І. Кіріспе Қазақ әдебиетінің «поэзия» дейтін әулие жанры, оның көркемдік деңгейінің шеберлік аясы туралы, поэзия жанрының дамуы, қалыптасуы туралы сөз қозғайтын болсақ, біз алдымен сол поэзия жанрының тууына, өс


Баспагер-жазушы, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, Қайырды Назырбаев

Loading...


бет4/10
Дата22.09.2021
өлшемі45.56 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Баспагер-жазушы, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, Қайырды Назырбаев:

Өзіңде менің мұң-қайғым,

Өзіңнен алам нұрлы айбын.

Тебіреніп кеткен кезімде

Туған жер, сені жырлаймын,- деп ақын өзі айтқандай, оның өлеңдерінің басым бөлігі туған жерге арналған. Ол Алтайды жеріне жеткізе жырлаған ақындардың бірі.

Журналист, ақын, Жәнібек Қызыр:

"Қанша адамды мен өзім мойындасам,

Қанша аадамға өзімді мойындаттым",- деп Мұхтар Шаханов айтпақшы, өзінің ақындық құдіретіне аудан, облыс жұртшылығын мойындатып, Қазақстанның бір түкпірінде, Еңбектей шағын ауылда тұрып-ақ республиканың сөз зергерлерін өз өнеріне иілдіріп, Қазақстан Жазушылар Одағына мүше болған талантты ақын, білікті ұстаз еді.

Ендеше жобамның негізгі тақырыбына көшейін.

Өлең-құмар еттің де жастай, Алла-ай,
Өмір бойы қойдым ғой тастай алмай.
Осы өлеңнің жолына құрбандыққа
Әуселесін ақыл-ой шашты аянбай.

Бұл шығармасынан "Өлең-ақын өмірінің мәні" екенін көруімізге болады. Ақынның ақыл-ой патшалығынан туған өлеңдері нағыз ауыл халқының өміріне негізделген. Өйткені, Төлеген ата өмір бойы өзегін жыр тербеген, жан толқынысы мен жүрек тебіренісін, аңсағаны мен сезгенін өлеңмен өріп, зерлеген ақын. Ол бүкіл саналы ғұмырын арнаған өлең-жырлары Астанадан шыққан "Ағажай, Алтайдай жер қайда", атты топтама жинақта жарық көрсе, 2002 жылы "Елорда" баспасынан мемлекеттік тапсырыспен шыққан "Туған жер, сені жырлаймын" деген атпен жарық көрді.

Әке-асқар тау. Ол анау шіліңгір шілдеде шыңдарында қар жататын алып Алтай іспетті. Мәселе, оның ақын немесе әкім немесе президент болуында емес. Мейлі кім болсын, әке мен шеше- балаға ыстық жандар.

Ақын өзі және өзінің отбасы жайын да өлеңге арқау етеді: Мысалы,

Бір нүктенің сөйлемін бүтіндедім,
Бір сөйлемді жөнге сап түтудемін...
...Балғын сегіз баланың әкесімін,
Тоғызыншы бір ұлды күтудемін.
Бес ұлым мен үш қыз бар қазір менде,
Адамдыққа талпынып әзірленген. 
Уақытым зымырап өтіп жатыр,
Балаларды ойнатып, әзілдеумен.

Бұл өлең жолдарынан атамыздың абзал әке, асыл жар, салиқалы ата болғанын көреміз. Осы ақын атамыздың немересі Айхан қазір менімен сыныптас.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...