І. Кіріспе Қазақ әдебиетінің «поэзия» дейтін әулие жанры, оның көркемдік деңгейінің шеберлік аясы туралы, поэзия жанрының дамуы, қалыптасуы туралы сөз қозғайтын болсақ, біз алдымен сол поэзия жанрының тууына, өс



бет1/10
Дата22.09.2021
өлшемі45.56 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


І. Кіріспе

Қазақ әдебиетінің «поэзия» дейтін әулие жанры, оның көркемдік деңгейінің шеберлік аясы туралы, поэзия жанрының дамуы, қалыптасуы туралы сөз қозғайтын болсақ, біз алдымен сол поэзия жанрының тууына, өсіп жетілуіне негізгі себепкер болатын ақындарымызды есімізге аламыз. Әрбір ақын осы төл әдебиетімізге өзінше үлесін қосады, баға жетпес құндылықтарын қалдырып, оқырманын тәнті етеді.

Біз- еліміздің болашағымыз. Білім мен тәрбиенің арқасында ғана биік шыңдардан көрінеміз. Үшінші сыныпты енді ғана бастап жатсам да, болашақта үлкен адам болуды армандаймын. Біз былтырғы оқу жылында сынып жетекшіміз Әлия Жанәбілқызының ұйымдастыруымен "Менің Елім- Мәңгілік Ел" тақырыбынды тәрбие сағатын өткіздік. Тәрбие сағатында Әлия апай бізге елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру" атты мақаласын таныстырды. Сонда Елбасымыз былай деген екен: «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым - әнім» атты әнді  айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл - мағынасы өте терең сөздер. Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл­діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс" деген екен. Осы сөздер маған ерекше әсер берді. Мен, еліміздің ең үлкен патриоты Елбасымыз екен деп ойладым. Содан бері президенттің "Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс" деген сөзін үнемі ойлап жүрдім. Осы ойымды Әлия апайға айтып едім, ол кісі маған біраз мәліметтер ұсынып, ең алдымен туған ауылдан шыққан, әдебиетіміздің дамуына сүбелі үлесін қосып отырған ақын-жазушылардан бастау қажеттігін айтып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Меруерт Бақытбекқызымен жұмыс жасауға кеңес берді. Меруерт Бақытбекқызы бұл бастаманың қуана қабыл алып, менің жасыма сәйкес, ең алдымен өз мектебімізде ұстаздық, басшылық қызметте болған, ақын атамыз Төлеген Рақымжанұлынан бастайтынымызды айтты. Төлеген ағамыздың кітаптарын ұсынды. Содан бері осы жұмысты зерттеп келеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік