тапсырма. Сөз құрамын анықтаңыз. (Определите состав слова).
Елтаңбасында, маңдайшасында, кезекшілер, бейнесі, авторлары, жұлдыз, оқытушылар, әлемнің, кешкі, достықты, шаңырақты, сәулетшілер, жастықты, пырақтардың, бастауы, қанаттары.
тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Қазақстан қандай құрлықта орналасқан?
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстанның рәміздері қашан қабылданды?
Қазақстанның астанасы қай қала?
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім және қашан сайланды?
Қазіргі Қазақстанда қанша ұлттың өкілдері тұрады?
Еліміздің табиғаты қандай?
Республиканың оңтүстік аудандарында не өсіріледі?
Республиканың солтүстігінде не өседі?
Қазақстан жері қандай пайдалы кендерге бай?
Пайдалы кендерді игеру барысында қандай жаңа қалалар пайда болды?
Бүгінгі Қазақстан қандай елге айналды?
3- сабақ Лексикалық тақырып: Астана
1- тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.
1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты,
«Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, министрліктердің үйлері, көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды.
Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа Астананың сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.
Астана – Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, экономикалық,
мәдени орталығы, бас қала.
(Ғаламтор материалдарынан).
Туған жердей жер болмас, Бірлік болмай, Туған елдей ел болмас. Тірлік болмас. Ұрлық түбі – қорлық.
Ақылы көпті дау алмас. Отан – оттан да ыстық.
тапсырма. Сөзбен жазыңыз.
Үлгі (Образец): 02.05 – мамырдың екісі; ...
01. 06; 14. 01; 16. 01; 15. 02; 16. 07; 07. 04; 17. 04; 17. 10; 03. 12; 06. 11, 10. 08; 25.
09; 19. 03; 18. 04; 23. 07; 06. 09; 05. 07; 18. 11; 06. 06; 17. 12, 10. 02; 22. 03.
тапсырма. Сөйлемдерге грамматикалық талдау жасаңыз.
Біз Астананың көрнекті жерлерін аралап жүрміз. Менің досым Астанаға баруды армандап жүр. Адамдар гүл шоқтарын Парламент үйінің алдында тұрған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштеріне қойып жатыр.
тапсырма. Мына сөйлемдерге әр түрлі сұрақтар қойыңыз.
Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері араласып тұрады. 2. Қазақ халқы ана тілінде батырлар жырларын, ғашықтық жырларын, ертегілерді, мақал-мәтелдерді шығарған. 3. Қазақстандағы көптеген ұлт өкілдері өз ана тілдерін ұмытпауға тырысады. 4. Қазақстанда орыс, неміс, ұйғырлар арасында қазақ тілін жақсы білетін адамдар аз емес.
тапсырма. Жұрнақтарды пайдаланып, сөздерден туынды етістіктер жасаңыз және орыс тіліне аударыңыз. (Используя суффиксы из слов образуйте производные глаголы, переведите на русский язык). -ла/-ле, -да/-де, -та/-те
Мереке, мейрам, құрмет, қадір, есеп, сурет, ой, жаза, тегіс, орын, жөн, салқын, жақын, шеге, әңгіме, таза, баға, бейне, өркен, арман.
Достарыңызбен бөлісу: |