І. Кіріспе Науқастың психикалық саулығын сақтау мен жетілдірудің негізі- салауатты өмір салты болып саналады. Оған мынал шарттардың орындалуына тікелей байланысты: ойлау мен еңбек ету қызметтерінің тиімді күн тә



бет2/2
Дата10.06.2022
өлшемі24.2 Kb.
#267661
1   2
Байланысты:
МЕДБИКЕ МЕН ПАЦИЕНТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕСУ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.2 тапсырма, 1.1 тапсырма, 1 АКТ 3 сынып 2Бөлім Мәтінді теріп өңдеу 1 сабақ 1Нұсқа Сабақ жоспары, Бұлттық қойма сабақ жоспары, Бездер (1), Бездер (1), Пратикалық тапсырма 1,2 ехселден (1), Документ Microsoft Office Word, СЕЗІМ, ҚАРЫМ ҚАТНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ
2. 2. Аурудың ішкі бейнесі.

Ауру тұлғасының ауруға психологиялық реакциясының негізінде дерт туралы өз көрінісі, білімі пайда болуын - аурудың ішкі бейнесі дейді. Бұл - науқастың өз дертіне өз басының қатынасы, реакциясы, жауабы. Ол ішкі органдардың зақымдануымен немесе жалған зақымдануымен байланысты, яғни науқастың өзін аурумын деп санауы. Мұнда міндетті түрде сырттан бақылаушы адам болуы керек, науқастың қайғысы сол адамға бейімделіп бағытталған. Аурудың ішкі бейнесіне келесі факторлар әсер етеді:





  • қолайсыз жағдай;

  • науқастың өз денсаулығын өзі (науқас) бағалауы, ауруын қабылдап, өз ролін атқаруы;

  • ауруға (дертке ) реакциясы;

  • ауру себептерін білуі;

  • әлеуметтік жағдайына байланысты дертке әртүрлі реакция беруі.

Науқастың ауруына байланысты барлық сезінулері, уайымдары, көріністері - аурудың ішкі бейнесі деп аталады.
Медициналық қызметкер әр адамның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дертке реакциясын, әрқашан да назарынан тыс қалдырмауы қажет. Ем нәтижелі және тиімді болуы үшін медициналық қызметкер науқастың мінез - құлқына, оның дертіне, психологиялық реакциясына негізделе отырып, емдеу процесіне адамның өзін тартып қатыстырып отырса, жоғары нәтижеге жету мүмкіншілігі бар екені мәлім. 

2. 3. Медицина қызметкерінің науқаспен қарым - қатынасы



Медициналық қызметкер де өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым - қатынас, байланыс, сұхбат (коммуникация) жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туған - туыстарымен, әріптестерімен, басқа медициналық қызметкерлермен (мейірбикелермен, кіші мейірбикелермен, мекеме әкімшілігімен) т. б қарым - қатынасуы жатады. Медицина қызметкері мен сырқат адамның қарым - қатынасы жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.
Қарым - қатынас – адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір - бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Медицина қызметкерінің жұмысының нәтижелілігі мен деңгей - дәрежесі оның білімділігі мен біліктілігі ғана емес, қарым - қатынас (коммуникативтік) дағдыларына да байланысты екені анық.
Медициналық қызметкер мен науқас арасындағы қарым - қатынас, медициналық қызметкердің жұмысында өте маңызды орын алады. Медициналық қызметкер мен науқас және оның туысқандары бір - біріне сенім тудыратын қарым - қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмәндік тумайды.Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі - кәсіби маңызды қасиет. Мамандығына байланысты медициналық қызметкер үнемі және тығыз, қарқынды қарым - қатынас жасауға мәжбүр болады: науқастармен және олардың туыстарымен, жақындарымен, басқадай медициналық қызметкерлерімен (дәрігер, әріптестері, мейірбикелер, кіші мейірбикелер, мекеме әкімшілігімен т. б).
Коммуникативті білгерлік (компетенттілік) дегеніміз - медицина қызметкерлерінің басқа адамдармен (науқас және оның жақындары мен туыстары, дәрігер, әріптестері, кіші мейірбикелер т. б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы қарым - қатынас жасау қабілеті деп білеміз. Сонымен, медициналық қызметкердің коммуникативтік маңызды қасиеттеріне келесілер жатады: адамгершілігі, адамға назар аударуы, мамандығын сүю, қайырымдылығы, кішіпейілдігі, әдептілігі. Жақсы көңіл - күй жағдайында жанасу құрастыратын медициналық қызметкердің тұлғалық қасиеттеріне науқастар өте жоғары баға береді.
Аффилиация. Медициналық қызметкер тұлғасының науқаспен жанасуға ықпалдануы, олармен әрекетке түсуге ынталануы. Адамға басқа адамдардың қажеттілігін аффилиация дейді. Психологиялық ішкі жағынан аффилиация - сенім және жақындасу сезімі, ал сырттан – көпшіл болу, басқалармен әрекетке түсуге ынта білдіру, үнемі адамдар арасында болуға тырысу.
Рефлексия - қатынасушы медициналық қызметкерде «науқас мені қандай түрде сезініп таниды, түсінеді»- деген ой тууы. Осыған байланысты қатынасқан адам өз әрекетін қалыптастырып, бағалап, кейбір мінездемелерін өзгертеді. Кәдімгі өмір жағдайында, бір адамның басқа адамдар туралы мәліметінің жетіспеушілігіне байланысты, олардың іс әрекетінің негізгі себептерін білмеуінен, бір - біріне көрсеткен мінез - құлқының себептерін жалған түрде түсініп, өзінше жорамалдайды.
Эмпатия - науқастың уайымын эмоционалды түрде медициналық қызметкер өз басынан өткергендей сезінуі, науқастың қайғы - қасіретіне ортақтасуы, науқастың қайғысына психологиялық тұрғыдан қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын сезінуі («мен сенімен біргемін»). Бұл - тиісті дәрежеде медициналық қызметкер - науқас коммуникациясын қамтамасыз ететін психологиялық құбылыс. Эмпатия ұғымында медициналық қызметкер өзін науқастың орнына қоюы арқылы, өз ішкі сезімдері арқылы науқастың жан дүниесін түсінуге тырысуын білдіреді.
Коммуникативтік төзімділік (толеранттік) деген, бұл коммуникативтік білгерліктің бір жағы. Оның құрама бөліктері - медицина қызметкерінің шыдамдылық, мейірімділік қасиеттері.
Ауру адамның медициналық қызметкерге қолайсыз, ол қаламайтын жекеше ерекшеліктері, оның жағымсыз қасиеттері, пікір - қылықтары, ойлау стериотиптері мен әдеттеріне медициналық қызметкердің төзе алуы оның коммуникативтік төзімділігін көрсетеді.
Медициналық қызметкерінің керісінше (негативтік) әсері. Медициналық қызметкерлердің қалыптан тыс орынсыз айтылған сөздері науқасқа психологиялық зиян келтіріп, түрлі қарым - қатынас қайшылықтарына әкеліп соғады. Бұның салдарынан ятрогения - медициналық қызметкерлердің абайсызда айтқан сөзінен туатын невроз аурулары пайда болады. Ятрогениялардың көбі жиі жағдайларда байқамай, абайсыз айтылған медицина қызметкерлерінің сөзі, ал ол оның шын ойына негізделген емес екені мәлім. Науқас психологиясына, денсаулығына ятрогенияның әсері мол. Сол себепті менің ғылыми жобамда науқас психологиясын қарым - қатынастың әсерін зерттеу басты мақсатым болып табылды. [1|13]
Медициналық қызметкер науқас психологиясына қарым - қатынастың әсері мол екендігін білуі қажет. Медициналық қызметкердің коммуникативтік компетенция - сының келесі түрлері науқаспен емдік қатынасқа түсуінің негізін құрайды: науқасты жақсы білу, вербальды, вербальды емес белгілеріне дұрыс жауап қайтару және жағдайына байланысты мәліметтерді көбірек алу; науқастарға адекватты медициналық мәліметтер беру және оларды салауатты өмір сүруге шақыру, медициналық қызметкердің ролінің денсаулықты жақсартуда және аурудың алдын - алуда маңызды екенін көрсету; дәрменсіздікті, көмексіздікті жеңуге, ауруға байланысты түзілген теріс стериотиптерді бұзуға көмектесу, осыған сәйкес қажетті тиісті жауаптардың кескіндерін жасауға ықпал ету; «медициналық қызметкер - науқас» қарым - қатынасында медициналық қызметкердің сақ болуы.[7|196]
Науқастармен қарым - қатынас жасауда вербальды және вербальды емес қатынастар маңызды орын алады. Дәрігер науқастарды қабылдағанда өзінің қимыл әрекеті арқылы оларға кері немесе жағымды әсер етуі мүмкін. Егер дәрігер науқасты бар ынтасымен тыңдап, назарын тек науқасқа аударып, ауруына науқастың көзқарасымен қарап отырғанын сездірсе науқас та дәрігерге көп сенім артады. Ал егер бәрі керісінше болып, науқасқа назар аудармай басқа іспен шұғылданып отырса, науқастың психологиясына кері әсерін тигізіп, шипа іздеп келген дертіне кері әсер етуі мүмкін. 
Сырқаттарды емдеуде дәрігер үшін сөздің рөлі әрдайым жоғары. Науқаспен қарым - қатынаста дәрігердің дауыс көтермей, бірқалыпты шыдамдылықпен, тіл мәдениетін сақтап, тұрпайылық жасамауы қажет.”Әркім өз ауруымен ауырады, оған қорқыныш қосылады” деген қанатты сөз бар. Міне сондықтан дәрігер өзінің мінез - құлқымен, байқап сөйлеуімен және ойлы, дұрыс ақыл - кеңесімен сырқаттарға әлдебір күдік туғызудан қашық болғаны абзал. Кейде сырқат көзінше медициналық
қызметкерлер көбірек сөйлеп қояды, ол ятрогенияға әкеліп соқтырады. Ол медициналық қызметкердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез құлқынан шығады.[3|20]
Денсаулық сақтау саласындағы тиімді коммуникацияның кілттік негізгі дағдылары, мынандай ережелерден тұрады: науқаспен қатынасуда басымдылық танытпау; Науқасты ептілікпен тоқтата білу; Позитивтілікті күшейту;
Сұрақтарды дұрыс қоя білу; Вербальді ақпараттарды дұрыс жинай білу; Коммуникативті дағыларды қолдану; Науқасты сендіре білу қабілеті; Науқасқа әсер ете білу; Коммуникативті білгірлігін құрай білу; Вербальді емес коммуникацияның компоненттерін қолдана білу; Науқастың айтқандарын тұжырымдай білу; Эмоционалды тұрақтылық; Коммуникативті қабілеттілігін көрсете білуі қажет; Адамдармен қарым - қатынасты орнықтыру үшін мәдениеттілікті басты назарда ұстау қажет. Адамдардың ішкі рухани әлемінің маңыздылығын, адамгершілікті жетілдіру қажеттілігін жете түсіну керек.
Медициналық қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамалар - оның қатынасу икемділігі, науқаспен араласуы, қарым - қатынасы науқас психологиясына оң әсерін береді. 
Зерттеу жүргізу кезеңі
Ғылыми жобамыздың зерттеу обьектісі болып «Панфилов аудандық аурухана» және «Аудандық перзентхана», үйде аурып жатқан 10 қарт науқастарға күтім жасау арқылы қарым - қатынастың емделуші психологиясына әсерін анықтау болып табылды. Сауалнама бойынша 120 науқас қатысты.

Қортынды 


Ғылыми жобамды ежелгі грек философы Сократ айтқан сөзімен қортындылағым келеді: «Жанды емдемей, тәнді емдей алмайсың» деген. Маман иесі өте көп, алайда өз ісіне мығым, ойы мен ісін шеберлікпен ұштай алатын нағыз мамандар саусақпен санарлық.. Науқас адам сенен тән саулығын жазар деп үмітпен келгенде, сен оның жан дүниесін де ауыртып жіберетін кездер кездесіп жатады. Сондықтан әрбір дәрігер жақсы маман болумен қатар, жан дүниесі де рухани бай, психолог болу қажет деп ойлаймын. Науқас пен медицина қызметкерінің арасындағы қарым - қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. 
Қорыта айтатын болсам адам жанына жақсы, жаман сөздің, қарым - қатынастың әсерін зерттеу жұмысымыздың мақсатына жеттік. Сауалнама нәтижесі бойынша 2018 - 2019 жылы сауалнамаға 120 науқас қатысты. Сауалнама қортындысы 99% науқастарға жақсы қарым - қатынастың әсер етуі жоғары, жаман қарым – қатынастың жақсы қарым - қатынастан 97% көрсеткішті көрсетіп турғаннын диаграммадан көре аламыз. 
Медицина қызметкерімен науқас және оның туысқандары бір - біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуы менің зерттеу жұмысымның нәтижесінен көруге болады. Медицина қызметкерінің қарым - қатынасы науқас денсаулығына әсері, психологиялық қолдауы маңызды екендігін ғылыми зерттеу жұмысыммен дәлелдей алдым деп ойлаймын

Венгерский психолог И.Харди обратил внимание на особенности различных типов медицинских сестер, с тем чтобы помочь специалистам увидеть себя со стороны.

Медицинская сестра робот. Большинство медицинских сестер относятся к этому типу. Характерной чертой таких сестер является механическое исполнение своих обязанностей. Они выполняют порученные задания с необыкновенной тщательностью, скрупулезностью, ловкостью и умением. Однако действуя строго по инструкции, такие медицинские сестры не вкладывают в свою работу душу, работают подобно автомату, воспринимают пациента как необходимое приложение в инструкции по его обслуживанию. Их взаимоотношения с больным лишены эмоционального сочувствия и сопереживания. Именно такая медицинская сестра способна разбудить спящего больного, чтобы в назначенное время дать ему снотворное.

Медицинская сестра, играющая заученную роль. Поведение такой медицинской сестры отличается неестественностью, наигранностью. Она как бы исполняет заученную роль, стремясь к осуществлению определенного идеала. Такая медицинская сестра начинает играть роль благодетельницы. Ее поведение становится искусственным, показным. Неестественность в общении мешает ей устанавливать контакты с людьми, поэтому такая медицинская сестра должна сама пройти курс коррекции неадаптивной формы своего профессионального поведения, четко определить профессиональные цели, выработать адекватный стиль общения с пациентом.

«Нервная» медицинская сестра. Эмоционально неустойчивая, вспыльчивая, раздражительная сестра склонна к обсуждению личных проблем, что может явиться серьезной помехой в успешной работе с пациентами. Часто можно видеть хмурую с обидой на лице медицинскую сестру среди ни в чем не повинных пациентов. В лечебном учреждении не должно быть медицинских сестер с таким типом непрофессионального поведения. Это свидетельствует о некачественном профессиональном отборе кадров, огрехах в работе администрации. «Нервная» медицинская сестра —это патологическая личность либо человек, страдающий неврозом.

Медицинская сестра с мужеподобной, сильной личностью. Больные уже издали узнают ее по походке или зычному голосу, побыстрее стараются привести в порядок свои тумбочки и кровати, убрать лишние вещи. Такую медицинскую сестру отличает настойчивость, решительность, возмущение по поводу малейшего беспорядка. В благоприятных случаях медицинская сестра с такой личностью может стать прекрасным организатором, хорошим педагогом. При недостатке культуры, образованности, более низком уровне развития медицинская сестра слишком негибка, часто груба и даже агрессивна с пациентами.



Медицинская сестра материнского типа. Такая медицинская сестра выполняет свою работу с максимальной заботой и сочувствием к пациентам. Работа для таких медицинских сестер — неотъемлемое условие жизни. Забота о пациентах является жизненным призванием. Часто личная жизнь таких медицинских сестер пронизана заботой о других, любовью к людям.

Медицинская сестра-специалист. Такие медицинские сестры благодаря какому-то особому свойству личности проявляют любознательность в определенной сфере профессиональной деятельности и получают специальное назначение. Иногда такие медицинские сестры - фанатики своей узкой деятельности, не способные ни на что, кроме выполнения этой работы, ничем кроме нее не интересующиеся.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру