І. Кіріспе Қазақ әдебиетінің «поэзия» дейтін әулие жанры, оның көркемдік деңгейінің шеберлік аясы туралы, поэзия жанрының дамуы, қалыптасуы туралы сөз қозғайтын болсақ, біз алдымен сол поэзия жанрының тууына, өс


Ақынның туған ауылы туралы өлеңдері



бет6/10
Дата22.09.2021
өлшемі45.56 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3. Ақынның туған ауылы туралы өлеңдері

Туған жеріне кіндігінен байланып қалған қиян шеттегі қараша ауылдың күйкі тірлігінен жалықпай, қызметтен қол үзбей, адалдық пен аңғалдықты ту етіп, ұстаған ауылдастарымен етене жақын жүріп, жыр жазған, сүйте жүріп алыстағы Қазақстан Жазушылар одағына мүше болған ақын Төлеген ата болды. "Тегің жайлы әңгіменің шетін бастасаң, шежірені түгел тарқатып ала жөнелетін, жүрген жерінде сөйлескен жанның өзінен бұрын тегін сұрайтын, терең шежіреші жан да Төлеген Рақымжанов еді. Ешкімге ұқсамайтын ерекше дауысымен өлеңдерін оқығанда, өзіне ғана тән ойнақы әзілмен сөз саптағанда көз алдыңда келбеті өсіп, көңіліңді марқайтып тастайтын" дейді атамыз жайында көз көргендер.

"Туған жерінің тау мен тасын орман тоғайын өзен көлін бұта қарағанын өлеңдерінің тақырыбы етіп толғайды. Туған жеріне деген махаббатын жырмен жеткізеді. Алтайды мекендеген аға буын мен замандастарының бойындағы игі қасиеттерді табиғи талантының арқасында тап басып танып, тебірене жырлайды. Өмір ағымындағы оң өзгерістер мен өзекті өртер ерекше сәттерді ой елегінен өткізіп, өзтір өлеңдерінің тақырыбына айналдырады",- дейді Төлеген ата жайында мектеп директоры Ғалия Сейтқұмарқызы.

Алтай өңірі қазақтардың ежелгі мекені. Әрине, ол кезде қазақ деген атау болмаған. Бірақ скиф, сақ, ғұн деген тайпалар осында өмір сүргені ежелгі тарихтан белгілі. Оған Берел қорымынан, Ресейдің Қосағаш ауданынан, Ақалақыдан табылған жәдігерлер айғақ бола алады. Сонда өз атамекенімізді мекендеп отырған халықпыз. Сол халықтың ұрпағы Қаратай елі 1860 жылға дейін ешкімге бағынбай, бейтарап жатса керек. 60 жылдары өңір Ресейдің боданына айналды. Ол кезде ауылдардың аты болмай рет санымен аталатын. Сарғалдақтың үш баласының, Дәулеттен Бәйтен мен Байкісінің және Шоңмұрынның Жарылғастан туған Тоқарыстан деген баласының ұрпақтары «Үшінші ауыл» атанған екен. Қазіргі Қызылжұлдыз бен Еңбек ауылдарының тұрғындары сол үшінші ауылдан қалған ұрпақ. Бәйгісілер Тарбағатай, тіпті одан ары Мұзбелге дейін жайлап жүрді. Шоңмұрындардың жайлауы Шабанбайда болған. Бәйтендердің жайлауы Тарбағатайдың бергі жақ қыр жотасы болыпты. Ауылдағы мектеп атын иемденіп отырған, облысқа белгілі ұстаз болған Садық атаның әкесінің атындағы «Тукебай көлі» деген шағын көл ауылдың тұсында, тау үстінде әлі бар. Мектеп оқушылары жылда оқу аяқталған кезде сол көлге саяхатқа барып келуді дәстүрге айналдырған.

1930 жылдары сол жағалаудағы үш колхоз «Еңбек» ұжымшары болып біріктірілді. Бұрын болыстық жүйе бойынша рет санымен аталған ауылдар енді жеке атпен атала бастады. Қызылжұлдыз бен Еңбек ұжымшарлары Таңба ауылдық кеңесіне қарасты болды. Ұжымшар атауына байланысты ауыл Қызылжұлдыз аталды. Ал Еңбек ауылының аты Еңбек немесе Таңба деп қатар аталып келіп, 1970 жылдан бастап бірыңғай Еңбек деген атауға көшті.

Осы шағын ғана ауылын жырына қосқан Төлеген атамыздың жалынды жырларын мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары жатқа біледі десем артық айтқан емес.

Қай ауыл? Осы ауылды Еңбек дей ме?
Еңбектен дөңгелек жыл жел кетпей ме?!
Қысында бір ай бойы күн түспей ме,
Күні-түн аяз буып делдектей ме?!

Осы төрт жолмен-ақ атамыз Еңбектің бар сыры мен қасиетін көркемдеп береді.

Еңбектің Алтайдан соғатын жылы желін, қысқы суығы мен қыстың қысқа күнін-дегі күннің тау биігіне жасырынып, ауылды көлеңкелеп тұратын ерекшелігін әсерлі жеткізеді.
Ауылымды “Таңба” дейді, “Еңбек” дейді,
Осынау алып жатқан кең беткейді.
Басқаның талғамында жұмысым жоқ,
Мен үшін бұл араға жер жетпейді.
Мен үшін аңыз – Еңбек, өлең – Еңбек,
Қашанда осы ауылға бөгелем кеп.
Осы ара дүниеге келген жерім,
Атымды қойған мұнда Төлеген деп,- ақын атамыздың осы өлеңінен туған жерді қалай сүю қажеттігін үйренуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік