ҚҰҚЫҚ туралы түсінік



Pdf көрінісі
Дата24.12.2021
өлшемі1.27 Mb.
#148079
Байланысты:
Снимок экрана 2021—11—27 в 20.25.06



КІРІСПЕ









3

 



ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК





5



1.1 

Құқық 


ұғымы 

жəне 


оның

мəні






5



1.2 

Нормативтік 

реттеу 

жүйесіндегі 

құқықтың

орны




9



1.3 

Құқықтың 

мазмұны, 

жүйесі 


мен

құрылымы






13

 



НЕГІЗГІ

БӨЛІМ








23

2.1 



Құқық 

жəне 


заң 

жүйелерінің 

даму

бағыттары







23

2.2  «Заң  шығару  қызметi»  мен  «заң  шығару  процесi»  ұғымдарының

арақатынасы

30



 

ҚОРЫТЫНДЫ









3

7



 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН 

ƏДЕБИЕТТЕР

ТІЗІМІ






39

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

КІРІСПЕ


 

Тақырып  өзектілігі.  Таңдап  алынған  тақырып  қазіргі  таңдағы  мемлекет  тарапынан




жəне  əлемдегі  болып  жатқан  құбылыстар,  реформалар,  дағдарыстар  тұрғысынан  алғанда,

мемлекеттің  егеменді,  саяси  ұйым  ретінде  өз  саясатын  толыққанды  жүргізуі,  əртүрлі

сатыдағы  мемлекеттік  органдардағы  қолданыстағы  заңнама  мəселелерін,  жеке  тұлғаның

құқықтық  мəртебесінің  аяқ  асты  болмауы,  мемлекет  пен  жеке  тұлғаның  ара-қатынасын

талқылауға  арналған  əртүрлі  деңгейдегі  конференциялар,  дөңгелек  столдар,  бұқаралық

ақпарат  құралдарындағы  əртүрлі  кездесулер  куə  болатын  мемлекеттік-құқықтық

құбылыстардың,  жеке  тұлғаның  құқықтық  мəртебесінің  жəне  мемлекет  пен  жеке  тұлғаның

ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.

Құқық  –  бұл  мемлекет  белгілеген,  қамтамасыз  ететін,  кепіл  болатын  жəне  қоғамдық

қатынастарды  реттеуге  бағытталған  жалпыға  міндетті,  формалды  анықталған  құқық

нормаларының жүйесі.

Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нəтижесінде өмірге

келді.  Алғашқы  қоғамдағы  əлеуметтік  нормалар:  əдет-ғұрып,  салт-дəстүр,  мораль,  діни

өсиеттер,  мемлекеттік  жүйеде  бірте-бірте  екінші  қатардағы  нормаға  айналып,  құқық

əлеуметтік  негізгі  нормаға  айналды.  Адам  қоғамы  мыңдаған  жылдар  өмір  сүріп  келді.  Сол

көне  заманнан  ғалымдар  құқық  пен  мемлекет  қашан  пайда  болды,  қалай  дамып  келеді?–

деген  мəселелермен  шұғылданып,  ғылыми  зерттеулер  жасап  келді.  Өйткені  құқықтың

мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-басқаруға

өте қажет.

Құқық  қоғамды  реттеп,  басқарудағы  негізгі  құрал;  құқық  қоғамдағы  бостандықты,

əділеттікті  теңдікті,  адамгершілікті  қалыптастыратын  негізгі  құрал;  құқық  мемлекеттік

билікті,  қоғамның  саяси-экономикалық,  мəдени-əлеуметтік  даму  процесінің  даму

бағыттарын  анықтап  отыратын  негізгі  құрал;  құқық  қоғамдағы  заңдылықты,  тəртіпті

бақылап  отыратын  негізгі  құрал;  құқық  мемлекеттің  ішкі-сыртқы  істердегі  егемендігін

қамтамасыз ететін негізгі құрал т.б.

Бұл  пікірді  жалғастыра  беруге  болады.  Құқық  –қоғамның  экономикалық  базисінің

үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мəні, маңызы, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде,

қоғамның  экономикалық,  мəдени-рухани  сипатына  байланысты.  К.Маркс  «Гота

программасына  сын»  деген  еңбегінде:  «Құқық  ешуақытта  да  экономикалық  құрылыстан

жəне қоғамның соған сəйкес мəдени дамуынан жоғары бола алмақ емес» – деді.

Жұмыстың мақсаты құқықтың түсінігін, мəнін жəне мазмұнын ашып көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- Құқық ұғымы жəне оның мəнін анықтау;

- Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орнын қарастыру;

- Құқықтың мазмұнының өзекті тұстарына баға беру;

- Құқық жүйесі мен құрылымын, олардың мазмұнын талдау.

Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы

30 тамыз (2011.02.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен қоса алғанда), Нормативтік

құқықтық актілер туралы 1998 ж. 24 наурыздағы № 213-1 Қазақстан Республикасының Заңы

(2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса алғанда), жəне де Бейсенова А.,

Біржанова К., Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тəукелев А.Н., Дулатбеков Н., Амандықова С.,

Турлаев А. Əлібаева Г., Айтхожин Қ., Байжанова К., Жакупова А., Қуандықов Е., Маликова

Ш.,  Есетова  С.,  Маркс  К.,  Энгельс  Ф.,  Сапаргалиев  Г.С.,  Ибраева  А.С.  мəліметтері  негізге

алына отырып жазылды.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

1 ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1 Құқық ұғымы жəне оның мəні

 

Құқық көп жақты құбылыс. Сондықтан да оған берілетін де анықтамалар сан алуан.



Анықтамалардың сан алуандығына қарамастан олардың мазмұны бір. Байтин М.И.: Құқық –

қоғамның  мемлекеттік  еркін,  оның  жалпыадамзаттық  жəне  таптық  сипатын  көрсететін

жалпыға  міндетті,  формальды  анықталған  нормалар  жүйесі;  мемлекетпен  шығарылады

немесе  санкцияландырылады  жəне  бұзылудан  мемлекеттік  мəжбүр  ету  мүмкіндігімен

қорғалады; қоғамдық қатынастарды өкімдік-ресми реттеуші болып табылады. Ромашов Р. А.:

Құқық – көмегімен құндылық тағайындалымдар анықталынатын жəне бекітілетін, белгілі бір

социумның  өкілдерімен  жалпы  маңызды  ретінде  танылған  жəне  заңдық  кепілдіктер  жүйесі

мен  заңдық  жауапкершілік  шараларымен  қамтамасыз  етілген  біртектестендірілген  əрекет

стандарттарының жиынтығы [2, 78].

Құқықтын  мəні  Конституцияда  жəне  басқа  да  зандарда  бекітіліп,  тиянақталған  оның

түпқазық  бастауларында,  негізгі  принциптерінде  ашылады.  Оларға  жататындар:  саяси

биліктің  халықтың  атынан  жүзеге  асуы,  меншіктің  дамуы,  корғалуы  жəне  олардың

субъектілерінің тендігі; демократизм, интернационализм, гуманизм.

Саяси биліктің халықтың атынан жузеге асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында

мемлекеттік  биліктің  бірден-бір  бастауы  —  халық  болып  табылады  делініп,  Конституцияда

дəйектелген. Халық мемлекеттік билікті тікелей жəне өз өкілдері арқылы жүзеге асырады [1].

Меншіктің  дамуы,  қорғалуы  жəне  олардың  субъектілерінің  теңдігі—  мемлекеттің

материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.

Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке меншік

нысандарына  негізделетіні,  ал  мемлекет  меншіктің  барлық  субъектілерінің  заң  алдындағы

теңдігін  қамтамасыз  ететіндігі  жөніндегі  ереже  бекітілген.  Республика  басқа  мемлекеттер

аумағындағы  өзінің  азаматтары  мен  заңды  тұлғаларының  өз  мүліктеріне  деген  меншіктік

құқығын қорғайды.

Демократизм  азаматтық  құқықтар  мен  бостандықтардың  кең  ауқымымен  ұштаса

отырып,  адамның  мемлекеттік  істерді  шешуге  қатысу  құқығын  қамтамасыз  ететін  оның

құқықтары  мен  бостандықтарын  заң  жүзінде  бекітуді  білдіреді.  Демократизм  азаматтардың

қоғам  алдындағы  міндеттерінің  ішіндегі  айрықша  орын  алатыны  —  олардың  мемлекеттік

істерді басқаруға қатысуы міндеттерін орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады.

Қазақстан  Республикасы  қоғамдық  бірлестіктердің  Конституция  мен  зандар

шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға, мемлекеттік жəне жергілікті деңгейдегі мəні бар

мəселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді.

Интернационализм  —  барлық  ұлттар  мен  ұлыстардың  өзінің  саяси,  шаруашылық

жəне мəдени дамуындағы заң жүзіндегі жəне іс жүзіндегі теңдікті тану жəне оны құқықпен

қамтамасыз  ету  болып  түсініледі.  Республикамызда  нəсіліне,  ұлтына,  тіліне  жəне  т.б.

жағдайға қарамастан құқық пен бостандық теңдігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан

халықтары Ассамблеясы интернационалдық ұйым.

Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз — адамдық, адамгершілік) — адамның жеке тұлға

ретіндегі  құндылықтарын,  оның  еркін  даму  жəне  өз  қабілеттерін  көрсету  құқығын  тану.

Адамның  қадір-қасиеті  мен  құқықтарын  қадірлеуді  қамтамасыз  етуден  тұратын  басты

құқықтық принциптердің бірі — оның игіліктеріне қамқорлық жасау.

Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда əркімнің өмір сүруге

құқығы бар екені, ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ екені, сондай-ақ адам

мен азаматтың ар-ожданы мен абыройына қол сұғуға болмайтыны жөнінде баяндалған.

Сонымен  қатар  адамның  кінəлі  екендігі  сот  үкімімен  дəлелденіп,  үкім  занды  күшіне

еңбейінше,  адам  қылмыс  жасады  деп  танылмайтындығы  жөніндегі  қағида  орнықтырылған.

Осылайша,  кез  келген  күдік  дəлелденгенге  дейін  айыпталушы  тұлғаның  пайдасына

шешіледі. [1]

Құқықтың  саясатпен  жəне  экономикамен  арақатынасын  білудің  құқықтың  мəнін

сипаттаудағы  маңызы  зор.  Құқық  пен  саясаттың  мазмұны  қоғамдағы  өндірістік

қатынастармен  айқындалады.  Мемлекеттің  саяси  шараларының  басты  аспектілері  құқықта

бейнеленіп көрсетіледі.

Құқық  экономикалық  базистің  қондырмасы  деп  саналады.  Өмірдің  материалдық

жағдайы  өзгерген  сайын  құкықта  өзгеріп  отырады.  Қазіргі  уақыттағы  шаруашылық

жүйесінің  өзгеруіне  байланысты  зандардың  да  тиісінше  өзгеріске  ұшырап,  толықтырылып




отыруы заңды құбылыс. Қоғамдык қатынастардың бұдан кейінгі дамуында да құқықтың ролі

арта түсуі керек.

Құқықтың  қайнар  көздері  —  құқық  қалыптастыратын  əлеуметтік  факторлардың

жиынтығы  (мемлекет,  таптар,  идеология  жəне  т.б.),  оған  құқықтық  сипат  беруге  қажетті

мемлекеттік еріктің көріну нысаны (заң, қаулы, декрет жəне т. б.). Құқық бастауы болып тек

құқықтық мəні бар актілер ғана танылады. Үндеулер, мəлімдемелер, декларациялар жəне т. б.

актілер құкықтық маңызы болмағандықтан құқықтың қайнар көзіне жатпайды.

Əрбір елдің құқықтық табиғатына байланысты өзіне тəн құқық қайнар көздері болады.

Мемлекеттің құқықтық жүйесі өзгеруіне байланысты мемлекеттегі құкық көздері де өзгеріп

отырады.  Құқықтың  қайнар  көзіне  құқықтық  əдеттерді,  сот  (əкімшілік)  прецедентін,

шарттарды, ғылыми доктриналарды, нормативтік құқықтық актілерді жатқызамыз.

Құқықтық  əдеттер  —  адамдардың  қарым-қатынасын  реттейтін,  мемлекет  күшімен

қамтамасыз  етілетін  ресми  түрде  бекітілген  əдет-ғұрыптар.  Кезінде  қазақ  елінде  қоғамдық

қатынастар əдет-ғұрып нормаларымен реттелгені белгілі. Құқықтың бұл бастауы бұл күндері

араб елдеріне жəне басқа да діни-ғұрыптық құқықтық жүйедегі елдерге тəн.

Құқық  прецеденті  -  жоғары  сот  органдары  қабылдаған  нақты  шешім.  Осы  шешім

төменгі сот органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецедентінің шыққан

елі  —  Англия.  Бүгінде  құқық  прецеденті  Англия,  АҚШ,  Үндістан,  Австралия

мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Құқықтық шарттар негізінен

халықаралық  қатынастардағы  құқықтың  бірден  бір  көзі  болып  табылады.  Олар  екі  немесе

одан да көп субъектілердің тек өзара міндетті құқық ережелерін қамтиды.

Нормативтік құқықтық актілер — құқықтың ең басты қайнар көзі ретінде танылады.

Олар қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпы ережелерден тұратын мемлекеттік органдар

ресми қабылдаған актілер.

Біздің  республикамызда  танылатын  құқық  қайнар  көздері  еліміз  Конституциясында

баянды  етілген.  Конституцияның  4-бабының  1-тармағында  «Қазақстан  Республикасында

колданылатын  құқық  Конституцияның,  соған  сəйкес  заңдардың,  өзге  де  нормативтік

құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық жəне өзге де міндеттемелерінің,

сондай-ақ  Республиканың  Конституциялық  Кеңесінің  жəне  Жоғарғы  Соты  нормативтік

қаулыларының нормалары болып табылады» делінген.

Нормативтік  актілердің  өзгеру  тəртібі  жəне  олардың  жүйесі  Конституция  мен  1998

жылғы  24  наурыздағы  «Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы»  ҚР  Заңында  көрсетіліп

нақтыланған. Нормативтік құқықтық актілер мазмұнының сипаты, күші жəне олардың əрекет

аумағының қаншалықты екені норма шығармашылық қызметті іске асыратын органға тікелей

байланысты. [3]

Жоғарыда  аталған  «Нормативтік  құқықтық  актілер»  туралы  Заңның  4-бабының  1,  2-

тармақтарында  нормативтік  құқықтық  актілердің  иерархиялық  сипатта  орналасқан

төмендегідей сатысы көрсетілген:

Қазақстан Республикасының Конституциясы;

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар еңгізетін заңдар;

ҚР Кодекстері, Заңдары;

ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;

ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;

министрлердің  нормативтік  бұйрықтары,  мемлекеттік  комитеттердің  нормативтік

қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары;

— 

мəслихаттар мен əкімдердің нормативтік шешімдері.



Заңның  осы  бабының  4-тармағында  жоғарыда  көрсетілген  сатыдан  тыс  тұратын

нормативтік қаулылар көрсетілген. Олар:

- ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары;

- ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

- ҚР Орталық Сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары.

Заңның 3-бабына сəйкес нормативтік құқықтық актілер негізгі жəне туынды түрлерге

бөлінеді.

Жоғарыда  көрсетілгендер  актілердің  негізгі  түрлеріне  жатады,  ал  нормативтік

құқықтық  актілердің  туынды  түрлеріне  мыналар  жатады:  регламент,  ереже,  қағида,

нұсқаулық.

Бүкіл құқықтың бастауы болатын Конституцияны Негізгі Заң деп те атайды. Өйткені

ол өз мазмұны жөнінен мейлінше маңызды, басты заң болып табылады, ағымдағы заңнаманы

немесе  басқа  да  нормативтік  актілерді  қабылдауда  бастапқы  саты  ретінде  тиянақты  қызмет

атқарады.

Конституция—  қоғамдық  жəне  мемлекеттік  құрылысты,  биліктің  өкілді

органдарының  тəртібі  мен  принциптерін,  сайлау  жүйесін,  азаматтардың  құқықтары  мен

міндеттерін  белгілейтін  мемлекеттің  Негізгі  Заңы.  Оның  жоғары  зандық  күші  бар  жəне  ол

еліміздегі барлық заңнаманың нормативті базасы болып табылады, əрі Республиканың бүкіл

аумағында тікелей қолданылады.

Ата  Заңда  Конституция  ережелеріне  қарсы  келетін  заңдардың  жəне  басқа  да

актілердің заңдық күші болмайды деп атап көрсетілген.

Маңызды  құқық  бастауы  Парламент  қабылдаған  заңдар  болып  табылады.  Олар

нормативтік актілерге (қаулыларға жəне т.б.) қатысты жоғары заңды күшке ие. Мемлекеттің



орталық атқарушы; уəкілетті органдары қабылдаған нормативтік актілердің бəрі заңға сəйкес

акт  болып  табылады.  Заң  ережелері  мемлекеттік  органдардың  барлығы  үшін  сақталуға

міндетті.  Əрекет  шеңберіне  жəне  заңдық  күшінің  деңгейіне  қарай  заңдар  Конституцияға

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізетін,  конституциялық  жəне  ағымдағы  заңдар  болып

бөлінеді.

Конституцияға  өзгерістер  мен  толықтырулар  еңгізген  заң  1998  жылғы  7  қазанда

қабылданды.  Осы  Заңға  сəйкес  Конституциядағы  Президент,  Парламент  депутаттары

өкілеттік мерзімдеріне қатысты жəне т.б. нормаларға өзгерістер мен толықтырулар еңгізілді.

Заңдардың,  Президент  жарлықтары  мен  қаулыларының  негізінде  жəне  оларды

орындау  үшін  шығарылған  заңға  сəйкес  актілер  де  маңызды  құқықтың  қайнар  көзі  болып

табылады.  Бұл  актілердің  заңдық  күші  жəне  қызмет  шеңбері  жөнінен  айырмашылықтары

бар.  Бұлардың  ішінде  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  еліміздің  барлық  аумағында

орындалуы міндетті қаулылары үстемдік етеді.

Құқық  қайнар  көзінің  негіздеріне  əр  түрлі  министрліктердің,  мемлекеттік

комитеттердің, 

Үкімет 


жанындағы 

бас 


басқармалардың, 

инспекциялардың,

департаменттердің  нормативтік-құқықтық  сипаттағы  актілері,  бұйрықтары,  нұсқаулары,

қаулылары,  сондай-ақ  Республика  Жоғарғы  Сотының  қаулылары,  Президенттің  орындалуға

тиісті  Жарлықтары  негізінде  жарияланатын  нұсқаулары,  Үкімет  қаулылары  жатады.

Жергілікті  өкілді  жəне  атқару  органдарының  нормативтік  актілер  болып  табылатын

шешімдері де құқық қайнар көзі ретінде танылады. Бұлар олар орналасқан аумақтағы барлық

кəсіпорындар,  мекемелер  мен  ұйымдар,  сондай-ақ  лауазымды  тұлғалар  мен  азаматтар  үшін

міндетті.  Құқықтың  басқа  бір  көзі  —  қоғамдық  ұйымдардың,  кəсіподақтар  мен

кооперативтердің мемлекет мақұлдаған нормативтік құқықтық актілері [4, 36].

Құқықтық  нормалардың  əркеттілігін  күшейту,  əр  түрлі  заңдардың  арасындағы  ішкі

логикалық  байланысты  белгілеу  жəне  оны  практикалық  қызметте  пайдалануды  жеңілдету

мақсатымен Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы құрастырылған.

 

 



1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны

 

 



Нормативтік  реттеу  жүйесі  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  нормалардан  тұрады.

Олар əлеуметтік жəне əлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінеді.

Адам  қоғамында  сан  алуан  қатынастар,  яғни  байланыстар  туындайды.  Осы

қатынастарды  реттеу,  тəртіптеу  ережелер,  қағидалар,  нормалар  негізінде  болады.  Норма

дегеніміз - мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың мөлшері, үлгісі, эталоны.

Қоғамның  əлеуметтік  нормалары  дегеніміз  –  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін,

қоғамдық  пікір  күші  ықпалымен  немесе  мемлекеттің  мəжбүрлеуімен  қамтамасыз  етілетін,

қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі.

Əлеуметтік  нормаларға  жататындар  құқық  нормалары,  мораль  (имандық,  өнеге)

нормалары,  қоғамдық  ұйымдар  (корпоративтік)  нормалары,  əдет-ғұрыптар,  дін  нормалары

жəне тағы басқа.

Əлеуметтік-техникалық  нормалар  –  техникалық  құралдарды  пайдалану,  қолдану

ережелері; санитарлық-гигиеналық нормалар; агрономиялық нормалар жəне тағы басқа.

Əлеуметтік нормалар белгілеу жəне қамтамасыз ету тəсілдері бойынша ерекшеленеді.

Мысалы, құқық нормаларын мемлекет белгілейді жəне қамтамасыз етеді, имандылық,

əдет-ғұрып нормалары қоғам өмірінен туындайды жəне қоғам пікірімен, адамның сана-сезімі

арқылы қамтамасыз етіледі, діни нормалар діннен туындайды жəне Алла тағаланың күшімен,

адам сана-сезімімен қамтамасыз етіледі [5, 124].

Жасалу  тəсілі  бойынша  нормалар  саналы  жəне  стихиялық  (сұрапылдық)  түрге

бөлінеді.  Баяндау  жəне  көріну  тəсілдері  бойынша  нормалар  ауызекі  жəне  жазбаша  түрге

бөлінеді.

Мысалы,  құқық  нормалары  əрқашан  да  жазбаша,  ал  өнегелік  нормалар  ауызекі

болады.

Əдет-ғұрып  дегеніміз  –  адамдардың  қарым-қатынасын  реттейтін,  дағдыға  айналған

географиялық,  ұлттық,  экономикалық  факторларға  байланысты  тарихи  қалыптасқан,

жазылмаған  мінез-құлық  қағидасы.  Əдет-ғұрыптар  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып,  адамдардың

сана-сезіміне  ананың  сүтімен,  қауым  өмірінің  үлгісімен  сіңіп,  адамдардың  мінез-

құлықтарын, іс-əрекеттерін бағыттап отырады.

Мысалы, қазақ даласында, қазақ халқында əдет-ғұрыптар, дəстүрлер құқықтың қайнар

көзі болған.

Қазіргі  заманда  əдет-ғұрыптар  əр  түрлі  дəрежеде  сақталған.  Негізінде  əдет-ғұрыптар

отбасы, туыстық қатынастарды реттейді.

Құқық  пен  мораль  тығыз  байланыста.  Осы  екі  құбылыстың  жалпылама

ерекшеліктерін жəне айырмашылықтарын көрсету қажет.

Жалпылама  ерекшеліктері  құқық  пен  мораль  экономикалық  базиске  жасалған

қондырма  болып  табылады,  қоғамдық  қатынастарды  реттейді,  əлеуметтік-экономикалық




мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді.

Құқық пен мораль көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады жəне жүзеге

асырылуының ішкі кепілі – адамның ар-ұяты мен намысы.

Құқық  нормаларының  талаптары  моральдық  талаптарға  негізделеді.  Мысалы,

Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  27  бабында  былай  айтылған:  «Неке  мен

отбасы,  ана  мен  əке  жəне  бала  мемлекеттің  қорғауында  болады.  Балаларына  қамқорлық

жасау  жəне  оларды  тəрбиелеу  –  ата-ананың  табиғи  құқығы  əрі  парызы.  Кəмелетке  толған

еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті».

Бұл  талапта  құқық  нормасының  талабы  жəне  мораль  нормасының  талабы  бірдей

көрініс табады.

Кейбір  құқық  салаларында  моральдық  талаптардың  ықпалы  аздау.  Мысалы,  салалық

құқықта,  азаматтық  құқықта,  қаржылық  құқықта  жəне  тағы  басқа.  Ал  отбасы,  қылмыс,

халықаралық құқықта моральдың маңызы өте зор [6, 98].

Енді құқық пен моральдың айырмашылығына тоқталу қажет.

Құқық  мемлекетпен  бірге,  қатар  пайда  болады,  ал  мораль  мемлекеттен  бұрын  пайда

болады.  Құқық  жазылған  нормалардан  тұрады,  мораль  күрделірек  құрылым  жəне

жазылмаған  ережелер,  талаптардан  тұрады.  Құқық  мемлекеттік  мəжбүрлеудің  болу

мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі, ал мораль дағды арқылы немесе қоғамдық пікір күшімен

қамтамасыз етіледі. Нормативтік реттеу жүйесінде құқық ерекше орын алады. Бұның себебі

құқықтың айрықша белгілеріне байланысты.

Құқықты социологиялық жəне философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік

болып, оған құқық нормаларымен қатар қатынастар да жатады.

Құқыққа, ерекше əлеуметтік құбылыс ретінде, жалпы жəне айрықша белгілер тəн.

Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тəн жағдай емес. Ол

адамның  табиғатымен  байланысты  жəне  кез-келген  əлеуметтік  ұйымға  тəн.  Нормативтік

дегеніміз,  адамдардың  ой  жүйесін,  қоғамдық  өмірін  тəртіппен,  соның  нəтижесінде  белгілі

ережелерге бағындыру.

Құқық əділдік жəне бостандық идеяларын білдіреді. Əділдік пен бостандыққа адамзат

ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Əділдік – адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол

басқа  адамның  мүддесіне  зиян  келтірмейді,  қоғамға  пайдалы.  Осы  талаптарға  сай  келетін

адамның əрекеті əділ болып саналады.

Марксизм-ленинизм  негізін  қалаушылар  əділдікті  тек  таптық  мүдделермен

байланыстырады.

Бостандық  –  адамнан  ажыратылмайтын  қасиет.  Тек  бостандық  болса  ғана  адам

лайықты  өмір  сүре  алады,  барлық  өзіне  тəн  шығармашылық  мүмкіндіктерін  аша  алады  [7,

14].


Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар – билік, мемлекет, қоғамдағы тəртіп.

Солар  арқылы  əділдік  пен  бостандық  жүзеге  асырылады.  Əрине,  əділдік  пен  бостандық

шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен

мемлекет  органдарының  арасында  қайшылық,  үйлеспеушілік  болуы  мүмкін.  Заңдарда

адамдардың құқықтары мен бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың

жүзеге асырылуын қамтамасыз етпеуі мүмкін.

Құқық  адамның  іс-əрекетін  реттейді,  оның  ойына,  сезіміне  əсер  етеді.  Егер  адам

заңдарда  əділдік  пен  бостандық  баянды  етілетініне  көзі  жетсе,  оларды  орындау  қажет  деп

есептейді.  Мұндай  жағдайда  адам  өз  еркімен  заң  талабын  орындайды.  Заң  талабын  бұзса,

кінəліге мəжбүрлеу шаралары қолданылады.

Құқық  заңдар  түрінде  қалыптасады.  Заңдарда  адамдардың  еркі  баянды  етіледі.

Адамдардың  еркін  заң  шығаратын  орган  ресмилендіреді.  Сондықтан  құқық  –  мемлекет

таныған  адамдардың  еркі.  Егер  құқық  əділдік  пен  бостандықты  паш  етсе,  ол  жалпы

халықтық құқық деп саналады.

Құқықтың формальды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше

қасиетке  ие  болады.  Ол  –  формальды  анықтылық.  Оның  белгілері:  айқындығы,  бір

мағыналылығы,  қысқалылығы.  Бұл  құқық  субъектісінің  не  нəрсені  істеуге  болады,  нені

болмайтындығын білуіне ыңғайлы, əрі қолайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау – қылмыс.

Құқықтың жүйелілігі – оның тағы бір қасиеті. Заңдарда жазылған құқықтық нормалар

өзара  байланысты,  үйлесімді  болады.  Құқықтың  нормалары  тек  осындай  негізде  жазылып,

қалыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға қабілетті болады.

Құқықтың  тағы  бір  қасиеті  –  оның  өзгермелілігінде.  Қоғамдық  өмір  тоқтап  қалмай,

құбылып өзгеріп тұрады. Соған сəйкес құқық нормалары да өзгерген қатынастарды лайықты

түрде  реттеу  үшін  өзгеріп  тұруы  қажет.  Осыған  байланысты  ескірген  заңдар  күшін  жояды,

жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі, қалыпты түрде адамдарға қолданылады.

Осының өзі құқықты теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар əртүрлі: біреу

əлсіз, біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің отбасы бар, біреу бойдақ.

Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан заң адамдарды

іс жүзінде теңдестіре алмайды.

Əрине  өмірдің  кейбір  салаларында,  мысалы,  саяси  құқықтармен  пайдаланғанда

барлық азаматтардың жағдайы бірдей.

Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық нормаларының талаптарын адамдар

өз  еркімен  орындай  бермейді.  Соған  байланысты  мемлекет  құқық  талабын  бұзғандарға



мəжбүрлеу тəсілін қолданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп есептеу керек [8, 85].

Конституция мемлекеттің негізгі заңы жəне ол сол мемлекеттің құқықтық жүйесінде

приоритетті жағдайды иеленеді. Конституция құрамына мемлекет жəне құқықтың əлеуметтік

сфералары  саясаттың,  экономиканың,  қоғамның  мəнін  анықтайтын  базалық  идеяларды

білдіреді.  Конституцияда  мемлекеттік  реттеудің  мəні  мен  шектері  бекітілген,  мемлекеттің

сыртқы саясатының негізгі бастаулары анықталған, ұлттық жəне халықаралық құқықтардың

ара-қатынасы көрсетілген.

ҚР-ның  Конституциясымен  ҚР-да  Президенттік  басқару  формасы  анықталған  жəне

мемлекеттің басты қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары жəне бостандықтары.

Республика  қызыметінің  түбегейлі  принциптері:  қоғамдық  татулық  пен  саяси

тұрақтылық;  бүкіл  халықтың  игілігін  көздейтін  экономикалық  даму;  қазақстандық

патриотизм;  мемлекет  өмірінің  аса  маңызды  мəселелерін  демократиялық  əдістермен,  оның

ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу [9, 17].

ҚР  Президенті  Н.Ə.  Назарбаевтың  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына  дəстүрлі

жолдауында  Конституциямыздың  əлеуетін  барынша  пайдалану  қажеттігі,  оның  əлемдегі

демократиялық қоғамның негізгі міндеттеріне сəйкес келетіні танылып отырғандығын жəне

Конституцияда  берілген  құқықтарды  айқын  пайдалану  жайында  ғана  болуға  тиістігін  атап

көрсетеді.

Бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан сот реформасындағы оң өзгерістер біртіндеп жүзеге

аса бастағаны жəне соның арқасында сотқа деген халықтың сенімі күннен күнге артып келе

жатқанын айта кетпесе болмас.

Көптеген  заңдар  қабылданып,  өзгерістер  енгізілді,  əрине  алда,  шешімін  табуға  тиіс

басқа да келесі мəселелер бары белгілі.

Дегенмен, басшылыққа алып, бағдар беретін негізгі заң өз əлеуетін əлі жоғалтқан жоқ.

Мəселе оның орындалуына қатысты болуға тиіс.

Сондықтан,  Қазақстанның  əл-ауқаты  мен  тұрақтылығының,  демократиялық  жолмен

дамуының  іргетасы  болған  Конституцияны  құрметтеу  жəне  оны  сақтау  –  əрбір  азаматтың

борышы. Еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі - Конституция.

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  қоғамдық  тіршілік  тынысын  реттеуші,

біздің  елді  басқа  мемлекеттерден  қалмай  биік  шыңға  жетелеуші  жəне  ол  шынайы

демократиялық  құжат.  Еліміз  Конституцияға  бағынғанда  ғана  ол  бізге  қызымет  ететіндігін

ұғынуымыз қажет.

 

 

1.3 Құқықтың мазмұны, жүйесі мен құрылымы



 

 

Қоғамның  тарихи  объективтік  даму  процесінде  құқықтың  маңызы  туралы  екі  пікір



бар:  біріншісі  –  қоғамның  дамуын  басқарып,  реттеп  отырушы  негізгі  əлеуметтік

факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап əлдеқашан ақыр заман болар еді.

Бұл пікірді – заңды көзқарас деп айтады. Екіншісі – бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның

дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм

деп  айтады.  Нигилизм  қоғамда  қабылдаған,  бүкіл  адамға  пайдалы  нормаларды,  жағымды

мұраларды жоққа шығарып мойындамау.

Заңды көзқарас көне дəуірден қалыптасып, құқықтың қоғам даму процесіндегі рөлін,

маңызын  жан-жақты  зерттеп,  бірнеше  ғылыми  қорытынды  тұжырымдар  жасалды.  Құқық

қоғаммен  бірге  эволюциялық-прогрестік  жолмен  дамып,  XIX-XX  ғасырларда  өзінің  тарихи

процесте  құндылығын  делелдеп,  қазіргі  заманда  құқық  мемлекетпен  бірге  қоғам  дамуын

басқарып, реттеуші негізгі əлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмəн келтірмейді.

Қоғамның объективтік тарихи даму процесі құқықтың маңызы мен рөлі туралы заңды

көзқарас  пікірінің  дұрыс  екенін  дəлелдеп  отыр.  Заңды  нигилизм  пікірін  қазір  ешкім

қолдамайды.

Құқық философиялық категория. Сондықтан оның мазмұнын, өмірге келуін, дамуын

түсінуде əртүрлі пікірлер бар. Бірақ құқықтық нормаларды пайдалануда, сол арқылы қарым-

қатынастарды  реттеуде,  мүдде-мақсаттарды  іске  асыруда,  орындауда  адамдардың,

бірлестіктердің,  қоғамдық  ұйымдардың  іс-əрекетінде,  жұмысында  ғажап  бірлестік  бар.

Мұның  себебі  адамдардың,  ұйымдардың  іс-əрекетінің,  жұмыстарының  құқық  арқылы

басталуы, құқық арқылы дамуы, құқық арқылы орындалуы.

Құқықтың  мазмұнын  түсінуде  қоғам  көлемінде  нақты  бірліктің  болуы.  Бұл

бірлестіктің  анықтылығы  қоғамдық  тəртіптің  дұрыс  қалыптасуы,  қарым-қатынастардың

жақсы реттеліп, орындалуы [10, 66].

Құқықтың құндылығы – қоғамдық масштабта барлық құбылыстардың шешуші негізі

болуында.  Бұл  ғылыми  қорытынды  пікірді  барлық  мемлекеттердің  жəне  адам  қоғамының

миллиондаған жылдар тарихы толық дəлелдеп отыр.

 

Қазіргі  замандағы  өркениетті  мемлекеттерде  құқық  барлық  азаматтардың  еркін



білдіретін  саяси  құралға  айнала  бастағанын  мойындау  керек.  Қазақстан  мемлекетінде


қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы əлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа

сай келеді десек қателеспейміз.

Қоғамның  диалектикалық  даму  процесінде  қарым-қатынастарды  дұрыс  реттеп,

басқарып, дағдарысқа ұшыратпау үшін мемлекет пен құқық объективтік жолмен өмірге келді.

Бұл қоғамның прогрестік жолмен дамуының нəтижесі. Құқық адамдардың, ұйымдардың іс-

əрекетімен  тығыз  байланысты,  олардың  бостандығының  шеңберін,  мүдде-мақсаттарының

орындалу  шеңберін  анықтап,  реттеп  басқарып  отырады.  Құқықтық  норманың  қалыптасуы

үш  кезеңнен  тұрады:  мүдде,  қатынас,  норма.  Құқықтың  негізгі  үш  тірегі  бар:  имандылық,

қоғамның  əлеуметтік-экономикалық  жағдайы  жəне  мемлекет.  Құқық  имандылықтан  нəр

алады,  неғұрлым  құқықтың  нормалары  имандылық  шарттарына  сəйкес  келсе,  соғұрлым

олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады.

Құқықтың  таптық  мəні,  қоғамдағы  рөлі,  мазмұны  мен  нысаны,  сайып  келгенде

қоғамның  экономикалық,  рухани,  мəдени  сипатына  байланысты.  Құқықтың  дамуына

күресімен  бірге  саяси-əлеуметтік  ұлттық  қатынастар,  идеология,  қоғамның  мəдени  өсу

дəрежесі де үлкен əсер етеді. К.Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде: «Құқық

ешуақытта  да  экономикалық  құрылыстан  жəне  қоғамның  соған  сəйкес  мəдени  дамуынан

жоғары бола алмақ емес» – деген [11, 15].

Құқықтың  нормалары  қоғам  дамуының  экономикалық  мұқтаждарына  неғұрлым  сай

келсе,  соғұрлым  пайдалы  болмақ.  Қоғам  өмірін  құқық  арқылы  реттеу  процесінде  əртүрлі

құқықтық  қатынастар  туады,  яғни  қоғам  мүшелері,  мемлекеттік  ұйымдар  мен  мекемелер

құқықтық  нормалардың  талаптарын  іс  жүзіне  асыру  үшін  өзара  қарым-қатынастарға  түсіп,

заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады.

Құқық  –  мемлекет  шығарған  немесе  бекіткен,  орындалуы  мемлекеттік  аппараттың

күшімен  қамтамасыз  етіліп  отыратын  жалпыға  бірдей  тəртіп  ережелерінің  (нормалардың)

жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.

Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:

- қоғамның жəне адамдардың  мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

-  қоғамды  дағдарысқа  ұшыратпай,  экономикалық,  саяси-əлеуметтік,  мəдениеттік  т.б.

бағытын дамытып, нығайту;

- мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара қатынасын реттеп,

басқарып  отыру;

- халықаралық қатынастарды реттеп, басқару.

Құқықтың  екі  түрлі  ғылыми  түсінігі  болады:  біріншісі  –  құқықтың  объективтік

түсінігі қоғамның объективтік дамуына сəйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі –

құқықтың  субъективтік  түсінігі  объективтік  қалыптасқан  қатынастарды  реттейтін,

басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың негізгі қағидалары:

1. Қоғамдағы əртүрлі мүдде-мақсаттарды нормативтік жүйемен реттеп-басқару;

2. Адамдардың, ұйымдардың бостандығының іс-əрекетінің деңгейін, шеңберін норма

арқылы анықтап отыру;

3.  Адамдардың,  ұйымдардың  ара  қатынасындағы  келіспеушілікті  шешудің,  реттеудің

негізгі түрлерін белгілеп отыру;

4.  Мемлекеттік  органның  қабылдаған,  бекіткен  нормативтік  актілерінің  орындалуын

бақылап отыру.

Құқықтың мазмұны дегеніміз – қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын

нормативтік актілердің ішкі құрылысы.

Құқықтық теңдік жалпылама түрде айтылады, іс жүзінде қатынастардың субъектілері

нақты  белгілі  болмағандықтан,  теңдік  нормалар  да  абстракты  түрде  жазылады.  Құқықты

дұрыс  орындамаса  кінəлі  субъектілер  жауапқа  тартылуы  керек.  Міне  осы  кезеңнен  бастап

заңның кезеңі, мемлекеттің жұмысы басталады.

Құқық  –  үстем  таптың  жəне  қоғамның  заңға  айналдырылған  мүддесі.  Бұл  мүддені

заңға айналдырушы жəне оны орындаушы мемлекеттік аппарат.

Құқықтың негізгі белгі-нышандары:

1.  Құқықтық  нормаларды  мемлекеттік  органдар  ресми  түрде  қалыптастырады;

əлеуметтік  нормалардың  басқа  түрлерін  қоғамдық  ұйымдар  қабылдайды,  мемлекеттің  оған

қатысы жоқ.

2. Құқықтық нормалардың мемлекеттің барлық аумағына, барлық халықтарына жəне

барлық ұйымдарға заңды күші болады.

3. Құқықтық нормалар жеке адамдардың жəне қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтиды;

басқа нормалар жеке ұйымдардың, бірлестіктердің мақсатын қамтиды.

4.  Құқықтық  нормалардың  орындалуын  мемлекеттік  органдар  бақылап  отырады;

басқа  нормаларға  мемлекеттің  қатысы  жоқ,  олардың  орындалуын  ұйымдар,  бірлестіктер

бақылайды.

Сонымен,  құқық  дегеніміз  –  адам  мен  қоғамның  объективтік  құрылысымен

байланысты  тұлғаның  бостандығын  білдіретін,  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін,  ресми

құжаттарда  формальды  түрде  анықталған,  мемлекеттің  күшімен  қамтамасыз  етілетін

нормалардың жиынтығы.

Қоғамның  өмірінде  белсенді  жұмыс  атқаратын  құқықтың  функциялары.  Оның



бағыттары  толып  жатыр.  Ең  күрделі  бағыты  мемлекетпен  бірлесіп  жұмыс  жасау.  Өйткені

мемлекеттің  жұмысының  мазмұны,  бағыты  нормативтік  актілерде  көрсетіліп,  анықталып

отырады. Құқықтың негізгі функцияларының түрлері:

1.  Қоғамның  əр  саласына  сəйкес  құқықтың  экономикалық,  əлеуметтік,  мəдениеттік,

тəрбиелік, экологиялық, қаржылық т.б. функциялары болады.

2.  Мемлекеттік  биліктің  үш  түріне  сəйкес  құқықтың  да  үш  функциясыболады:  заң

шығару, заңды орындау, заңды қорғау.

Құқықтың бұл екі топтағы функциялары мемлекеттің функцияларымен сəйкес келеді.

Сонымен  бірге  құқықтың  өзіне  тəн  екі  міндеттері  болады:  қоғамдағы  қарым-қатынастарды

дұрыс реттеп, орындалуын тездету жəне қатынастардың байланысын бақылап, қорғап отыру.

Міне осы міндеттерге сəйкес құқықтың өзіне тəн екі функциясы болады: реттеу жəне қорғау

[12, 54].

Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың

байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Бұл функция екі əдіс-тəсілмен

орындалады:  біріншісі  –  құқықтық  нормада  қатынастың  орындалу  жолдарын,  бағытын

көрсету; екіншісі – нормативтік актіде субъектілерге толық бостандық беру, дұрыс орындалу

бағытын көрсету.

Құқықтың  қорғау  функциясы  –  нормативтік  актілердің  қоғамдағы  қарым-қатынасқа

ықпалын, əсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Бұл функцияның əдіс-тəсілдері:

- қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау;

- құқықты нормада тыйым салудың себептерін көрсету;

- жауапкершіліктің түрін көрсету;

- жасаған қателіктері үшін субъектілерді жауапқа тарту.

Құқықтың  функциясы  дегеніміз  –  адамдардың  іс-əрекетіне,  мінезіне,  тəртібіне

нормативтік  актілердің  жасайтын  ықпалы  мен  əсері,  сол  арқылы  қатынастардың  дұрыс,

уақытында орындалуын қамтамасыз ету.

Құқықтың мазмұнына, нысанына, белгі-нышандарына, функцияларына, қағидаларына

жан-жақты түсінік беруді аяқтап, енді құқықтың қоғамдағы құндылығына қысқаша тоқтала

кетейік.  Құқықсыз  қоғам  дұрыс,  прогрестік  жолмен  жақсы  дами  алмайды.  Құқық  пен

мемлекет  қоғамды  дағдарысқа  ұшыратпай,  дұрыс  басқарып,  дамытып  келеді.  Бұл

объективтік процесс. Құқықтың əлеуметтік құндылығы:

1.  Құқық  адамдардың  іс-əрекетінің,  жұмысының  нақты  келісімді,  тұрақты,  жақсы

орындалуын  қамтамасыз  етеді.  Құқық  қоғамдық  тəртіпті  дамытып,  нығайтып,  қоғамдық

мүдде-мақсаттың жақсы орындалуына мүмкіншілік жасайды.

2.  Құқық  адамдардың  өзара  қатынасын  дұрыс  реттеп,  дұрыс  басқарып  олардың

мінезінің,  тəртібінің,  сана-сезімінің,  іс-əрекетінің  жақсаруына  мүмкіншілік  жасап,  сол

арқылы қоғамның дамуын жақсартып отырады.

3.  Құқықтың  құндылығы  адамдардың  бостандығын,  теңдігін  қалыптастырып,

қорғауында.  Құқық  пен  бостандық  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Құқық  бостандықтың,

теңдіктің шеңберін, шекарасын үнемі анықтап, бақылап отырады.

4. Құқық қоғамдағы əділеттікті жақтап, бақылап отырады. Сондықтан халық арасына

кең  тараған  мақал  бар:  «Құқық  қағаз  жүзіндегі  əділеттік,  бостандық,  теңдік».  Құқық  пен

əділеттік  байланысының,  бірлігінің  тереңдігі  сонда,  егер  қоғамдағы  барлық  жүйелері

əділеттікке қатаң бақылау жүргізсе.

5. Құқық қоғамдағы барлық прогрестік дамудың негізгі құралы. Азаматтық қоғамды,

демократиялық  мемлекетті  құрудың  бірден-бір  даңғыл  жолы.  Бұл  дүние  жүзінің

мемлекеттерінің тəжірибесінен қалыптасқан шындық.

6.  Құқық  халықаралық  прогрестік  қатынастың,  байланыстың  қайнар  көзі-бұлағы.

Дүниежүзілік экологияны жақсартудың құралы [13, 26].

Сонымен, кұқық қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық салаларына,

жеке  адамның  өміріне  өзіне  тəн  əдістерімен  дұрыс  жағымды  əсер  етеді.  Құқықтың  саяси

қызметі мемлекет органдарының қалыптасу, қызмет істеу, атқару тəртібін анықтаудан, саяси

партиялардың, бірлестіктердің, ұжымдардың ұйымдастырылуына жол ашудан, азаматтардың

құқықтарын  пайдалануына  мүмкіндік  туғызудан  байқалады.  Құқық  қоғамдағы  барлық

кəсіпорындардың  жұмысын  тікелей  реттеп,  жөнге  салып  отырады.  Демек,  құқық  саяси,

экономикалық,  əлеуметтік,  мəдени,  тəрбие  құбылыстың  барлық  салаларын  реттеп,  жөнге

салып  отыратын  құрал  болып  есептеледі.  Құқық  мемлекетті,  қоғамды,  азаматтардың  заңды

мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады. Осыларға қоса құқық заңды бұзудың, алдын

алу қызметін де атқарады.

Адам  қоғамының  даму  процесінде  бір-бірімен  байланысты  миллиондаған  қарым-

қатынастар  қалыптасып,  жаңарып,  ескіріп  жатады.  Бұл  объективтік  дилектикалық  процесс.

Осы  процесті  реттеп,  басқару  барысында  қоғамдағы  құқық  бірнеше  салаға,  жүйеге  бөлініп

жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сəйкес құқықтың құрылымы

да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.

Сондықтан  құқық  қоғамдағы  нормативтік  актілердің  тек  жиынтығы  емес.  Ол

қоғамның  əр  саласына  сəйкес  объективтік,  диалектикалық  даму  процесі  арқылы

қалыптасатын əлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала-

салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді.

Сонымен  бірге  қоғамның  салалық-жүйелік  дамуын,  олардың  өзара  байланысын,



қатынасын  реттеп,  басқарып  отырады.  Нормативтік  актілердің  ескіргенін  жаңартып,

кемшіліктерін  толықтырып,  құқықтық  нормаларды  қоғамның  объективтік  процесіне  сəйкес

дамытып,  олардың  орындалуын  тездетіп  жақсартады.  Бұл  процестің  байланысында,

қатынасында  алшақтыққа  жəне  қайшылықка  құқықтың  құрылымы,  жүйелері  жол  бермеуге

тиіс.

Құқық жүйелерінің өзіне тəн белгілері:



Бірінші  –  құқық  қоғамның  объективтік-диалектикалық  даму  процесіне  сəйкес

қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі жəне құқықтың, қоғамның даму процесін реттеп,

басқаруы.  Құқық  жүйелері  субъективтік  жолмен  қалыптаспайды,  сондықтан  бұл  жүйелер

бір-бірімен  объективтік  тығыз  байланыста,  қатынаста  болады.  Қоғамның  дамуына  жақсы

əсер етеді. Егерде қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса,

қоғам дағдарысқа ұшырайды.

Екінші  –  құқық  қоғамның  көп  жүйелі,  көп  салалы  əлеуметтік  қарым-қатынастарын

реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нормалар.

Құқықтың  жүйелері  қоғамның  əр  саласына  сəйкес  қалыптасып  сол  саланы  реттеп,

басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бəрі бірігіп, қоғамдық құқықтың алдындағы

тұрған бір саясатты, бір мүдде-мақсаггы орындайды [13, 26].

Құқық  құрылымы.  Қоғамдағы  барлық  нормативтік  актілердің  мазмұнына  сəйкес

қалыптасады  жəне  сол  құқықтық  нормалардың  қалай  іске  асуын,  қалай  орындалу  тəсілдері

мен  əдістерін  анықтап  отырады.  Құқық  құрылымының  жақсы,  дұрыс  дамуына  қоғамның

мемлекеттік  құрылысы,  саяси,  экономикалық,  əлеуметтік,  рухани,  демократиялық  даму

деңгейі зор əсер етеді.

Қоғамдағы  демократия,  бостандық,  əділеттік,  теңдік,  əлеуметтік-экономикалық

жағдай  жақсы  дəрежеде  болады.  Ал  бұл  жағдайлардың  дəрежесі  төмен  болса,  құқық

құрылымы да нашар дамиды. Құқық құрылымы туралы екінші сұрақта толығырақ айтылады.

Құқықтық  жүйе.  Құқық  теориясында  құқық  жүйесі  жəне  құқықтық  жүйе  деген  екі

дербестік  ғылыми  ұғым  бар.  Жер  жүзіндегі  барлық  мемлекеттердің  құқық  құрылымы,

жүйесінің  қалыптасуы,  дамуы  бірдей  –  ешқандай  айырмашылығы  жоқ.  Ал,  құқықтық

жүйенің  қалыптасуы,  сол  арқылы  құқықтың  тарихи  өмірге  келуі,  дамуы  əр  елде  əртүрлі

болады.  Өйткені  əр  елдің  тарихи  дамуы,  ұлттың  қалыптасуы,  мемлекеттік  саяси-

экономикалық құрылысы бір-біріне ұқсамайды.

Сондықтан құқықтық жүйелерінің де қалыптасуы, дамуы əр түрлі болады. Мұны жан-

жақты зерттеп білу өте пайдалы. Əр елдің құқықтық жүйелерінің жақсы тəжірбиелерін алып,

пайдаланып, өз ұлттық құқықтық жүйені жақсы дамытуға болады.

Құқықтық  жүйе  дегеніміз  –  əр  елдің  тарихи,  ұлттық  ерекшеліктеріне  қарай,  əдет-

ғұрып, дəстүрінде қалыптасатын құқықтық жүйелер.

Құқық құрылымы дегеніміз – құқыктық нормалардың ішкі құрылымы жəне олардың

дамуының, орындалуының əдістері мен тəсілдері.

Құқық  жүйесі  дегеніміз  –  құқықтың  өмірге  келуімен  оның  жүйе-жүйеге  бөлінуінің

объективтік  заңдылықтары.  Құқық  жүйесі  тақырыптың  ең  күрделі  өзекті  мазмұны.  Құқық

құрылымы  мен  құқықтық  жүйе  қоғамдағы  құқықты  дамыту,  нығайту  үшін,  оның  жұмысын

жақсарту үшін қалыптасады.

Қоғамның  даму  процесінде  көпшілік  қарым-қатынастар  өмірге  келеді.  Сол

қатынастарды  реттеу,  басқару  үшін  объективтік  жолмен  құқық  жүйелері  қалыптасады.

Қоғамдағы құқықтың қалыптасу деңгейіне қарай нормативтік актілерді бірнеше салаға, топқа

бөледі.


Ең  төменгі  деңгейдегі  бірінші  бөлім  –  құқықтық  норма.  Бұл  деңгейде  норма  бір

қатынастың  ішкі  мазмұнын,  оның,  орындалу  жолдарын,  субъектілердің  екі  жақты  құқық,

міндет,  жауапкершіліктері  көрсетіледі.  Өмірде  қатынас  бір  нормамен  шектелмейді.  Ол

қатынастың  немесе  бірнеше  ұқсас  қатынастардың  толық  дұрыс  орындалуына  бірнеше

құқықтық  нормаларды  біріктіруге  тура  келеді.  Мысалы:  азаматтық  қатынастар,

қылмыскердің құқықтары т.б.

Құқықтық  институт  –  бұл  жүйеге  бір-бірімен  байланысты  нормалардың  жəне

қоғамдық  қатынастардың  ұқсастығына  қарай  реттеп,  басқару.  Мысалы,  азаматтық  құқықта

меншік, шарттық байланыстары т.б. мəселелері; əкімшілік құқықта лауазымды тұлғалардың

жауапкершілігі, мемлекеттік органдарының қызметтерінің қағидалары мен функциялары т.б.

Құқықтық  бөлім  –  бұл  жүйеге  құқық  саласының  бір  тарауындағы  қатынастарды

реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық құқықтағы авторлық қатынастарды реттейтін нормалар;

еңбек құқығындағы еңбекті қорғау, айлық төлеу т.б. мəселелер жөніндегі нормалар.

Құқық  саласы  –  қоғамдағы  барлық  нормативтік  актілерді  жүйе-жүйеге,  сала-салаға

бөлу.  Мысалы,  мемлекеттік,  əкімшілік,  азаматтық,  қылмыстық,  еңбек,  қаржы,  отбасы  т.б.

құқықтар.

Құқық – салалық құқықтарды біріктіріп зерттеу, қолдану, пайдалану.

Сонымен,  құқық  жүйесі  өзінің  құрамына  жеке  норманы,  құқықтық  институтты,

бөлімді  жəне  құқықтық  саланы  біріктіреді.  Қазіргі  кезеңдегі  құқық  жүйесінің  негізгі

салалары:

1. Мемлекеттік (конституциялық) құқық бұл сала əр елдің қоғамдық жəне мемлекеттік

құрылысын,  азаматтардың  құқықтық  жағдайын,  мемлекеттік  аппаратты  құруын,  оның

жұмыстарын реттеп, басқарып отырады.



2.  Əкімшілік  құқық–  бұл  сала  қоғамды,  мемлекетті  басқару  қарым-қатынастарын

реттеп, дамытып отырады.

3.  Қаржы  (қаражат)  құқығы  –бұл  сала  əр  елдің  мемлекеттік  қаржы-қаражат

көлеміндегі қатынастарды басқарады.

4.  Жер  құқығы  –  бұл    сала  жер,  су,  өсімдік,  табиғат,  экологиялық    бағыттағы

қатынастарды реттеумен  шұғылданады.

5.  Азаматтық  құқық  –    қоғамның  ең  күрделі  саласындағы    мүліктік  қатынастарды

реттеп  отырады.

6.  Еңбек  қүқығы  –  азаматтардың    еңбек  бағытындағы  қатынастарын    дамытып,

реттейді.

7.  Жанұялық  құқық  –    осы  саладағы  ерлі-зайыптылардың,  олардың  балаларының

өзара қатынастарын  реттейді.

8.  Азаматтық-процессуалдық    құқық  азаматтардың  азаматтық,  еңбектік,  жанұялық

шағым істерін қарағандағы  қарым-қатынастарды реттеумен шұғылданады.

9.  Қылмыстық  құқық  –    қылмыстық  істерді  жан-жақты  тексеріп,  дұрыс  шешу

барысындағы мəселелермен  шұғылданады.

10. Қылмыстық-процессуалдық  құқық – милиция, прокуратура, сот т.б. құқық қорғау

аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс шешім, үкім жасау барысындағы

қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.

11.  Еңбекпен  түзеу  құқығы    –  қылмыскерлерді  тəрбиелеп,  дұрыс    жолға  салып,

қоғамға пайдалы  азамат болуын қамтамасыз ету  жолындағы қатынастарды қамтиды.

12.  Халықаралық  құқық  –    мемлекеттердің  арасында  туындайтын    қатынастарды

реттейтін құқықтық  нормалар.

Құқық жүйесі қоғаммен бірге дамып, жаңарып отырады. Қоғамның даму процесінен

өмірге  келген  жаңа  қатынастарды  реттейтін,  басқаратын  нормативтік  актілерді  дер  кезінде

қабылдап, құқық жүйелерін, салаларын жаңартып, елдің жақсы дамуына мүмкіншілік жасап

отырады.

Бұл  процесте  ерекше  маңызды  рөл  атқаратын  құқық  жүйесінің  азаматтық,

мемлекеттік, əкімшілік, қылмыстық, процессуалдық салалары. Себебі осы салалар қоғамның

экономикалық, саяси, əлеуметтік, мəдени негізін құрастырып, дамытады.

Сондықтан  бұл  салалар  құқық  жүйесінің  діңгегі,  ұйтқысы,  басқа  салаларға  өзінің

əсерін тигізіп, олардың жақсы дамуына жағдай жасап отырады.

Дамыған  елдердің  тарихында  құқық  жүйесінің  өз  ішінде  кешенді  (комплексный)

салалар  қалыптаса  бастайды.  Бұл  объективтік,  диалектикалық  даму  процесінің  нəтижесі.

Мысалы: теңіздік құқық əкімшілік, азаматтық, жер, процессуалдық жүйелерден тұрады. Бұл

процесс құқық жүйесінің екі-үш қабатқа айналуы. Жаңа салалар өзінің негізгі жүйелерінен

байланысын үзбейді.

Қоғамдағы нормативтік актілердің, жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін оның

жүйеге, салаға бөлінуін жəне олардың бірлестігін мемлекет қатаң түрде бақылап, нығайтып,

дамытып отырады.

Құқықты  жүйеге,  салаға  бөлудің  екі  себеп-мақсаты  бар:  біріншісі  –  жүйеге,  салаға

жататын  (кіретін)  қарым-қатынастардың  мазмұнын,  негізгі  бағытын  анықтау;  екінші  –  сол

жүйелік,  салалық  қатынастарды  реттеудегі,  басқарудағы  құқықтық  жұмыстардың  тəсілдері

мен əдістерін анықтау.

Бұл əдіс-тəсілдердің түрлері мемлекет жəне құқық теориясымен бірге дамып, нығайып

келеді.  Құқық  жүйесінің  əр  саласының  өзіне  тəн  əдіс-тəсілдері  бар.  Мысалы:  қоғамдағы

қатынастардың  субъектілеріне  құқықтық  нормалар  басым  көпшілігіне  толық  бостандық

береді. Өз еріктерімен Құқықтық норма арқылы қарым-қатынас жасап, мүдде-мақсаттарына

жетуге  мүмкіншілік  береді.  Субъектілердің  екінші  тобына  құқықтық  нормалар  тиісті

міндеттер  жүктейді.  Қатынастардағы  субъектілердің  үшінші  тобына  құқықтық  нормалар

шектеулі,  нақты  тыйым  салады.  Осы  көрсетілген  құқық  жүйесінің  тəсілдері  мен  əдістері

құқықтың барлық салаларында бар.

