойы.Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас жазуы делініп екі топқа бөлінеді. Сібірдегі Енисей, Монғолиядағы Орхон, Қазақстандағы Талас өзендері бойынан табылған ежелгі түркілік сына жазуларын оқу ісімен түркітанушы-ғалымдардың бірнеше буыны 100 жылдың үстінде айналысып келеді. Олардың көш басында дат ғалымы В.Томсен, орыс түркітанушысы В.В.Радлов тұрды. Бұл ғалымдар ХІХ ғасырдың аяғында белгісіз жазулардың сырын ашқан еді. В.Томсен ең алғаш «түрік», «тәңірі» деген сөздерді оқып шықты. Олардан кейін Д.Клеменц, П.Мелиоранский, В.Малов сынды ғалымдар түркі жазуларының сырын ашты. Қазақстанда бұл жауапты шаруамен ғалымдар Айдаров, Құрышжанов,Томановтар айналысты. Енисей жазба мұралары.Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылуымен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия, Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаларының жалпысаны –85-ке жуық. Олардың ішінде кішігірім жазбалармен қатар ірі текстер де кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкені 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері –ескі түркі жазуының алғашқы шығып, қалыптасып, тараған нұсқасы. Бұл жазу бертіндеп Орхон өзені, одан Талас өзені өңіріне тараған. Бұл тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың тәсілі мен жетілдірілуінен де байқалады. Енисей жазба

13ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск ойпатынан табылған. Бұл жазбалар түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеумен айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді.Орхон жазуы.Көне түркі жазба мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Сібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. ҮІ ғасырдың ортасында қазіргі солтүстік Монғолия жерінде бас құраған Түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра, Ү-ҮІІІ ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге, сондай-ақ кейбір ыдыстардың жиегі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы –Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған үш тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі –731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі –735 жылы өлген Білге қағанның өзіне, ал үшіншісі –Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Тоныкөк туралы Коппенгагендік профессор В.Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат алынды. Орхон жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште ол –үш ханның ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк жайлы 716 жылы айтылған. Елтерістің патшалық құруында оның қосқан үлесі туралы қытай және Тоныкөк жазбаларында толық көрсетілген. Көне түркі жазбаларын кейде «руна» жазуы деп те атайды. Оның себебі: Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің ғалымы Д.Г.Мессершмидт кездестірген құлпытастардағы өзі түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде «руна» жазуы деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып кетті.

14Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп отырғанына қарамастан, одан адамшылыққа жатпиғыл кездеспейді. Мәдениетті деген халықтардан шыққан басқыншыларда кездесетін қатыгездік және қатыгездіктен ләззат алу элементтері мұнда атымен жоқ. Жазба ескерткіште империяның құрылуы –халыққа көрсеткен қызметім, келтірген пайдам деп түсіндіреді. Аләскери тұрмысқа келетін болсақ, әрбір жауынгер соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп отырады. Жазба ескерткіштегі Білге қаған –үлкен ел басқарушы, Күлтегін -өз заманының даңқты батыры, Тоныкөк -әрі батыр, әрі шешен, жырау, әрі кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Құлтегін, Білгеқаған жазбаларының авторы Иоллықтегін деген адам болған. Талас жазу ескерткіштері.Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. Талас өзенінің бойынан, Қырғыстан жерінен барлығы 13 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да көне түркі алфавитімен жазылған. Бұл асатаяқ шыршадан жасалған, оның құндылығы да осында. Асатаяқ қазір Санкт-Петербургтегі мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы. Орхон-Енисей ескерткіштері тектес таңба-жазулы тастар Әулиеата түбінен, Талдықорған өңірінен, Сарыарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен, ежелгі түркі елі белгілі бір аумақта өмір сүріп, өзіне лайық жазуын, тілін, өзге де мәдениетін дамытқан. Ежелгі түркі мәдениетінің орталықтары Енисей, Орхон, Селенга, Талас өзендерінің бойы, Минусинск ойпаты, Алтай тауы, қазіргі Тува, Краснояр, Жетісу аймақтары болды.



15Ежелгі түркі жазуы туралы Орхон, Енисей, Талас жазба материалдарында археологиялық деректер баршылық. Түркілердің діни сенімдері.Ежелгі түркілердің діни сенімдері негізінен Көкке (Тәңірге) және Жерге (Жер-суға) табыну болды. Құдай күштерінің бұл жұбында Көк (Тәңір) негізгі болып саналады. Түркі қағандары тек Көк Тәңірісінің бұйрығымен билік етеді деп түсінілген. Мәселен Білге қаған: «Түркі халқы жойылмасын, ел болсын! Әкем Елтеріс қағанды, шешем Елбілге қатынды Тәңірі төбесіне ұстап, жоғары көтерген екен, мені қаған етіп отырғызған екен», -депті. Түркі хандары өз жазуларында Тәңіріні үнемі өздеріне рақымды болуға шақырады.Мазмұны жағынан келесі құдай отбасы және балалардың жебеушісі -әйел құдай Ұмай болды. ХІХ ғ. аяғында Ұмайға табыну Алтайдағы кейбір түркі тілді халықтар арасында сақталды. Бұлармен бірге Ұмай түркілердің жоғарыдағы құдайлар үштігіне енді және олардың барлық істерін жебеп отырды. Бұл Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіштен анық көрінеді, онда сәтті жорықтардың бірін суреттейтін тұста былай делінген: «Көк Тәңірі, Ұмай (құдай), қасиетті Жер-су, міне, осылар бізге жеңіс сыйлаған екен». Өзіндік ежелгі наным-сеніммен қатар, ҮІ-ІХ ғғ. Орталық Азияның, одан кейінірек Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілді т

16Манихейлік өзінің барлық қағидаларын (көзқарастарын) принциптерін зороастризм, буддизм, христиандық және басқа философиялық ілімдерден алды, бірақ оларды логикалық қарама-қайшылықсыз күйге біріктіре алды. Иерархиялық ұйымдасқан монихейлік шіркеубелсенді миссионерлік жұмыс жүргізді. Әсіресе шығыста, Орта және Орталық Азияда, Қытайда кең тарады. Манихейлік және христиандық қауымдастық Таразда ҮІ-ІХ ғасырларда өмір сүрді. Егер ҮІІ ғ. христиан қауымдастығынан сирия тіліндегі қысқа ғана жазу қалса, едәуір құдіретті манихей қауымдастығының Таразда өз қауымдастығы болды. «Он оқ елінде» яғни Батыс Түркі елінде сенімді ояту үшін жазылған «манихейлік екі негіздің қасиетті кітабы» шығармасында Алтын қала Арғу Талас (Тараз) және манихейлік тұрақтар болған төрт Жетісу қаласы аталады. Тараздағы соғды халқының бір бөлігі зороастризм дінін сақтады, бұған Қазақстан археологтары зерттеген Тараздағы зороастризмдік оба куә болады. Діни синкретизм, яғни көп түрлілік ерте орта ғасырдағы Жетісу қаларының сипатты белгісі болды. Түркілердің исламды мойындауына тән болған сипат –қандай да бір мұсылман қаруының жеңісінсіз, халық ешқандай басқыншылыққа ұшырамай, тек бейбіт уағыз жолымен қабылдады. Алайда ислам түркі халқының жаугершілік рухын өзіне бағындыра алмады. Осыдан кейін түркілер мұсылман, парсы, араб мемлекетінің ықпалына түсті. Түркілер парсы дәстүрлері мен династиясын қабылдап, өздерін Афрасиабтың ұрпақтарымыз деп атай бастады. Сонымен, ежелгі түркі халықтарының исламға дейінгі мәдениетіне қатысты әлі де ғылыми тұрғыдан зерттелмеген мәселелердің көп екендігін атап айтуымыз керек. Бұл қиын да мәртебелі жұмыстың орындалуы осы түркі халықтарының бүгінгі және болашақ ұрпағының қасиетті борышы деп білген жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...