Хкд арқылы жүк тасымалдаудың интермодальді


Қазақстан Республикасында мультимодалды тасымалдар



бет2/3
Дата24.12.2021
өлшемі1.54 Mb.
#148098
1   2   3
Байланысты:
ХКД Дәріс 11-12
15 нед тарих срсп, Жоба синтез

Қазақстан Республикасында мультимодалды тасымалдар


жүйесін қалыптастыру

қамтамасыз етеді және сол арқылы мультимодалды тасымалдар жүйесін қалыптастыру

үшін қолайлы жағдайлар жасайды.



  • Мәселен,көлік кешенінде қажетті бастапқы инфрақұрылым бар (терминалдар мен

қатынас жолдарының желесі),жүктерді есіктен есікке дейін жеткізуді қамтамасыз ету үшін аралас тасымалдар қолданылады.

  • Республикада жұмыс істейтін көлік-экспедициялық фирмалар технологиясы бойынша

мультимодалдыға жақын тасымалдарды орындайды,бірақ олар осы сөздің тура

мағынасында бірқатар себептер бойынша мультимодалды тасымалдарға толық сай емес.



  • Қазірдің өзінде мультимодалды тасымалдарды ұйымдастыруға болатын тасымал

қызметінің белгілі бір салаладары бар.



  • Мәселен,бірінші кезенде мультимодалды технологияларды қолдану үшін оңтайлы сала тұрақты тасымалдар болуы мүмкін.Сол

тасымалдарды жетілдіру сөзсіз нақты экономикалық нәтиже береді.Олар ең алдымен едәуір алыс қашықтықтарға жасалатын автомобиль тасымалдары.

  • Респубилка темір жол станцияларынан едәуір алыс қашықтықта орналасқан.Түпкірдегі әкімшілік аудандарға көтере жеткізілетің жүк тасымалдары да мультимодалды тасымалдарды қолданудың нақты саласына айналуы мүмкін.Осы тасымалдарды,әсіресе республика ішіндегі қатынастарда қазір бастан аяқ дерлік көбіне автокөлік жүргізеді.Экономикалық негізделген жағдайларда маршруттың бір бөлігіне темір жолдарды қосу арқылы мультимодалды технологияларды қолдану жабдықтау шығындарын едәуір азайтуы мүмкін.





  • Оңтүстіктегі өндіруші аудандардан солтүстіктегі тұтынушы

аудандарға ауыл шаруашылық өнімдері сияқты халық тұтынатын

тауарларды тасымалдау үшін де мультимодалды тасымалдар



ұйымдастыру перспективалы.Осындай тасымалдардың айқын көлік схемасы қоғамдық шығындарды үнемдеуді қамтамасыз еткен болар еді.

  • Республикада мультимодалды тасымалдарды дамыту үшін қолайлы

алғышарттардың қатарына сондай-ақ әркелкі көлік түрлерінің

тоғысына орналасқан ірі көлік тораптарының болуын да жатқызуға болады.Атап айтқанда, осы технологияларды дамыту үшін әлеуетті мүмкіндіктер Павлодар темір жол-су көлігі торабында бар,ол республиканың аса ірі су күретамыры- Ертіс өзенімен қиылысатын Тобыл- Құлынды темір жол магистралінің бойына орналасқан.




Кезінде «КК ҒЗИ» Екібастұз көмірін аралас темір жол –су қатынасымен Ресейге тасымалын ұйымдастырудың мақсатқа сәйкестігін зерттеді.Оның тиімсіздігінің басты факторлары мыналар болып шықты:ЖЭО-на судан көмірдің үлкен мөлшерлерін қабылдау үшін Омбыда қажетті керек- жарақтың болмауы; үлкен навигацияаралық қосалқы қорлар жасау қажеттілігі; көмір таситын кемелерлді тиеуді шектейтін өзен фарватерінің жай- күйі; көмір тиеу кезінде темір жол

вагондарының бос тұруларын азайтатын тоқтаусыз жұмыс істейтін жоғарғы өнімділікті

техниканың Павлодар портында болмауы.







  • Ақтау теңіз порты өте перспективалы мультимодалды көлік торабы болып табылады,ол темір жол,автомобиль және теңіз көлігі тоғысында жұмыс істейді.Каспий теңізі арқылы Ресеймен,Закавказьмен және Иранмен паром қатынасын ұйымдастыруға байланысты мультимодалды көлік схемаларын қолдану бойынша порт мүмкіндігі әсіресе өсті.

  • Мультимодалды технологияларды қолдану үшін экспорттық-импорттық

тасымалдар саласында белгілі бір алғышарттар бар,мұнда өсу үдерісімен

біршама орнықты жүк тасқындары қалыптасты.Осы тасымалдардың тиімділігін арттыру – еліміздің сыртқы экономикалық қызметін жетілдіру фактілерінің бірі.

  • Желінің кейбір жеке бағыттарында мультимодалды технологиялар- контрейлерлік тасымалдарды пайдалану арқылы транзиттік тасымалдар ұйымдастыру әбден мүмкін.



1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді