I қазақ жеріндегі исламға дейінгі діндер және алғАШҚы наным сенімдер


Түркілердің сенім негіздері: Жер-Суға және



бет3/9
Дата11.06.2022
өлшемі345 Kb.
#267922
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
dip -qazaqtyn-ezhelgi-nanym-senimderi-kazgu-2010-53

1.2 Түркілердің сенім негіздері: Жер-Суға және
Ұмайға табынудағы дала дәстүрінің жалғастығы

Дін - адамзат баласы жаратылғалы бері дүниеге келген өшпес шындық, ақиқат. Мәдениет пен өркениеттің түрлі институттары түгел дерлік діни нанымнан туындағаны, өрбігені хақ. Кез-келген халықтың, қоғамның өз тарихында діни санасы болғандығы тайға таңба басқандай айқын дүние. Дін-рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны болып табылады. Сондықтан дінді зерттеу, діннің болмысы мен тарихын, негізгі ұстанымдары мен ықпалын білу, оның құпиясын, сырын ашу әрдайым өзекті мәселелердің бірі болғандығына ешкім қарсы дау айта алмас. Ұзақ жылдар бойы әкімішілік-әміршіл жүйенің қыспағы мен асыра сілтеулер салдарынан ұмыт бола жаздаған көптеген құндылықтарымыздың бірі-дін мәселесі. Елімізде болмашы жұрнағы ғана қалған дініміздің негіздері мен тарихын білуге еліміз егемендік алғаннан кейін қол жеткіздік. Қазақ халқы тәуелсіздігін алғаннан бері еліміздің жарқын болашағы үшін қажетті көптеген мәселелер талқылауға салынып, қолға алынуда. Солардың бірі дін мәселесі болып табылады. Адамзат баласының баға жетпес құндылықтарының жоғалуы мүмкін, алайда адамзаттың діндарлығының жоғалуы мүмкін емес. Өйткені ол адамзат баласының қанында бар нәрсе. Сондықтан қазақ халқының болашағы үшін діннің атқарар қызметі, рөлі орасан зор. Қазіргі таңда елімізде өзінің ата-тегін, тарихын, дінін зерттеуге деген қажеттілік күн өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы жылдары діни әдебиеттердің жаппай көбеюі соның нышаны іспетті.


Түркілердің сенім негіздеріне келетін болсак - Көне түріктердің наным-сенімдерін зерттегенімізде олардың көкке (көк культі), ата-баба аруағына (ата-баба культі, атақұлдық), аң-жануарларға (анимализм және тотемизм культтері) табынғанын, таудың аруағына (бұдұн инли, анимизм) сиынғанын т.т. айта аламыз. Л. Гумилев «Көне Түріктер» атты кітабында «Түркілердің діні» атты тарауда ежелгі түріктердің әр түрлі этникалық топтардан құралғанын айта келіп, шонжарлардың көбінесе ата-баба культінде болғанын, кейбір топтардың күннің жарығына табынғанын, кейбір тайпалардың жер-су деп аталатын жауыз тәңірлерге, ал бағзылардың тәңіршік аруақтарға табынғанын жазады [18].
Тәңірге, Жер – Су, Ұмайға табыну. Дала дәстүрінің жалғастығы. Жоғарыдағы көк аспан көне түрік дүниетанымының темір қазығы тәрізді. Бұл қазықты ол жоғарғы Тәңір әлемі, тіршіліктің тірегі Жер мен Су орналасқан ортаңғы әлем деп екіге бөледі. Аспанға (Тәңірге) табыну діни нанымда маңызды орын алады, бұл түсінікте де, сондықтан болар көкке табыну түркілер арасында кең таралған. Аспан тұрғындары өздерінің қанатты арғымақтарына мініп, аспан күмбезін шарлайды, түрік қағандары да аспанға ұқсас, асқақ, оларды көкте туғандар дейді. Көне түркі жазба мұраларында былай делінеді: «Аспан менің әкем Ильтериш-қаған мен анам Ильбильге-хатунды жоғарыдан басқара отырып, оларды (халықтан) биікке көтеріп, асқақтатты» [19].
Көк – Аспан мен Жер – Суға табынушылықтың пайда болуын адамның табиғат алдындағы мәңгілік парыздарлығымен, оның қиындықта қолдап, аштық пен зілзаладан сақтайтын, азық-түлікпен қамтамасыз ететін ізгі құдайлар мен пір иелеріне үнемі алғыс білдіру ниетімен байланыстыруға болады. Нақты өмір шындығын түсіну адамға жәрдем беретін жоғарғы көк аспан әлемі бар екендігі туралы түсінікті қалыптастырды. Көне түркілер үшін әлемдегі ең биік шыңның Хан Тәңірі атануы да кездейсоқтық емес.
Ежелгі қазақтардың болмыс шындығына етене сіңгені туралы деректерде айтылған постулатқа қайтып оралу олардың дүние түйсінуіндегі аспан ұғымына түсінік беруді қажет етеді. Малшы ең алдымен жарық жұлдыз шолпанды іздейді (шолпан шолпанды іздейді), темірқазық пен жеті қарақшының орналасуына қарайды. Шолпан жұлдызының маңыздылығы соншалық, ежелгі шолпандар оны барлық адамдардың ата мекені, жан тәнге қонғанға дейін соны мекендеді деп таныды. Осыдан нақты аспан денесі мен оның дүниені жаратушы рухани рәмізі ретінде идеалдануының синкретті тұтасуын көреміз. Реалдылық пен идеалдылықтың мағыналық бірлігі бұл жерде айрықша көзге түседі. Сол сияқты айды көне бақташылар ғарыштың, адамзаттың анасы санады. Бұл әсіресе, оның бетіне қара дақтар түсіп, кәрі кемпірге ұқсаған толық ай кезінде ерекше байқалады.
Көріп отырғанымыздай, Тәңір тылсым мәнді Аспан, құдайылық қана емес, қазақтардың көне діни нанымдарында бәрін жаратушы бастау болды.
Бұл тұрғыда Жер-Су Тәңірімен байланысты ғана емес, оған қарама-қарсы тұрған жер беті ретінде түсіндірді. Себебі, қазақтар жазық жерде өмір сүруге бейімделген еді. Алайда, қазақтарда Алатай сияқты таулы жерлер аз емес. Мысалы, Көк бөрі аяқ-қолы жоқ баланы құтқарып, одан алғашқы түркілерді туған Хантай тауларын еске алайық. Құдіретті Жер-Су құдайлары түркілерді қоршаған дүние оларға жаз басы көрінгендіктен құдайлық қасиетке ие болды. Сондықтан ата мекен, өмірлік кеңістік ұғымы негізгілері болып табылады. Бұл жер мен суды өзімдікі және басқанікі, досымдікі және жауымдікі деп бөліп, өз жері мен суын киелі қасиетке бөлеудің негізі болды. Жерді этникалық тап территориясымен салыстыру бұл түсінікті құдайлық қасиетке теңеп, оны киелендіруге әкелді.
Ұмай рөлі ең алдымен адам баласының тууы соған тәуелді болуымен сипатталады. Баланың дүниеге келуінде Ұмайдың маңыздылығы сонша, мысалы, армян авторы Каганкатваци албан эпископы исрайылдың Хазарларды шоқындыруын суреттей келе, Ұмайды Афродитамен салыстырады. Жамбыл облысындағы Билікөлден тас тұғыры табылған, ол Тәңір мен Ұмай жұбына табынған түркілер бейнеленген Құдырғын тастарына ұқсас. Бұл уақыттарда патшайымдарды Ұмаймен салыстыру кең тарады: Ұмай тек огим (Менің патшайым анам Ұмай тәрізді). Бұл оның барлық тіршілік иесі ретіндегі маңызының артқандығын көрсетеді [20].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы