Қорытынды
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі елдің мемлекеттік статистикасына басшылық ететін, оның бүкіл аумағында статистикалық қызметтің мазмұны мен сипатын айқындайтын, мемлекеттік органдардың заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің республиканың әлеуметтік – экономикалық дамудың жайы мен үрдісін сипаттайтын қажетті статистикалық және экономикалық деректерге деген мұқтажын қанағаттандыратын және халықараық деңгейде статистикалық деректердің ақиқаттылығы мен әдістемелік салыстырмалығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы атқарушы өкіметінің орталық болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттары мен келісімдері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің өкімдерін басшылыққа алды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігі ұйымдық жағынан орталық аппараттан, оған тікелей бағынышты статистика агенттігі жөніндегі облыстық, Алматы қалалық басқармаларынан, Статистикалық зерттеулер институтынан және Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Есепке алу, статистика еңбек және жұмыспен қамту кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі риспубликалық салааралық институтынан құралады.
Орталық аппарат макроэкономика, өнеркәсіп және күрделі құрылыс, ауыл және орман шаруашылығы,сауда және қызмет көрсету, әлеуметтік және демография, баға, төлем балансы статистикасы және т.б. Бас басқармаларына, халық санағы бөліміне бөлінеді. Ал олардың өзі бірнеше бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады. Облыстық және Алматы қалалық Ұлттық статистика агенттігі өздеріне қарайтын қалалар мен аудандарда статистика инспектурасына немесе есептеу орталығына бөлінеді және олардың жұмысына тікелей басшылық етеді.
Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігіне қарайтын облыстық, қалалық, аудандық статистика органдары өз жұмыстарын жергілікті атқарушы органдарымен үйлестіріледі. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтежесі жайында оларды дүркін-дүркін хабардар етіп отырады. Статистикалық есеп жұмыстарында жіберілген кемшіліктерді жоюға, оны болғызбауға бағытталған ұсыныстар беріп, дер кезінде көмек көрсетіп тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі және оған қарасты ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Достарыңызбен бөлісу: |