2.Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) туралы жалпы мәліметтерді көрсетіңіз. ЖМҚ классификациясы, қасиеттері, алу әдістері. Медицинада қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз.Жоғары молекулалық қосылыстар (полимерлер) - бұл өте үлкен молекулалық массасы бар заттар, олардың молекулаларында мономер атомдарының қайталанатын топтары болады.Жіктелуі:Химиялық құрамы бойынша полимерлер органикалық бейорганикалық және Элементоорганикалық болып бөлінеді.Шығу тегіне байланысты полимерлер табиғи, жасанды және синтетикалық болып табылады.Полимерлердің мономерлі байланыстарының құрамы бойынша жіктелуі полимерлерді гомополимерлер мен гетерополимерлерге бөледі.Негізгі тізбектің құрылымына байланысты мыналар бөлінеді: гомо және гетеро тізбекті полимерлер.Макромолекулалардың құрылымы бойынша полимерлер: сызықты, тармақталған және торлы.Қасиеттері:
-төмен және жоғары температураларға төзімділік, сілтілер мен қышқылдарға жоғары қарсылық, электроөткізгіштік, жылуөткізгіштік.Механикалық қасиеттері:•серпімділік - салыстырмалы түрде аз жүктеме кезінде жоғары қайтымды деформациялану қабілеті);•шыны тәрізді және кристалды полимерлердің аз сынғыштығы;•қаттылық•жұмсақтықПолимер ерітінділерінің қасиеттері:•төмен полимерлі концентрациядағы ерітіндінің жоғары тұтқырлығы;•полимердің еруі ісіну сатысы арқылы жүреді.Медицинада қолдану бойынша 3 топқа жіктеледі:-Ағзаға енгізуге арналған полимерлер: ішкі протездер, пломбылар, желімдер,қан алмастырғыштар, дезинтоксикаторлар, антидоттар;-Ағзамен және оған енгізілетін заттармен түйісетін полимерлер: хирургиялық құралдар, шприцтер, медициналық аппараттар мен приборлардың тетіктері;-Ағзаға енгізілмейтін және ағзаға енетін заттармен түйіспейтін полимерлер: лабараториялық ыдыс, штативтер,операция бөлмелері жабдықтары. Жоғары молекулалы қосылыстарды алудың негізгі әдістері:Поликонденсация деп қосымша заттар бөле жүретін төмен молекулалы қосылыстардан жоғары молекулалы қосылыстардың түзілу реакциясын айтады. Поликонденсация әдісі бойынша полимер алу үшін әр түрлі химиялық реакциялар қолданылады. Олар: этерификациялау, аминдеу, ароматикалық орынбасу және т.б. Поликонденсация екі функционалдық топтардың әрекеттесуінен жүреді.Полимеризация деп төмен молекулалы заттардың (мономерлердің) қосылып, жоғары молекулалы қосылыстарды түзу реакциясын атайды. Реакция нәтижесінде қосалқы заттар бөлінбейді, ал алынған полимердің құрамы мономерге сәйкес келеді.Медицина саласында полимерлік материалдардан медициналық аспаптар, арнаулы ыдыстар және дәрілік препараттарды ораушының түрлі көріністерін дайындауда қолданылады. Хирургияда жүректің қақпақтарын, стоматологиялық протездер мен көз хрустальдарын жасауда қолданылады. Капсулалы дәрілер Фармацевтика тәжірибесінде кеңінен қолданылуда. Дәрінің тыстары жоғары ерітілген полимерден дайындалады. Дәрілік препараттарды орауда пайдаланылады.