І. Кіріспе Қазақ әдебиетінің «поэзия» дейтін әулие жанры, оның көркемдік деңгейінің шеберлік аясы туралы, поэзия жанрының дамуы, қалыптасуы туралы сөз қозғайтын болсақ, біз алдымен сол поэзия жанрының тууына, өс


Ақын өлеңдеріндегі туған жерге деген сүйіспеншілік



бет5/10
Дата22.09.2021
өлшемі45.56 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2. Ақын өлеңдеріндегі туған жерге деген сүйіспеншілік

"Өлеңімнің өзегі-Төр Алтайым" деп жырлаған ақын туған жерін ерекше іңкәрлікпен сүйген, жақсы көрген. Жүрегіне шабыт сыйлаған туған жер- Төлеген атаның шығармашылығының көп бөлігін қамтиды.

"Көкшені көрмей-ақ өтейін,
Баянға бармай-ақ кетейін.
Туған жер – Катонқарағайыма
Тезірек жетейін",- деген өлеңі осы сөзіме дәлел бола алады.

Бүгінгі күні ауыл халқының жаппай қалаға қоныс аударуының нәтижесінде халық санының күрт азайып кеткені жасырын емес. Сол себепті ауыл мектептеріндегі бала саны да жылдан жылға азаюда. Бұл- бүгінгі аға-апайларымыздың ауыл тіршілігіне, ауылшаруашылыққа, ауылдағы қиынырақ тірлікке көндікпеуінен деп ойлаймын. Ал Төлеген ағамыз сонау Алматы қаласында білімін шыңдап, мамандық алып, ақындығымен таныла бастаған кездің өзінде туған жерінің дамуына атсалысу үшін ауылға келуі, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнауы, халқын сұлу жырларымен сусындатуы- нағыз ерлік. Бұл- туған жеріне деген махаббаттың адалдығының белгісі.

"Өзіңде менің мұң-қайғым,
Өзіңнен алам нұрлы айбын.
Тебіреніп кеткен кезімде,
Туған жер, Сені жырлаймын"-деген жолдардан Төлеген атамыздың өлеңдері өмірімен астасып жатқанын көреміз.

Осы өлең арқылы ақын мұңайса да, қуанса да өмірге деген құштарлықты туған жерге деген сүйіспеншіліктен іздейтінін айтады.

Дүниеде жер де көп құнарлы,
Дүниеде тау да көп мұнарлы.
Сол жерлер, сол таулар Катондай
Қандырмас құмарды,- дейді ақын.
Бұл жолдардан туған жерге деген сөлдір сағынышты көре аламыз. Төлеген ата бар мұңы мен сырын өлеңге шаққан, өлеңмен ғана сырласқан жан. Ақын атамыз соңғы демі таусылғанша жырлап өткен Төр Алтайында мәңгілік тыныстап жатыр. Ол әдебиетіміздің ауылдағы алтын діңгегінің бірі саналатын, қаратайдың қадірлі азаматтарының бірі ғана емес, бірегейі болып есептелетін.

Тауды көрсең шың-құздарын мұз басқан,


Шипа сумен жаңбырлатқан сүзгі аспан.
Мына менің туып өскен Алтайым
Көркін жырлап бере алар ма жүз дастан?!

Төлеген атаның өз сөзімен толғансақ, ақын өзіндік сөйлеу мақамымен, сөйлеу еркімен ауызекі және жазба тілдің құнарын кемелдетеді, ой-өрісімізді кеңейтеді. Бойымыздағы туған жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырады. Халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерге сусындап, терең түсініп, ерекше ілтипатын білдіреді.

Туған жер – шын ғашығым, нақ сүйерім,
Мен сенің азаматың – ақсүйегің.
Өзіңді жырға қосып ән шырқаймын
Қалғанша қашан түсіп жақ сүйегім.

Төлеген Рақымжанов- сөз өнерін ерекше қадірлей білген жан. Ұтымды сөзге тоқтай білді- бұл дегеніңіз атам заманнан үзілмей жеткен ұлттық дәстүріміз. Төлеген ата қалдырған сөз сарайы, ой аржаны, тіл қаузамы- ақылдың ариясы, ұрпаққа ғұмырлық өсиет, рухани сусын.

Төлеген атаның ойлау болмысы, сөйлеу мәнері, дүниетанымы, аңғарымпаздығы айналасындағы жұмыр басты пенделерге ерекше әсер еткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік