3.Статистика пәні және оның зерттеу объектісі (зерзаты)
Қандай да бір пәнді оқып-үйренуге кіріспес бұрын, алдымен сол пәннің нені зерттейтінін, қайда және қандай тәсілдерді қолданатынын анықтап алуымыз керек.
Статистика - қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерің, ондағы сандык карым-катынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта жіне қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым. Сонымен бірге, ілеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи жөне техникалық фак-торлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген өсерін аныктайды.
Табиғатында, статистика - жаппай қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Қоғамдық ғылым ретінде, республикамызда болып жатқан жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, талдау әдістемелерін аныңтайды. Сонымен, статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді және бұл тәсілдері басқа ғылымдарда да қолданылады. Статистиканың сандық жағы дәл зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың, процестін көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер турінде сипаттауын айтады.
Сандық жағын оқып-үйрену жолдары төмендегідей:
1. Статистика қоғамдық құбылыстар көлемін, мөлшерін зерттейді. Сандық жағын зерттей отырып, көптеген қызықты көрсеткіштере тап боламыз және олардыдың қалай өзгергенін анықтай аламыз. Мысалы: халыңтың саны өндірілген өнім мөлшері.
2. Статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді. Яғни, қай уақытта қанша болғандығын анықтайды.
3. Статистика қоғамдық құбылыстардың өзара карым-қатынасын немесе пропорциясын зерттейді.
Жоғарыда көрсетілген 3 элемент - қоғамдық құбылыстардың сандық құрамының негізгі бөліктері болып саналады.
Статистиканың негізгі қасиеті - қоғамдық құбылыстардың өзгеруін сандық тұрғысынан қарастыра отырып, оның сапалық мәнін де аныктайды. Сандық және сапалык, көрсеткіштер бірімен-бірі өзара тығыз байланыста болады. Сапа деп әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуін айтады.
Статистика қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштерді қарастырады. Бұл элементтер жиынтың бірліктері деп аталады. Олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттерін статистика тілінде белгі деп атайды.
Белгілер сандық және сапалық болып екіге бөлінеді. Сандық белгілердің жеке мәндері сан мөлшерінде беріледі. Мысалы: стипендия немесе айлық табыс мөлшері, жүмысшылардың саны, өндірген өнімдердің көлемі және т.б. Ал сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде беріледі. Мысалы: жүмысшылардың мамандығы, өндірілген өнімдердің түрлері және т. б. Белгілер жиынтықтың әрбір бөліктерінде әр түрлі мәнге ие болады. Оны статистикада өзгермелілік (вариация) деп атайды. Мысалы, эр жұмысшының алатын айлық табыс мөлшері әр түрлі болады.
Статистика мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен үрдісін сипаттайтын мәліметтерді жан-жаңты зерттейді. Басқару орындарына статистикалық, мәліметтер мен ақпаратты қажетіне қарай беріп отырады. Халықаралық деңгейде көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығы мен есептеу әдістерінің салыстырмалылығын камтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |