I қазақ жеріндегі исламға дейінгі діндер және алғАШҚы наным сенімдер



бет8/9
Дата11.06.2022
өлшемі345 Kb.
#267922
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
dip -qazaqtyn-ezhelgi-nanym-senimderi-kazgu-2010-53

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде қандай діннің болмасын ақиқат шындық саналатын қағидасы мен түпкі мақсаты, арқау ететін философиялық, имандылық, эстетикалық ілімдері болатыны белгілі. Әлемдік діндердің барлығына тән бұл жүйе Тәңірілік дінінде де бар. Мәселен, буддизм "4 ақиқатты" сыйлауға, христиандық "3 түрлі кейіптегі жалғыз құдайды", мұсылмандық "Алладан басқа құдай жоқтығын, Мұхаммед оның пайғамбары (елшісі)" екендігін мойындауға негізделсе, Тәңірі діні аспанды - Ата, жерді - Ана деп тануға негізделген. Әлемдік діндердің түпкі мақсаты - адамды "о дүниеде" көретін азаптан қорғау, құтқару болса, Тәңірілік дінінің түпкі мақсаты осы дүниеге лайықты ғұмыр кешуге баулу болып табылады. Осы орайда, діннің діннен айырмашылығын, өзіндік сипатын, қалыптасқан қағидаларын "сол дінді өмірге әкелген халықтың дүниетанымынан, тұрмысынан, мінез – құлқынан, салт - дәстүр мен өнерінен іздеген дұрыс" [62] деген пікірмен толық келісуге болады.


Сонымен қатар көне заманда болмыстың қай кезеңі болмасын, адамдар қандай да бір құдіретке сенуге ұмтылған. Діни немесе басқа да нанымдар адамдар сана - сезімін байлаған. Олардың ішінде: Фетишизм - табиғи заттарға табыну. Тотемизм - Тотем белгілі бір әлеуметтік топ үшін оның генеологиялық бастауы әрі желеп – жебеушісі, рәміз (символ) әрі ең басты құндылық. Магия - белгілі бір сиқырлықтың барысында болжау қабілетінің көмегімен табиғи заттар мен құбылыстарға қоғамдық өмірдің барысында, кейінірек өз мүмкіншілігімен адамдарға әсер ете білу. Анимизм - айналадағы көзге көрінбейтін заттардың тіршілік ететініне, табиғаттан тыс елестердің - жандар мен аруақтардың әрекет өмірлеріне сену. Міне, осы құбылыстарды алғашқы қоғамдық құрылыстың кезінде діни сенімдер деп, олар әр қилы және әртүрлі мәнде болады деп түсіндіреді. Солай бола тұра, оларға ортақ нәрсе - айналадағы нақты дүниенің үстінен бір күштің үстемдік етуін жоққа шығара алған жоқ.
Осылайша алғашқы адамдардың ойы мен санасында адамның болмыс шындығының көрінісі болып табылатын көне діни түсініктердің тұтас кешені жасалған. Олардан адамзаттың неолиттен бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолын көреміз.
Зерттеу жұмысымда көптәңірлі нанымдар мен діндерді зерттегенде мән беретін бір жәйт тәңірлік сипат артылған табиғат күштері мен нәрселерді анықтап алып, оларды тәжіибе бойынша үш топқа бөліп қарастырдым. Яғни: ғарыш денелері; атмосфераға тән тәңірлер; жерге тән тәңірлер деп. Осы сипаттаудың типикалық мысалын үнді – еуропалық көптәңірлі діндерден көреміз. Мәселен: Сирия, күн тәңірісі – ғарыштық топқа; Индра, боран, жауын және соғыс тәңірісі – атмосфералық топқа; Агни, от тәңірі – жерге тән ғарыштық тәңірлер атмосфералық тәңірлердің ісіне араласады. Сонымен қатар көне Мысыр, Грекия, Рим нанымдарында барынша ашып қарастырдым.
Көне дәуірлерде адам баласының өркениет деңгейі әлдеқайда төмен, көшпелі, малдың және егіннің өсімін тіршілікте маңызды рөл атқарғаны белгілі. Сондықтан, көптәңірлі діндердің көпшілігінде күн тәңірі ең сыйлы әрі құдіретті тәңір есебінде болған. (тек қағидадан тыс, көне Вавилондағы Ұр мәдениетіндегі ай тәңірісі Син ең құдіретті тәңір саналған). Рим патшалығының ақырғы дәуірлерінде күнге табынудың күшейіп кеткені соншалық – кім, ғылыми әдебиеттерде „күн монотеизмі” деп аталатын тәңір есебінде тек күнді қабылдаушылық нанымы пайда болған. Күн культінің Римдіктерге әсерінің күштілігі соншалықты, олар христиандық ресми дін болған соң 25 желтоқсанды Иса Мәсіхтің туылған күні деп қабылдап, атын өзгертіп, көптәңірлі мерекелерді жалғастыра бергендігін көреміз.
Ал, көне Египетте дін басшылары нақты бір құдайға құлшылық ету принципімен бөлінді. Олардың басында жоғарғы дінбасы - абыз тұрды. "Құдай сөзін" оқыған немесе храм шежіресін жүргізуші діндарлардың артықшылықтары басым болды. Дегенмен, саясатқа белсенді араласып отыратын Амон - Ра құдайының діндарлары ие болды. Осылайша Египет құдайларының пантеоны жергілікті культтердің бір орталыққа - Ұлы құдай бейнесіне тоғысып, мемлекеттік дінге айналуы Египеттің мемлекеттік тұтастығына қызмет етті. Көне Египеттің сан алуан, өте күрделі, монотеизмге жуық мифологиясын, діни ілімдер мен діни мәтіндерді абыздар мен ақсүйектердің ғана танып, білу мүмкіндігі болды. Ал қара халық өздерінің жергілікті құдайларын құдірет санап, соларға құлшылық жасады.
Көне дәуірден бермен қарай еркек және әйел кейпінде қатар бейнеленетін құдай дағуасындағылар мен нуминдер (құдіретті күштер) ерекше құрметтелді. Көне римдіктер өз халқының тарихын мифке айналдырғанын тарихқа үңіле отырып ата - баба аруақтарына құлшылық еткендерін байқаймыз.
Ежелгі Тәңірілік діні бізге өзінің антологиясымен - екі ұдай өзара бірлік құдайы туралы ілімі; космологиясымен - өзара қарым - қатынастық мүмкіндіктері бар үш дүние тұжырым-дамасымен; жанама әлемдерімен - жеті қат көк аспан жеті қат жер асты; этикасымен - адалдық, уәде бұзбау, жалғандықты айыптау; мифологиясымен - көк Тәңірі, көк бөрі; демонологиясымен – ата - баба аруақтарының табиғат рухынан айырмашылығы жайлы дүниетанымдық негіздемелерімен келіп жетті. Яғни, діни сенім қалпында әлеуметтік қызмет жасай отырып қоғамдағы адамдардың Жаратушы алдындағы, қоғам мен әлеумет алдындағы, отбасы мен ауыл - аймақ алдындағы жауапкершілікті парыздарының орындалуын қатаң қадағалаушы рөлін мүлтіксіз атқарғаны тарихтан белгілі.
Өзіндік өмір танымы, философиясы, рәсім - жоралары, өзіндік негіздемелері бар бақсылық дүниетанымның, көзқарастың мән - жайына назар аудару да қажеттіліктен туып отыр. Қазақ даласындағы бақсылар негізінен ауру - сырқауларды емдеумен айналысқаны белгілі. Қобыз, домбыра тартып, науқас адамның рухани күш - жігеріне қозғау салатын айрықша дарынмен өнер көрсете білген. Қазақ халқының бақсылық ілімі дүниежүзілік шамандық іліммен тығыз байланысты дамыған. Сонымен бірге өзіндік ерекшеліктері мен бірліктері де баршылық. Жалпы ұқсас қырлары: шамандық ілімнің идеялары, яғни, зиянды және зиянсыз рухтардың барлығына сену; табиғатты терең сезіне білу мен оның кереметтеріне иланудың қажеттілігі; өмір мен өлім қатынасы; жаратылысқа қатынасы; табиғат пен өлген ата-бабаларының рухын қасиеттеулері. Яғни, шаман ілімін ұстанған адам сыртқы жаратылысқа - күнге, айға, аспан тәңірісіне табынатын. Адамның жаны, қабілеті, ақыл - ойы әр нәрсені құмартады, осыдан келіп тірі рух - бақсыға, о дүниелік рух - аруаққа табынған. "Шаманизм" деп белгілі бір дүниетанымдық түсініктер жиынтығын, нанымдық жүйені ұғынсақ, "шамандық" деп бақсы мен оның ойынына қатысты атрибуттарды айтамыз.
Ұлы дала тұрғындары мұсылмандық тағылымдарға дейінгі кезеңдерде өз бетінше өмір сүріп, өзіндік рухани мұрасын жасады. Заман ағымынан қалыспай, өз дүниетанымын, өзіндік қайталанбас әлеуметтік тәжірибелерін адами жауапкершілікпен жинақтады. Оның ақиқаттылығын Тәңірілік пен бақсылық көзқарастар, діни түсініктерін саралау барысында аз да болса дәлелдеуге талпындым. Осы шексіз де шетсіз ұғымдардың мазмұны мен мәніне үңілген сайын оның жауапкершілікті талаптарын сезіне түстім. Оның үстіне бұл дүниетанымдық түсініктер қазақ халқының ұлттық санасынан ешқашан да сарқылмақ емес. Шындығында, ата - бабалар аруағына табыну, табиғатқа - сиыну әлемдік діндермен салыстырғанда әлдеқайда төменгі сатыда болғаны рас. Бірақ олар халқымыздың тұрмысында, әлеуметтік қатынасында, ұлттық сана мен психикасында, дүниетанымында мәңгі қалыптасып қалды. Сонымен бірге, осы жауапкершілігі мол рухани құндылықтардың жаңаша түр алып, заман ағымына орайласып қайта өрлемесіне кім кепіл.
Ұлттық мінез бен қазақы қасиет тұрғысында сөз еткенде біз өзімізді қанша жерден әспеттеуге тырысқанымызбен әңгіме үштығын бәрібір «ұлтқа тән» кейбір келеңсіздіктерге әкеліп тірейтініміз бар. Содан да әлгіндей әңгімелерге арқау болатын сүйекке сіңген бойкүйездік, керенаулық сияқты «ұлттық мінезден» қайтсек арыламыз деген мәселе де ауық-ауық көтерілумен келеді. Кезінде ондай ой-пікірлердің туындауына өзге ұлысқа кағыну, не сананы билеген құлдық психология сеп болды десек, ұлтты күстаналаудың бүгінгі күні де саябырсымауы алаңдарлық жай. Рас, қоғамдық өзгерістердің санаға, тіпті қазақы мінезге де тигізген әсерін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, содан ұлттық болмыс өз қадір-қасиетін жоғалтты ма? Енді осы мәселе төңірегіндегі ойымды ортаға салсам...
«Қазақ — діндар халық» десек, оған өзге түгілі өзіміздің де бас шұлғи қоюымыз неғайбыл. Неге? Біріншіден, діни ғибадатқа салғырттау қараймыз. Екіншіден, сыртқы ұсқын мен жүріс-тұрысымыз мұсылмандық ғұрыпқа үйлесе бермейді. Үшіншіден, бізге қарағанда өзге мұсылман елдері діндарлау көрінетіндіктен де өзімізді олардың алдында ұдайы шәкірт сезінеміз.
Санамалай берсек, басқа да «кемшіліктеріміз» табылары анық. Оның үстіне бізде діндар халық атана қояйық деген құлық та жоқ. Содан ба, сәлдесі дағарадай болғанымен сырт көзге қолапайсыздау көрінсе кімді де болса күлкіге айналдыруға бейім тұрамыз. Ондайда Құдайдан қорыққан кейіп танытқандай болғанымызбен, онымыздың әншейін-ақ екендігін ішіміз сезіп тұрады. Қайтеміз, ол да сүйекке сіңген мінез. Сірә, осы тәрізді «кемшіліктеріміз» өзімізге аян болған соң да осы біз діндар халық емеспіз-ау дегенге бой алдыра бастасақ керек.
Шынымен солай ма? Байыптап көрелік. Қазақ - мұсылман. Әу бастан, әлімсақтан. Алайда, бізде жан, дін тазалығына басымдық беріліп, діннің өзі танымдық тұрғыда қалыптасқандықтан сырт көз, тіпті діндарлардың өзі де оның байыбына бойлай бермейді. Қазақ діндарлығының өзіндік ерекшелігі - болмыс пен ділдегі жаратылыстың үйлесім деңгейін қалыпты әрі кіршіксіз сақтап қалуында. Ал, кейде бой көрсетіп қалатын мінезіміздегі кейбір одағайлықтар сүйекке біткен кемшілік емес, ол негізгі құндылықтарымызды жасырып тұрған «перде». Ондай мінез жалпы шығыс халықтарына тән болғанымен, бізде басым. Себебі, қазақ - өзіндік арда қасиеттерін сақтап қалған бірден-бір ұлыс. Біздегі кемшілік - өзімізді-өзіміз танымауымызда. Әлгі сыртқы «пердені» жаратылыстық болмыс деп қабылдап, ішкі жасырын әлемді мансұқ ете бастауымызда.
Тек - ішкі сәуле. Оны жадағай тұрмыс пен жыртық шапан көлегейлеуі мүмкін, бірақ, жасыра алмайды. Қазақтың қонағына жалғыз атын жайратып салатыны сондықтан. Сол мінездің кейде алаңдататындай, тіпті түңілдіретіндей дүмбілездік кейіп танытуы - әлгі сыртқы көзге қораш көрсететін жыртық шапан тәрізді ішкі құндылықты жасырып тұрган алдамшы көріністер. Біз өкінішке қарай, сол көрініс, сол кейпімізді өзіміз деп ұғына бастадық. Сөйтіп, «соған» дін әліппесін үйретпек ниеттеміз. Бекер. Қазақ оған көнбейді. Неге? Себебі, ішкі құндылық бүгінгі пірадарлықтан биік тұр. Оны сол жібермейді. Төмендеткізбейді.
Сонда ол қандай құндылық? Бәрімізге аян, біз қай нәрсеге де тез бейімделеміз. Ол — кемшілік емес, өзін сақтау. Мән берсек, өзгеріске түсетін сыртқы «перде». Біз өзіндік болмысымызды сыртқы күш әсерінен қорғауға төселген, әрі машықтанған халықпыз. Өзімізді-өзіміз жоғалтпауымыз – ішкі қуат тазалығы әсерінен. Біз соны ұдайы сезінгендіктен де анау-мынау «ақылмандар» уағызына бас шұлғи бермейміз.
Қазақ - әруақ шақырады. Әруақ - дін емес. Ол ішкі құндылық құлпының кілті. Қазақ әруақ шақырғанда біз жоғарыда тілге тиек еткен «перделер» сырыла бастайды. Бізде әзірге өзімізді-өзіміз тану жоқ, тек сезіну ғана бар. Айтпағымыз - байыбына бару үшін кәдімгі қазақы көкпарды көз алдымызға елестетіп көрелік.
Көкпар тартушылар күндерін әзер көріп жүрген, көбіміз санаттан шығарыңқырап қойған сол ауыл жастары делік. «Әруақ» деп атойлаған қалың жұрт. Ал, енді қараңыз. Әлгі бұйығы, момын, бойкүйез, боркемік жігіт әпсәтте әруақтанып, арқаланып шыға келді. Таптап кетердей арқырап келіп қалғанда әлдеқандай болып отырған талайдың жаны түршігеді. Міне, бұл қазақ. Сіз де қазақсыз. Бірақ, «перделісіз». Егер «содан» арылсаңыз, сіз ғана емес, тәмам жұрт арылса бар ғой... Құдай қаласа, ол күнді де көрерміз. Ол күнді жақындату үшін тегіс көкпар тартып кетудің қажеті жоқ. Гәп - «кілтте». Тұтастық қалыптасқан жүйе арқылы түзіледі. Жеті аталық, не рулық тоғыс кемелдене келе ұлттық бірлікті құрайды. Ал, ұлттық рухты - мемлекет қалыптастырады. Біз сол күнге енді жеттік. Осыған дейінгі шағын рулық тоғыстар қаншама айла-шарғы мен сыртқы теперіштен аман өтіп, сіз бен бізді бүгінгі күнге жеткізді. Ендігі ұран — Қазақстан.
Қазақ әруақты табыну үшін емес, тұтасу үшін шақырады. Рулық деңгей шеңберіндегі тұлға тоғысу ауқымына қарай айбарлы, әруақты есімдермен жаңғыртылып отырылады. Ұлттық тұтастыққа лайықты есімдер шағын топ басын құрай алмауы кәдік. Біздің тұтастық қалыптасқан жүйе арқылы түзілмеді деуіміз сондықтан. Әуелгіде аты беймәлімдеу адамдар есімдерінің қаперге алынуын базбіреулер «бөлшектену» деп ұғынғанымен шынтуайтына келгенде ол - ұлттық тұтастықтың басы. Аталарымыз сырын бүркеп кеткен құпияның бірі сол. Алайда, кейінгілер бұл «құпия» мәніне бойлай алмағандықтан әруақ шақыру мәнін өзгертіп, оны дін тармағының біріне айналдырып жіберді. Сондай-ақ, ұлттық болмыс «қорғандарын» ұлттық деңгей деп бағамдаушылар да баршылық. Өзіне, нақтыласақ, қазаққа көңілі толмайтындар да солар.
Біз жоғарыда өзіндік құндылықтарымыздың құпиясын ашудың жолдарын ғана сөз еттік. Оның өзі де бір қарағанда өз қадірімізді қиыннан қиыстырып, қолдан арттырғандай көрінуі мумкін. Ол сыртқы «перде» әсері. Сыртқы «перде» туралы жоғарыда біршама айттық білем. Тағы да қайталайық. Ұғынықтырақ болуы үшін өзімізді қазақ санатынан шығара тұралық. Шындығы да сол. Себебі - сіз бен біз қазақтың өзі емес, сыртқы «қорғандарымыз». Бізді қазақ етіп тұрған ішкі түйсік сәулесі. Оның өзі де сөнуге айналған. Оның бүгінгі күнге қоламтасы жетуі заңдылық. Аталарымыздың қалауы солай. Неге? Себебі, ол дәуір ғұламалары халық ертеңін болжай алған. Бастан бақ таярын ерте сезген. Сондықтан бар асылын, бар құндылығын, яғни өзін бүркемелеп, жасырып кеткен. Әлгі халқы жынданған соң амалсыз жындандыратын су ішуге мәжбүр болатын патша мен уәзірі тәрізді бүгінгі қазақ кейпін қалыптастырған. Кезінде ішкі рухани қуат мүмкіндігін, "болмыс тазалығын, салт-сана, әдет-ғүрып пен рух үндестігін тұтастыру арқылы ғарыштық ұлы үйлесіммен жымдаса әлеуетті ұлыс белгілі бір кезеңге дейін тұйық жүйе қалыптастыруға әді жеткен. Біздің ішімізде бұлқынып жатқан тазалық сол кезден бастау алады. Бүгінгі қазақта жоқ-ау деп жүрген иман - әу бастағы пейіл. Қазақтың «Құдай пейілге береді, пейілімді алма, пейілің құрысын» деуі сондықтан.
Қазақтың басты қорқынышы — сол пейілден, яғни, иманнан ажырап қалмау. Кезінде қазақ тұтастай софылық деңгейге көтерілген халық. Бізге ғайып тылсым әлем аталарымызға жат болмаған. Отырардағы отыз баб, Сайрамдағы сансыз баб, Түркістандағы түмен баб, Маңғыстаудағы 362 әулие, тағы да басқа қасиетті жерлер бізге әлі сырын аша қойған жоқ. Әулиелі жер үстінде отырып өзімізді-өзіміз күстаналауымызға, аузымызды қу шөппен сүртуге бейім тұруымызға жол болсын. Басына күнде барып тәу етіп жүрген бабтар мен әулиелердің кешегі күні ортамызда жүргендігін неге ұмыта береміз?! Солар өз құндылықтарын ұрпағына аманаттап кетуге қабілетсіз болса, біз қазақ басымызбен неге оларға құрақ ұшып, тәу етеміз?! Шынтуайтында біздегі түйсік алдамағанындай — ол әулиелердің бәрі келер ұрпақ алдында өз міндеттерін адал атқарып кетті. Және қалаи орындады десеңізші!
Қоздың өзі емес, табы бізді бүгінгі күнге жеткізді. Біз тұспалдап отырған жол – қазақы пейіл, яғни иман. Оны кәміл адам деуге де, қазақ деуге де болады. Ал, саф, таза, қулық-сұмдықтан ада адам біз бастан кешкен сан ғасырлық ауыртпалықтардан мұқалмай сол қалпы бүгінгі күнге жете ала ма? Жоқ. Соған көз жеткізген софылар өздерін де, қолы жеткен ғылым-білімін де сырт көзден құпиялап ұстаған. Олар құпиялап кеткен ғылым-білім сыры әлі күнге ашыла қойған жоқ. Алайда, өздерін қа-лай «жасырғандарын» ептеп түйсінуге болады.
Кәміл адам Алла жаратылысымен, бізше түсінсек табиғатпен тұтасып, үндесіп кететіндіктен өз өмірінің жыл мезгіліндей өтпелі екендігін біледі. Біз де білеміз. Бірақ, бізде тағдырға мойынсұнғаннан гөрі тіресу басым. Қанша тірессек те түбі жеңілеміз. Ал, софылар жеңген. Қалай? Олар тағдырмен емес, өзімен күрескен. Жеңімпаз адамда «мен» болмайды. «Мен» жоқ болған соң, өзі де жоқ. «Жоқ адам» мына жалғанның сән-салтанатына пысқырып та қарамайды. Ондай адам оқшаулықты, жаны жалғыздықты қалайды. Мұндайда қой баққан оң. Осыдан барып біздің ата кәсібіміз — қойшылық қалыптасты. Ой баққан адам бертін келе қой баққан адамға айналады. Даналық — аңқаусуға, өтірік білмегенсуге ұласты. Біртін-біртін сол бүгінгі
мінезді қалыптастыра бастады. Софылардың, яғни біздің аталарымыздың қалауы да сол болатын. Содан бері қанша су ақты. Уақыты жетті білем, ішкі «қуат» бізге бағынбауға айналды. Содан барып біз айналамызға өзіндік биігімізден қарап, қай нәрсені де бағзылық болмыс деңгейімен таразылай бастадық, бақсақ, бізге қарағанда діндар көрінетін өзге ұлыстар дені өзіндік болмыстарын дінмен бүркемелейтіндіктен оларды әлдеқандай қылып тұрған тек сыртқы «перде» ғана екен. Оның үстіне «перденің» де «перде» сиқы жоқ. Шұрқ-тесік. Қанша әшекейлегенімен ішкі құлық аңғарылыпақ тұр. Бірінде — арамдық, екіншісінде — екіжүзділік, үшіншісінде — қаныпезерлік... Осы біз аң-саған, біз көксеген дін бе?! Өзімізді солардай бола алмадық деп күстаналау жарасымды ма?! Жоқ. Біз соны түсіндік. Сондықтан да бізге өзгелер бас ұрып жатқан дінге бет бұру өзімізді төменшіктететіндей, кіршіксіз таза пейілді былғап алардай әсёр ете бастады. Сонда бізге не істемек керек? Бізге ата-баба жолын қайта жаңғыртқан ләзім. Ата-баба жолын. Ол қандай жол? Ол — әулиелер жолы.
Шариғат — әуелгі баспалдақ. Негізгі қағидасы — заң. Дәретсіз жер баспайтын діндар — тақуа. Тақуалықтан көтеріле алмаған діндар — соқыр сенім аясында қалып қояды. Мың жерден қари болса да. Ондай «тақуаның» төменшіктететіндей, кіршіксіз таза пейілді былғап алардай әсер ете бастады. Сонда бізге не істемек керек? Бізге ата-баба жолын қайта жаңғыртқан ләзім. Ата-баба жолын. Ол қандай жол? Ол — әулиелер жолы. Шариғат —әуелгі баспалдақ. Негізгі қағидасы — заң. Дәретсіз жер баспайтын діндар — тақуа. Тақуалықтан көтеріле алмаған діндар — соқыр сенім аясында қалып қояды. Мың жерден қари болса да. Ондай «тақуаның» дінге берері жоқ. Екінші баспалдақ — тарихат. Бұған көкірек көзі ашылған ғұлама, не тумысынан болмысы таза жан жете алады. Біздегі рух осы биікті аңсайды. Одан арғы ақиқат пен мағрифат — аталарымыз барған «ауыл». Тіпті, Қожа Ахмет Ясауи атамыз ол биіктерді місе тұтпай, Алла дидарын көруге ұмсынған. Сондықтан бізге «ұстаз» болғысы келіп, «дін шыңы — шариғат» деп жүргендерге ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтпақшы, «Сенің ойың қай жерде екенін білмеймін, менің ойым сеніңкінен әріде» демеске лажымыз жоқ.
Көңілде түйткіл қалмас үшін Абай атамыздың ұлтқа қарата айтқан кінәраттарына да көңіл аудара кетелік. Қазақ — Абай. Мін бар ма? Жоқ. Демек, айтылған сыннан өзі, яғни қазақ тысқары қалады. Сонда данышпан кімге кіжінулі? Бұл жерде сауалды «Кімге» деп емес, «Неге» деп қойған жөн тәрізді. Себебі — сын қазаққа емес, соған таңылған, тіпті байырғы болмысын ығыстырып, қалыптаса бастаған кінәраттарға қарата айтылған. Негізінде Абай атамыздың айтқанда-рын сын емес, «қамшы» деп қа-былдаған жөн. Себебі, сын түзелмекке, ал, «қамшы» арылмаққа керек. Егер сол кінәраттарды қазақы болмыс деп ұғынсақ, оны қандай сын да түзетіп, тазарта алмайды. Өйткені, ол о бастан таза емес. Гәп — арылуда. Арылу үшін шамырқанбақ керек. Ал, оған Абай атамыздай жеткен қазақ кемде-кем.
Менің бұл зерттеу жұмысым алға қойған мақсатына жетті деп ойлаймын. Әрине қазақтың ежелгі наным-сенімдерінің әлі де болса ашылмаған құпия сырлары мен түсініксіз құндылықтары бары белгілі. Зерттеліп отырған бітіру жұмысымды шамамның келгенінше тереңірек ашып, барынша ізденгеніммен, айтарлықтай терең зерттеулер болашақтың еншісінде тұр деп білемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы