I қазақ жеріндегі исламға дейінгі діндер және алғАШҚы наным сенімдер


ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ



бет7/9
Дата11.06.2022
өлшемі345 Kb.
#267922
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
dip -qazaqtyn-ezhelgi-nanym-senimderi-kazgu-2010-53

2.2 ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Орта Азия және Қазақстан территориясына Ислам VII - ғасырдың екінші жартысында Омеядтық халифа Мауави Ибн - Суфиянның тұсында енді. Дін таратушылардың қолбасшысы Құтайба Мүсілім ұлы еді. Ол жаулауды Бұхара, Самарқанд, Насаф, Мерв, Хорезм, Баласұғын сияқты үлкен қалалар орналаскан Маверанахрдың төңірегінен бастаған еді. Ал казіргі Қазақстан төңірегінде Исламның орнығуына Әбу Мүсілім бастатан мұсылман әскерінің 751 - ші жылы шілде айында Талас маңындағы Ахлет деген жерде болған соғыстың жеңіске жетуі үлкен әсерін тигізді.


Осы уақыттарда еліміз аумағы Қарахан хандығына қарасты болатын. Ислам біздің территориямызда Алтын орданың мұсылмандықты қабылдауымен нығая түсті. Бұл процесс Береке (1255 – 1266 ж.) ханның тұсында басталған еді. Ислам XIV ғасырларда әмір Темірдің кезінде де ерекше беделді болды.
Алдымен Ислам еліміздің оңтүстік өңірінде орналасқан отырықшы халықтың арасында етек алды. Өйткені бұл елді мекендер сол кездегі Орта Азиядағы Ислам мәдени орталықтары болып саналатын жоғарыда аталған бірқатар қалалармен көршілес орналаскандықтан үнемі тығыз мәдени - экономикалық байланыста болды. Біздің елімізге негізінен дін таратушылардың әкелген бағыты Ислам дінінің имам Ағзам бастаған Ханифит мазхабындағы сунниттік бағыты. Бұдан әрі Исламның дамуы араб елдерінен келген миссионерлердің ықпалымен болды.
Ал қазақ ұлты өзінше ел болып хандық құрған кездің өзінде (ХҮ ғасыр) көпшілік хандардан мұсылман болғандығын, белгілі шығыстанушы Әлкей Марғұланның "Таңбалы тас жазуы" еңбегінен алынған мына бір үзінділер нақтылай түседі. Онда былай делінген екен: "Осыған орай бұрыннан көріп жүрген ғажайып тасты жаңадан тауып, онда қазақ тілімен ХІҮ-ХҮІ ғасырда тасқа жазылған ұран сөзін Л. Кузнецовпен бірлесіп көшіріп алады. Таста араб харпымен жазылған сөз мынадай: "Қыпшақ, найман, алшын, арғын, қаракесек, үйсін, табын Иләһи кәр рә - сиге һамиша хайа рахмет қыл сен алтауың", екінші түрде айтканда: "О ием! Үмітіңе жету үшін осы алтауына рахметіңді бере гөр. "
Казақ хандарының Ресейге қосылуына байланысты патша үкіметі жергілікті тұрғындар арасында христиандандыру шараларын жүргізіп, іске аспайтындығына көздері жеткен соң ХҮІІІ ғ. Соңы ХІХ ғасырдың бас кезінде өздері еріксіз Исламды қолдайтын болды. Жер - жерлерде мешіттер ашьшып, Уфа қаласында муфтият ұйымдастырылды. Казақстанға арнайы мамандандырылған молдалар мен ишандар жіберілді. Олардың көпшілігі татар ұлтынан еді.
Орта ғасырларда орта және таяу шығыста қалыптасқан "мұсылман әлемі" деп аталатын мәдени - саяси қауымдастықтан, қазақ тектес тайпалар географиялық орналасуы жағынан шалғай болғандықтан, едәуір шеткері болды. Сонымен қатар, Қазақстан территориясындағы исламдандыру деңгейі де әр түрлі болды. Негізінен бұл әрекет Оңтүстік аймақтардан Солтүстік аймақтарға қарай бәсеңдеу болды. Исламдандыру негізінде Ислам мәдениеті қазақ даласына тереңірек бойлай түсті. Ең алдымен, бұл өрекеттер араб жазуымен араб тілінің қасиетті Құран тілі ретінде таралуымен кеңірек танылды.
Араб тілі негізінен ҮІІІ – ІХ - шы ғасырларда дамыған ірі қалаларда, мемлекетті басқарушы қызметкерлер, діни қызметкерлер ғана қолданып қоймай тарихи - географиялы әдебиеттер жазуда да қеңінен қолданылды.
Бүкіл ислам әлемінде түгелдей дерлік араб тілі жергілікті аристократия, діни қызметкерлерге, ғылыми шеңбердегі қызметкерлерге түсінікті, жалпыға бірдей әдеби тіл қызметін атқарды. Осы араб тілінің арақасында түркі дүниесінің бірқатар ғалымдарының еңбектері бүкіл ислам дүниесіне мәлім болды. Сондай ғалымдардың біразы Әл - Фараби, Әл - Хорезми тағы басқалары.
Ислам мәдениеті сонымен қатар түркі мәдениетінің негізгі бағыттарының бірі әдеби поэзияға да елеулі әсерін тигізді. Осы жанрдың ең әуелгілерінің әрі ең негізгілерінің бірі IX ғасырларда жазылған Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" еңбегі. Э. Наджиптің айтуынша: "бұл еңбек түркі дүниесінде ең алғаш ислам діні негізінде, ислам діни ілімдерін дәріптеуші көлемді шығарма болып табылады". Алайда мұнда араб - парсы тілдерінен енген сөздер де аз емес.
Ал мистикалық - сопылық поэзияның көрнекті шығармаларына, түркі тайпаларының арасында Ислам дінін дәріптеуші мистик, ақын әрі ойшыл Ахмет Иасауи шығармаларын жатқызуға болады. Оның "Диуани Хикмет" еңбегінде берілген өлеңдер жинағы көне түркі тілінің оғыз – қыпшақ диалектісінде жазылған. Бірақ бұл еңбекте "Құтты білікке" қарағанда араб - парсы сөздері көбірек қолданылған. Сонымен қатар, бұл шығарма араб - парсы поэзиясының классикалық өлең сөз өлшемі аруз арқылы жазылған. Ең соңғы XIV ғасырларда "Алтын Орда" тұсында жарық көрген түркі поэзиясының ескерткіштері қатарына Хорезмидің екі вариантта (араб, ұйғыр тілдерінде) жазылған "Мұхаббат нәме" шығармасы жатады. Бұл әдеби шығарма араб - парсы әдеби жанры "нәме" жүйесімен жазылған.
Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын, этно - мәдени танымды, даналар сөзін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің көшпелі халық үшін, ең бір тиімді, кеңінен дамыған түрлерінің бірі ауыз әдебиеті. Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрін толық қамтитын халық ауыз әдебиетіне де Ислам дінінің өзіндік әсері болды. Бұл жайлы Шоқан Уалиханов өз еңбектерінде кеңірек қарастырған. Оның айтуынша көпшілік ақындар Исламдағы Алланы, Пайғамбарды мадақтаушы өлеңдерді халық әндеріне салып айтады. Қазақтың ұлттық салт - дәстүрлік поэзиясы да, оның ішінде бата жанры Құран аяттарымен кеңейтіліп, исламдандырылған. Қазақ фольклорінде аса жиі кездесетін Ислам дінінің кейіпкерлері ­­– олар бірінші кезекте Алла Тағала және Пайғамбар Мұхаммед, Ілияс, Сүлеймен, Дәуіт Пайғамбарлардың есімдері. Сонымен қатар Ислам әл - қиссаларында жиі кездесетін адам баласын аздырушы немесе керісінше қолдап - қорғаушы періштелер, шайтандар.
Қазақ аңыздарына Құран Кәрім, хадистерде баяндалған бірқатар көріністер толығымен енгізілген. Бұлар көбіне Исламға дейінгі Талмудтық, Інжілдік көріністермен үндесіп жатады.
Бойында араб, иран мәдениеттерінің нышандары бар ислам мәдениеті орта ғасырдағы қазақ мәдениетінің қолөнерлік, зергерлік салаларына әсерін тигізбей қоймады. Мұны біз Оңтүстік Қазақстанда, Жетісу өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінен көре аламыз. Онда ІХ - ХІІ ғасырдағы Ислам елдері қалаларына тән рабаттары, мешіт, моншалары бар қала құрылыстары табылған. Нағыз мұсылмандық құлшылық орындары мешіттер құрылысына тоқталатын болсақ, олар алғашқы кездері, яғни ІХ - Х ғасырларда бұрынғы шіркеу ғимараттарын мешітке бейімдеп қайта өңделген. Ең алғаш салынған мешіт ғимараттары Оңтүстүк Қазақстан облысындағы Құйрық - Төбе (X ғ.) елді мекенінде табылған. Алғашқы медреселер де осы маңдарда ашылған. Қалай болғанда да Ислам түркі дүниесінде ежелден қалыптасқан құлшылық, ғибадат үлгілерін түбірімен ығыстыра алмады.
Соның нәтижесінде әйгілі ғұламалар мүрделерінің басына кесенелер тұрғызып, оларға сиыну, жалбарыну дәстүрі қалыптасты. Ондай кесенелер атап айтар болсақ Қожа Ахмет Иассауи (ХІҮ ғ.), Арыстан баб, Бабажы - Хатун (X ғ.), Қара - Хан (XI ғ.) кесенелері.
Қазақ даласында кеңінен тараған ислам өнерінің үлгілерінің бірі шебер жазу өнері. Негізінде бұл жазулар геометриялық фигура немесе өсімдік бейнесінде куф, сулс деп аталатын араб классикалық жазу үлгісінде Құран аяттарын, әртүрлі тақырыптағы хадистерді шеберлілікпен, бояу арқылы немесе ойып, бедерлеп жазу. Мұндай жазу үлгілері жоғарыда атап өткен кесене, мешіттерді безендіруге қолданылған. Сонымен қатар мұндай куф араб жазуларымен безендірілген жезден жасалған майшам тұғырлары, ыдыс - аяқтар (ҮІІІ-ХІ ғ.) Қазақстан территориясынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған.
Исламға тән өнердегі адам бейнесін бейнелемеу сияқты заңдылықтар қазақ жерінде де өз ықпалын көрсетті. Оған дәлел: XII ғасырлардағы адам бейнесінде тасқа қашалып жасалған балбал тастарда адам бетінің бедерлері нақты көрсетілмеген. Сол кездегі айналымда жүрген ақшалардың нысандары мен бет - пішіндері өзгертілді. Бұрын қытай технологиясымен әзірленген ақшалар (теңгелер) енді күмістен, жезден құйылған динарға, дирхамға ауысты. Көп метал ақшаларда құран аяттарымен қатар халифтердің аты - жөндері жазылды. Өкінішке орай, көп ұзамай халифаттың құлдырауымен ақша беттеріндегі халифтердің аты - жөндерінің орнына жергілікті әмір иелерінің аты - жөндері жазыла бастады.
Сонымен қатар Орта Азия және Қазақстан территориясында мистикалық - сопылық мәдени дәстүр нығая түсті. Бұл дәстүр бүкіл түркі дүниесіне ерекше қарқынмен тарап, түркі тіліндегі мистикалық поэзияның өрбуіне үдеу берді. Сопылық негізінен түркі дүниесінде бұған дейін қалыптасқан дүние таным заңдылықтарымен үйлесімділік тапты. Мысалы, түркі дүниесіндегі әлем бірлігі концепцияларын сопылықтың "уахдат ал - вужуд" (болмыс бірлігі) концепциясы қуаттай түсті /61/.
Қазақстандағы Ислам мәдениеті жайлы айтқанда оның Исламға дейінгі мәдениетпен кірігіп өзінше бір түркі дүниесіне тән мәдени орта қалыптастырғанын көреміз. Бұл қалыптасқан мәдениет Қазақстан халқының барлық шаруашылық, тұрмыстық жағдайларына лайық ыңғайластырылған болды. Кеңес үкіметінің келуімен діни басқарма, басқа діни басқармалар сияқты репрессияланып, көптеген мешіт, медреселер жабылып талқандалды. Тек 1943 - ші жылдары ғана діни ұйымдарға деген көзқарас өзгеріп, Орта Азия және Қазақстан діни басқармасы қайта бас көтерді. Көптеген мешіттер қайта ашылып, діни қызметкерлер даярлайтын Бұқарадағы "Мир Араб" медресесі қайта ашылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы