І жалпы ережелер

Loading...


Pdf көрінісі
Дата20.12.2019
өлшемі0.69 Mb.

І 

Жалпы ережелер 

 

1.1  Осы  Ереже  ТарМПУ  (бұдан  әрі  -  Университет)  мен 

қазақстандық және шетелдік ғылыми қоғамдастықтың, университет 

профессор-оқытушылар  құрамы  мен  ғылыми  қызметкерлерінің 

қатысуымен  өтетін  конференцияларды  жоспарлау,  ұйымдастыру 

және  өткізуге  қатысты  құрылымдық  бөлімдердің  жұмысын 

реттейді. 

1.2   Университет 

конференцияларды 

жоспарлау 

мен 

ұйымдастыру барысында келесі нормативті құжаттарды: Қазақстан 



Республикасының  Білім  туралы  заңы,  (29.12.2014  ж.  өзгертулері 

мен  толықтыруларымен)  Қазақстан  Республикасының  Ғылым 

туралы  заңы  (29.09.2014  ж.  өзгертулері  мен  толықтыруларымен) 

және  басқа  да  ҚР  нормативті  құқықтық  актілері  мен  ғылыми 

жұмыстарды  реттеуші  жергілікті  нормативті  актілерді,  ТарМПУ 

Жарғысын,  Университет  ректорының  бұйрықтары  мен  өкімдерін 

және осы Ережені басшылыққа алады. 

1.3 Университет өз алдына, сонымен қатар,  қазақстандық және 

шетелдік  заңды  тұлғалармен  бірлесе  отырып  ғылыми,  ғылыми-

тәжірибелік,  ғылыми-әдістемелік  коференцияларды  өткізеді. 

Конференциялар тізімі 2-бөлімде қарастырылған. 

1.4  Университет  конференциялары  Жалпыға  міндетті  білім 

беру  стандартын  жүзеге  асыру,  іргелі  және  қолданбалы 

зерттеулерді,  инновациялық  жұмыстарды,  білім  беру  үрдісін 

жандандыру, сапасын арттыру мақсатында өткізіледі. 

1.5Конференциялар 

Университеттің 

мемлекеттік 

тапсырмаларына  сәйкес  өткізіледі.  Оқу  жылына  кафедралар  және 

факультеттер  көлемінде  жоспарланған  барлық  конференциялар 

Ғылыми-инновациялық  қызмет  бөлімімен  келісіп,  Университет 

жоспарына енеді.  

1.6  Конференциялардың  нәтижесі  ретінде  резолюциялар, 

ұсыныстар мен шешімдер қабылданады.  



 

ІІ Конференциялардың түрлері 

 

2.1  Конференция  –  зерттеушілер  (тек  ғалымдар  немесе 

студенттер  емес)  өз  жұмыстарын  ұсынып,  талқылайтын  ғылыми 

жұмысты  ұйымдастырудың  түрі.  Конференциялар  зерттеулер 

нәтижесін  түрлі  материалдар  түрінде  (баяндама,  тезистер,  сөз 


сөйлеу, стенддік баяндама) қоғамдық ғылыми талқылаулар арқылы 

айқындалады.  

2.2  Конференциялар қойылатын талапқа сәйкес көптеген түрге 

бөлінеді. Бағытына қарай: 

ғылыми-теориялық  (ҒТ)  –  зерттеулер  мен  эксперименттер 

барысында пайда болатын түрлі ғылыми мәселелер мен сұрақтарды 

шешу  амалдарын теориялық  тұрғыдан талқыланатын конференция 

түрі; 


ғылыми-тәжірибелік  (ҒТК  )  -    тәжірибелік  және  қолданбалы 

міндеттері бар тәжірибе мен білімдер алмасатын конференция түрі; 

ғылыми-техникалық 

(ҒТехҚ) 


– 

техникалық 

және 

технологиялық  сұрақтарға  қатысты  тәжірибе  мен  білім  алмасатын 



конференция түрі; 

2.3  Қатысушыларды  қамтуына  байланысты  конференция  түрлі 

деңгейдегі  өткізіледі:  халықаралық,  республикалық,  аймақтық, 

облыстық, университеттік. 

Ұйымдастыру  комитеті  құрамында  шет  мемлекеттердің  өкілі 

(бір адамнан кем емес) немесе шетелдік өкілдер қатысқан жағдайда 

іс-шара халықаралық болып табылады;  

Іс-шараға  басқа  да  ҚР  жоғары  оқу  орындарының  өкілдері 

немесе 

құрылтайшылардың 



құрамында 

үкіметтік 

немесе 

республикалық  маңызы  бар  ғылыми  ұйымдар  өкілдері  болған 



жағдайда іс-шара республикалық болып саналады. 

Жұмыс тілі ретінде қазақ, орыс, ағылшын тілдері қолданылады. 

Егер  қатысушылары  Қазақстан  Республикасының  нақты 

географиялық 

аймақ 

субъектілеріне 



жатса, 

немесе 


құрылтайшылардың құрамында үкіметтік немесе аймақтық маңызы 

бар  ғылыми  ұйымның  өкілдері  болса,  іс-шара  аймақтық  болып 

есептеледі;  

Егер іс-шара Жамбыл облысының білім беру саласына қатысты 

болса,  немесе  құрылтайшылар  құрамында  облыстық  басқарма 

немесе ғылыми ұйымдар өкілдері болса, облыс көлеміндегі іс-шара 

болып есептеледі. 

Егер    іс-шара  құрытайшылары  қатарында  түрлі  жоғары  оқу 

орындарының 

өкілдері 

болса, 

немесе 


іс-шараға 

басқа 


университеттер  мен  оқу  орындары  өкілдері  қатысқан  жағдайда  іс-

шара университетаралық болып есептеледі. 



Егер іс-шараға тек Университет қызметкерлері, студенттері мен 

магистранттары  қатысқан  жағдайда  іс-шара  университеттік  болып 

саналады.  

Жұмыс тілі – қазақ, орыс тілдері. 

2.4  Ғылыми  мақсаты  мен  тұрпатына  қарай  конференциялар 

келесідей болып бөлінеді: 

ғылыми  конференция  –  педагогикалық  қызметкерлердің, 

қазақстандық  және  шетелдік  ғылыми  ұйымдардың,  профессор-

оқытушылар  құрамы,  Университеттің  ғылыми  қызметкерлері 

жетістіктері  мен  пікірлерін  қоғамдық  талдау  немесе  алмасуды 

ұйымдастырудың түрі; 

оқу-ғылыми  конференция  –  студенттердің  нақты  бір  тақырып 

аясында  дискуссиялық,  аргументациялық  және  қоғамдық  сөйлеу 

дағдыларын  дамытуға  бағытталған  бір  немесе  бірнеше  пәндердің 

шеңберінде  оқытушы  тарапынан  жүргізілетін  оқу  пәнінің 

ұйымдастырылған түрі;  

ғылыми-тәжірибелік 

конференция 

– 

ғылыми 


немесе 

тәжірибелік  жұмыстың  нақты  бір  аясында  мамандардың  қоғамдық 

пікір  алмасуының  қоғамдық  ұйымдастырылған  түрі.  Конференция 

қатысушыларының  «дөңгелек  стол»,  «тәжірибелік  бағытталған 

семинарлар»,  «тренингтер»  және  т.б.  түрде  өткізілген  өзара 

байланыс түрін айқындайды

ғылыми-әдістемелік  конференция  –  оқытушылардың,  білім 

беру менеджерлерінің қоғамдық пікір алмасуы мен жетістіктерімен 

бөлісуі.  Бұл  іс  шара  түрі  білім  беру  үрдісін,  педагогикалық 

технологияларды,  ғылыми-зерттеу  әдістемесін,  білім  беру 

жұмысын  басқаруға  қатысты  мәселелерді  шешуге  бағытталған 

ғылыми-әдістемелік 

ұсыныстарды 

талқылауды 

көздейді. 

Конференциялар  талқыланған  сұрақтарға  қатысты  ұсыныстарды 

талқылап, қабылдайды.  

2.5  Тақырыптарына  қарай  конференциялар  бірнеше  түрге 

бөлінеді: нақты бір тақырыпқа арналған конференциялар: қоғамдық 

және 


гуманитарлық 

ғылымдар, 

техникалық 

ғылымдар, 

жаратылыстану  ғылымдары  және  кең  тақырыпты,  ғылыми 

сұрақтарды жалпылайтын конференциялар.

 

2.6


 

Конференцияларға қатысудың бірнеше түрлері бар: 

Тікелей  қатысу  –  қатысушы  міндетті  түрде  коференцияға 

қатысуға міндетті



Сырттай  қатысу  –  қатысушы  өзінің  өтініші  мен  мақаласын 

ұйымдастырушы  комитетінің  электронды  поштасына  жібереді, 

конференцияға келіп қатысу міндетті емес;

 

Қашықтықтан қатысу – қатысушы өз жұмыс орнында отырып, 



заманауи технологиялардың көмегімен, мысалы Internet немесе т.б. 

желі көздерімен қатыса алады. 

2.7

 

Қолданылып  отырған



 

заманауи


 

телекоммуникациялық 

технологияларды  қолдану  түріне  қарай  конференциялар  келесідей 

болып бөлінеді:  

 

интернет-конференция,  яғни,  жеке  тұлғаның  Интернет 



желісі  арқылы  мақсатты  интернет-аудиториясымен  байланыс 

орнатуы;


 

 



веб-конференция,  яғни,  нақты  уақыт  аралығындағы 

Интернет  арқылы  онлайн-байланыс  және  бірлескен  жұмыс.  Веб-

конференцияларда  онлайн-презентацияларды  жасауға,  құжаттар 

және қосымшалармен жұмыс жасауға, сайттарды, бейнефайлдарды 

және суреттерді синхронды түрде қарауға мүмкіндік болады. 

 

2.8. 



Конференцияның

 

қорытынды 



құжаттары 

ретінде 


резолюциялар, ұсыныстар мен шешімдер қабылданады.  

 

ІІІ Конференцияны ұйымдастыру мен өткізу тәртібі 

3.1 

Конференцияны  дайындау  бойынша  ұйымдастыру 



комитетінің жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу: 

3.1.1


  

Конференцияны дайындау мен өткізу мақсатында жоғары 

білікті  мамандардан,  яғни,  кафедралар  өкілдері,  қызығушылық 

танытқан  білім  беру  ұйымдары  өкілдері,  ғалымдар,  ғылыми 

қызметкерлер,  нақыт  ғылыми  бағыттың/мектептің  жетекші 

мамандары ұйымдастыру комитетіне мүше бола алады.  

3.1.2  Ұйымдастыру  комитетінің  жұмысын  басқару  төрағаға 

жүктеледі.  

3.1.3  Ұйымдастыру  комитетінің  төрағасына  ұйымдастыру 

жұмысында  тәжірибелі  және  конференцияда  көтерілетін  мәселені 

шешу  мақсатында  аталмыш  ғылыми  бағыттағы    мәселелермен 

айналысқан Университет өкілі тағайындалады. 

3.1.4  Ұйымдастыру  комитетінің  жауапты  хатшысы  ретінде  іс-

шараны өткізуге жауапты бөлімнің маманы сайланады.  

3.1.5

 

Ұйымдастыру  комитеті  бекітілген  жоспарға  сәйкес 



ұйымдастырылып  отырған  конфренцияның  дайындығы  мен 

жүргізілуіне  қатысты  сұрақтарды  талқылауға,  шешімдерді 



қабылдауға  және  жұмысты  тиімді  ұйымдастыру  мақсатында 

жиналады. 

 

3.2 Конференцияның ұйымдастыру комитеті: 



 

ғылыми  іс-шараға  жалпы  басшылық  жасайды,  яғни,  іс-



шараның  жұмыс  жоспарын,  тақырыбы  мен  өтетін  уақытын 

талқылайды, бекітеді

 

жарлық  құжаттарын  дайындап,  іс-шараны  ұйымдастыруды 



қамтамасыз етеді; 

 



іс-шараны  қаржыландыру  мүмкіндігіне  қатысты  сұрақтарды 

шешеді; 


 

ақпараттық  хаттың  мәтінін,  қатысушының  өтінішін, 



бағдарлама жобасын жасап, олардың таратылуын қамтамасыз етеді; 

 



ғылыми іс-шарада қозғалатын тақырыпты зерттеуші жетекші 

мамандарды іс-шараға қатысуға тартады

 

іс-шараға  қатысу  өтініштерін  тіркеп,  қатысушылар  тізімін 



жасайды; 

   іс-шара бағдарламасының соңғы нұсқасын жасап, іс-шараны 



өткізілуі туралы бұйрық дайындайды

 



іс-шара жинағын жариялау мақсатында мақалалар жинайды; 

 



жинақтың  дайындығын  және  конференция  қатысушыларын 

үлестірмелі материалдармен қамтамасыз етеді;

 



 



қатысушыларға 

әдістемелік 

материалдарды 

және 


конференция  тақырыбына  қатысты  басқа  да  материалдарды 

таратады.

 

Конференцияны    ұйымдастырудың  техникалық  жұмыстарын 



ұйымдастыруға Ғылыми-инновациялық қызмет бөлімінің өкілі мен 

конференция  өткізуші  кафедра/факультет  қызметкері  тікелей 

жауапты болады. 

3.3 Ақпараттық хаттардың дайындығы мен таратылуы: 

3.3.1  Ақпараттық  хат  білім  беру  және  ғылыми  ұйымдардың 

мамандарын  қатыстыруға  тарту  мен  ақпараттандыру  мақсатында 

ұйымдастыру комитетімен дайындалады.  

3.4 Ақпараттық хатта:  

конференция  тақырыбы,  мақсаты,  негізгі  бағыттары  мен 

жұмысының  түрлері  көрсетіледі;  ұйымдастырушылар  туралы 

ақпарат  беріледі;  іс-шараға  қатысу  өтініштерді,  ұсыныстар  мен 

баяндамаларды  өткізу  күнін  белгілейді;    мақаланы  рәсімдеу 

талаптарын, аталмыш шараға қатысудың қаржылық талаптарын, іс-


шараның  өтетін  орны  мен  уақытын,  байланыс  мәліметтерін 

анықтап, белгілейді. 

3.5

 

Ақпараттық хат іс шара басталатын уақыттан екі ай бұрын 



алдын-ала белгіленген тізім бойынша таратылады

 

3.6



 

Ақпараттық хат электронды түрде Университеттің сайтына 

орналастырылады. 

 

3.7 Қатысушылар (электронды пошта немесе электронды тіркеу 



арқылы)  іс-шараға  қатысу  туралы  өтініштерін  жібереді.  Өтініште: 

тегі,  аты,  әкесінің  аты,  жұмыс  орны,  қызметі,  ғылыми  дәрежесі, 

атағы,  мекен-жайы,  байланыс  телефоны,  e-mail,  мақала  тақырыбы, 

баяндама 

материалдарын 

көрсетуге 

қажетті 

техникалық 

құралдарды 

көрсетіп, 

ұйымдастыру 

комитетінің 

басқа 

сұраныстарын орындауы қажет.  



3.8

 

Іс-шара бағдарламасын жасау және бекіту:



 

3.8.1  Ұйымдастыру  комитеті  мен  секциялар  жетекшілері 

ақпараттық  хатқа  жауап  ретінде  келген  материалдарды  талдау 

негізінде іс-шараның бағдарламасының жобасын жасайды. Жобада: 

іс-шара  атауы,  түрі,  мақсаты,  өтетін  күні  мен  орны,  қатысушылар 

саны, жұмыс тәртібі және т.б. мәліметтер көрсетіледі.  

3.9  Іс-шараны  өткізу  туралы  бұйрық  пен  шығындар  сметасын 

жасау: 


3.9.1 

Іс-шараны  өткізудің  шығындар  сметасы  іс-шара 

өткізілетін  күннен  1  ай  бұрын  ұйымдастыру  комитеті  тарапынан 

жасалып, 

экономистпен 

келісілгеннен 

кейін 

ректордың 



бұйрығымен бекітіледі. 

3.10 Мақалаларды жариялау: 

3.10.1  Ғылыми  іс-шараны  дайындау  мен  өткізудің  бекітілген 

жоспарына сәйкес  баяндамалар тезистері  немесе ғылыми еңбектер 

жинағы шығарылады.  

3.10.2


 

Ғылыми  іс-шараның

 

материалдар  жинағын  шығаруды 



ұйымдастыру  туралы  Ережеде  көрсетілген  тәртіп  негізінде 

жасалады.  

3.10.3  Баяндау  мен  жариялауға  ұсынылған  материалдар 

рәсімдеу талабына сай болуы қажет.  

3.10.4 Конференция қатысушыларының мақалаларын жариялау 

қатысушының  іс-шараға  қатысу  туралы  өтініші  негізінде 

қабылданып, жарияланады. Ақпараттық хатта көрсетілген уақыттан 

 

 



 

 


 


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
республикасы білім
жалпы конкурс
Барлы конкурс
ызмет регламенті
дістемелік сыныстар
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
мерзімді жоспар
Республикасы кіметіні
Мектепке дейінгі
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
санды жиынты
дебиеті маманды
білім беруді
мектепке дейінгі
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
облысы бойынша
алауды тапсырмалары
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
Конкурс жариялайды
теориялы негіздері
ырыпты жоспар

Loading...