Құқық  жүйесінің  тəсілдері  мен  əдістерін  дамытуға,  нығайтуға  материалдық  жəне

процессуалдық құқықпен бұқаралық жəне жеке тұлға құқықтары көп үлес қосады. Бұлардың

нормативтік актілерінің дұрыс, тез, жақсы орындалуында маңызы өте зор.

Материалдық  құқық  –  қоғамдағы  қарым-қатынастарды  реттеп,  жақтап,  қорғап

отыратын  нормалар.  Мысалы:  қылмыстық  құқықтық  нормалар,  азаматтық  құқықтық

нормалар, əкімшілік құқықтық нормалар т.б.

Процессуалдық  құқық  –  материалдық  құқықты  калай,  қашан,  қандай  жағдайда

қолдануды  көрсетеді.  Мысалы:  қылмыстық-процессуалдық  жəне  азаматтық  процессуалдық

құқықтарда керсетілген нормалар.

Қоғамның  тарихи  даму  процесінде  құқық  жүйелері  азаматтардың,  бірлестіктердің,

ұжымдардың,  мемлекеттің  мүдде-мақсаттарын  қорғап,  дамытып  отырады.  Бұл  мүдде-

мақсаттар  екіге  бөлінеді:  бұқаралық  жəне  жеке  тұлға  мақсаттары.  Осы  екі  мүдде-мақсатқа

сəйкес қоғамда бұқаралық жəне жеке тұлға құқығы қалыптасады.

Бұқаралық  құқық  –  мемлекет  бұқаралық  жəне  жеке  тұлға  арасындағы  қатынастарды

реттеп,  басқарады;  жеке  тұлғаның  құқығы  –  жеке  адамдардың  арасындағы  қатынастарды

реттеп, басқарады. Бұл екі құқық бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Бұқаралық  құқық  мемлекеттік  билікпен  байланысты,  оның  реттеп,  басқаратын



қатынастары өте күрделі мəселелерді қамтиды. Өйткені олар қоғамдық мүдде-мақсаттарды іс

жүзіне  асыру  бағытында  қызмет  атқарады.  Бұл  топқа  көбінесе  конституциялық,  əкімшілік,

қаржылық, қылмыстық, процессуалдық, əскери нормалар жатады.

Жеке  тұлға  құқығы  адамдардың  жəне  заңды  тұлғалардың  мүдде-мақсаттарын  іске

асырады,  қорғайды.  Бұл  топқа  азаматтық,  еңбек,  отбасы,  сауда,  кəсіпшілік,  кооперативтік

нормалар жатады.

Бұқаралық құқық – мемлекеттік істермен, ал жеке тұлғалар құқығы – жекелік істермен

шұғылданады.  Жеке  тұлғалар  құқығы  жеке  меншікпен  тығыз  байланыста  дамиды.  Жеке

меншік  болмаса  жеке  тұлғалар  құқығы  да  болмайды.  Біздің  елде  Кеңестік  дəуірде  жеке

тұлғалар құқығы жоқтың қасы болды. Қазіргі нарықтық жүйе қалыптасу кезінде меншіктің

неше түрлері өмірге келіп, жеке тұлға құқығын жан-жақты дамытуға мүмкіншілік туды.

 

 



 

 

 



 

 

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ



2.1 Құқық жəне заң жүйелерінің даму бағыттары

 

Адам  қоғамының  даму  процесінде  бір-бірімен  байланысты  миллиондаған  қарым-



қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік диалектикалық процесс.

Осы  процесті  реттеп-басқару  барысында  қоғамдағы  құқық  бірнеше  салаға,  жүйеге  бөлініп

жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сəйкес құқықтың құрылымы

да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады. Сондықтан, құқық қоғамдағы нормативтік

актілердің  тек  жиынтығы  ғана  емес.  Ол  қоғамның,  əр  саласына  сəйкес  объективтік,

диалектикалық  даму  процесі  арқылы  қалыптасатын  əлеуметтік  көп  салалы,  көп  жүйелі

құбылыс.  Бұл  күрделі  кұқық  процесі  сала-салаға,  жүйе-жүйеге  бөлінумен  шектелмейді.

Сонымен бірге қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын

реттеп-басқарып отырады.

Қоғамдағы  құқықтың  ең  күрделі  негізін  құрайтын  нормативті-құқықтық  актілер.  Бұл

жүйеге  қоғамдағы  қатынастарды  реттеп,  басқарып  отыратын  нормативтік  актілердің  басым

көпшілігі  кіреді.  Құқықтың  басқа  негіздері  (əдет-ғұрып,  мораль,  діни  т.б.  нормалар)  жалпы

мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш

ретінде жұмыс атқарады.

Нормативтік  актілер  қоғамның,  жеке  адамдардың  мүдде-мақсатын  іске  асыратын

экономикалық,  саяси,  əлеуметтік,  ұлттық,  халықаралық  қатынастарды  реттеп,  басқарады.

Нормативтік  актілердің  ескіргенін  жаңартып,  кемшіліктерін  толықтырып  құқықтық

нормаларды  қоғамның,  объективтік  процесіне  сəйкес  дамытып,  олардың  орындалуын

тездетіп, жақсартады.

Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтың негіздерін құқықтық нормалардың мазмұнымен

тығыз  байланыста  реттеп,  дамытады.  Адам  қоғамының  тарихи  диалектикалық  процесінде

нормативтік  актілер  бірте-бірте,  эволюциялық  жолмен  құқықтың  ең  күрделі,  ең  шешуші

негізіне айналады. Көне дəуірде нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды реттеп,

баскарып  отырды.  Қоғамның  басқа  салаларындағы  қатынастарды  əлеуметтік  нормалардың

басқа  түрлері  (мораль,  əдет-ғұрып,  дəстүр,  діни  т.б.)  реттеп,  басқарып  отырды.  Кейін

нормативтік  актілер  сол  салалардағы  қатынастарды  бірте-бірте  өзі  реттеп,  басқаруға  көшті.

Қазіргі  кезде  əлемдегі  барлық  мемлекеттерде  құқықтық  нормалар  қатынастарды  реттеп,

басқарудың басым түріне айналып отыр.

Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны дамытуда, құқықтық

мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші рөл аткарады.

Нормативтік-құқықтық  актілерді  мемлекеттің  билік  өкілеттігі  бар  органдары

қабылдайды;  Қабылдаудың  занды  тəртібі  болады;  Оны  орындау  міндетті;  Бұл  процесте

мемлекеттің  егемендігі  іске  асып  отырады;  Оның  маңыздылығы  қабылданған  нормативтік

актілерден көруге болады; Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық нормалармен сəйкес,

дəлме-дəл болуға тиісті; Өйткені мемлекеттік органдар "акті" - деген атпен əртүрлі мағынада

құжаттар  шығарып  жатады;  Нормативтік  актілер  заңды  бөлу  үшін  міндетті  түрде  тиісті

нысанында шығарылады; Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.

Нормативтік  актілердің  өмірге  келуі,  дамуы,  өзгеруі,  жаңаруы  объективтік  процесс.

Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық базисының өзгеруі, соған сəйкес қоғамның

саяси, əлеуметтік, мəдени, таптық мүдде-мақсаттарының өзгеруі болып табылады.

Бұл объективтік өзгерістер өмірде субъективтік өзгерістерді қалыптастырады:

-  мемлекеттік билік дамып, жаңарады;

-  мемлекет пен құқықтың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді дамытады;



-  құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;

-  рухани сана-сезім, білім дамиды.

Қоғамдағы  осы  объективтік  жəне  субъективтік  өзгерістерді  реттеп,  басқару  үшін

нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде болады. Бұл процестің сапалы дамуын

қамтамасыз ету үшін:

- құқықтық шығармашылықтың сапасын жақсарту;

- лауазымды түлғалардың кəсіпқойлығын, білімін, тəжірибесін көтеру;

- мемлекеттік органдардың қызметінің сапасын жақсарту қажет.

Қазақстан  мемлекетінің  нормативтік  актілерінің  түрлері,  жүйелері  Конституцияда

толығымен  көрсетілген.  Мемлекеттіқ  органдар,  қоғамдық  ұйымдар  мен  бірлестіктер,  саяси

партиялар, еңбек ұжымдары өздерінің құзыретіне, өкілеттілігіне сəйкес нормативтік актілер

шығарады.  Олар  Конституцияға  нұқсан  келтірмеуге  міндетті.  Конституіщяның

талаптарының  дұрыс  орындалуын  Президенттің  аппараты  мен  Конституциялық  Кеңес

бақылап отырады.

Республика  Конституциясында  көрсетілген  жағдайда  Президент  заң  күші  бар  жəне

жай  жарлықтар  шығарады.  Республика  Президентінің  жарлықтары  Конституция  мен

Республика  заңдарының  негізінде  жəне  оларды  орындау  үшін  шығарылады.  Республика

Президентінің жарлығымен:

1.  Республика  Президентінің  актісін  шығаруды  талап  ететін  Президенттің

конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады.

2.  Конституцияда  жəне  өкімет  органдарының  халық  алдындағы  жауапкершілік

заңдарында  белгіленген  мемлекеттік  биліктің  барлық  тармағының  үйлесімді  жүмыс  істеуін

қамтамасыз ету мəселелері шешіледі.

3.  Парламенттің  заңды  міндетіне  кірмейтін,  сондай-ақ  Үкімет  пен  басқа  да

мемлекеттік органдардың занда көрсетілген міндеттеріне жатпайтын мəселелерді құқықтық

жүйелендіру жүзеге асырылады.

4.  Республиканың  экономикалық  жəне  саяси-əлеуметтік  дамуы  жөніндегі

стратегиялық мəселелер бойынша шешімдер кабылданады.

Республика  Парламентінің  актілері:  Парламент  Республиканың  бүкіл  аумағында

міндетті күші бар Республиканың заңдары, оның ішінде Парламенттің Конституциялық жəне

зандарды  қолдануды  енгізу  мəселелері  жөніндегі  Парламенттің  нормативтік  қаулылары

түрінде заң актілерін қабылдайды, Парламент, өз құзыретіндегі мəселелер бойынша, сондай-

ақ дара сипатты қаулылар қабылдайды. [14, 28]

Парламент  пен  Палаталар  өз  құзыретіндегі  мəселелер  бойынша  үндеулер,

декларациялар,  мəлімдемелер  жəне  заңдық  сипаты  болмайтын  өзге  де  актілер  қабылдауға

хақылы.  Парламент  заң  актілерін  жəне  басқадай  актілерді  палаталар  бірлескен

отырыстарында қабылдаған кезде дауыс беру Палаталар бойынша бөлек жүргізіледі.

Үкімет  актілері  -  зандардың  жəне  Республика  Президенті  актілерінің  негізінде  жəне

соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметінің нормативтік актілері жəне жеке қаулылары.

Үкімет  актілері  алқалық  отырыстарында  дауыс  беру  арқылы  қабылданады,  оған  Премьер-

Министр  қол  қояды.  Премьер-Министр  өз  құзыреті  бойынша  жеке  өкімдер  шығарады,

Үкімет  қаулыларының  жəне  Премьер-Министрдің  өкімдерінің  Республиканың  бүкіл

аумағында  міндетті  күші  болады.  Үкімет  қаулыларының  күшін  Республика  Президенті  мен

Үкіметтің  өзі,  ал  Премъер-Министрдің  өкімдерінің  күшін  Республика  Президенті  немесе

Премьер-Министр жоя алады.

Нормативтік  -  құқықтық  актілер  —  ресми  заңды  нормативті  мемлекеттік  күші  бар

нормалар.

Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын, қоғамның халықтық

мүдде-мақсатын  іс  жүзіне  асыратын  ең  сенімді,  шешуші  құрал.  Оның  құқықтың  басқа

негіздерінен ерекшелік белгі-нышандары:

-  нормативтік  актілер  мемлекеттің  өкілетті  органдарының  бекіткен  немесе  жалпы

халықтық референдумда қабылданған нормалар;

-  нормативтік  актілердің  мемлекеттік  күші  бар  құжаттары  ерікті  орындалмаса,  оны

еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;

-    нормативтік  актілер  ресми  түрде:  заң,  қаулы,  жарлық,  ереже  т.б.  болып  шығады,

олардың занды нысандары болады;

-  нормативтік актілер жалпы қоғамдық, күрделі қатынастарды реттеп, басқарады.

Нормативтік актілердің түрлері:



-    занды  күшіне  қарай  нормативтік  актілер  екі  топқа  бөлінеді:  заңдар  жəне  заңға

тəуелді  нормалар.  Мемлекеттің  дəрежесі  жоғарылаған  сайын  нормативтік  актілердің  де

занды күші жоғарылай береді.

-  нормативтік  актілердің  мазмұнына  қарай  бірнеше  түрге  бөлінеді:  өндірістік,

шаруашылық, əлеуметтік, мəдени т.б. қоғамның салаларына сəйкес;

-  нормативтік актілердің іс-əрекетінің шеңберіне қарай үш түрі болады: қоғамдық іс-

əрекеттер, шектеулі іс-əрекеттер, төтенше іс-əрекеттер;

-    субъектілеріне  қарай  (нормаларды  қабылдаған  мемлекеттік  органдар)  нормативтік

актілер  үш  топқа  бөлінеді:  заңды  шығарушы  органдардың  актісі;  заңды  орындайтын

органдардың актілері, сот жүйесінің актілері.

Заң  -  қазіргі  заманда  мемлекеттің  ең  жоғарғы  нормативтік  актісі.  Ол  қоғамдағы  ең



күрделі, маңызды мəселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың

"Атасы"— деуге болады. Заңның белгі-нышандары:

-  заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;

-  заң күрделі, маңызды мəселелер бойынша қабылданады;

-  заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуге тиісті);

-  занды ешқандай орган тексере, өзгерте алмайды;

-  заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.

Заңның  үстемдігі  арқылы  қоғамдағы  заңдылық,  тəртіп  қамтамасыз  етіледі.  Заң

арқылы  қоғамның  мүдде-мақсаты,  мемлекеттік  билік,  саясат  іс  жүзіне  асады.  Заң  арқылы

адамдардың бостандығы мен құқықтары, демократияның басқа да талаптары қалыптасады.

Қазақстан  мемлекетінің  Парламенті  заң  шығару  қызметін  жүзеге  асыратын

Республиканың  ең  жоғарғы  өкілді  органы  (49-6.  1-т.).  Парламент  аса  маңызды  қоғамдық

қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.

Заңға тəуелді нормативтік актілер - бұл актілер төрт түрге бөлінеді: жалпы қоғамдық,

жергілікті, ведомствалық жəне мекемелік актілер.

Жалпы қоғамдық актілер — мемлекеттік əкімшілік-территориясына толық заңды күші

бар  актілер  (Президенттің  жарлықтары,  Үкіметтің  қаулылары).  Жергілікті  басқару

органының  актілері  -  маслихаттың  шешімдері,  əкімдердің  бұйрықтары.  Ведомстволық

актілер  министрліктердің  бұйрықтары,  шешімдері,  инструкциялары.  Мекемелердің  өз

аппаратының ішкі тəртібін реттейтін актілер[15, 135].

Сот  билігінің  актілері  —  Конституцияның  75-бабына  сəйкес,  Қазақстан

Республикасында  сот  төрелігін  тек  сот  қана  жүзеге  асырады.  Сот  билігі  азаматтардың

құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Сот

билігі Республикамыздың нормативтік актілерінің жəне халықаралык шарттарының негізінде

туындайтын  барлық  істер  мен  дауларға  қолданылады.  Сот  билігі  сот  ісін  жүргізудің

азаматтық,  қылмыстық  жəне  заңмен  белгіленген  өзге  де  нысандары  арқылы  жүзеге

асырылады. Соттың шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары сондай-ақ олардың занды өкімдері,

талаптары,  тапсырмалары  мен  басқа  өтініштері  Республиканың  бүкіл  аумағында  барлық

мемлекеттік  органдардың,  ұйымдардың,  лауазымды  адамдар  мен  азаматтардың  орындауы

үшін міндеті болып табылады.

Сот төрелігінің қағидалары:

-    адамдардың  кінəлі  екендігі  заңды  күшіне  енген  сот  үкімімен  танылғанша,  ол

жасалған қылмысқа кінəлі емес деп есептеледі;

-    бір  құқық  бүзушылық  үшін  ешкімді  де  қайтадан  қылмыстық  немесе  əкімшілік

жауапқа тартуға болмайды;

-  айыпталушы өзінің кінəсіздігін дəлелдеуге міндетті емес;

-    адамның  кінəлі  екендігі  жөніндегі  кез  келген  күдік  айыптаушының  пайдасына

қарастырылады.

-  Заңсыз тəсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.

-   қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді (Конституцияның

77-бабы).

Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Соты  -  жалпы  юрисдикция  соттарының

қарауына  жататын  азаматтық,  қылмыстық  жəне  басқа  істер  жөніндегі  мемлекеттегі  сот

билігінің  жоғарғы  органы.  Заңда  көзделген  іс  жүргізу  нысандарында  олардың  қызметін

қадағалауды  жүзеге  асырады,  сот  тəжірибесінің  мəселелері  бойынша  түсініктемелер  беріп

отырады (прецеденттік түсінік береді).

Конституциялық  бақылау  Қазақстан  Республикасында  Конституциялық  Кеңестің

құзыретінде.  Ол  маңызды  демократиялық  институттың  бірі  болып  саналады,

Конституцияның  үстінен  карауды  жəне  оның  тікелей  ықпалын  қамтамасыз  етуді,

азаматтардың жоғарғы деңгейдегі құқықтары мен бостандықгарын қорғауды, биліктің бөлісу

қағидаларын орындауды т.б. жауапты қызметтерді атқарады.

Заңнамада, құқықтағы сияқты, оның ішкі құрылымы болып табылатын өз жүйесі бар.

Алайда, бұл түсініктерді келесі негіздер бойынша ажыратқан жөн:

1) егер құқық жүйесінің алғашқы элементі болып норма табылса, заңнама жүйесінің

алғашқы элементі болып нормативтік акт табылады;

2) егер құқық жүйесі мазмұны түрінде көрініс тапса, заңнама жүйесі нысаны түрінде

көрініс табады;

3)  егер  құқық  жүйесі  объективтік  түрде,  қоғамдық  қатынастарға  сəйкес  қалыптасса,

заңнама жүйесі субъективтік сипатқа ие, себебі, заңшығарушыға тəуелді болып келеді;

4)  егер  құқық  жүйесі  негізгі,  алғашқы  сипатты  иеленсе,  заңнама  жүйесі  туынды

сипатқа ие, себебі, алғашықысы екіншісі үшін негізгі база болып табылады;

5)  құқық  жүйесі  мен  заңнама  жүйесі  көлемі  бойынша  ажыратылады:  заңнама,  бір

жағынан, нормативтіліктің барлық түрлерін қамтымайды, себебі, құқық заңнамамамен қатар

əдет нормаларынан, нормативтік шарттардан жəне заңды прецеденттерден де көрініс табады;

екінші жағынан, нормалардың атауларынан басқа да элементтерді қамтиды – преамбулалар,

тараулардың бөлімдердің, баптардың атаулары жəне т.б.

Құқық  жүйесі  объективтік  құбылыс.  Ол  қоғамның  диалектикалық  даму  процесінің

объективтік  заңдылықтары  арқылы  өмірге  келеді.  Бір  жағынан,  құқықтық  нормалар

субъективтік  жолмен  қалыптасады.  Екінші  жағынан,  құқықтық  нормалар  қоғамның



объективтік  табиғи  даму  процесінің  тілегіне  сəйкес  қалыптасып  елдегі  əлеуметтік  қарым-

қатынастарды  реттеп,  басқарып  жатады.  Сондықтан  мемлекеттік  органдар  қүқықтық

нормаларды өз бетімен, қалай болса солай қабылдай салмайды. Қоғамның əлеуметтік қарым-

қатынастарының  даму  процесіне  сəйкес  қүқықтық  нормалар  жан-жақты  талқыланып,

бекітіледі.  Қоғамдық  қатынастарды  реттеп,  басқару  процесінде  нормативтік  актілер  сала-

салаға, жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп құқық жүйесі қалыптасады. [16, 98]

Заң  шығару  жүйесінің  өмірге  келу  жолы  басқа.  Бұл  жүйе  басым  түрде  субъективтік

процесс  арқылы  қалыптасады.  Қоғамдағы  қарым-қатынастарды  жақсы  дамыту  үшін

нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, елді, мемлекетті дағдарысқа ұшыратпай басқару

керек.  Бұл  мəселемен  мемлекеттің  заң  шығару  бағытындағы  аппараттары  шұғылданады.

Осылай қоғамда заң жүйесі қалыптасады.

Заң  жүйесі  дегеніміз  -  құқықты  құрастыратын  (калыптастыратын)  нормативтік

актілердің  жиынтығы  (негіздері).  Нормативтік  актілерсіз,  заңсыз  құқық  болмайды.  Заң

жүйесі мен құқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты.

Заң шығару жүйесінің негізгі салалары:

1.  Бір  салалық  қатынастарды  реттейтін  заң  жүйесі.  Заң  жүйесінің  бұл  түрі  құқық

жүйелерімен үқсас. Мысалы: азаматтық құқық, əкімшілік құқық т.б.

2.   Саланың өз ішіндегі қатынастарды реттейтін заңдар нормативтік актілер. Мысалы:

азаматтық құқықтың ішіндегі авторлық құқық; жер-су заңдарының ішіндегі тау-кен, экология

туралы зандар т.б.

3.    Кешенді  зандар  жүйесі  (бірнеше  салаларды  қамтитын  заңдар).  Мысалы:

шаруашылық,  транспорттық  т.б.  зандар.  Бұл  заң  жүйелері  қоғамның  бірнеше  салаларының

ұқсас қатынастарын реттеп отырады.

4.    Қорғаныс  -  əскери  заң  жүйелері.  Бүл  жүйе  құқық  жүйесінің  басым  көпшілігін

біріктіреді. Мысалы: мемлекеттік, əкімшілік, қаржы, жер, қылмыстық т.б. құқық салаларын

біріктіреді.

Əскери  заң  жүйесі  арнаулы,  ерекше  заң  саласы  болғанмен,  қоғамдағы  құқықтың

негізгі қағидаларын қатаң сақтауға тиіс: азаматтардың теңдігін, бостандығын т.б.

Заң  жүйесі  объективтік  жолмен  қалыптасқан  нормативтік  актілерді  субъективтік

тұрғыдан біріктіріп, дамытып отырады. Құқықтың дамып, қалыптасу кезеңдері:

1. Қоғамдағы қарым-қатынастардың өмірге келіп сала-салаға бөлінуі.

2.Қатынастарды реттеп, басқару үшін құқық жүйелерінің қалыптасуы.

З.Объективтік тұрғыдан қалыптасқан құқықтық нормаларды заң жүйесіне айналдыру.

Сөйтіп  құқықтың  рөлін,  маңызын  күшейту,  олардың  қолдануын  жеңілдету,  нормативтік

актілердің орындалуын жақсарту.

Əр  елдің  құқық  жүйесі  халықаралық  құқықпен  тығыз  байланысты  болады.  Барлық

мемлекеттер  ол  құқықты  дүрыс  орындауға  міндетті.  Өз  нормативтік  актілерін  осы

халықаралық  құқыққа  сəйкес  қабылдауға  тиіс.  Егер  қайшылықтар  болса,  халықаралық

құқықтың нормалары басым болады.

Құқық  жəне  заң  жүйелерінің  даму  бағыттары  -  құқық  пен  заңның  дамуы  қоғамның

саяси-экономикалық, мəдени-əлеуметтік реформаларға байланысты. Бұл процесте құқық пен

заңның мазмұны да, сапасы да терендеп, жақсара түседі. Құқық жəне заң жүйелерінің даму

бағыттары:  1).  Қоғамдағы  диалектикалық  құбылыстардың  құқық  пен  заңды  объективтік

тұрғыдан  дамытуы;  2).  Құқық  жүйесінің  дамуы;  3).  Заң  шығармашылық  процестің

сапасының жақсаруы.

Қоғамның  диалектикалық  даму  процесінде  адамдар  мен  құқықтың  өзара  байланысы

жақсарып, шеңбері кеңейіп, адамдардың бостандығы мен құқықтары нормативтік актілердің

негізгі қызметіне айналып, жеке тұлғалар құқығы қоғамдағы ең кұрделі, ең маңызды қүқық

саласына  айналуы  объективтік  процесс.  Сөйтіп,  келешекте  мемлекет  пен  қүқықтың

міндеттері  мен  бостандығы  бірте-бірте  теңесуге  тиісті.  Бұл  құқықтық  мемлекет  кезінде

шындыққа айналады. [17, 113]

Қоғам  объективтік  даму  процесінде  көп  мəселені  реттеп,  басқаруды  бірте-бірте

қоғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға беріп, құқықтың қызметі азая беруі өмірге

келеді.  Бұған  күмəн  келтіруге  болмайды.  Мұндай  процесс  мемлекетаралық,  халықаралық

құқықта да болуы мүмкін.

Келешекте  құқық  жүйелері  де  дамып,  сапалы  өзгерістерге  ұшырауы  объективтік

процесс.  Бірнеше  құқық  салалары  бірігіп,  нормативтік  актілердің  кешенді  жүйелері

қалыптасуы əбден мүмкін. Бұл процесс нормалардың мазмұнын, сапасын, маңызын жоғары

деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.

Жоғарыда көрсетілген құқық жүйесінің келешекте объективтік даму процесі міндетті

түрде  заң  шығармашылық  қызметті  де  көтеруге,  жақсартуға  объективтік,  занды  негіз  деп

толық сеніп айтуға болады. Қоғамның даму процесінде заң шығармашылық қызметті бірте-

бірте  Парламенттен  төменгі  органдарға  беруге  болатынына  сенуге  болады.  Ол  органдар

өздерінің  əкімшілік  территориясында  мəселелердің  басым  көпшілігін  өздері  толық  реттеп,

басқаруға көшуі мүмкін.

 

 



2.2 «Заң шығару қызметi» мен «заң шығару процесi» ұғымдарының арақатынасы


 

 

Заңдар  күрделi  қызмет  нəтижесiнде  дүниеге  келедi  жəне  əрекеттегi  заңнамаға



қосылады.  Ол  күрделi  қызмет  жалпы  түрде  заң  шығармашылығы  деп  аталады.  Заң

шығармашылығы  құқық  құру  процесiн  аяқтайтын,  нəтижесiнде  заңдар  заңи  күшке  ие

болатын  жəне  əрекет  етуге  кiрiсетiн  құзыреттi  органдардың  қызметiн  білдіреді.  Заң

шығармашылығы  құқықтық  реттеу  жүйесінде  негізгі  бір  орталық  орынды  алады.  Ол  қоғам

өміріне  қажет  нормаларды  өмірге  əкеліп,  кемшілік-кемістігі  барларын  өзгертіп,  уақыты

жеткенін жаңарта отырып, барлық қоғамдық, мемлекеттік институттардың құқықтық негізін

жасайды. Демек, заң шығармашылығы – қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің, қоғам

дамуының барлық процесінің негізгі, маңызды буыны деп айтуға болады.

Заң шығармашылығы – бұл өте күрделі қызмет. Заңдарды жасау, қабылдау белгiлi бiр

процедураның,  яғни  заң  шығару  процесiнiң  болуын  шамалайды.  Ал,  заң  шығару  процесi  –

бұл  заң  жобасын  енгiзу,  өңдеу,  қабылдау  жөнiндегi  сатылардың  кезектiлiгi,  жүйесi.  Кеңес

заманында жəне одан кейiн де «заң шығару қызметi» мен «заң шығару процесi» түсiнiктерiн

бөле  жара  қарап,  олардың  жiгiн  ашуға  ұмтылатын  пiкiрлердiң  кездесiп  отыратын  жайлары

бар.


Заң  шығару  процесінің  шегі  мен  сатылары  «заң  шығару  процесi»  терминінің  дұрыс

ұғынылуына байланысты болғандықтан оның шегін анықтауды осы екі ұғымдарды бөлетін,

көлемін  салыстыратын  пікірлерге  біраз  тоқталып,  талдау  жасаудан  бастағанды  жөн  көрдік.

Олай болса, заң шығару қызметі мен заң шығару процесін ажырататын ғалымдардың бірі –

кеңестік ғалым Ш.К. Вильчинскас. Оның есептеуінше заң шығарушылық қызмет заң шығару

процесіне  қарағанда  біршама  көлемді  құбылыс,  себебі  соңғысы  (заң  шығару  процесі)  заң

жобаларының қозғалысының белгіленген тəртібімен шектелген жəне заң шығару қызметінің

процедуралық  жағын  білдіреді,  көрсетеді  [18,  13].  Байқап  отырғанымыздай,  тиісті  пікір

авторының  ойынша  заң  шығару  процесі  заң  шығарушы  орган  қабырғасында  заң  жобасы

бойынша жүргізілетін əрекеттерді қамтиды. Ал, заң шығару қызметі одан кең болғандықтан

заң  шығарушы  органға  дейінгі  əрекеттерді  қоса  қамтиды,  демек  ол  Парламент  қызметінің

шегімен шектелмейді.

«Заң шығару процесі» мен «заң шығару қызметін» бөлетін ғалымдардың келесі бірі –

И.  Елекеев.  Оның  пікірі  Ш.К.  Вильчинскастың  пікіріне  қарсы  келеді.  Нақты  айтсақ,  ол  заң

шығару  қызметін  заң  шығару  процесінің  негізгі  бөлімі  ретінде  қарайды,  яғни  заң  шығару

процесін  заң  шығару  қызметіне  қарағанда  кең,  көлемді  құбылыс  деп  есептейді  жəне  ол  өз

пікірін  заң  шығару  процесінің  мына  қызметтерден:  əлеуметтік  қатынастардың  белгілі  бір

тобын құқықтық реттеуге деген қоғамдық қажеттіктерді анықтау, оларды құқықтық реттеудің

бағыттылығы  мен  тəсілдерін  негіздеу,  заңды  қабылдаудың  нəтижелерін  болжау  т.б.

əрекеттерді  қамтитын  заң  шығаруға  дейінгі  қызметтерден  басталатындығымен,    ал  заң

шығару қызметінің заң жобасын Парламентке енгізгеннен басталып, промульгациямен, яғни

мемлекет  басы  заңға  қол  қойып  оны  жариялаумен  аяқталатындығымен  дəлелдейді  [19,  63-

64].  Тиісті  автор  бұл  дəлелдемесіне  сəйкес  заң  жобасын  енгізгенге  дейінгі  əрекеттерді  заң

шығару  процесіне  қоса  отырып,  оны  заң  шығару  қызметінен  көлемді,  кең  жағдайға  қояды.

Біз  алғашқы  жəне  кейінгі  ой-пікірлерді  қоса,  жалпы  заң  шығару  қызметі  мен  заң  шығару

процесін бөлетін, көлемін салыстыратын көзқарастарды дұрыс деп құптай алмаймыз. Себебі,

олар өзара байланысты, бірінсіз екіншісі болмайтын, ажырамас құбылыстар. Ал, Парламент

қабырғасына  дейін  болатын  əрекет-қызметтерді  жалпы  заң  шығармашылығынан  тыс

қалдырмай,  оларды  заң  шығару  процесіне  байланыстырып,  жалпы  заң  шығару  процесі

ұғымын екі мағынада түсінуді қарастырамыз: тікелей мағынада жəне кең мағынада.

Тікелей  мағынада  заң  шығару  процесі  Республика  Парламенті  қабырғасында

басталатын,  жүзеге  асырылатын  қызметтерді  қамтиды.  Ол  еліміздің  негізгі  заңында

бекітілген.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  түсіндірме  сөздігінде

белгіленгендей, ол заң шығару бастамасын оның субъектілерімен жүзеге асыру құқығынан,

яғни заң жобасын Мəжіліске енгізуден басталады [20, 170]. Олай болса, тікелей мағынада заң

шығару  процесі  –  бұл  Парламенттің  заңдар  шығаруға  бағытталған  қызметтерінің

жинақталған,  кезектілікпен  жүзеге  асырылатын  сатылары,  тəртібі.  Заң  шығару

бастамашылығы  құқығы  оның  бірінші  сатысы  болып  табылады.  Тікелей  мағынада  заң

шығару  процесі:  біріншіден,  Парламенттің  заң  шығару  қызметінің  процессуалдық  жағын

білдіреді, екіншіден заң шығару жөніндегі əрекеттердің бір-бірімен жалғаспалы  байланысы

  жəне    кезектілікпен    жүріп  отыруының  реті  болып  табылады,    үшіншіден,  ол

Конституциямен,  заңдармен,  регламенттермен  нормативті  реттелген  сатыларды    көрсетеді.

Оның  нормативті  реттелуіне  көз  салсақ,  заң  шығару  процесі  (тікелей  мағынада)  –  бұл  заң

жобасын  Парламентке  енгізгеннен  басталып  оны  жариялаумен  аяқталатын  нормативтік

процедуралар. Бұл процедуралар Конституция нормаларынан өзге «Қазақстан Республикасы

Парламенті  жəне  оның  депутаттарының  мəртебесі  туралы»  конституциялық  заңмен,

Парламент,  Сенат  жəне  Мəжіліс  регламенттерімен,  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің

регламентімен  реттелген.  Сондай-ақ,  Конституцияның  62-бабының  8  тармағында

Республиканың  заң  жəне  өзге  де  нормативтiк  құқықтық  актiлерiн  əзiрлеу,  ұсыну,  талқылау,

күшiне  енгiзу  жəне  жариялау  тəртiбi  арнаулы  заңмен  жəне  Парламент  пен  оның

Палаталарының регламенттерiмен реттеледi деп белгіленген. Ал, мұндай арнаулы заң болып



«Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  заңы  табылады.  ҚР

конституциялық  құқығының  негізгі  қайнар  көзі  ретінде  Республика  Конституциясы  заң

шығару процесінің негіздерін белгілейді жəне заң шығару бастамасы құқығы субъектілерінің

шегін  анықтайды.  «ҚР  Парламенті  жəне  оның  депутаттарының  мəртебесі  туралы»

конституциялық  заңда  Конституцияда  бекітілген  негіздер  кең  ашылған  жəне  нақтылана

түскен.  Заң  шығару  процесін  нақты  бүге-шігесіне  дейін  Парламент,  Сенат  жəне  Мəжіліс

регламенттері  реттейді.  Заң  шығару  процесінің  нормативтік  реттелуі  маңызды  болып

табылады.  Ол  біріншіден,  заңдардың  мазмұнды  дайындалуын  қамтамасыз  ететін  өзара

байланысты  институттардың  жүйесін  белгілеуге  мүмкіндік  береді;  екіншіден,  қоғамдық

пікірді,  халықтың  еркін  білдіруін  көрсету  мен  оны  пайдаланудың  демократиялық

нысандарын бекітуге; үшіншіден, заң жасау мен қабылдау процесінде мемлекеттік биліктің

жоғары  органдарының  қызметінің  əртүрлі  нысандарын  қолдануды  көрсетуге  мүмкіндік

береді [20, 179].

Кең  мағынада  заң  шығару  процесі  Парламент  Мəжілісінде  заң  шығару

бастамашылығы  құқығын  жүзеге  асырудан  басталатын  əрекеттерден  өзге  оған  дейін

болатын,  нақты  айтсақ  заң  шығару  бастамашылығы  құқығын  жүзеге  асырғанға  дейін

атқарылатын  əрекеттерді  де  қамтиды.  Парламент  шегінде  болатын  қызметтер,  жоғарыда

аталғандай  Мəжіліске  заң  жобасын  енгізуден  бастап,  заңды  жариялаумен  аяқталатын  іс-

қимылдар болса, оған дейін жасалатын əрекеттер – бұл заңи реттелуге деген қажеттіліктерді

анықтау,  оларды  зерттеу,  заңды  қабылдауға  себепші  болатын,  ықпал  ететін  жағдайларды

бағалау, заңды қабылдаудың мүмкін нəтижелерін саралап, салмақтау, заң жобасын жасау, оны

сараптамадан  өткізу,  келістіру  жəне  тағы  басқалары.  Олай  болса,  заң  шығару  процесін  кең

мағынада  түсіну  оның  екі  кезеңді:  Парламентке  дейінгі  жəне  Парламенттік  кезеңді

қамтитындығын көрсетеді.

Ғалымдар  арасында    заң    шығару    процесіне  қатысты  көзқарастар  əртүрлі

болғандықтан,  оның  шекарасын  да  түрліше  анықтау  кездеседі.  Заң  шығару  процесінің

шекарасы  қандай  болуы  оның  сатыларына,  сондай-ақ  заң  шығару  процесі  ұғымын  қалай

түсінуге  байланысты.  Біраз  жоғарыда  атап  кеткеніміздей,  заң  шығару  процесін  заң  шығару

органының  ішінде  жүргізілетін  əрекеттермен  түсінетін  ғалымдарды  заң  шығару  процесінің

шекарасына  қатысты  мынадай  көзқарас  ортақтастырады:  заң  шығару  процесі  –  бұл

субъектілерінің бірі заң шығарушы орган болып табылатын құқықтық қатынастарда жүзеге

асырылатын  əрекеттер.  Ал,  бұл  əрекеттер  үшін  заң  шығарушы  органның  қатысуы  міндетті.

Бұдан байқайтынымыз, тиісті көзқарасты қолдаушы ғалымдар заңдарды жасау процесін заң

шығарушы органның қызметінің шеңберімен шектейді. Заң шығару процесін білетін адамға

мұндай  пікірдің  жеткіліксіз  негізделгенін  байқау  қиын  емес.  Себебі,  заң  шығару  процесі

жобаның  заң  шығарушы  органда  ғана  өтуі  процедурасымен  бітпейді.  Бұл  түсінік  бойынша

заң  шығару  процесінің  шеңберіне  заңға  қол  қою,  жариялау  секілді  ең  бір  маңызды  кезең

қосылмайды. Заңдарды ресми жариялау заң шығару процесінің соңғы, қажетті кезеңі. Онсыз

заң  шығару  процесі  аяқталды  деп  есептелмейді,  онсыз  заң  күшіне  енбейді.  Заң  шығару

процесінің  шегін  белгілейтін  келесі  бір  ғалым  –  Д.  Доков.  Олар  заң  шығару  процесі  заң

шығарушы органнан тыс жасалатын жəне заң жобасын Парламентке енгізуге негіз жасайтын

əрекеттерді  қамтитындығын  көрсете  отырып,  мысалға  бұрыңғы  Чехословакияның  заң

əдебиеттерінде  заң  шығару  процесін  төрт  фазаға  бөлуге  болатындығы  туралы  пікірлер

келтіреді. Ол фазалар:

1. 

Қоғамдық қатынасты талдау;



2. 

Заң шығару қызметінің мақсаты мен мазмұнын анықтау;

3. 

Осы  мақсаттар  мен  мазмұнға  сай  келетін  құқықтық  нормаларды  жасау  жəне



қалыптастыру;

4. 


Қоғамның  шынайы  дамуымен  жəне  құқықтық  сананың  дамуымен  салыстыру

кезінде жаңа құқықтық норманың тиімділігін жəне ұқсастығын тексеру [20, 363].

Чехословакияға  қатысты  заң  шығару  процесінің  төрт  сатысын  көрсету  тіпті  оның

мəніне  сай  келмейді.  Себебі,  оның  көрсетіп  отырған  заң  шығару  процесінің  фазалары  заң

шығарушы органның заң жобасы жұмысынан бөлек, тек оған дейінгі жасалатын əрекеттерді,

яғни  заң  жобасын  оқып-білу  мен  дайындауды  ғана  көздейді.  Олай  болса,  бұл  пікірді  толық

емес, негізсіз деп тұжырымдауға болар.

Бұрынырақта  айтып  кеткеніміздей,  кең  мағынада  заң  шығару  процесі  Парламентке

дейін болатын іс-қимылдардан бастау алады, заң жобасымен жұмыс жөніндегі Парламентке

дейінгі жəне парламенттік кезеңдегі қызметтерді өз шеңберіне кіргізеді. Қысқаша алғанда –

олар жинақы түрде заң жобасын негіздеу, жасау, Мəжіліске енгізу, қабылдау жəне қол қойып

жариялау  жөніндегі  əрекет-қызметтер.  Қазақстандық  ғалымдарды  бірі  –  Ю.В.  Мальцев  заң

шығару  процесін  тек  кең  тұрғыда  ғана  түсіндіре  отырып,  оның  алғашқы  кезеңдері  ретінде

заңдарды  жасауға  негіз  болатын  процестерді,  заңи  реттелуге  деген  қажеттіктерді  ашуды,

реттеу  сипаты  мен  бағытын,  тағы  басқаларын  ұсынады.  Жəне  ол  заң  шығару  процесін

құрайтын  əрекеттерді  сатыларға  топтай  отырып,  заң  шығару  процесінің  үш  кезеңін

белгілейді.  Біздің  заң  шығару  процесін  кең  мағынада  түсіндіретін  анықтауымыз  тиісті

автордың  пікірімен  бірдей  деуге  болады.  Сондықтан,  Ю.В.  Мальцевтің  заң  шығару

процесінің  шегін  ашатын  қызметтерін  кең  мағынада  заң  шығару  процесінің  шекарасына



кіргізе отырып, оның ұсынатын келесідей кезеңдерін тек қана мақұлдаймыз. Аталмыш автор

ұсынатын    заң  шығару    процесінің    бірінші  кезеңі  жобаға  дейінгі  кезең.  Бұл  кезең  заң

актісінің  жобасын  дайындау  туралы  шешімді  қабылдауға  себеп  болған  қызметті  қамтиды.

Бұл кезең мынадай əрекеттерден тұрады:

а) өзекті жағдайларды зерттеу, белгілі бір қоғамдық қатынастың құқықтық реттелуінің

объективтік қажеттіліктерін тану, мəселенің жеке жəне бірнеше адамның санасында көрінуін

айқындау, зерттеу, əртүрлі əлеуметтік топтардың мақсаттары мен мүдделерін зерттеу;

б) объективтік жəне субъективтік факторларды бағалау, нақты болжалған жағдайларда

əртүрлі əлеуметтік факторлардың əрекеттерінің əсер ету жəне бағыттылық күшін анықтау;

в) құқықтық реттеудің пəні, мақсаттары мен бағыттарының шектерін анықтау;

г)  өзекті  жағдайлардың  оң  жəне  теріс  кезеңдерін  ашу,  құқықтық  реттеудің  əртүрлі

варианттарында  сол  кезеңдердің  дамуын  болжамдау,  жетілген  құқықтық  амалдарды  таңдап

алу;

д)  құқықтық  реттеудің  мақсаттары  мен  бағыттарына  сəйкес  келетін  жүріс-тұрыстың



жетілген үлгілерін қалыптастыру;

е)  заңның  идеяларын  қалыптастыру  жəне  оның  жобасы  бойынша  жұмыстың

қажеттілігін негіздеу.

Екінші кезең – жобалы кезең. Бұл кезең заңның жобасын жасау туралы ресми шешім

қабылдағаннан  бастап,  құқық  шығарушы  органның  қарауына  заң  жобасын  енгізумен

аяқталатын қызметтерді қамтиды. Ол бірнеше сатылардан өтеді:

а) заң жобасын жасау туралы шешім қабылдау;

б) жобаны дайындау;

в) жобаны талқылау;

г) жобаны келістіру;

д) жобаны пысықтау.

Үшінші кезең – құқық шығармашылығы шешімін қалыптастыру кезеңі. Бұл кезең заң

актісін  шығару  жөніндегі  əрекеттерді  –  жобаны  құқық  шығарушы  органда  талқылауға

енгізгеннен, жариялағанға дейінгі əрекеттерді қамтиды. Бұл кезең бірнеше сатыдан тұрады:

а) жобаны құқық шығарушы органның қарауына енгізу;

б) жобаны комитеттерде қарау;

в) заң жобасын пленарлық отырыста талқылау жəне мəні бойынша шешім қабылдау;

г) заң жобасын бекіту;

д) заң актісін жариялау» [21, 116-123].

Парламентке дейінгі кезеңдер Конституцияда, Парламент туралы заңда бекітілмеген.

Тиісінше заң актiсiнiң мəтiнiн дайындау, жа-  сау Парламент қабырғасынан бөлек, тыс жүзеге

асырылады.  Оны  белгілі  бір  дəрежеде  «Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы»  заң,

Үкіметтің  регламенті,  Республика  Президенті  заң  шығару  бастамашылығы  құқығын  жүзеге

асыратын  жағдайда  2007  жылғы  21  қыркүйектегі  «Қазақстан  Республикасы  Президентінің

заң  шығару  бастамасы  құқығын  іске  асыру  Ережелері»  реттейді.  Заң  жобасын  Мəжіліске

енгізгенге дейінгі əрекеттердің конституциялық реттелмеуі олардың маңыздылығын ерекше

көрсетуге  кедергі  болмайды.  Заң  актісін  Парламентте  қарау  жəне  қабылдауға  дейінгі

кезеңдер расында да маңызы жағынан Парламент шеңберінде атқарылатын əрекеттерден кем

соқпайды  жəне  күрделі  əрекеттерді  қамтиды.  Себебі,  дəл  осы  кезеңдерде  болашақта  заң

нысанын алатын құқықтық реттелудің пəні анықталады, заң актісінің жобасының идеялары,

тұжырымдамасы  қалыптасады,  реттелуді  қажет  ететін  қоғамдық  қатынастарды  зерттеу

  жұмыстары    жүргізіледі,    заңның  мəтіні  жасалады,  анықталған  қатынасты  құқықтық

реттеудің  ең  орынды  жетік  жолдары  анықталады.  Нақ  осы  кезеңде  заңның  сапасы

қалыптасады.  Бұдан  байқайтынымыз,  заң  шығарушы  органға  дейін,  нақты  айтсақ  заң

шығару  бастамасы  құқығының  жүзеге  асуына  дейінгі  əрекеттер  де  асқан  білімділік  пен

жауаптылықты қажет етеді.

Негізінен,  заң  шығару  процесінің  сатыларына  қатысты  ғалымдардың  пікірлері  бір

жерден шығады. Олардың бəрі де заң шығару процесін заң шығару бастамашылығы құқынан

бастап,  заңды  жариялаумен  аяқтайды.  Əрине,  олардың  жеке  пікірлерінде  кемшіліктер  де,

өзгешеліктер де болуы мүмкін.

Əдетте,  «ҚР  Парламенті  жəне  оның  депутаттарының  мəртебесі  туралы»

конституциялық  заңның  3-тарауының  мазмұны  мен  құрылымы  қос  палаталы  Парламенттің

заң шығару процесін келесідей көлемді сатыларға бөлуге болатындығы туралы қорытынды

жасауға мүмкіндік береді:

1. 

Заң шығару бастамашылығы;



2. 

Заң жобасын Мəжілісте қарау;

3. 

Заң жобасын Сенатта қарау;



4. 

ҚР Президентіне қол қою үшін заңды ұсыну;

5. 

Қол қою жəн заңды жариялау.



Парламенттің  заң  шығару  практикасы  оның  үш  түрлі  заңды  қабылдау  мүмкіндігін

қарастыратындықтан,  бұл  сатылар  Парламенттің  конституциялық  жəне  жай  заңдар  шығару

процесіне  ғана  қатысты.  Конституцияға  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы  заң

қабылдау  процесі  өзгешелеу,  ол  оның  алдыңғы  заңдар  секілді  алдымен  Мəжілісте,  кейін




Сенатта  өз  кезектілігімен  қарау  арқылы  емес,  палаталардың  бірлескен  отырыста

қаралатындығына  байланысты.  Олай  болса,  ҚР  Парламентінің  заң  (конституциялық  жəне

жай  заң)  шығару  процесін  аталғандай  бес  сатыға,  ал  Конституцияға  өзгертулер  мен

толықтырулар енгізу туралы заң шығару процесін төрт сатыға (заң шығару бастамашылығы;

заң  жобасын  палаталардың  бірлескен  отырысында  қарап,  қабылдау;  ҚР  Президентіне  қол

қою  үшін  заңды  ұсыну;  қол  қою  жəн  заңды  жариялау)  тиянақтауға  болады.  Заң  шығару

процесінің  бұл  сатылары  –  процедуралық  əрекеттердің  дербес  кезеңі,  тиісті  нормативтік

актіні  жасауға  бағытталған  өзара  тығыз  байланысты  əрекеттердің  ұйымдық  бөлшектенген

кестесі болып табылады.

Қазақстанда заң шығарудың бірнеше жолы бекітілгендіктен, біз қарастырып отырған

заң  шығару  процесінің  шегі  туралы  пікірлер  тек  Парламенттің  ғана  заң  шығару  процесіне

қатысты. Республика Конституциясының 49-бабының 1-бөлімінде көрсетілгендей, Қазақстан

Республикасы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган. Бұл

норма оның бірден-бір заң шығаратын орган болып табылатындығын бекітпейді. 53-бапта (4-

тармақ)  анықталғандай  Қазақстан  Республикасы  Президенті  жəне  республикалық

референдум туралы заңға сəйкес халық референдум арқылы заңдар шығаруы мүмкін. Олай

болса,  жоғарыда    көрсеткен  заң  шығару  процесінің  түсінігі  мен  шегі  туралы  пікірлер  тек

Парламенттің  заң  шығару  қызметіне  байланысты.  Тиісінше,  заң  шығару  процесінің

парламентке дейінгі жəне парламенттік кезеңдері, сатылары Президенттің жəне референдум

арқылы  халықтың  заң  шығармашылығына  жатпайды.  Президенттің  жəне  халықтың  заң

шығару қызметінің процедуралық жағын анықтау бөлек мақалада қарастырылады.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Құқық  ең  маңызды  əрі  ең  күрделі  қоғамдық  кұбылыс  ретінде  түсінілетін



философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен,

субъективтік  тұрғыдан  қарастырсақ  құқық  қандай  да  бір  тұлғаның  мүмкіндіктерін,  əрекет

еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді

тікелей  субъектімен  байланысты  құқықтар.  Объективтік  мағынадағы  құқық  —  нормативтік

құкықтық  актілерде  белгіленген  нормалардың  жиынтығын  білдіреді.  Бұл  орайда  көрсетіп

кету  керек  —  субъективтік  құқық  объективтік  құқықтың  негізінде  туындайды  жəне

тоқтатылады.

Құқықтың  мəні  Конституцияда  жəне  басқа  да  заңдарда  бекітіліп,  тиянақталған  оның

түп  қазық  бастауларында,  негізгі  принциптерінде  ашылады.  Оларға  жататындар:  саяси

биліктің  халықтың  атынан  жүзеге  асуы,  меншіктің  дамуы,  корғалуы  жəне  олардың

субъектілерінің тендігі; демократизм, интернационализм, гуманизм.

Саяси  биліктің  халықтың    атынан    жүзеге    асуы.  Бұл    ереже    Қазақстан

 Республикасында  мемлекеттік  биліктің  бірден-бір  бастауы —  халық  болып  табылады

  делініп,  Конституцияда    дəйектелген.  Халық    мемлекеттік    билікті    тікелей    жəне    өз  ө

кілдері арқылы жүзеге  асырады.

 

Меншіктің  дамуы,  қорғалуы    жəне  олардың  субъектілерінің    теңдігі—  мемлекеттің



материалдық-техникалық  базасын құрудағы маңызды шарт.

 

Конституцияда  Республиканың    экономикасы  мемлекеттік,  сонымен    қатар  жеке



меншік  нысандарына    негізделетіні,  ал  мемлекет  меншіктің  барлық  субъектілерінің  заң

алдындағы  мемлекеттер  аумағындағы  өзінің  азаматтары  мен  занды  тұлғаларының  өз

мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.

 

Демократизм  азаматтық    құқьіқтар  мен  бостандықтардың  кең.  ауқымымен  ұштаса



отырып,  адамның  мемлекеттік  істерді  шешуге  қатысу  құкығын  қамтамасыз  ететін  оның

қүқықтары  мен  бостандықтарын  заң  жүзінде  бекітуді  білдіреді.  Демократизм  азаматтардың




қоғам  алдындағы  міндеттерінің  ішіндегі  айрықша  орын  алатыны,  олардың  мемлекеттік

істерді  басқа-руға  қатысуы  міндеттерін  орындауы  арқылы  мейлінше  толық  жүзеге  асады.

Қазақстан  Республикасы  қоғамдык  бірлестіктердің  Конституция  мен  заңдар  шеңберінде

мемлекеттік  істерді  басқаруға,  заңдарды  талқылау  мен  кабылдауға,  мемлекеттік  жəне

жергілікті деңгейдегі мəні бар мəселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді.

 

Интернационализм  —  барлық  ұлттар  мен  ұлыстардың    өзінің  саяси,  шаруашылык



жəне мəдени дамуындағы заң жүзіндегі жəне іс жүзіндегі теңдікті тану жəне оны құқықпен

қамтамасыз  ету  болып  түсініледі.  Республикамызда  нəсіліне,  ұлтына,  тіліне  жəне  т.б.

жағдаяттарға  қарамастан  құқық  пен  бостандық  кепілдік  беріледі.  Еліміздегі  Қазақстан

халықтары Ассамблеясы интернационалдық ұйым.

 

Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз — адамдык, адамгершілік) — адамның жеке тұлға



ретіндегі  құндылықтарын,  оның  еркін  даму  жəне  өз  қабілеттерін  көрсету  құқығын  тану.

Адамның  кадір-қасиеті  мен  кұқыктарын  қадірлеуді  қамтамасыз  етуден  тұратын  басты

күқықтық принциптердің бірі — оның игіліктеріне қамқорлық жасау.

 

Адамгершілік принципі  Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда əркімнің өмір сүруге



  құқығы  бар  екені,  ешкімнің  ез    бетінше  адам  өмірін  қиюға    хакысы  жоқ  екені,  сондай-ақ

адам  мен азаматгың ар-ожданы мен абыройына қол сұғуға болмайтыны жөнінде баяндалған.

Сонымен  қатар  адамның  кінəлі  екендігі  сот  үкімімен  дəлелденіп,  үкім  занды  күшіне

енбейінше,  адам  қылмыс  жасады  деп  танылмайтындығы  жөніндегі  қағида  орнықтырылған.

Осылайша,  кез  келген  күдік  дəлелденгенге  дейін  айыпталушы  түлғаның  пайдасына

шешіледі.

 

Құқықтың мазмұны дегеніміз – қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын



нормативтік актілердің ішкі құрылысы.

Мемлекет  құқық  арқылы  өзінің  жоғарғы  жəне  жергілікті  органдарының  жүйесін,

құзырын,  өзара  қарым-қатынастарын  бекітпей  ішкі  жəне  сыртқы  міндеттерін  іске  асыруы

мүмкін  емес.  Міне,  осы  мəселелерді  мемлекет  құқық  арқылы  нормаға  сүйене  отырып  іске

асырады.  Мемлекетке  қажетті  қоғамдық  қатынастар  құқық  негізінде  ғана  орнай  алады.  Бұл

мемлекет  пен  құқықтың  қатынастарды  реттеудегі  көздейтін  басты  мақсаты.  Сөйтіп  құқық

нормалары  мемлекеттің  күшіне  сүйеніп,  жүзеге  асырылады.  Құқықтың  тірегі,  оның  күш-

қуаты,  абыройы  –  мемлекет.  Құқық  нормалары  адамға  бостандық  беріп  қана  қоймай,  сол

бостандықты қамтамасыз ететін күшке сүйенеді.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



 

 



Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2011.02.02. берілген

өзгерістер мен толықтыруларымен).

Байжанова К.Т., Мемлекет жəне құқық теориясы, Болашақ-баспа, 2006. – Б 174.



Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы  1998  ж.  24  наурыздағы  №   213-1  Қазақстан

Республикасының  Заңы  (2012.10.07.  берілген  өзгерістер  мен  толықтырулармен  қоса

алғанда).

Бейсенова  А.,  Біржанова  К.  Қазақстан  Республикасы  мемлекет  жəне  құқық  негіздерін



оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 2007. – Б 112.

Жоламан  Қ.Д.,  Мұхтарова  А.Қ.,  Тəукелев  А.Н.  “Мемлекет  жəне  құқық  теориясы”:



оқулық.- Алматы, 2005, - 124-127 бет. – Б 264.


ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері: оқулық. – Алматы, 2003, - 98 бет. – Б 196.

Дулатбеков Н., Амандықова С., Турлаев А. “Мемлекет жəне құқық негіздері”: фолиант. –



Астана, 2001, - 10-14 бет. – Б 246.

Əлібаева Г., Айтхожин Қ. «Құқықтану» Алматы. 2006 ж. – Б 271.



Жакупова А. ”Конституция-основа развития государства”//Журнал. Заң жəне заман.-год,

2005.-№9.-17 стр. – Б 22.

10 


Қуандықов Е., Маликова Ш., Есетова С. «Құқықтану» 2007ж. – Б 168.

11 


Маркс К., Энгельс Ф. Екі томдық таңдамалы шығармалары. 2 т., 15б. – Б 249.

12 


Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет жəне құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы,

2007. – Б 416.

13 

Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы,



2005. – Б 161.

14 


Өзбекүлы  С,  Қопабаев  Ө.  Мемлекет  жəне  құқық  теориясы:  Оқулық.  -Алматы:  Жеті

жарғы, 2006. – Б 316.

15 

Құқық негіздері оқу құралы, Агдарбеков Т., Алайдаров А. – Б 172



16 

Вильчинскас  Ш.К.  Конституционные  основы  законодательной  деятельности  союзной

республики. Автореф. дисс. к.ю.н. – М., 1988. – 30 с.

17 


Елекеев  И.  Демократизация  законотворческого  процесса  и  стабильность

законодательства // Прокурорская и следственная практика. – М., 1998, № 3. – С. 62-67

18 

Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі. – Алматы: Жеті жарғы,



1996 – 368 б.

19 


Шупленков В.П. Законотворчество. Фундаментальный курс. Книга авторизированного

изложения. – М.: Изд-во МЭГУ, 1993. – 163 c.

20 

Доков  Д.  Некоторые  проблемы  законодательного  процесса  //  Вопросы



социалистической конституции. – София, 1969. – 410 c.

21 


Парламент  и  законодательная  власть  Казахстана.  Отв.  ред.  А.А.Таранов.  –  Алматы:

Жеті жарғы, 1995 – 157 с.



 

2


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді