Ы. Алтынсарин 180 жылдығына арналған «Даланың алып қоңырауы» мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған Республикалық Педагогикалық оқуларға қатысушының ақпараттық картасы



Дата20.11.2021
өлшемі68.08 Kb.

Ы.Алтынсарин 180 жылдығына арналған «Даланың алып қоңырауы» мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған Республикалық Педагогикалық оқуларға қатысушының ақпараттық картасы



Турбекова

Улбике Музаппаровна



Жұмыс орны

Балдәурен бөбекжай-балабақшасы

Атқарылған лауазымы

Тәрбиеші

Біліктілік санаты




Қатысатын бағыттың атауы

Ұлтымыздың ұлықты ұстазы-Ыбырай


Ұжымдық немесе жеке жұмыс

Жеке жұмыс

Байланыстар




Ұялы телефон

87071931662

Жеке электрондық пошта

ulbiketurbekova@gmail.com

Ұлтымыздың ұлықты ұстазы-Ыбырай

Біз  келешекте  қуатты мемлекет, зиялы қоғам құрамыз  десек, дәл бүгін бесікте жатқан бөбектерді, балабақшада жүрген балдырғандарды, мектеп  шәкірттерін тектілікке, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеуді қазіргі уақыттың міндеті, талабы деп  қарауымыз керек . Осы талап  пен міндеттерді орындалудағы ең бір  пәрменді құрал – оқу, тәлім – тәрбие жұмыстарында халықтық құндылықтардың алтын мұрасын пайдалану. Қазіргі таңда білімнің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыреттілігі  жоғары, жаңаша ойлайтын шығармашылықты мамандар даярлау және жасампаз іс әрекетті қалыптастыру. Олай болса, тарих көшінде өзіндік орны бар айрықша зиялы қауым өкілдерінің ұрпақ  тәрбиесі туралы мәселелер ауқымындағы ой пікірлерін зерделеу, сипаттау, таразылау, жинақтау, оларды қоғамдық іс – тәжірибе шеңберіне енгізу.

Бір аллаға сыйынып Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! – деген   өлеңінде білім алуға үндесе, екінші жағынан , өмірдің бір қызығы тек  байлықта деп  ұғатын, оқу, өнер, ғылым – білімге мін  бермейтін кертартпа көзқарасқа  соққы береді. Өмірде сарқылмас мол  байлық  – білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей –  жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.      Өнерді   үйрен, үйрен де жирен деп  санаған  халқымыз ұл қыздарының оң қолынан өнер  тамған шебер  болуына  да мән берген.

Ы.Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік , нақыл – насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер – білімге баулуды көздейді.

Шығармаларында оның өнерге деген ықылас – ілтипаты анық байқалады. Өзінің өлеңдері  мен әңгімелері арқылы жастарды  табиғаттың әсемдігін , адам сезімін қабылдап, түсіне білуге тәрбиелейді, оның өлеңдері  мен ғибрат әңгімелері жас ұрпақты тәрбиелеу  мен оқытуда  күні бүгінге дейін  өз маңызын жойған жоқ. Сиса көйлек үстінде,Тоқуменен табылған.Сауысқанның тамағы, Шоқуменен табылған,- деп  педагогтік тәсіліменен  балаға еңбек атаулыдан хабар аңғартады. ,Балабақша – балаға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында , тек осы балабақшадан бастау алады деп ой түйеміз.  Ы.Алтынсарин шығармаларында еңбекті сүю, білімдіден үйрену , талпыну, адамды сыйлау үгіттеледі.

Ы. Алтынсарин еңбек  процесінің бала  тәрбиесіндегі  ерекше маңызын  көре біледі. Сондықтан оның  көптеген әңгімелерінің идеясы  Абай айтқандай  «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағиданың  төңірегінде топтасқан.  Мәселен. «Бай баласы мен жарлы баласы». Асан мен Үсен әңгімесі шындық реалистік әңгіме. Осы әңгімесінде  Алтынсарин  бүкіл ағартушылық еңбегінің негізгі сырын, әлеуметтік тенденциясын  айқын ашып береді.Үсен арқылы  еңбекші бұқараның жас ұрпағының еңбек сүйгіштігін , әр нәрсенің  ретін таба білетіндігін көрсетеді. Ал Асан бейнесінде  мұндай қасиет  байқалмайды. Үсен бейнесінен  тек еңбексүйгіштіктен  басқа дәрменсіз Асанға көмегі оның адамгершілік  жағынан  бейнесін сомдай  түседі. Мұнда қазақ өміріндегі  Асанға лайық  ұқсас  мінездерін айқын көрсетіп береді. «Ол жастайынан  сұрағанын әперетін, дегенін істейтін  кісі болғандықтан жатып ішер болуға әрекеттенеді» Бала жанының зергері Ы. Алтынсарин әңгімелерінің бәр-бәрі де бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан дүниесіне асер етерліктей етіп берілген. Осы әңгімелерді мұғалімдер мен ата-аналар балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында пайдалануға болады. Мәселен, оның «Салақтық» сияқты әңгімесі балаларды жарамсыз әдеттен жирендіру , талабында жүргізілетін «Жирен жаман әдеттен» циклі үшін таптырмайтын тақырып.


Ыбырай еңбек процесінің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре білді. Сондықтан оның көптеген әнгімелерінің идеясы, Абай айтқандай, «Еңбек етсет ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағиданың төңірегіне топтасқан. 

Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық әңгімелер жазды. Ыбырай осы тақырыпта жазған бір әңгімесінде: «Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен қисық біткен?» - деп сұрады баласы. «Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен де түзу болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай бағусыз өсерсің. Мынау ағаш бағусыз өз қалпымен өскен», - деді атасы. «Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой», - деді баласы. «Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық біткен ағаштай қисық өсерсің», - деді. 


Бұл әңгіменің оқушылар үшін де, оқытушылар үшін де үлкен тәрбиелік мәні бар. «Балан жастан» дегендей, оған жас күнінен түзу тәрбие беру оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң қисығын түзеу қиынға түседі. Кейде сол қисаюмен барып, мерт болады. Ыбырайдың бұл әңгімесі мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу үшін үлгі бола алады.

Атақты ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деген сөзі бәрімізді қатты ойландыру керек. Ұлттың рухани-экономикалық, әлеуметтік тұрғыда өсіп- жетілуі білімнің мазмұндылығы мен маңызына, оған деген көзқарасқа тікелей қатысты. Ал жеке тұлға мен қоғам кұндылықтарын калыптастыру барлык кезеңдерде өзекті мәселе болып келгені мәлім. Олай дейтініміз, осы рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы туралы ғұламалар, ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин өз еңбекінде құнды ой-пікірлерін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Ғасырлар қойнауынан жеткен жәдігерлердің өнегелік сипаттарын, тәлімдік тәсілдерін тиімді қолдансақ, ғибраттың нағыз кайнар көзінен сусындаймыз. Ағартушы-жазушымыз-кемеңгер ғұлама ұстаз Ы.Алтынсарин еңбектеріңде баланы елін, жерін сүюге, табиғатты аялауға, имандылыққа, әдептілікке, қайраттылыққа, еңбек етуге тәрбиелеудің ұлттабиғатына лайық небір тамаша әдістері ұсынылады. Ы.Алтынсарин адам тәрбиесіне зор мән берген.Өсіп келе жатқан бүлдіршіндерді тәрбиелеуде Ыбрай өмірінің, педагогикалық идеяларының өнегелі тәрбие беретін жақтары жеткілікті. Себебі, Ыбрай бүкіл өмірі, еңбектері, негізінен үлгілі-өнегелі адам тәрбиелеу ережесі десе болады. Ыбрай мұрасын мәңгілік өнеге мектебі дейміз. Қазіргі таңда жан аямай кәсіп қылудан безінетін «бейнет көрмей дәулет жоқ екенін» парасаттамайтын, ұрлық пен қулықты қызық көретін жастарды жақсы мінез-құлық пен имандылыққа үйрететін, ел болып ер жетуімізге жол нұсқайтын асыл-Ыбрай мұрасы. Ыбрай шығармаларындағы терең ойды мұғалім өзі терең түсінгенде ғана баламен жүгізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ.

Қоғамның санасын Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйемен баяндап эстетикалық таныммен пәлесапалық қағидаларымен тұжырымдап отырды.Қазіргі таңда ұстаздың сабағында жаңа техналогия әдіс-тәсілдері оқушыларды ортамен қарым-қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын еркін айтып қорғай білуге, әдептілікке, жауапкершілікке, өнерге, еңбектенуге үйретеді. Ыбырай ұстазымыздың да ұсынған әдістемесінің негізі осы емес пе.

Білім берудегі демократиялық, ізгілендіру, ынтымақтастық идеясы, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты өзгертті. Мұнда мұғалімнің кәсіби-әдістелік шеберлігінің маңызы зор. Қазіргі жаңалық деп жүрген ынтымастық, ізгілендіру идеясын сол кездің өзінде-ақ Ыбырай Алтынсарин қалыптастырған болатын.

Ыбырай Алтытынсариннің ізгі ойлары, талғамы, педагогикалық идеялары көптеп саналады.

Еліміздің үлкен бір проблемасы жастар проблемасы болып есептеледі. Ендеше бүгін алда қойған мақсат Ыбырай Алтынсаринның еңбек, тәртіп, тәрбие идеяларына тоқталып, қазіргі заман талабымен ұштастыру. Данышпан әр оқушыны біртұтас жасампаз тұлға деп қарайды. Сондықтан жеке адамның бойынан жоғарыда айтылған адамгершілік қасиеттерінің бірі табылса, біртұтас мінез қалыптасады. Бұлар ұстаздардың мектепке дейінгі балаларға дұрыс, жүйелі, табанды түсіндірумен, балаға дұрыс талап қоя білулерімен жүзеге асырылады және ұзақ уақытты қажет етеді.Бүкіл адамзат қоғамындағы материалдық және рухани байлықтың бәрі де адам еңбегінің қүдіреті арқылы жүзеге асады.

«Еңбек-байлық атаулының негізі. Ол бүкіл адамзат өмірінің бірінші алғы шарты. Адамның өзін жасаған еңбек»-деп Ыбырай Алтынсарин ғылыми түрде тұжырымдап көрсеткен.

Ыбырай Алтынсарин мектептегі тәртіпке зор көңіл бөлген «Тәртіптің шындыққа айналауы тәртіптілік сезімін тудырады»-деген ұлы ұстаз. Тәртіп деген педагогикалық ұғымға Ыбырай Алтынсарин терең талдаулар жасайды. Ол бірде тәртіп-тәрбие құралы десе, бірде тәртіп-тәрбиенің нәтижесі деген анықтама береді. Ал бұл халық педагогикасындағы «тәрбие-тәртіптің құлы» деген түсінікке жақын. Сондай-ақ тәртіп оқушының мектеп ережесіне бағына білу.мен шын еркіндіктің табиғи бірлігі дегенді де ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин жазған. Міне, кезінде аса көргендікпен көпшілікке ұсынған осы ұғым тұжырымдары қазір де мұғалімдердің қажетіне жарап жүр.

Еңбекті қадірлеу-оның шығармаларының басты тақырыбы өсиет, өнеге айта отырып, ой саларлықтай салмақ тастады. Адамның мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбие рөлінің ерекшелігіне тоқталып, «бағып-қағып үлкен мән бер бала тәрбиесіие» жеміс ағашын өсіруші бағбан еңбегімен парапар. «Дүнйедегі жақсы атаулы күннің нұрымен, ананың ақ сүтімен бойымызда дарып, сіңеді»-деп тұкжырым жасайды.

Ыбырай әңгімелерінің ішіндегі ең бір шоқтығы биік шығармасы - «бай баласы мен жарлы баласы».Қазақ қоғамындағы өмір шындығын, тап жігін аша отырып, ауыр тұрмыстың ыстық қазынасында пісіп, шығып тағдыр тауқыметін көрген кедей баласының еңбек қорлығын баяндайды. Мұғалім өз сабағында осы мәселеге көңіл қойып, үйретудегі мақсат: Асан мен Үсенге салыстырмалы мінездеме бере отырып, кедей баласының сабырлығы мен көргендігін, еңбекқор өмірге икімділігін; екіншісінің шыдамсыздығын жинақтай отырып, жазушының айтайын деген ойын, шығарманың идеялық мазмұнын айқын түсіндіру. «Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин еңбектенсең, талаптансаң, мақсат- мұратыңа жетерсің-дей келіп осы идеяны ашып көрсетеді. Балаға білім берудегі еңбекке баулудың рөлі өте зор деген ой тастайды. Ыбырай Алтынсарин оқушыларды еңбек арқылы тәрбиелеу, оқыту өз еңбегіңің нәтижесін көруге, одан қанағат, ләззат алуға үйретеді, еңбек етіп үйренген адамға білім беру жеңілірек болады деген пікір ұсынады.

Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің тиімділігінің басты көрсеткіші-білім сапасы мұғалімнің негізі міндеті-оқушыны білімге, өз бетінше ізденіске және шығармашылық жұмысқа баулу болып табылатыны бәрімізге белгілі. Елбасының жолдауында: «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» делінген.Қазіргі жас буын жан-жақты терең білімді, саяси- экономикалық сауатты, яғни интелектуалдық деңгейі жоғары болса, тәуелсіз мемлекетіміздің мықты тірегі болатынына сеніміміз мол.

Ыбырайдың да алға қойған мақсаты-қайткен күнде де «қалың елі, қазағым» терезесі тең көсегелі, көргенді мәдениетті, өнері өркендеген ел қатарына қосу болатын. Осы жолда сан кедергілерге кездесіп, «мыңмен жалғыз алысып», аңсаған арманға жету жолында бойдағы бар күш- қайратын, ақыл-парасатын сарп еткен Ыбырай да қалың бұқараны шынайы қамқоршылары бола білді. Ыбырай идеяларын дамытып, қоғамда пайдалана білу үлкен бір жетістік. . Сондықтан, Ыбырай Алтынсаринды балалар әдебиетінің негізін салушы дейміз. Тәрбие-қазіргі таңдада өзекті мәселе болып отырғаны белгілі. Жас ұрпақ әкенің мейірімі мен ананың ыстық ықыласына бөленіп өскені абзал. Отбасы тәрбиесін көрген ұрпақ болашақта қайырымды ұл болары сөзсіз.



«Білім мен тәрбие егіз ұғым» екенін айта отырып келешек жастардың ел үмітін ақтар азамат болары анық. Ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілін ұмытпай, ата-ана берген тәрбие мен ұстаз берген білімді ұштастыра білейік.

https://oqu-zaman.kz/?p=15692

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік