І нұсқа 1-тапсырма Берілген екі мәтінді мұқият оқыңыз. Екі мәтінді салыстырыңыз (8 ұпай) а мәтіні



бет1/2
Дата14.09.2022
өлшемі46.8 Kb.
#290410
  1   2
Байланысты:
БЖБ 10 сын тіл І нұсқа
Задание2, ереже даптер, Қағаз 2, 8-күн, Жұмыс дәптері, толқындық оптика, № 2 БЖБ 10 ЖМБ қазақ тілі 4-тоқсан, БЖБ 10 сын тіл ІІ нұсқа, БЖБ 10 сын тіл І нұсқа



І нұсқа
1-тапсырма
Берілген екі мәтінді мұқият оқыңыз. Екі мәтінді салыстырыңыз (8 ұпай)
А мәтіні
Жанат Байжомартұлы, әр дәуірде жалпы адамзатқа тән ғаламдық мәселелер болған ғой. Ал қазіргі таңдағы жаһандық мәселелер қалай көрініс табуда? Адамзат алдында тұрған қандай жаһандық сын-қатерлерді саралап айтар едіңіз?
– Жаһандық мәселелер жеке адамның өмірін айналып өте алмайды. Жекелеген адамның өмірінде кездесетін күрделі мәселелер қоғамдық, мемлекеттік және жаһандық деңгейлерде қордаланып, жиналып, үлкен жаһандық сын-қатерлерге ұласады. Шынында, әр дәуірде де жалпы адамзатқа тән ғаламдық мәселелер болған. Бірақ, ХХІ ғасырдағы адамзаттың күрделі жаһандық мәселелері қордаланып, шешімін таппай келеді. Жаһандық мәселелерге техногендік, яғни, адамның ұқыпсыздығы мен үнемсіздігінің нәтижесінде пайда болған сын-қатерлерді және жер бетіндегі адам санының өсуі сияқты жаңадан туындаған табиғи сипаттағы өзгерістерді жатқызуға болады. Мысалы, жер шары қызуының артуы, ауа райының мың құбылып, тұрақсыздануы, Солтүстіктегі айсбергтердің еруі, Арал теңізінің сарқылуы, өзендердің тартылуы, озон қабатының желінуі, топырақтың көшуі, теңіз суларының булануы, жер сілкінісі мен дауыл сияқты табиғи апаттардың жиілеуі, т.б. Бұл мәселелер күллі адамзатқа ортақ болғандықтан, «жаһандық сын-қатерлер» (global issues or global challenges) деп аталады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанында «Қазақстан-2050» Стратегиясында бірқатар жаһандық сын-қатерлерді атап өткен еді. Атап айтар болсақ, тарихи уақыттың жылдам өзгеруі, әлемдегі демографиялық жағдайдың теңгерімсіздігі, дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігіне төніп тұрған қатерлер, су ресурстарының тапшылығы, әлемдік энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылу қаупі, өндірістік төңкерістің үшінші толқыны, әлемде әлеуметтік және қоғамдық наразылықтың артуы, бұрынғы өркениеттік құндылықтардың ескіруі, әлемнің тұрақсыз кезеңге аяқ басу қаупі. Елбасы атаған бұл мәселелердің барлығы күллі әлемге де, еліміздің келешегіне де тікелей қатысты. Бұл ретте айтарым, ғаламдық мәселелердің туындауында адами фактордың, яғни, адам баласының жауапсыздығы үлкен рөл атқаруда.
– Жаһандық сын-қатерлерді зерттеумен шұғылданатын ғалымдар бұл турасында не дейді? Ғылым тағы қандай мәселелерді жаһандық сын-қатерлерге жатқызуда?
– Жалпы, адамзатқа тән жаһандық мәселелерді зерттеумен айналысатын ғылымның саласын глобалистика, яғни «жаһантану» деп атайды. Бұл саланың жаңа өкілдерінің бірі Жан Франсуа Ришар («High Noon: 20 Global Problems, 20 Years to Solve Them») өзінің «20 жаһандық мәселені шешуге арналған 20 жыл» атты соңғы еңбегінде кең ауқымды да күрделі мәселелерді шешу үшін адамзаттың аз күш-жігер жұмсайтынын жазады. Мен өзім зерттеген Ж.Ф.Ришардың ойынша, қазір халықаралық қауымдастық өте маңызды да тағдыр шешті кезеңде тұр. Ғалымның ойынша, адамзат дамыған технология мен экономиканың арқасында өзінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерін шешуге қажетті барлық мүмкіндіктерге ие болып отыр. ХХІ ғасырдың бірінші жартысы жер шарының келешегін айқындайтын болады. Адамзаттың бұл мәселелерді шешуге қабілетті болуына қарамастан, қолда бар құралдар мен тәсілдер қауқарсыз болып отыр. Біздің дәстүрлі институттарымыз бен маманданған ұйымдарымыз әлемдік қауымдастық бетпе-бет келіп отырған маңызды мәселелерді шешуге қабілетсіз болып шықты. Мәселені дұрыс шешу үшін мемлекеттік институттар, жеке компаниялар мен азаматтық қоғам арасында күшті ынтымақтастық болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде