ҮІ. Сауат ашу Ерте гүлдейтін өсімдік

Loading...


Дата05.04.2020
өлшемі27.66 Kb.
ҮІ .Сауат ашу

Ерте гүлдейтін өсімдік

Қазақстанның далаларында ерте гүлдейтін өсімдік бар. Ол- қаз жуасы. Қалың шөп арасынан оның гүлі сап-сары болып көрінеді.


Желайдар да ерте гүлдейді. Оның гүлі-ақ. Кішкене жел тұрса, теңселе бастайды. Осы өсімдіктер- көктемнің алғашқы сәні. Бірақ жаз шығысымен қурайды. Жуашықтары жер астында қалады. Олар бойына нәр жинап алып, жата береді. Келесі көктемді күтеді.

Дұрыс жауапты белгіле.

  1. Қазақстанда қандай өсімдік ерте гүлдейді?

жауқазын
қызғалдақ

қаз жуасы



  1. Желайдардың гүлінің түсі қандай?

сары

ақ
қызыл



  1. Бұл өсімдіктер жазда қандай өзгерістерге тап болады?

гүлі қурап,көктемді күтеді
жуашықтары жер астында жатып, нәр жинайды
жаз бойы жайқалып гүлдеп өседі

Барлық сөз саны:
Соңғы сөйлемді буынға бөл: -------------
Минутына оқылған сөз саны: -------------


Көркем жазу

1-тапсырма Ч әріпінің жазба түрін жаз.

2-тапсырма Мәтінді көркем жаз

Қажымұқан – әлем чемпионы

Қажымұқан аталарың аты әлемге әйгілі балуан болған. Ол түріктің әйгілі чемпионы Нұрлыны жығып, дүниежүзінің чемпионы атанды.


Дүниежүзі Қажымұқан арқылы қазақ халқын таныды. Қазір де балуан аталарыңның атында спорт сарайы, көше және мектеп бар.

Қажымұқан туралы фильм көр.

ҮІ . Сауат ашу



Бұрқақ

Демалыс бағының шығар аузында үлкен ашық алаң бар. Алаңның ортасына таман бұрқақ орнатылған. Бұрқақтың айналасында түрлі гүлдер жайқалып өсіп тұр.


Алаңда балалар ойнап жүр. Бақтағы орындықта Ерсіннің атасы мен әжесі демалып отыр. Ерсін бұрқақтың жанына жүгіріп барды. Ол Әнуарды шақырды. Олар бұрқақтан жаңбырша жауып тұрған су тамшыларына таңғалып, қызыға қарады. Неткен тамаша көрініс!

Дұрыс жауапты белгіле.

  1. Адамдар демалыс бағына не үшін барады?

демалуға
ұйықтауға

үй салуға



  1. Бұрқақтан не жауып тұр?

қар жауып тұр

бұршақ жауып тұр


су тамшылары жаңбырша жауып тұр

  1. Ерсінге не ұнады?

бақта өсіп тұрған әдемі гүлдер
бұрқақтан жауып тұрған су тамшылары
демалыс бағының таза ауасы

Барлық сөз саны:
Мәтін неше азат жолдан бастап жазылған: -------------
Минутына оқылған сөз саны: -------------


Көркем жазу

1-тапсырма Б әріпінің жазба түрін жаз.

2-тапсырма Мәтінді көркем жаз

Бұл - бұтақ емес

Асан көшемен келе жатты. Ол жаңадан отырғызылған жас шыбықтардың бірін сындырған баланы көрді.


-Неге сындырдың? – деп сұрады.
- Бұл жай бұтақ қой.
-Жоқ, бұл жай бұтақ емес, сен бір үлкен ағашты сындырдың,- деді Асан.

ҮІІ . Сауат ашу



Қамқоршылар

Көктем келді. Үсен мен Асан далаға шықты. Жасаған ұяларын көтеріп кетіп бара жатқан сыныптастарын көрді.


Асан мен Үсен ойланып қалды. Олар үйлеріне қайтып келді. Қолдарына балта мен балға алып, ұя жасауға кірісті. Ғарыш кемесіне ұқсаған ұя жасады.
Мұндай ұяны көрмеген сыныптастары таңданды. Құстар ұяға келіп қона бастады. Екі достың қуанышында шек жоқ.

Дұрыс жауапты белгіле.

  1. Асан мен Үсен далада не байқады?

ойнап жүрген балаларды көрді
жылы жақтан ұшып келген құстарды көрді

құстарға ұя жасаған балаларды көрді



  1. Олар қандай ұя жасады?

ғарыш кемесіне ұқсаған ұя жасады

теңіз кемесіне ұқсаған ұя жасады


шатырлы кішкентай үй жасады

  1. Асан мен Үсен не себептен қуанды?

сыныптастарының таңданғанына
құстардың келіп қонғанына
ұяның ғарыш кемесіне ұқсағанына

Барлық сөз саны:
Мәтіндегі сөйлем саны: -------------
Минутына оқылған сөз саны: -------------


Екі буынды сөздерді теріп жаз......................

Көркем жазу

1-тапсырма О әріпінің жазба түрін жаз.

2-тапсырма Мәтінді көркем жаз

Орман іші

Мен орман ішімен ақырын басып жүріп келемін. Төңірегіме әлсін – әлсін қарап қоямын. Қандай тамаша! Күздегіден орман мүлдем өзгерген, жап –жасыл болған. Аяқ астыма қарасам, жер жасыл кілемдей. Қалың бұтақтар арасынан көгілдір аспан көрініп тұр.



Орман, бұтақ сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ҮІІІ.Сауат ашу

Жаз

Жаз шықты. Күн ысыды. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Айнала түгел көгереді.


Жаз айлары-маусым, шілде,тамыз. Жаңбырдан кейін кемпірқосақ шығады. Кейде күн күркірейді, найзағай жарқылдайды.Гүлдер ашылады. Жеміс-жидек піседі. Ауылда егін пісіп, шөп шабады. Жұрт көйлекшең жүреді.
Балалар да, үлкендер де өзенде,көлде суға шомылады. Тауда серуендеп, табиғат тамашасын қызықтайды.

Дұрыс жауапты белгіле.

  1. Жаз айларын тап.

қаңтар,сәуір, тамыз
маусым,шілде, тамыз

наурыз, шілде, желтоқсан



  1. Жазда табиғатта қандай өзггерістер болады?

Күн ысиды. Күн қысқарады,түн ұзарады.

Адамдар жылы киінеді. Күн күркіреп, найзағай ойнайды.


Айнала гүлдеп,көгереді.Жеміс піседі

  1. Адамдар қалай демалады?

Суда шомылады. Мал бағады
Тауда серуендейді. Табиғатты қызықтайды.Өзенде суға шомылады.
Егін егеді. Шанамен сырғанайды

Барлық сөз саны:
Үшінші сөйлемдегі дауысты дыбыстарды жаз: -------------
Минутына оқылған сөз саны: -------------


Мәтіннен 5 сөзден тұратын сөйлемді қоршап сыз.

Көркем жазу

1-тапсырма А әріпінің жазба түрін жаз.

2-тапсырма Мәтінді буынға бөліп , көркем жаз

Ақпан (жатта)

Менің атым – Ақпан


Келдім суық жақтан.
Малыңды күт, ата,
Аязымнан сақтан.

Қойыным толған боран,


Алай – дүлей соғам.
Гуілдетіп кірем,
Жыртық болса қораң.

Басқалардан бөтен


Жүрісім бар төтен.
Уақытым аз әнтек,
Ертелектеу кетем.

ІХ .Сауат ашу



Қызық құс

Қазақстан тауларында кекілік көп мекендейді. Зерттеуші ғалымдар осы күнге дейін оның жұмбақ сырын шеше алмай келеді. Ана кекілік көктемде екі ұяға жұмыртқа салады екен. Бір ұяны өзі басады. Екінші ұяны ата кекілік басады. Алғашқы күндері әрқайсысы өзі басып шығарған балапандарын ертіп жеке-жеке өсіреді. Кейіннен отыз-қырық балапан бірігіп жүреді. Кекілік дүниедегі ең өсімтал құс.



Дұрыс жауапты белгіле.

  1. Кекілік қайда мекендейді?

Африкада
Тундрада

Қазақстанда



  1. Кекілік көп балапанды қалай басып шығарады?

көп жұмыртқа табады

екі ұяға жұмыртқа салады


басқа құстың жұмыртқасын басады.

  1. Екінші ұядағы жұмыртқалардан балапандар қалай басылып шығады?

инкубатордан шығады
ата кекілік басып шығарады
басқа құс басып шығарады

Барлық сөз саны:
Соңғы сөйлемді буынға бөл: ------------- ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Минутына оқылған сөз саны: -------------


Мәтіннен 3 буынды сөздерді теріп жаз.............

Көркем жазу

1-тапсырма Ю әріпінің жазба түрін жаз.

2-тапсырма Мәтінді буынға бөліп , көркем жаз

Ақ аю

Ақ аю Солтүстік мұзды мұхитының жағалауын мекендейді. Тығыз жүні, терісінің қалың майы оны қорғайды.


Ол өте сақ, әрі көреген. Жемтігін алыстан сезеді. Ақ аю суда жақсы, еркін жүзе алады. Ол жемін де сол судан табады

Х.Сауат ашу

Қайдан келдің бауырсақ?( 10 рет оқы)

Дастарқанда шашылып


Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
-Қайдан келдің бауырсақ?
Деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім нан сатқан,-
Деді оған бауырсақ.
-Дүкенге келдің қай жақтан?
-Наубайдан келдім нан жапқан.
-Наубайға келдің қай жақтан?
-Диірменнен келдің қай жақтан?
-Даладан келдім кең жақтан?
Жер – анам менің көсілген.
Диқандар мені өсірген.

Дұрыс жауапты белгіле.

  1. Дүкенге бауырсақ қайдан келді?

әжемнің үйінен мектептен наубайдан

  1. Наубайға бауырсақ қайдан келді?

пештен қазаннан диірменнен

  1. Жерге егінді кім салды?

ғарышкер етікші диқан

Барлық сөз саны:
Өлеңдегі киіпкерлер саны: -------------
Минутына оқылған сөз саны: -------------


Көркем жазу

1-тапсырма Э әріпінің жазба түрін жаз.

2-тапсырма Мәтінді көркем жаз

Экскаватор

Мынау – экскаватор. Ол – жер қазады. Тауды бұзып жол салатын алып машина. Экскаватор құрылысқа да өте қажет. Оның қазған жеріне құрылысшылар биік үйлер салады. Менің әкем экскаваторшы. Ол өз мамандығын ұнатады.



Сауат ашу


Менің күшігім

Әкем кішкентай күшік әкелді. Өзі сондай сүйкімді. Оның төсіндегі жүні ақ екен. Сол себепті мен оған «Ақтөс» деп ат қойдым. Ол кішкентай бала сияқты. Ойнағанды жақсы көреді. Айтқанды түсінеді. Біз оған кішкентай үйшік жасап қойдық. Ол үйшіктің ішінде ұйықтайды. Ерсін оған ыдысқа сүт құйып берді. Қазір ол үлкен ит болып өсті. Ақтөс өте есті ит, үйімізді күзетеді.



Дұрыс жауапты белгіле.

  1. Кішкентай күшік қандай?

момақан ұйқышыл сүйкімді

  1. Ақтөсті кім әкелді?

әкем ағам нағашым

  1. Үйді күзететін итті қалай атайды?

есті ит
қабаған ит
қаңғыбас ит

Барлық сөз саны:
Мәтіндегі сөйлем саны: -------------
Минутына оқылған сөз саны: -------------


Мәтіннен 4 сөзден тұратын сөйлемді қоршап сыз.

Көркем жазу

1-тапсырма В әріпінің жазба түрін жаз.

2-тапсырма Мәтінді көркем жаз

Вокзал

Шернияз екеуміз теміржол вокзалына келдік. Бізге вокзал сәнді сарай тәрізді болып көрінеді. Оның іші ығы-жығы, адам көп екен. Күні-түні жан-


жақтан пойыздардың бірі келіп, бірі кетіп жатыр.
Көрші тұратын Нұржан да осында жүр екен. Ол Маңғыстаудан келе жатқан
нағашыларын қарсы алуға әдейі келіпті.

ХІ .Сауат ашу

Күнпарақ

«Күнпарақ» дегеніміз – ол күнтізбе. Күнпараққа ай аттары, күндер, апта атаулары және мереке күндері кіреді. Күнпарақ үш жүз алпыс бес күнне тұрады. Ай аттары: қаңтар, ақпан, наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан. Апта атаулары: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма, сенбі, жексенбі.


Күнпарақтар әр түрлі болады. Мысалы: қабырға күнпарағы, үстел күнпарағы, қалтакүнпарағы тағы басқалар.

Дұрыс жауапты белгіле.

  1. Күнпарақ неше күннен тұрады?

отыз күн үш жүз алпыс бес күн жеті күн

  1. Ай аттарын тап

қаңтар, ақпан, наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан

дүйсенбі, ақпан, наурыз, көкек, мамыр, маусым, мереке, тамыз, қыркүйек, желтоқсан

наурыз, көкек, мамыр, дүйсенбі, шілде, жұма

3.Күнпараққа

ай аттары, күндер кірмейді


мереке күндері кіреді
апта атаулары кірмейді

Барлық сөз саны:
Мәтіннің тақырыбына дыбыстық талдау жаса: -------------Үлгіге қара
Минутына оқылған сөз саны: -------------


Көркем жазу

1-тапсырма Ц әріпінің жазба түрін жаз.

2-тапсырма Мәтінді буынға бөліп ,көркем жаз

Цирк

Бауыржанның ең жақсы көретіні – цирк. Бауыржанды әкесі циркке жиі апарады. Ол момақан жануарларға мәз болып, қол соғады. Ортаға күлдіргіш шыққанда, өзін –өзі ұмытып кетеді. Олардың бәтеңкелері, қоңқақ мұрындары – бәрі күлкілі. Оған цирктегі ең ұнайтыны – осылар.



ХІІ.Сауат ашу

Ақ аюдың шабуылы

Ақ аю тюленьдерді көбінемұз үстінде жатқан кездерінде аулайды. Жемтігін алыстан көзі шалысымен суға сүңгиді де, мұздың дәл жанына келгенде бір –ақ секіріп, іліп алып кетеді.


Бұл аңның тағы бір қасиеті – екі метрге дейін биік мұздарға оңай секіріп шыға алатындығында. Олар тюленьге көктем айларында көп шабуыл жасайды.Ал жаз айларында балықтан бастап жеміс –жидекке дейін қорек ете береді.

Дұрыс жауапты белгіле.

  1. Ақ аюлар тюленьдерді қалай аулайды?

мұз үстінде жатқан кезде

суда жүзіп жүргенде


түнде ұйықтап жатқанда

  1. Ақ аюдың қандай ерекше қасиеті бар?
    суда жүзгенде
    екі метр биік мұздарға секіріп шығады

мұз үстінде серуендеп жүреді

Жаз айларында немен қорек етеді?

кәмпитпен және жеміс -жидекпен


балықпен жеміс -жидекпен
балықпен және балмен

Барлық сөз саны:
Мәтіннің бірінші сөйлеміндегі буын саны: -------------
Минутына оқылған сөз саны: -------------


Көркем жазу

1-тапсырма Ц әріпінің жазба түрін жаз.

2-тапсырма Мәтінді буынға бөліп ,көркем жаз

Цирк

Бауыржанның ең жақсы көретіні – цирк. Бауыржанды әкесі циркке жиі апарады. Ол момақан жануарларға мәз болып, қол соғады. Ортаға күлдіргіш шыққанда, өзін –өзі ұмытып кетеді. Олардың бәтеңкелері, қоңқақ мұрындары – бәрі күлкілі. Оған цирктегі ең ұнайтыны – осылар.



ХІІІ.Сауат ашу

Оқу , тапсырмаларды орындау

Менің ағам

Менің ағам Үсен баспаханада жұмыс істейді. Ол – менеджер. Дүйсенбі күні ағам мені өзімен бірге жұмысқа алып баратын болды. Сол күні таңертең біз ерте тұрдық. Екеуміз кофе іштік те, баспаханаға бардық. Жұмысқа кешігуге болмайды. Біз жұмыс орнына келгенде. қоңырау даусы естілді. Бұл жұмыс уақытының басталғанын хабарлайтын қоңырау даусы екен. Ағам көп жұмыс істеді. Мен күні бойы ағаммен бірге болдым



Дұрыс жауапты белгіле.

  1. Баспахана дегенді қалай түсінесің?

оқып, білім алатын орын

кітап шығаратын орын


демалыс орны

  1. Үсен қандай қызмет атқарады?
    менеджер
    күзетші

ұста

  1. Баспаханадағы еңбек тәртібі қандай?

жұмысқа келу уақыты өз еркіңде
кешігіп келуге болмайды
жұмысқа ұйқыңды қандырып келу

Барлық сөз саны:
Мәтіндегі сөйлем саны: -------------
Минутына оқылған сөз саны: -------------


Көркем жазу Жай дәптерге жазады барлық күнді

1-тапсырма Я әріпінің жазба түрін жаз.

2-тапсырма Мәтінді көркем жаз

Қосаяқ

Қосаяқ дән және шөптердің тамырын кеміріп қоректенеді. Сондықтан оны


кеміргіш аңдардың қатарына жатқызады.
Қосаяқ шөлді, жазық жерлерді мекендейді. Ол өте секіргіш. Басына төнген
қауіптен қашқанда бірнеше метр жерге оңай секіре алады.
Қосаяқтар – түнде қоректенетін жануар. Күні бойы інінде ұйықтап жатады.
Кешке қарай жем іздеуге шығады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...