Іү модуль. Менің отаным лексикалық тақырып: Атамекен – құт мекен Грамматикалық тақырып



бет1/4
Дата19.01.2023
өлшемі38.85 Kb.
#417466
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
В1 4- сабақ (2)
Документ Microsoft Office Word

ІҮ МОДУЛЬ. МЕНІҢ ОТАНЫМ



Лексикалық тақырып: Атамекен – құт мекен

Грамматикалық тақырып:


Реттік сан есім мен зат есімнің тіркесі. Тілдік жүйе мен оның амалдарын тақырыпқа қатысты мәдени-танымдық қатысымдык әрекеттер арқылы меңгерту.

1-сабақ Атамекен- құт мекен


  1. тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Атамекен - атадан балаға мұра болып қалып отыратын, "Кіндік қаны тамған" жер. Әуелде жалпы түркі қауымына ортақ "Ата" сөзімен бірігіп "Ата қоныс" ұғымында түсінілген. Кейін келе мағынасы кеңейіп, "Ата-бабалар мекен еткен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған ең асыл мұрасы" деген ұғымды меңзейтін термин түрінде орныққан. Атамекен ежелгі замандарда ру, тайпа иелігіндегі белгілі бір аймақ, өңір болса, бертін келе туған жер, Отан ұғымдарының баламасына айналған. Ол - елдіктің, мемлекеттіліктің негізі.
Атамекен - Адамның ата бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, ата бабасының қоныс тепкен, өсіп өніп келе жатқан жері. Сондықтан адам туған жерін дүниедегі ең кымбаттты, ең қасиетті, ең аяулысы - Анасына балайды. Туған жерге қатынас - адамның адамшылығының, ізгілігінің, парасатының көрінісі. Туған жер- белгілі бір адам үшін, жан пида ғып күресіп келе жатқан құт мекені.

  1. тапсырма. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырындар.

Грамматикалық түсініктеме


Сан есім- заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. Сан есім жеке айтылғанда абстракт сандық ұғымдардың атауы болатындықтан, нақты мағыналары басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу кезінде, оларды сан жағынан анықтау барысында айқындалады.

Күрделі сандар:


Күрделі сан есімдер жоғарыда аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі атауларының (он сегіз, мың тоғыз жүз алпыс бес т. б.), екіншіден, негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алтыт. б.) болып екі салаға бөлінеді.
Реттік сан есімдер:
Реттік сан есімдер есептік сандарға - ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Жанар атты жетінші сыныпта оқып жүрген жалғыз қызым бар (С. Қажы).

  1. тапсырма. Мәтінді оқып, қандай ақпарат алуға болатынын айтыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет