І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері


Статистиканың мәні және оның - теориялық негіздері



бет3/7
Дата11.04.2022
өлшемі125.5 Kb.
#220320
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Статистика1.
1541518411 (1), 5-сабақ. Кейіпкерлер жүйесі, 1612792533, 6-сынып кмж 10, М.Назерке 2 конс
Статистиканың мәні және оның - теориялық негіздері

Әрбір экономист статистикалық деректерді түсінуге, олардың өз жұмысында пайдалана білуге, сонымен бірге экономикалық-статистикалық талдау әдістерін жете игеруге және оның нәтижелері бойынша дұрыс шешім қабылдауға тиіс.

Кейде статистика әмбебап немесе әдістер жинағы - қоғамдық та, сонымен бірге табиғи кұбылыстарды талдауға да бірдей қоллдануға болатын статистикалық әдістер жүйелі түрде баяндалатын теория ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда «статистика» деген ұғым ықтималдық тео-риясына негізделетін математикалық статистикамен тұтасады.

Мәселен, Еуростаттың «Зерттеу саласы мен дайындау аялары» (1999 ж.) басшылығына сәйкес статистиканы зерттеу (462- код) деп «сандык дерек-терді жинау, сипаттау, ұйымдастыру мен талдау» деп түсініледі. Мұның өзінде статистика математикамен бірге (461-код) Халықаралык білім беруді стандартты жіктеуге (ХБСЖ, ISCED-97) «математика және ста­тистика» деп аталатын 46-кодпен білім беру саласының құрамына кіреді.

Статистиканы зерттеу ауқымына актуарлық ғылым (сақтандыру ста-тистикасы), математикалық (теориялық) статистика, ыктималдық теориясы, қолданбалы статистика, тексеру жоспары, іріктеп тексеру бойынша бағдарламалар кіреді. Бұл ретте осы саладан демографиялық статистика шығарылып, ол «Әлеуметтану және мәдениетті зерттеу» деп аталатын 312-салаға енгізілді.

Біздің ойымызша, статистика бір әмбебап ғылым ретінде (бір жақты) қарастырылса да, ол ең алдымен қоғамдық құбылыстардың санын зерттеуге қолайлы болғанына қарамастан статистиканың жалпы теориясына лайық деп санаймыз.

Статистиканың жалпы теориясы курсында статистикалық ғылымның негізгі категориялары, қағидалары, статистикалық деректерді жинау, өңдеу және талдаудың ғылыми негіздері баяндалады. Арнайы оқытылған статистикалық қызметкерлер статистикалық ғылымда белгіленген тиісті ережелер мен тәртіптерді басшылыққа алады.

Статистиканың әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеумен байланысты екенін ескере отырып, статистикаға дербес қоғамдық ғылым ретінде (шын мағынасында) анықтама беріледі. Кез келген ғылым ретінде оның да зерттеулерінің мәні мен өзіндік ерекше әдістері бар.

Статистика пәні. Статистика жаппай белең алған қоғамдық құбылыстың сапалық мағынасының сандың жағын зерттейді.

Осы анықтама статистиканың үш ерекшелігіне келесідей сипаттама береді:

1) статистика математикалық статистикамен тұтасатын әмбебап ғылым емес, бұл қоғамдық құбылыстарды зерттейтін ғылым (осыған қарамастан біз статистика деп математикалык статистикамен шын мәнінде тұтасатын статистиканың жалпы теориясын ғана әмбебап ғылым дейтін ғалымдармен келісеміз);

2) коғамдык құбылыстардың сапалы мазмұнының сандық жағы зерт-теледі;

3) статистика жаппай белең алған қоғамдық құбылыстарды зерттейді, яғни статистика көп заттардың санын олардың әр түрлі белгілері бойынша сипаттайды. Статистика статистикалық жиынтық, вариация, ва-риацияланатын белгілер, статистикалық заңдылықтар, көп сандар заңы сияқты категориялармен байланысты.

Статистика – қоғамдық ғылым, сондықтан басқа қоғамдық ғылымдар сияқты ол экономикалық теория мен философияға негізделеді.

Статистика және экономикалық теория. Статистик өзі зерттейтін құбылыстардың мәнін дұрыс түсіну үшін ол жаксы экономист болуы тиіс.

Статистик озық экономикалық теорияны басшылыққа ала отырып, статистикалық жинақтаудағы факторлардың жиынтығын ғылыми жағынан қорытады және оларды қойылған мақсатқа орай топтарға бөледі немесе біріктіреді. Ол қоғамның дамуының заңдылыктарын білген жағдайда ста­тистика қоғамдық құбылыстардың нақты сандық сипаттамасын беретін көрсеткіштерді, топтар мен жіктемелерді анықтай алады.

Сонымен катар статистика экономикалық теорияны дамытуға мүмкіндік беретін статистикалық заңдылықтар түріндегі қорытылған фактілердің жаңа жиынтығын береді. Ал демографиялық статистика демографияға не­месе халықты зерттейтін ғылымға негізделеді.

Статистика және философия. Статистикалық әдіснама диалектикалық және тарихи материализмнің жалпы заңдарына негізделеді.

Диалектикалық таным әдісінің талабының бірі - барлық құбылыстарды бір-бірінен бөлектеу емес, кайта оларды өзара байланыстырып қарастыру. Метафизикада табиғат пен қоғам бір-бірімен байланысы жок кездейсоқ жи-ын ретінде қарастырылады. Статистика осы құбылысқа қатысты фактілердің салдарлы себептерін, тұтастай әрі өзара байланыстары мен тәуелділіктерін ашып зерттейді.

Диалектикалық таным әдісінің екінші бір ерекшелігі ретінде оның табиғат пен коғамның барлық құбылыстарын үздіксіз даму жолында қарауын айтуға болады. Құбылыстардың өзара байланысы мен тәуелділігі жағынан ғана зерттеліп қана коймай, сонымен бірге олардың қозғалысы, өзгеруі, дамуы және пайда болуы мен жоғалуы да назардан тыс калмауға тиіс. Ста­тистика барлық құбылыстарды тарихи жағынан, ал алынған статистикалық сипаттамалар - өндірістің осы тәсіліне тән тарихи ретінде карастырады. Диалектикалык әдістің осы ерекшелігінің статистиканың барлык тараулары үшін, әсіресе динамиканы, орташа шама мен топтастыру әдісін зерттеу әдістері үшін өте маңызды болып табылады.

Статистика, сондай-ақ санның жаңа сапаға көшудің диалектикалық заңына да сүйенеді. Даму санның шамалы әрі жасырын өзгеруінен түбегейлі және сапалы өзгеруге көшу ретінде қарастырылады. Сондай-ак статистикада кездейсоқ және қажеттілік, жеке дара және жаппай белең алушылық, жеке және жалпы сияқты ұғымдар диалектикалық түрде колданылады.

Қоғамдық жаппай белең алған процестер мен құбылыстардың заңдылығы. Статистика жаппай белең алған қоғамдық құбылыстардың сипаттамасын жинақтап корыта келе, олардың көмегімен статистикалық деректердің орналасу тәртібіндегі, арақатынасындағы немесе өзгерісінде байқалатын белгіленген заңдылыктарды анықтайды. Заңдылықтардың мынадай түрлері болуы мүмкін:

1) кұбылыстардың даму (динамикасының) заңдылықтары (мысалы, халық санының, өндіріс мөлшерінің, халықтың әл-аукатының деңгейінің, өнімнің өзіндік кұнының және т.б. динамикасы);

2) құбылыстар құрылымының өзгеру заңдылықтары (мысалы, қала халқының оның жалпы санындағы үлесі; салалардың өнеркәсіптегі техникалық прогресті қамтамасыз ететін үлестері; жекелеген өнімдердің халыктың тұтынуындағы өзіндік салмағының үлесі);

3) жиынтыктың ішінде бірліктерді бөлу заңдылыктары (халыкты жас бойынша бөлу, дүкендердегі сатып алушыларды сағаттар бойынша бөлу және т.б.);

4) жиынтықтағы вариацияланатын әр түрлі белгілердің бір-бірімен байланысты өзгеруінің заңдылықтары (өнімділіктің енгізілген тыңайткыш-тың мөлшеріне байланысты болуы, жүмысшылардың біліктілігінің жұмыс өтіліне байланысты болуы және т.б.).

Талдап қорытылған статистикалық деректер күрделі себептердің кешенінің ықпалынан пайда болады. Осы себептер кешенінің ішіндегі бір себептер негізгі, жиынтықтың бірліктері үшін ортақ, ал басқа себептер жеке бірлікке тән (бүкіл жиынтық үшін кездейсоқ) болады. Жаппай бақылаудың негізінде есептелген талдап қорытылған статистикалық көрсеткіштерде осы жеке себептер туындатқан салдарлар тегістіледі, ал бүкіл жиынтык үшін ортақ болып табылатын себептер айқын білінеді. Бұл орайда көп сан заңы осылай қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы