«Хирургия» пәні бойынша практика нәтижесінің есебі



Дата19.06.2021
өлшемі0.52 Mb.



«Хирургия» пәні бойынша

практика нәтижесінің есебі.
Бөлімше, практика өткізген жері_______________________________________
Тікелей жетекшінің аты-жөні__________________________________________
Өту мерзімі________________________________________________________________





Манипуляция аты

Манипуля

ция саны

Орын

дал-

ғаны

Баға

Қолы

1

Антисептик ерітінділерді күнделікті

қолдануға даярлау. /альдозан.сайдекс,АХД/















2

Қолды өңдеуге ерітінді даярлау.

/хлоргиксидин/ ++
















3

Құрал-саймандарды стерилизациядан

алдынғы 7 кезеңмен өңдеу. +
















4

Бикске ақ жайманы, қайта таңу материялдарын, құрал-саймандарды орналастыру

+














5

Залалсыздандыру сапасын анықтау+














6

Салфетка, турунда, шариктер жасау.

+














7

Науқасты операцияға дайындау/тазалау клизмасын қою, асқазанды жуу, санитарлық шаралар/.

+














8

Операциялық алаңды өңдеу.

+














9

«Жарақатты біріншілікті өңдеу, таңғыш салу» +













10

Науқасты операциядан кейін тасымалдау

/операциялық залдан алып шығу, палатадағы

орнына жатқызу/. +















«Хирургия» пәні бойынша

практика нәтижесінің есебі.





Манипуляция аты

Манипуля

ция саны

Орын

дал-

ғаны

Баға

Қолы

11

Науқастың төсек орнын, киімін ауыстыру.+














12

Науқастың тері және шырышты қабаттарына.

Күтім жүргізу.+















13

Қан кетуді уақытша тоқтату /буынды бүгу, жгут қою, қысушы таңба қою, бұрау салу/.+














14

Мұрын қуысын тампонадалау+














15

Донор мен реципиент қанының топтастырылуына және Rh үйлесімділігіне сынама жүргізу

/биологиялық сынама\+















16

Гемотрансфузиядан кейінгі науқастың жаңдайын қадағалау+













17

Футлярлық анестезия жасау.+














18

«Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу техникасы» іс-әрекет алгоритмі+













19

Жалпы жансыздандыруға қажет құрал-саймандарды даярлау.

+














20

Инфузиялық жүйені құрастыру.

+














Дөңгелек мөр Күні «_____»______________20____ж.



2. Қолды өңдеуге ерітінді даярлау. /хлоргексидин/
Көрсеткіші: операцияға қатысатын мед.персоналдың қолвн залалсыздандыру үшін.

Жабдықтар :

0.5% хлоргексидин ерітіндісі бар флакон;

70%этил спирті бар флакон ;

Бикс тану материялдармен ;

Бір рет қана қолданатын сабын ;

Құм сағат(1-3 мин.).



Іс- әрекетінің алгоритмі :

0.5% хлоргексидин ерітіндісі бар флаконды дайындау .

Подставкаға тану материялы бар ,операциялық жабдықтары бар биксті орналастыру .

1минуттық құм сағатты қою,сабын дайындау. 1мин.бойы сабынмен қолды жуу(тырнақ астын,тырнақ маңайын ,саусақ араларын ,саусақтарды,алақанды,қолдың сыртын сол жақ қолдың,сосын оң жақ қолды, сол жақ , оң жақ білезікті ,сол жақ ,оң жақ білектерді шынтақ буынға дейін). Ағынды су астында сабынды жою үшін саусақтың ұшынан бастап ,шынтаққа дейін шаю.Залалсыздандырыған орамалмен қолды кептіру(оң жақ қолдың сусақтарынан бастап негізіне дейін,алақанды білезік буынға дейін,оң жақ қолдың ішкі сыртын ортаңғы бөлікке дейін,содан кейін сыртқы жағын ,оң жақ қолдың ішкі жағын ортаңғы бөліктен бастап шынтаққа дейін ,сосын сыртқы жағын ортаңғы бөлікиен бастап шынтаққа дейін).

Осындай әдіспен орамалдың төменгі бөлігін сол жақ қолға салып кептіру .

Залалсыздандырылған салфеткаларды 0.5%хлоргексидиннің спирт ерітіндісіне малып, қолды өңдеу ,тырнақтардан бастап шынтаққа дейін 2мин.бойы.

Залалсыздандырылған салфеткаларды 0.5% хлоргексидиннің спирт ерітіндісіне малып қолды өңдеу,иықтың ортаңғы бөлігіне дейін 1мин.бойы.

3. Құрал-саймандарды стерилизациядан алдынғы 7 кезеңмен өңдеу.


Стерилизация дегеніміз медициналық құрал жабдықтардағы микроорганизмдерді және оның спораларын, токсиндерін түбегейлі жою. Залалсыздандыруға медицинада дәрілер мен диагностикалық препараттар, тігіс және таңғыш материалдар, жаймалар, пациенттің күтіміне арналған заттар жіберіледі.

Залалсыздандыру алдындағы тазалау кезеңдері



І кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1% лизоформин (дез ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа салып қоямыз.

ІІ кезең. 1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған судың астында 30 секундтан жуамыз.

ІІІ кезең. Медициналық құрал -саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз.

IV кезең. Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал -саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз.

V кезең. Медициналық құрал -жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып, ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз.

Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды)



VІ кезең. Медициналық құрал саймандардың құрамындағы тұздарды жою мақсатында дистилденген сумен жуып шаямыз.
VIІ кезең. Медициналық құрал саймандарды кептіргіш шкафтың ішінде 85'C салып кептіреміз.

Тазалаудан толық өткізгеннен соң, медициналық құрал- саймандарды крафт пакетке, бөз орамына орап, бикске саламыз.



Стерилизация әдістері

Стерилизацияның химиялық әдістері полиэтилен заттарды, өкпенің жасанды вентиляция аспабын, әртүрлі эндоскоптарды залалсыздандыру үшін қолданылады, бұл үшін дезерітінділер немесе газдар қолданылады.



Автоклавтау туралы түсінік

Автоклавтау булы стерилизаторлармен жүзеге асады. Булы стерилизаторларда жоғары температура (138˚С ке дейін) және жоғары қысым (2,5 атм дейін) орнатылады.



4. Бикске ақ жайманы, қайта таңу материялдарын, құрал-саймандарды орналастыру


  • Биксті, халаттарды, жаймаларды, таңғыш материалдарды дайындаймыз;

  • Бикстің ақаусыздығын тексереміз;

  • Бикстің ішін 2 рет сүртеміз;

  • Бикстің ішіне жайма төсейміз:қ

  • Бикске біріңғай материалдан жасалынған заттарды саламыз;

  • Халаттарды, жаймаларды, орамалды, салфеткаларды, мақта шариктерін т.б

  • Бикске тек қана залалсыздандыруға дайын материалды қатаң тәртіппен саламыз;

  • Бикске салынатын материалдардың саны белгіленген болуы керек;

  • Таңу материалдарын 10 дана етіп, орам түйіншегімен саламыз:

  • Дәкелі шариктерді 50-100 дана етіп, дәкелі түйіншекке саламыз;

  • Бикстің ішін спиртті салфеткамен өңдеп аламыз;

  • Сосын жайманы төсейміз, материалдарды салып, жайманың шеттерімен үстін жабамыз, арасына бу кіріп, жақсы зарарсыздандыру үшін бос етіп саламыз;

  • Материалдарды жайғастырған кезде вертикальді және қатарымен салуды қадағалау керек;

  • Бикстің қақпағына индикатор қағазын саламыз;


5. Залалсыздандыру сапасын анықтау
Залалсыздандыру сапасын бақылау. Залалсыздандырудан өткен заттардың бәрі залалсыздандыру сапасын анықтаудан өту керек.

Физикалық – залалсыздандыру сапасын анықтау мақсатында стерилизатора мен автоклаварда орналастырылған термометрлер, таймерлер, манометрлер, түрлі- түсті индикаторлар көмегімен бақылау жүргізеді. Физикалық бақылау тәсілі температура, қысым және басқа залалсыздандыру процесінің параметрлері туралы мағлұмат беріп отрады. Физикалық бақылау тәсілі бойынша заттар толық залалсыздандырудан өтті деуге болмайды, өйткені ол тек залалсыздандыру камерасының жұмысын ғана бақылайды.

20 Химиялық – залалсыздандыру сапасын анықтау мақсатында химиялық индикаторларды қолдану (лентілер, қағаз кесінділер, химикаттардың түйіршіктері, түтікшелер, залалсыздандырудың параметрлерінің бір деңгейіне жеткен кезде өз түстерін немесе агрегаттық жағдайын өзгертуі). Химиялық индикаторлар залалсыздандырылататын қораптардың ішіне немесе сыртына салынады. Егер индикаторлар түсін өзгертіп немесе еріп кетсе, онда заттар залалсыздандырылған, ал егер индикаторлар түсі толық өзгермей, ерімесе, онда заттардың залалсыздануы болмаған (заттар не тығыз салынған немесе камера жұмысына күш көп түскен)

21 Биологиялық – залалсыздандыру сапасын анықтау мақсатында қағаз қорабына салынған бактерия спорларын сіңдіріп, кептірген қағаз кесінділерді немесе пластиковый флакон құрамында ұрықтары бар кесінділер. Сонымен қатар, емдеу және алтын-алу мекемелерін СЭС жилына екі рет, емдеу мекемесіндегі бактериологиялық лаборатория айына бір рет жоспарлы тексеру өткізеді, ал инструменттерді, таңғыш материалдарды, опер блокты, хирург және мейірбике қолын – жетісіне бір рет залалсыздандыру сапасына тексеру өткізеді. Залалсыздандыру сапасын анықтау үшін қолданылатын химиялық затратға жатады: мочевина, манноза, фенацетин, фталевый ангидрид, бензой қышқылы фуксинмен бірге, нафтол, стрептоцид, салицил қышқылы, арабиноза, сульфацил қышқылы, тиомочевина, янтарь қышқылы, аскорбин қышқылы, альбуцид.



Азопирам сынамасы

Мақсаты: медициналық құрал-саймандарда гемоглобин, жұғыш ерітінді, құрамында хлоры бар заттарды, тат басқан жағдайлардан, дәрілік заттардан тазалау сапасын бақылау.

Жабдықталуы:

азопирамды реактив: 100мл амидопирин 1 мл тұзқышқылды анилинды құрғақ ыдыста араластырып, 1л дейін 96% спиртпен араластыру;

1% азопирамның спиртті ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығына арналған пипетка;

астауша мақта шариктерімен, құрал-саймандар (бақылауға алынатын).

Міндетті шарттар:

жаңа дайындалған 1% азопирамның ерітіндісін 2 сағат ішінде қолдану;

азопирамды сақтау мерзімін бұзбау: жабық ыдыста 4˚С температурада 2 ай сақтау

Сынама жүргізу

- бетпердені кию, қолды жуып кептіру, қолғапты кию;

азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығы бірдей мөлшерде жеке пипеткамен алынып бөтен ыдысқа араластырылады, сыртына азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі деп белгіленеді;

бақылауға алынатын құрал-саймандарды мақта үстінде ұстап, үстіне азопирам тамыздырылады.

Егер де ерітіндінің түсі көк – күлгін түске өзгерсе, құрал-саймандардың құрамында қан қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда IIІ-IV-V кезеңді қайталаймыз.

Егер де ерітіндінің түсі ашық қызыл түске өзгерсе құрал -саймандардың құрамында жуғыш ерітіндінің қалдықтары болғаны. Бұндай жағдайда V кезеңді қайталаймыз.

Егер де ерітіндінің түсі қоңыр түске өзгерсе құрал-саймандардың құрамында ерітіндінің қалдықтары, дәрі дәрмектер, тат басқан жағдайлары болғаны.



Фенолфталеин сынамасы

Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталеин ерітіндісіне суланған мақтамен сүртеді. Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады. Егер тексеріс оң болса, ағынды суық су астында қайтадан қайталау керек.



Ескерту! Прогресс «Биолот» жуу заттарын қолданғанда фенолфталеин тексерісі қолданылмайды.

6. Салфетка, турунда, шариктер жасау.
Шариктер жасау алгоритмі

Көрсеткіштер:

  • хирургиялық өрісті емдеуге арналған

  • операциялық жаралар

  • жараларды таңу кезінде

Құрал-жабдықтар: дәке.

Ескерту. Дәке ақ, ​​жұмсақ, сіңіргіш және майсыз болуы керек.

Реті:

Көлемін шариктерге арналған дәкені қиып алыңыз: 6х7 см - кішілеріне, 11х12 см - орташа, 17х17 см - үлкендеріне;

- дайын дәке бөлігін ұзындығы бойынша екі жағынан ортасына дейін бүктеңіз

- бос ұштарды пайда болған үшбұрышқа салыңыз

- дәке шарларын дайындалған дәке пакетіне бүктеп салыңыз, әрқайсысы 50 дана

Ескерту. Дайын шарларда дәке жіптері жоқ екеніне көз жеткізіңіз,

олардың жараға енуіне жол бермеу үшін.



Салфеткалар жасау

Көрсеткіш: операциялық жараның сыртқы ортасынан, ауруханадан тыс алынған жара беттерінен қорғау үшін.

Құрал-жабдықтар: дәке.

Ескерту. Дәке жұмсақ, гигроскопиялық, майсыз қолданылады.

Реті:

- салфеткалар үшін дәке кесіңіз: 20x25 см - кішігірім үшін, 30x40 см - орташа, 60x40 см - үлкен үшін

- дәкені екі жағынан ортасына дейін ұзын етіп бүктеңіз (салфетканың ортасында, ұштары жанасады)

- салфетканы ені бойынша бүктеңіз (ұштары салфетка ортасына тиеді)

- салфетка ортасына, салфетка ұштарының жанасу нүктесіне бүгу

- 10 штуктан салфеткалрды дәкеге орап байлаңыз



Ескерту. Дайын майлықтарда жараға түсіп кетпес үшін дәке жіптері жоқ екеніне көз жеткізіңіз

Турунда жасау

Көрсеткіш: іріңді жараларды ағызуға арналған.

Жабдық: ені 5 см таңғыш.

Реті:

- таңғышты ұзындығы 40-50 см бөліктерге кесіңіз

- таңғыштың ұштарын екі жағынан ішке қарай 1-1,5 см-ге созыңыз

- бинт бөлігін ұзындығы бойынша екі жағынан бүктеп, ұштары ортасында түйісетін етіп жасаңыз

- таңғыштың бөлігін ұзындығы бойынша қайтадан бүктеңіз, ортасына жалғанған ұштары таңғыштың ішінде болады

- бекіту үшін үстелдің шетіне таңғыштың бір бөлігін тегістеңіз

- дайындалған турунданы сол қолдың 2-4 саусағының айналасында айналдыру

- саусақтардан алып, турунданы саусақтардан алғаннан кейін қалған саңылауға тартыңыз


7. Науқасты операцяға дайындау/тазалау клизмасын қою, асқазанды жуу, санитарлық шаралар/.
Мақсаты:нәжістен және газдан тоқ ішектің төменгі жағын ішек қозғалысын күшейту және нәжісті жұмсарту арқылы тоқ ішектің төменгі жағын нәжістен және газдан босату.

Көрсеткіші:

-іш қату;

-дәрілік (емдік), қоректік және тамшылы клизмалар алдында;

-пациентті асқазан- ішек жолдарын, зәр бөлу мүшелерін және кіші жамбас астауында орналасқан мүшелерді рентгенмен зерттеу алдында дайындау;

-операцияларға дайындау;

-тоқ және тік ішектерге эндоскопиялық зерттеулер жүргізу алдында дайындау.

Қарсы көрсеткіші:

-асқазаннан немесе ішектен қан кету;

-тік ішекте немесе тоқ ішекте жедел қабыну немесе ойық жара болу;

-тік ішектің қатерлі ісіктері;

-тік ішек айналасында жара болу немесе тік ішектің түсіп кетуі;

-қанайтын геморрой;

-асқазан- ішек жолдарына операциядан кейінгі алғашқы күндері.

Жабдықтау:

-қолғап, халат, алжапқыш

-таза Эсмарх кружкасы

-клеенка, жаялық,тегене,судно

-вазелин немесе глицерин

-штатив

-судно

-су термометрі, 1,5-2 литр көлемде сумен құмыра.

-залалсыздандырылған ұшына кигізетін түтік және залалсыздандырылған бикстегі салфетка

- корнцанг

-зарарсыздандыратын ерітінді құйылған ыдыс

-қолданылған материалдарға арналған ыдыс.

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, пациенттің келісімін алыңыз. Егер пациенттің жағдайы келсе, процедураны клизма жасайтын арнайы бөлмеде орындаңыз.

2.Халатыңызды ауыстырып, алжапқышты киіп, қолға гигиеналық деңгейде антисептикпен өңдеу жүргізіңіз. Қолыңызға қолғапты киіңіз.

3.Эсмарх кружкасын штативке бекітіңіз, кушеткадан 1 м. деңгейде, резеңке түтікі корцангпен жабыңыз.

4.Судың t өлшеңіз ол 18-20º, Эсмарх кружкасын 1,5-2 литр сумен толтырыныз.

5. Бикстен заласыздандырылған түтікшені алып және оған вазелин майын жағыңыз, Эсмарх кружкасының резеңке түтігіне жалғаңыз.

6. Түтікшені төмен қаратып резеңке түтіктігінің корцанты ашыныз, оны суға толтырыңыз.

7.Корцангты қысып, ұшына кигізілген түтікшемен қоса резеңке түтікті штативке бекітіңіз.

8.Кушеткаға клеенка мен жаялықты шеттерін төмен қарай тегенеге түсіре жайыңыз ( егер пациент суды ұстай алмай қалған жағдайға).

9.Пациентке кушетканың шетіне қарай сол жақ қырымен жатуды ұсыныңыз, аяғын ішіне тарта бүгіп (іштің еттері босап, тоқ ішекке судың өтуі жеңілдейді).Егер, пациентке қозғалуға болмайтын болса, онда оны арқасына жатқызыңыз.

10.Сол қолыңыздың бірінші, екінші саусағымен жамбас арасын аша отырып, оң қолыңызбен ақырындап айналмалы қозғалыстар жасай отырып түтікшені тік ішекке енгізіңіз, алдымен кіндікке қарай 3-4см. тереңдікте, ал содан соң құйымшаққа параллельді 8 10см. тереңдікте.

11.Корцангты ашып , түтікшені ұстай отырып, тік ішекке суды жіберіңіз. Судың тез кетпеуін қадағалаңыз, егер су тез кетсе ол ауырсыну сезімін тудырады. Эсмарх кружкасындағы су деңгейін қадағалаңыз.

12. Кружканың түбінде су аз ғана қалғанда жауып, түтікшені алып шығыңыз.

13. Жамбасты қысып, пациентке ішектегі суды 5 -10 минутқа ұстап тұруды ұсыныңыз,(мүмкіндігінше), нәжістің жақсы жібіп, сұйылуы үшін.

14.Судно беріңіз немесе пациентті унитазға отырғызыңыз.

15.Клизманың нәтижесін тексеріңіз. Сумен бірге нәжістер шықса, онда клизма сәтті болғаны.

16.Егер клизма сәтті болмаған жағдайда процедураны 1 -2 сағаттан соң қайта қайталаңыз.

17. Түтікшені және Эсмарх кружкасын зарарсыздандырыңыз.

18. Қолғапты шешіп,қолды жуу.

Ескерту:

Атониялық іш қату кезінде су температурасы 12- 20 градус болу керек, спастикалық іш қату кезінде -37 -42 градус.

Егер су ішекке кетпей жатса, кружканы жоғары көтеріңіз, немесе ұшындағы түтікті қозғап, жағдайын өзгертіңіз: оны тереңдете енгізіңіз немесе 1-2см. кейін қарай шығарыңыз. Егер бұл көмектеспесе, онда ол нәжіспен бекітіліп қалған. Онда түтікті алып, қатты ағынды сумен жуу керек, немесе басқасына айырбастап, тік ішекке түтікті қайта енгізіңіз.

Газ болған жағдайда және іш кебу сезімі пайда болған жағдайда Эсмарх кружкасын кушеткадан төмен түсіріңіз, газ шыққан соң қайтадан біртіндеп көтеріңіз.



АСҚАЗАНДЫ ЖУУ

Қажетті құралдар: Тренажер, воронка жалғанған асқазан зонды, асқазанды жуу үшін керекті көлемде су, клеенкалы алжапқыш, қолғап, асқазаннан шыққан суды жинауға арналған стерильді түтүкше мен бөтелке, белсендірілген көмір (активированный уголь), шара, сүлгі, салфеткелер, маркер.



  • Науқаспен сенімді қатынас құру, емдік шараның жолын түсіндіру. Емдік шараға қарсы көрсеткіштер жоқ екеніне көз жеткізу

  • Науқасты дұрыс қалыпқа келтіру:

-есі жоқ жағдайда – сол бүйірімен жатқызу;

-есі бар жағдайда – басын және денесін аздап алға еңкейтіп отырғызу



  • Науқасқа клеенкалы алжапқыш кигізу. Алжапқыштың етегін шараға түсіру. Қолғап кию. Енгізу үшін зонд ұзындығын өлшеу – мұрын ұшынан төстің семсер тәрізді өсіндісіне дейін + 10 см. Зондқа белгі қою.

  • Дәрігер науқастың сол және артқы жағына орналасады, зондты оң қолымен алады. Зондтың ұшын глицеринге батырып, мұрын немесе ауыз арқылы белгіге дейін енгізеді.

  • Воронканы төмен қаратып, зерттеуге пробирка немесе бөтелкеге асқазаннан шыққан суды жинау, қалған құрамын шараға төгу

  • Асқазан деңгейінде орналасқан воронкаға 200 мл көлемде су құйып және жоғары көтеру. Су воронканың тар жерінде жоқ болмау керек. Сосын воронканы қайттан төмен түсіріп асқазаннан шыққан судын шараға ағып кетуін қадағалау

  • Асқазаннан шыққан су таза болғанша 8 пункті бір неше рет қайталау. Жуу үшін су көлемі бала жасына 1 литр су есептеледі.

  • Соңғы асқазаннан шыққан суды зерттеу үшін пробиркаға немесе бөтелкеге жинау. Жасына сай мөлшерде зондқа карболен енгізу және зондты ақырын алу.

  • Науқасқа ауызын шайқау үшін су беру, ауыз құысын салфеткамен сүрту

  • Дезинфицирленген ерітіндімен медициналық құралдары мен күту заттарын өңдеу


8. Операциялық алаңды Филончиков-Гроссих бойынша өңдеу əдісінің техникасы. 
Мақсаты: Операциялық алаңды залалсыздандыру. 

Құралдар: қауіпсіз ұстара, 1% иод ерітіндісі,стерильді мақта тампондары,пинцет,70%спирт 

Əрекет алгоритмі: 

1. 1%иодонат ерітіндісіне малынған салфетка алыңыз. 

2. Операциялық аймақты айқындалған тіліктен переферияға қарай 1% иодонит ерітіндісімен  2 рет сүртіңіз. 

3.70% спиртке малынған салфетка алыңыз. 

4. Айқындалған тіліктен переферияға қарай 70% спиртпен 2 рет операциялық аймақты 

сүртіңіз. 

5. 1% иодонит ерітіндісі. 

6. 1% иодонит ерітіндісімен теріні тігіс салар алдында жəне салынғаннан кейін сүртіңіз. 



Ескерту: 

∙Операция алдында науқасқа ортақ гигиеналық ванна жүргізіңіз 


∙Төсек жəне науқас үстіндегі жайалықтарды ауыстыр. 

∙Науқастың жыныс мүшесін операция алдында тазартыңыз 


∙Отаға 30 мин қалғанда науқасты шешіндіріңіз. 

∙Басына орамал тағыңыз 


∙Аяғына бахила кигізіңіз. 

∙Науқасты сүйретпелі арбаға жатқызыңыз 


∙Ота бөліміне жеткізу. 


9. «Жарақатты біріншілікті өңдеу, таңғыш салу»

Әрекет алгоритмі

  • Манипуляцияны өткізу мақсаты мен емшараны түсіндіру, науқастың келісімін алу (алып келушінің, ата-анасының немесе қамқоршысың)

Жарақаттың орналасуын, сипаты мен өлшемін, ластану дәрежесін, мүмкін болатын асқынулардың болуын (қан кету, төменде жатқан құрылымдардың зақымдануы) анықтау

Қолды жуу және кептіру. Асептика ережелерін сақтай отырып қолды антисептикалық ерітіндімен өңдеу. Қолды қайталап кептіру. Стерильділік ережесін бұзбай стерильді қолғап кию. Емшараны өткізу үшін қажетті құрал-саймандарды дайындау.

Жарақаттың айналасындағы теріні 70% спирт ерітіндісіне малынған стерильді мақта бөлшегі бар пинцетпен өңдеу. Өңдеуді ортасынан шетіне қарай үш рет жасайды, әр ретте стерильді мақта бөлшектерін ауыстырып отырады.

Жарақатты антисептик ерітіндісіне (3% сутегі тотығы ерітіндісі) малынған стерильді дәкелік бөлшектермен суландыру, жарақат толығымен тазарғанға дейін қайталау. Асқынуларды (қан кету, аурулық синдром, жарақат беткейінің қосымша зақымдануы) болдырмау үшін жарақатқа шектен тыс әсер етпеу. Жарақат айналасындағы теріні кептіру, жарақаттың жиегін 5% йод ерітіндісімен (бетадин) өңдеу.



Жарақатты бақылауды өткізу: жарақаттың жиектерінің жағдайын, қан кетудің болмауын, тазалығын бағалау. Жарақатқа жиектерін толығымен жауып тұратындай етіп стерильді дәкелі сүрткішті жабу. Үстіне қосымша тағы екі стерильді дәкелі сүрткішті қосу. Бинтпен таңғыш салу Дәкелі сүрткіштерді бинттік таңғышпен бекіту қажет. Бұл үшін бетпен бинттейтін беткейге қарай орналасу қажет. Дененің бинттелетін бӛлігін орташа физиологиялық жағдайда орналастыру. Бинтті бір қолда ұстау керек, басын екінші қолына ұстайды, нәтижеде ашылатын жағы жоғарыға қарауы тиіс. Бинттеуді екі циркулярлық бекітуші айналымнан бастайды. Бинтті бір бағытта ашады, бинттің әрбір айналымы алдыңғысының жартысын немесе оның енінің үштен екісін жауып тұруы қажет.

Таңғышты бекіту. Бинттеуді аяқтаған соң бинтті енінен, сосын ұзына бойынан кеседі, осылайша жеткілікті ұзындықтағы таңғыш жасалады. Бинтті таңғышты сау жағындағы анағұрлым тар жерге бекітеді. Науқасқа емшараның аяқталғанын және таңғышқа қарау ережелерін сақтау қажеттілігі айтылады (сулауға, өзі ауыстыруға болмайды, шағымы пайда болғанда медициналық қызметкерге жедел түрде қаралу керек)

Қолданылған барлық құрал-саймандарды және материалдарды ыдысқа салу. Әр кезде қолданылған барлық құрал-саймандарды және материалдарды ыдысқа салыңыз (дезинфекцияға арналған ыдыс). Емшараны аяқтағаннан кейін бақылау ӛткізіңіз.

10. Науқасты операциядан кейін тасымалдау /операциялық залдан алып шығу, палатадағы орнына жатқызу/.
Операция аяқталғаннан кейін, негізгі функционалдық параметрлер тұрақтандырылғаннан кейін, хирургиялық жараға стерильді таңғыш таңылған кезде, науқас операциялық үстелден зембілге ауыстырылады, жаймамен, көрпемен жабылады және қалпына келтіру бөлмесіне жеткізіледі анестезиологтың немесе анестезиолог медбикенің басшылығымен. Жергілікті анестезиямен жүргізілген кішігірім операциялардан кейін науқас хирургиялық бөлімнің медбикесі және кіші қызметкері басшылығымен тасымалданады.

Тасымалдау кезінде жарақаттануды, салқындатуды және пациенттің денесінің позициясының күрт өзгеруін болдырмау керек, науқастың жағдайын, операциялық жараны, дренаждарды және инфузиялық жүйемен тамыр ішілік катетерді бақылау қажет.

Хирургиялық жара аймағында ауырсынудың жоғарылауын, қан қысымы мен веноздық қысымның ортостатикалық төмендеуін және тыныс алудың нашарлауын болдырмау үшін пациент өте мұқият ауысады - бұл постуральды реакция. Науқасты қолымен көтеріп, кем дегенде 3 адам. дененің, бастың және аяқтың бойлық және бүйір осьтері ауыспайтындай етіп бір уақытта бұйрық бойынша ауыстырады.

Науқастарды операциялық үстелден, каталкаға және каталкадан төсекке ауыстыру.

Құрал-жабдықтар: зембіл, жастық, матрац, жайма.

Реті:

1. Пациенттің төсегі палатада қалай орналасқанын анықтаңыз.

2. Науқасқа алдағы манипуляцияның барысын түсіндіріңіз.
3. Зембілді науқастың төсегіне жақын орналастырыңыз; бір медбике зембіл жағынан тұруы керек, екіншісі - кереует жағынан.

4. Науқастан медициналық қызметкерге төсектен зембілге көшуге көмектесуін сұраңыз.

Науқастың жастығын керуеттен каталканың үстіне қойыңыз, науқастың қолдарының орналасуын қадағалаңыз

(қолдар дененің бойымен жатуы керек; егер науқас семіз болса, онда қолыңызды санның алдыңғы жағына қойыңыз).

6.Науқасқа жайма немесе көрпемен жауып, ұштарын зембілдің астына матрас іспеттес қойыңыз.

7. Каталкамен науқасты хирургиялық бөлмеге жеткізіңіз, бір медбике кереуеттің басында, екіншісі каталканың төменгі жағында .



Зембілмен тасымалдау кезіндегі ережелер:

1. Науқас болатын жағдайлардан хабардар болуы керек

2. Науқасты құлатып алмастай көлденең күйде ұстап тұрып носилканы абайлап көтеріп қою

3. Науқастың басын алдыңғы қалыпта ұстап носилканы теңселтпей жүру керек

4. Артта келе жатқан адам науқастың жағдайын бақылап оның жай-күйі жайлы сұрастыруы керек

5. Сатымен көтерілгенде зембілді бас жағымен алға қарай,төмен жағын көтеріп шығарады

6. Сатымен түскенде аяғын төмен қаратып,зембілдің аяқ жағын көтере тасымалдау керек

7. Егер медперсоналар шаршаса бір-бірімен ауысып отыруы керек,себебі зембіл құлауы мүмкін.



Операциядан кейін пациентті каталкадан төсекке ауыстыру

Науқасты зеңбілден (каталкадан) төсекке ауыстыру кезінде зеңбілді дұрыс қою қажет. Науқасты ауыстырушылар қысқа жолды таңдауы қажет. Бұл жағдайда палата көлемі және кереует қасындағы бос жер есепке алынады.

Ауыстыру кезінде ең бастысы – науқасты құлатып алмау, сондықтан физикалық күшті әйел адамдар немесе мүмкіндік болса ер адамдардың болғаны дұрыс. Осыған байланысты медициналық қызметкерлердің ауырлықты көтергенде дұрыс дене биомеханикасының шарттарын қолдануы қажет.

Жағдайы ауыр науқастарды ауыстыру әдістері:

· параллельді әдіс – кереуетке параллельді, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына 2-3 метр аралықта орналастыру

· бұрыш асты әдісі: зеңбілдің аяқ жағын кереуеттің бас жағына перпендикулярлы қояды немесе керсінше, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына перпендикулярлы қояды

Ауырлықты көтерер алдында табандарды бір-бірінен 30 см қашықтықта орналастырып және бір табанды аздап алдыға қою қажет. Мұндай қалып жақсы тірек береді, тепе-теңдікті дұрыс ұстап құлаудан сақтайды. Адамды немесе затты көтерер алдында, науқастың орналасуы алдыға еңкеймеуді талап етпейтініне көз жеткізу керек. Науқасты көтергенде өз денесіне жақын қысып ұстап, дененің жоғарғы бөлігінің вертикальді қалпын сақтай отырып, тек аяғын тізе буынында бүгу керек. Науқасты оқыс қимылсыз баяу көтеру керек. Бұрылу үшін алдымен науқасты көтеріп, содан кейін табанға тіреліп денені бүкпей баяу бұрыламыз.

Науқасты зеңбілден (каталкадан) кереуетке ауыстыру реттілігі:

1. Зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына перпендикулярлы қою. Егер палата көлемі кішірек болса зеңбілді кереуетке параллельді қоямыз.

2. Медициналық қызметкер каталка мен кереует арасында науқасқа бетін қаратып тұрады (параллельді әдісте).

3. Науқас астына қолды қою: бір санитар қолдарын бас жағына және науқастың жауырын астына салады, екіншісі – жамбас астына және санның жоғарғы жағына қойып, үшіншісі – сан ортасына және сирақ астына қолды қойып көтереді. Егер тасымалдауды екі санитар жүргізсе, біреуі науқастың қолдарын мойын және жауырын астына, ал екіншісі бел және тізе астына қойып көтереді

4. Бір сәтте келісілген қозғалыспен науқасты көтеру және онымен бірге 90 ° (егер зеңбіл параллельді орналасса - 180°-қа) кереуетке бұрылу және науқасты жатқызу.

5. Зеңбілді кереуетке тығыз орналастырып және оны кереует деңгейімен ұстап, екеулеп (үшеулеп) науқасты зеңбіл жиегіне жаймамен тартып, содан кейін жоғары көтеріп төсегіне ауыстыру.

Медициналық қызметкер күнделікті жұмысында науқасты ауыстыру кезінде жиі қолданатын әдісі, бұл науқасты каталкадан кереуетке бұрышпен ауыстыру. Кереуетке тығыз қойылған зеңбілден науқасты ауыстыру нақты күшті талап етеді және көбіне қолдана беруге рұқсат етілмейді



11. Науқастың төсек орнын, киімін ауыстыру.
Мақсаты:Жағдайы ауыр пациенттерге дұрыс төсек дайындау, өйткені оларда ойық пайда болу қаупі жоғары немесе ойық жара бар. Төсек жағдайын бақылаудың және терінің тазалығын бақылаудың маңызы аса зор. Төсектерін ауыстырған сайын мейіркеш пациенттің тері жағдайын қарап, бақылап отыруға міндетті.

Көрсеткіші:

-Төсекті әрбір 7 -10 күнде бір рет ауыстырып отыру керек. Қажет жағдайында жиірек ауыстырады.



Жабдықтау:

-таза төсек жабдығы

-қолданылған төсек жабдығына арналған клеенка қапшгық

-қолғаптар.



Іс - әрекет алгоритмы:

1.Қолыңызды жақсылап жуып, құрғатқан соң қолғапты киіңіз.

2.Пациентке процедураның барысын айтып, түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3.Жалпы немесе жартылай төсек тәртібіндегі пациенттер кереуетті өздері босатады, ал мейіркеш төсек жабдықтарын ауыстырады. Төсек тәртібіндегі ауыр жағдайдағы пациенттердің төсегін мейіркеш екі түрлі әдіспен орындауына болады:



1-әдіс:

1. Пациентті жайлап бір жақ қырына бұрыңыз, жастығын алып тастаңыз.

2. Қолданылған простыняның босаған бөлігің бинт сияқты етіп ораңыз, кереуеттің бойымен.

3. Босаған жерге ұзынынан оралған таза простыняны салыңыз.

4. Пациентті екінші қырына ауыстырыңыз, таза простыняға.

5.Қолданылған простыняны кереуеттен алып тастаңыз.

6. Таза простыняны жақсылап жазыңыз, бүктеліп қалған жерлері болмау үшін.

7.Жастығын салып, пациентке одеялоны жабыңыз.

8. Қолданылған төсек жабдықтарын клеенка қапшыққа салып , төсек жабдықтарына жауап беретін кіші мейірбикеге тапсырыңыз.

9. Қолғаптарыңызды шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Бөлмені желдетіп, еденін жуып шығыңыз.

2-әдіс :

Пациенттің төсектегі жағдайын өзгертуге болматын жағдайларда қолданылады. Төсек жабдығын ауыстыру көмекшінің қатысуымен іске асырылады.

1.Таза простыняны ені бойынша шиыршықтап ораңыз.

2.Көмекші пациентті басынан бастап денесінің әр бөлігін аздап көтеріңкіреп ұстап төсегін ауыстыруға көмектеседі.

3.Мейіркеш простыняны бас жағынан бастап ауыстырады. Қолданылған простыняны шиыршықтап орап алып, оның орнына тазасын жазып салады.

4.Таза простыняны жақсылап жазып салады, бүктелген жерлері болмауы керек.

5.Пациенттің басына жастығын салып, үстін көрпесімен жабады.

6.Қолғапты шешіп, қолды жуу керек.



ПАЦИЕНТТІҢ ҮСТІНДЕГІ КИІМДІ АУЫСТЫРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМі

Мақсаты:Пациент тезірек жазылу үшін оның үстіндегі киімдерінің жағдайын бақылау . Ішкі киімдердің кірлену деңгейіне байланысты олар 6 -7 күнде бір рет ауыстырылады.

Көрсеткіші:

Іш киімнің кірлеуі

Шамадан тыс тершеңдік кезінде.

Жабдықтау:

-таза іш киім

-кірленген киімдерге арналған қапшық

-қолғаптар.



Іс - әрекет алгоритмы:

1.Қолыңызды жуып, құрғатқан соң қолғапты киіңіз.

2.Пациентке процедураның барысын түсіндіріп, оған оның келісімін

алыңыз.


3.Мүмкіндігінше кеудесінің жоғарғы жағын көтеріңкіреп, қолыңызды арқасының астына апарыңызпациенттің көйлегінің шетінен ұстап орай отырып, оны желке тұсына дейін көтеріңіз.

4.Көйлекті басы арқылы шешіп, қолдарын босатыңыз, қолдарын жоғары және алдыға қарай көтере отырып.

5.Егер пациенттің бір жақ қолы зақымдалған болса, киімінің жеңін алдымен сау қолы жағынан шешіңіз , содан соң барып зақымдалған қол жағын босатыңыз.

6.Кигізерде керісінше, алдымен ауру қолын , сосын сау қолын кигізіңіз. Сосын басынан кигізіп, көйлегін жазып тегістеңіз.

7.Қатаң төсек тәртібіндегі пациенттер үшін көйлек- распошонканы қолданған жөн.

8.Ақырындап алдымен бір қолын, сосын екінші қолын кигізіңіз, кеудесін алдыңғы жағынан жаба отырып. Распошонканың бос ұштарын пациент кеудесінің екі жақ қыры жағынан бүгіңіз, оның төсектегі жағдайын өзгертпей.

9.Қолданылған іш киімдерді арнайы қапшыққа салыңыз, әр палатаның босаған киімдерін жеке- жеке қапшыққа, содан соң оны бөлімшенің кіші мейірбикесіне тапсырыңыз.

10.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.



12. Науқастың тері және шырышты қабаттарына.
Күтім жүргізу.
Тері қорғаныш, шығару, жылу реттегіш және аналитикалық (тері сезімталдығы) қызметтер атқарады. Тері, оның тер бездері арқылы су, мочевина, зәр қышқылы, натрий, калий және басқа заттар шығарылады. Тыныштықта қалыпты температурада тәулігіне 1 литрге жуық тер бөлінеді, ал қызбасы бар науқастарда - анағұрлым жоғары. Тер бөліну ағзаның негізгі жылу реттегіші болып табылады. Кейбір аурулар кезінде тербөліну күрт артады, ал булағанда теріге зиянды алмасу өнімдері қалып қояды. Сондықтан тері таза болуы керек - мұндай науқастардың іш киімдерін жиірек ауыстырып, терісін құрғақ таза орамалмен, одеколонмен, спирт қосылган сумен (1:1), ерітіндімен (1 стакан су+1 ас қасық сірке суы+1 ас қасық камфор спирті) сүртіп отырған жөн. Әсіресе шат аймағына, колтық астына, әйелдерде - емшек бездері астындағы қыртысқа ерекше көңіл бөлу қажет.
Теріні мұқият күту әсіресе ұзақ уақыт төсек тартып жатқан науқастар үшін өте маңызды. Қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда науқастар аптасына 1 реттен кем болмайтындай жиілікте гигиеналық душ қабылдайды. Төсектік тәртіптегі науқастардың тері жабындылары спирт, одеколон, асханалық сірке суы қосылған қайнаған жылы суға матырылған тампонмен күнделікті сүртіледі. Қолдары әр тамақ ішерде, ал аяқтары -аптасына 2-3 рет жуылады.
Науқасты жуындыру
Жылы су құйылған леген, сүлгі дайындап алу керек. Іс-әрекет реті:
1. Қолдарынызды жуып, қолғап киіңіз.
2. Сүлгіні суға матырып алыныз.
3. Дымқыл сүлгімен науқастың бетін, содан кейі құлақтарын, мойнын, қолдарын сүртіңіз.
4. Екінші сүлгімен кұрғатыңыз.
5. Қолғапты шешіп, колдарыңызды жуыңыз.
Сыртқы жыныс мүшелері мен шап аралығының терісі жиырылған жер күнделікті жууды қажет етеді. Өздігінен қозғалатын науқастар бұл үшін бидені пайдаланады. Ауыр халдегі науқастарды әр дәретке отырған сайын, ал нәжісі мен зәрі тоқтамайтындарды - шап қыртысы терісінің сызылуын және қабынуын болдырмау үшін күніне бірнеше рет шайып жуу керек. Әйелдерді жиірек жуып шаяды.

13. Қан кетуді уақытша тоқтату /буынды бүгу, жгут қою, қысушы таңба қою, бұрау салу/.
Қан кетуді уақытша тоқтату әдістері: аяқ-қолдарды көтеру қажет, буынды барынша бүгіп, осы жерден өтетін тамырларды басу керек (саусақты қысу, қысып байлайтын байлауыш, бұрау салу, сондай-ақ жарақатта қан аққан тамырға қысым). Ірі артерия белгісіз белгілермен жарақаттанған аяқ-қолдардың кез келген жарақаты кезінде қысып байлайтын байлауыш салу керек. Алайда ол ірі артериядан қан кетуді тоқтата алмайды және ұлпаны баса отырып, аяқ-қолдардың шеткі бөлімдерінде қан айналысының бұзылуына әкеледі. Аяқ-қолды жоғары көтере отырып, көк тамыр зақымданған кезде қан кетуді тоқатуға болады. Бұл әдісті көбінесе қысып байлайтын байлауыш комбинациясымен қолданады.Артерияны қысу аяқ-қолдарда, мойында және баста артериалдық қан кетуді уақытша тоқтату үшін қолданылады. Қысу, қан аққан орыннан жоғары, үлкен бұлшық еттер жоқ жерде, артерия терең емес жерде жүргізіледі және сүйекке қысылуы мүмкін. Қысу белгілі бір нүктелерде жүргізіледі. Мыналар барынша маңызды: шаптың бүгілуі – жамбас артериясы үшін; тізе асты- сирақ артериясы үшін; шынтақ буына- шынтақ бүгілуіндегі иық артериясы үшін; қолтық асты және екі басты бұлшық еттің ішкі жағы – қолдардың артериясы үшін; төс сүйегі-бұғана бұлшық етінің ішкі жағының мойнында, оның ортасына жақын – ұйқы артериясы үшін, оны саусақпен 6-шы мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне қыса отырып.Бұғана асты артериясын оны бұғананың үстіне орналасқан нүктенің 1-ші қабырғасына қыса отырып, іле-шала бұғаналы-емізік тәрізді бұлшық ет бекітілген орыннан тыс төс сүйектің тұтқасына басады.Қолтық асты артериясын оны қолтықасты шұқырындағы иық сүйегінің басына қыса отырып басуға болады.Иық артериясын екі басты бұлшық еттің ішкі жағындағы иық сүйегінің ішкі жағына қысады.Жамбас артериясын оны алдыңғы жоғарғы мықын тұсының және симфизомының (төс сүйегі арасында) арасындағы қашықтық ортасына іле-шала сіңір байланыстарынан (шаптың аясы) төмен орналасқан қасаға сүйегінің көлденең саласының нүктесіне қыса отырып, басқан орынды болады. Тамырды саусақпен басу кейде қан кетуді уақытша тоқтауға болады және зақымданушыны хирургиялық бөлімшеге жеткізу керек. Кейде тамырды саусақпен басу кезінде қасына орналасқан ірі жүйке бағаналары басылады, бұл қатты ауруды туындататды. Осы әдіспен қан кетуді ұзақ тоқтату мүмкін емес.Бұрау (жгут) салу: қан тамырларымен бірге аяқ-қолдардың жұмсақ ұлпаларын айналдыра тарту бұраумен жүзеге асырылады. Әр түрлі түрлері бар. Эсмарха жгуты ұзындығы 1,5 метрге дейін нығыз резеңкелі трубканы білдіреді, оның бір ұшында металл тізбек бекітілген, екінші ілгішке арналған. Резеңке бинт резеңке трубкаға қарағанда ұлпаны аз жарақаттайды. Жоғары көтерілген аяқ-қол қатты созылған жгутпен 2-3 рет зақымданған орыннан жоғары қоршайды, оны байлайды немесе ілгішпен тізбекке бекітеді. Теріні қысып алмас үшін жгуттың астына сүлгіні қояды. Жгут дұрыс қойылған кезде артериалды қан кету сол кезде тоқтайды, пульс жоғалады және аяқ-қол бозарады. Артық серіппелі тарту сал ауруын және аяқ-қолдың жаны кетуін туындатады. Әлсіз салынған жгут тек көк тамырды басады, бұл аяқ-қолдағы қанның тоқырауына және қан кетудің күшеюіне әкеледі. Тек көк тамыр жарақаттанған кезде жгут салу талап етілмейді, өйткені, қысып байлайтын байлауышты сала отырып, аяқ-қолдарды көтеріп және қайтуды жақсарта отырып қан кетуді тоқтатуға болады.Жгут байлаудың кемшіліктері: тек артерия ғана емес, жүйке бағандары да басылады, бұл шала салдануға әкелуі мүмкін; ұлпаларда қан айналысын тоқтату олардың инфекцияға қарсыласын төмендетеді және анаэробты гангренаны дамыту үшін қолайлы себепті құрады.Жгутты аяқ-қолда жаны кету қауіптілігі үшін 2 сағаттан көп қалдыруға болмайды, сондықтан сүйемелденетін науқасқа жгутты байлау уақыты хабарлануы тиіс. Қолайсыз әрекетті азайту үшін 1 сағаттан соң жгутты бірнеше минутқа босату (егер қан кету қайта басталмаса) ұсынылады және сонан соң оны қайта тарту керек. Бұл ұлпаның нәрін жақсартады және олардың қарсылығын арттырады, бұл әсіресе зақымданушыны жылдың салқын уақытында (әсіресе қыста) тасымалдау кезінде маңызды.Қатты хирургиялық инфекциясы бар немесе тамырлар (артериосклероз,тромбофлебит) зақымданған кезде аяқ-қолдарға жгут байлау ұсынылмайды, өйткені бұл процестің таралуына немесе эмболияның дамуына ықпал етуі мүмкін. Кейде ірі тері асты көк тамырынан қан кеткен кезде вена жгутын байлайды. Ол тамырдың зақымдану орнынан төмен және 6 сағат мерзімге дейін байланады. Мұндай жгутты басқа да мақсаттар (қан алу кезінде аяқ-қолдарда қанды аманаттау) үшінпайдаланады.Мамандандырылған жгут жоқ болған кезде қолда бар материалды, мысалы орамалды қолдануға болады. Оны алғаш іс жүзінде бос байлайды, сонан соң ілмекке қандай да бір таяқты немесе тақтайшаны қояды және орамалды қажетті дәрежесіне дейін орап тастайды.

14. Мұрын қуысын тампонадалау
Алдыңғы тампонада

Көрсеткіші: гемостатикалық шараларды қолданғанда да қан кету тоқтамаса

Қажет құралдар: бүгілмелі пинцет не мұрындық корнцанг, мұрындық кеңейткіш (айна), маңдайлық рефлектор, жалпақтығы 1,5 см ұзындығы 40-50 см-лі дәкелі турунда,

гемостатикалық және бактерицидті заттар (аминокапрон қышқылы, 5-10% синтомицин және левомицетин эмульсиясы, дицинон)



Процедураның орындалуы

Науқас отыру қалпында отырады. 40-50 см-лік гемостатикалық, бактерицидті затпен малынған тампонды дәрігер пинцетпен шетінен 4-5 см қалдырып ұстайды. Сол қолымен мұрындық айнамен мұрын танауын ашып, пинцетпен ұзын дәкелік турунданы енгізеді. Оны мұрын қуысының түбінен бастайды. Ілмектерді бір-біріне гармошка ретінде тығыз жабыстырады, олар артынан алдына, төменнен жоғарыға қарай салынады. Алғашқы ілмекті салғанда оның ұшы танаудан шығып тұру керек. Сыртынан таңғыш салады. Тампонды вазелинмен майлау дұрыс. Дәкелі турунда мұрын қуысында 24-48 сағатқа дейін болады.



Артқы тампонада

Көрсеткіші: алдыңғы тампонада тиімсіз болғанда; мұрын қуысына операция жасағанда қатты қан кеткенде. Қажет құрал-жабдықтар: резиналы катетер, бүгілмелі пинцет, мұрындық корнцанг, 3-2, 5-2 см-лі 3 рет қалың жібек жіптерімен байланған стерильді дәкелі тампон (ұзын жіптері қалдырылады), литикалық дәрі дәрмек (1 мл 1% промедол ерітіндісі, 1 мл 2% димедрол, 2 мл 50% анальгин), гемостатикалық зат.



Процедураның орындалуы

Науқастың қажет тампон дайындау үшін мұрын-жұтқыншақ бөлігінің мөлшерін анықтайды. Әдетте олар үлкен екі саусақты қосқан кездегі мөлшеріне тең. Тампон және жіптің мықтылығын тексереді. Жіңішке резиналы катетерді төменгі мұрын жолы арқылы жұмсақ таңдайдан көрінгенше өткізеді.Әр катетер ұшын пинцетпен тартып ауыздан 4-5 см-ге дейін шығарадыТампоны бар жіпті катетер ұштарына байлайды, жіп ұзындығы 20 см-ден кем болмау керек.Мұрын арқылы катетерді сыртқа тартады. 2 жіп танаудан шығады.

Оң қол сұқ саусағымен тампонды мұрын-жұтқыншақ бөлігіне қарай тығыздап итереді. Тампон хоаналарда орнатылады. Оң қол сұқ саусағымен тампонды мұрын-жұтқыншақ бөлігіне қарай тығыздап итереді. Тампон хоаналарда орнатылады. Алдыңғы тампонаданы да жасауға болады. Дәкелі төсемшені мұрын кіреберсі алдына байлайды. Ауыз қуысында қалған екі жіпті мойынға пластырьмен бекітеді. Асқыну алдын алу (ортаңғы құлақ ауруы) үшін тампонды 2 күнненартық ұстамауға тырысу керек. Антибиотиктер тағайындалады.

15. Донор мен реципиент қанының топтастырылуына және Rh үйлесімділігіне сынама жүргізу

/биологиялық сынама/
Биологиялық сынама қою техникасы.

Мақсаты: донор мен рецепиент қанының сəйкестігін анықтау.

Көрсетілім: қан құю.

Қоры: донор қаны, қан құюға арналған система, стерильді марлі шариктері, спирт, стерильді пинцет, стерильді қолғап,КБУ.

Əрекеттер алгоритімі:\

1. науқасқа процедура мақсатын түсіндіру.

2. Науқасты жалпы жағдайын бақылай алатындай жатқызыңыз.

3. Қолды гигиеналық дəрежеде тексеріңіз.

4. стерильді қолғап киіңіз.

5. системаны дайынданыз.

6. 10-15мл қан жіберініз.

7. Системаны 3 мин жабыныз.

8. Науқастың жағдайын бағаланыз.

9. 10-15мл қан жіберініз.

10. Системаны 3 мин жабыныз.

11. Науқастың жағдайын бағаланыз.

12. 10-15мл қан жіберініз.

13. Науқастың жағдайын бағаланыз.

14. Қалған қанды мин 8-10 тамшыдан баяу құйыныз.

15. Қолғапты шешіп КБУ ға тастаныз.

16. Гемотрансфузиядан кейінгі науқастың жаңдайын қадағалау
1. Науқасқа динамикалық бақылау аламыз.

2. Температурасын, қан қысымын, пульсті, зәрдің шығуын бір сағат аралықтан, үш сағат бойынша бақылауға алу. Гемотрансфузиядан кейін және осы мәліметтерді трансфузия хаттамасына енгізіңіз.

3. Науқаста бас ауруы, бел ауруы, өзгерген кезде шағымдар болған кезде

сыртқы түрі, жүрек соғуының жоғарылауы, безгегі, тершеңдік, есекжем, бұл туралы дереу дәрігерге, бөлім меңгерушісіне немесе кезекші дәрігерге хабарлаңыз және

пациентті тексергеннен кейін дәрігердің барлық нұсқамаларын орындаңыз.

4. Науқастың тәуліктік несеп шығаруын бақылаңыз.

5. Келесі күні пациент дәрігердің нұсқауы бойынша ЖҚА мен ЖЗА зерттеуге алуынуы керек.

6. Науқасты кезекші келесі медбикеге жіберіңіз.


Реципиенттің жағдайын үнемі бақылау: импульс, қан қысымы, температура, жалпы

жағдайы, диурез, зәрдің түсі - қан құйғаннан кейін 24 сағат ішінде жүзеге асырылады.



17. Футлярлық анестезия жасау.
Футлярлық анестезия өткізу кезіндегі мейрбикенің іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсеткіш: Аяқ-қолға операциялар, монипуляциялар жүргізгенде, сүйек сынығында, ұзақ уақыт қысылу синдромында жансыздандыру үшін.

Анестетик:

• Новокаин 0,25%-500мл



Жабдықтар :

•ширақ;


•2 пинцет;

•марлярлы дәкелер;

•шприц 20мл;

• иенциялық ине бұлшық еттке;

•70% этил спирті;

•резенкелі қолғаптар;

•новокаин ертіндісі.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

1.Анестезия өткізетін жерде жоғары ширақ салу.

2.Ширақтан төмен теріні екі рет спиртпен өндеу .

3.Шпирцке новокаин ерітіндісін толтыру.

4.Ширақтан төмен бұлшық етке терең инені енгізу.

5.Новокаинді ақырын жіберу.

6.Инені бірнеше жерден ірі бұлшық еттің фасциясына енгізу.

7.Манипуляциясына біткен соң ширақты біртіндеп босата отырып шешу.

8.Манипуляцияны 1.5 сағат бойы енгізу.



18. «Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу техникасы» іс-әрекет алгоритмі
Науқастың жағдайын бағалау:

 науқастың иығынан қағып айқайлап шақыру;

 ұйқы артериясын тауып ондағы пульсті анықтау;

 кеудесінде қозғалыс болуын көзбен бақылау

 қарашығының жарыққа әсерін тексеру

 жедел жәрдем бригадасын шақыру/кезекші реаниматологты шақыру


Жүрек-өкпе реанимациясын өткізу

• реанимация жасаушы мен зақым көрушінің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

 науқасты қатты, тегіс беткейге жатқызу, қолдарын денесінің жанына қою;

 зақым көрушінің мойны мен кеудесін киімінен босату, белдігін шешу, таза ауаның болуын қамтамасыз ету;

 реанимациялық әрекеттің басталу уақытын белгілеу.

 қолды төстің төменгі үштен біріне, семсер тәрізді өсіндіден 2 саусақ жоғары қою;

 тірек нүктелері жұмыс қолының тенары мен гипотенары болады. Бір қолдың негізі екінші қолдың сыртына сүйенеді.

 қатаң түрде тігінен күш салады, қолдың шынтақ буындары жазылған қалыпта;

 компрессия тереңдігі – 5-6 см, алақанды кеудеден ажыратпайды;

 компрессия жиілігі – 30 (минутына 100-ден кем емес);

 кеудені әрбір басудың аралығы минималды болуы тиіс;

 кеуде әрбір басудан кейін толық жазылуы керек;

 науқастың басын бұруға қарсы көрсетілімдердің болуын нақтылау (тапсырма шартына сәйкес);

 науқастың басын өзіне қарай бұру, ауыз қуысын дәке оралған саусақтармен тазалау. Тазалау бір рет айналдыра қозғалыспен жасалады.



Сафардың үштік тәсілін өткізу

 бір қолды зақым көрушінің маңдайына қою, екіншісін – мойын астына қою, басты максималды артқа шалқайту, астына білік (валик) салу;

 бір қолдың 2-5 саусақтарын иек астына қою, төменгі жақты жоғары және алға шығару;

 оң қолдың бас бармағымен ауызды ашу.



Өкпеге жасанды желдету жасау

 науқастың төменгі жағынан бір қолды алмай екінші қолымен оның аузына дәкелік сүрткішті салу, сосын науқастың мұрнын қысу;

 кеудесі көтерілу үшін дем береді;

 екінші дем беру кеудесінде көрінетін қозғалысты бақылаудан кейін жасалады.

 компрессия мен дем беру қатынасы 30:2.

 ЖӨР бір кезеңін өткізу – 2 минут ішінде ЖӨР 5 циклін өткізу (30:2)

 екі жағынан да ұйқы артериясында пульстің болуын анықтау;

 пульс болмаған жағдайда 30 минут бойы немесе жедел жәрдем/кезекші реаниматолог келгенше реанимациялық әрекетті жалғастыру




19. Жалпы жансыздандыруға қажет құрал-саймандарды даярлау.
Залалсыздандырылған үстел 1

-5мл,10 мл, 20мл шприцтер

-инелер

-дәрілерді езетін ыдыстар-4

-пинцеттер-4

-қанды тоқтаттатын қысқыштар -2

-қайшылар -2

-тану материалдар(салфеткалар, шариктер)

-корнцанг-1

Залалсыздандырылған үстел 2

A .интубациондық трубкалар

b.ларингоскоп

с. Маскалар

d,трубкаларды аппаратпен бекітетін коннекторлар

е. Ауа түтікше

f.ауыз кеңейткіш

j.тіл ұстағыш

h. зондтар

і. Мұрын катетерлері



Залалсыздандырылған үстел:

- Бір рет қолданылатын система-2

-бір рет қолданылатын шприц инемен -5

-тыныс жолдардан сілекейді сорып алатын катетер- 2

-термометр -1

-фонендоскоп-1

-лейкопластерь-1

-медикаментоздық заттар (анестетиктер, миорелаксанттар, жүрек, дем аналептиктер, сүйық наркотикалық заттар, атропин, прозерин,спазмолитиктер)



20. Инфузиялық жүйені құрастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар