«химия және биология» факультеті «жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы


Тақырыбы: 12 жылдық білім беру жағдайында оқушыда қалыптасатын құзіреттіліктер

Loading...


бет5/5
Дата13.04.2020
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5

Тақырыбы: 12 жылдық білім беру жағдайында оқушыда қалыптасатын құзіреттіліктер



Жоспары:

1.Тұлға – мазмұнды күрделі ерекше әлеуметтік ұғым.

2.Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы түрде қалыптастыру шаралары.

3.Негізгі құзіреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нәтижелер.

4.12-жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі.
Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім беру жағдайында оқушыда қалыптасатын құзіреттіліктерді түсіндіру.
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.Тұлға – мазмұнды күрделі ерекше әлеуметтік ұғым.

Тұлға – мазмұнды күрделі ерекше әлеуметтік ұғым ретінде оның өсуі мен қалыптасуы ортасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесін қазақ халқы өзекті мәселе ретінде бағалаған. Осы орайда А.Құнанбайұлы «Он тоғызыншы» қара сөзінде: «Бала ата-анадан туғанда есті болмайды: ол естіп, көріп, ұстап, татып,ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» - деп баланың социумда жинаған тәжірибесі арқылы білімді болатындығы туралы ой түйіндейді. Ағартушы М.Жұмабаев тұлға мәселесін қарастырғанда: «Тәрбие деген – баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Баланы тәрбиелі қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару, қаласа- өзін, барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз».

Қоршаған әлемге өз қатынасын сезінетін, іс-әрекеттің нақты түрімен айналысатын, белгілі топтағы адамдардың өкілі, нақты адамды – психологияда тұлға ретінде көрсетеді. Сонымен қатар әрбір индивид өзіндік ішкі ерекшелік пен сапаға ие. Психология ғылымының зерттеушілері тұлғаның айрықша психологиялық белгілерін келесідей бөліп көрсетеді:

- сана – қоршаған әлемге адамның саналы ықпал ету қабілеті;

- өзіндік сана - өзін-өзі сезіну қабілеті;

- өзіндік реттелу - өз мінез-құлқын және іс-әрекетін басқару;

даралық (өзіндік бейне, «Мен», өзінің ойлауы мен іс әрекет стилі) Осы тұлғадан білім алушы пайда болады Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Демек, оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ескеру – баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі ұрпаққа әлемдік білім беру стандартына сәйкес жаңаша білім беруімізді өркениетті дамудың өзі талап етіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда жалпы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен жеке тұлғаның бойында мәдени, рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыра оқытумен қоса тәрбие де аса маңызды орын алады. Жеке тұлғаның бойында мәдени құндылық қасиеттерін қалыптастыруда оқыту мен тәрбиенің теориясы мен практикасын ұштастыра отырып жүргізу қамтамасыз етілуі керек. 12 жылдық оқу мерзіміне көшу жауапты жұмыс екені даусыз. Оны жүзеге асыру арқылы білім беру жүйесі жалпы әлемдік білім аймағына ене алады. Осындай деңгейде болу ұрпағымыздың жер шарының кез-келген жеріне барып қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік береді.

2.Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы түрде қалыптастыру шаралары.

Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы меңгеруінен, оны тәжірибеде пайдалана алуынан көрінеді. Ол оқу үрдісінің барлық кезеңіне қажет. Оқу тапсырмаларын орындау нәтижес ішкі белсенділікке байланысты. Ішкі белсенділікке оқушының белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі бір қажеттіліктерден туындайтыны баршамызға белгілі. Демек, оқушыларға ұсынылатын тапсырмалары олардың және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс.


3.Негізгі құзіреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нәтижелер.

Негізгі құзіреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нәтижелерге тоқталуды жөн көрдік. Олар оқушыларды өз бетінше талдауға, өз қызметіне мақсат қоюға, жоспарлауға, жинақтауға, қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға, қарым-қатынас диалогына қатысуға, баламалы өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі түсінуге, өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге, ақпаратты сұрақ қоя отырып жауап алуға, нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға, өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету.Бұл үшін ең біріншіден оқушыларға білім беретін оқулығымызға байланысты деп ойлаймын.



Көрнекті психолог - ғалым Д.Б.Элькониннің оқу әрекеті баланың психикалық дамуын шапшаңдататын жетекші әрекет болуымен қатар, қарқынды жаңа өзгерістер кіші мектеп жасындағы кезеңге тән деген тұжырымын әр уақытта есте сақтаған жөн. Сондай-ақ , оқу әрекетінің басқа әрекеттерге де ықпалы зор. Демек, бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеииерінің бірі – оқу әрекетін оқышыларға игерту. Оқу әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері мен бағытының дамуына кем дегенде төрт жағдай ықпал етеді. Олар: біріншіден, ғылымның даму деңгейі; екіншіден, қоғамның өскелең талабының оқушыларға ғылыми білім беруді қажетсінуі; үшіншіден, нақтылы қоғамның материалдық мүмкіншілігі; төртіншіден, психология-педагогика ғылымының даму деңгейі. Олай болса, біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына кіруге дайындық барысында оқушыларға нені, неге, қашан, қайда және қалай үйрету негізгі мәселе болып отыр. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой - өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы. Осыған байланысты оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Білім алу, іскерлік пен дағдының қалыптасуы тек оқу әрекетінде ғана болады деп бір жақты түсінуге болмайды.Ол басқа әрекеттерге де тән, бірақ олар өте баяу жүреді, ұзақ уақытты талап етеді. 12 жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады: жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы; жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі; күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағыттылығы; оқытудың сабақтастығы; әрбір оқыту сатысының даралығы. Оқушының оқу әрекетіндегі өзін-өзі басқару мен басқаруды ұйымдастыру, оқыту процесін моделдеудің педагогикалық-психологиялық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар ғалымдардың еңбектерінде (Ю.К.Бабанский, А.А.Вербицкий, Ю.Н.Кулюткин, М.И.Махмутов, В.В.Сериков, Г.С.Сухобская, Т.И.Шамова, И.С.Якиманский т.б.) жан-жақты талқыланып келді. Оқушылардың өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, А.Е.Әбілқасымова, А.Х.Аренова, С.Смаилов, М.А.Құдайқұлов еңбектерінде сөз қозғалған.Өзіндік жұмыстар оқушылардың ақыл-ой еңбегінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде, оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі. Сонымен қоса оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, тәртіптілік, еркіндік, мақсаткерлік, ізденімпаздық, белсенділік қасиеттерін дамытады. 12 жылдық орта мектеп оқушысы нарықтық қатынастар мен ақпараттық қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім негіздерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастыра білетін, функционалды сауатты, өмірлік қажетті дағдылары мен кең спектрлі компетенциялары қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға, өз бетінше табысты өмір сүруге, өзіне және қоғамға пайдалы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс. Орта мектептің 11-12 сыныптарында бейінді (профильді) оқудан өткен мектеп түлектері қазіргі мектеп түлектерімен салыстырғанда өз мамандықтарын, өмір жолдарын таңдауға және оны тез, табысты меңгеруге әлдеқайда жақсы әзірлікте болмақшы. Бұл – қазіргі тез дамып, тез өзгеріп отырған, талғамы мол уақыт талабы.
4.12-жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі.

12-жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Білім алушы білім алудың белгілі бір сатысымен (мектеп немесе жоғары оқу орнымен) шектелмейді. Бүгінгі таңда, демек, болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз Қазіргі уақытта білім берудің алғашқы парақтарында «адам проблемасы» өзекті мәселелердің біріне айналып, «адам проблемасы» қазіргі ғылымда білім беру саласында толығымен зерттеуді қажет ете бастады. Білім берудің мақсатында – адамның өмір сүру ортасының мағынасы мен бейнесіне сәйкес, тұлғаны қалыптастыруға назар аударылуда. Білім беру саласының проблемаларының болжамдарында,әзірленген білім беру жүйесінің көмегімен – биосфералық, адамдағы ізгілікті, жоғары биологиялық және әлеуметтік сапаларды жасай, қазіргі заман талабына сәйкес білім беру қарастырылған. Қазіргі заманғы тұлға кеңейген әлеуметтік кеңістікте , ішкі икемділігі мен түрлі мүдделерін көрсете, өзін жетілдіруге ұмтыла, адамзат тұрмысының маңызын сезінуге бағдарлану керек. Орыстың ұлы педагогы В.А.Сухомлинский мектептің басты міндеті - әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолын бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл – тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз деп атап көрсетеді. 12 жылдық мектеп оқушысы өзіндік санасы мен өзіндік танымы бар, өз бетімен білім ала алатын, коммуникативті құзіретті тәрізді тұлғалық сапалары жоғары болуы қажет деген тұжырым жасауға болады.


Бақылау сұрақтары:

1.Тұлға – мазмұнды күрделі ерекше әлеуметтік ұғым.

2.Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы түрде қалыптастыру шаралары.

3.Негізгі құзіреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нәтижелер.

4.12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі

10. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРТЫҢ ЖОСПАРЫ






Күні


Сабақтың тақырыбы мен жоспары

Кредит,

сағат саны

Бақылау түрі

Әдебиеттер

(әдебиет №, реті, тарауы, беті)

1

2

4

5

6

7

1




Мектепте химияны оқытудың құзіреттілік негіздері

1.Химияны оқытудың құзіреттілік негіздері

2.Құзіреттілікті бағалау жолдары


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

2




Оқушыларды әлеуметтендіру, бұл саладағы химияның ролі

1.Химияны оқытуда оқушыларда қалыптасатын білім, білік және дағдылар

2.Оқушыларды әлеуметтендіру


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

3




Химия пәніне қойылатын қазіргі кездегі талаптар

1.Химия пәнінің қазіргі уақыттағы мақсаты мен міндеттері

2.Химия мұғалімі және оған қойылатын талаптар


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

4




Педагогикалық инновация туралы түсінік

1.Инновация жайлы ұғым қалыптастыру.

2.Педагогикалық инновация және оның жетістіктері


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

5




Деңгейлік саралау технологиясы

1.Жаңа технологиялардың түрлері

2.Оқушыларды деңгейлеп оқытудың тиімділігі


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

6




Модульдік оқыту технологиясы

1.Модульдік оқыту технологиясының құрылымы

2.Модульдік оқыту технологиясын қолданудың ерекшелігі


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

7




Жобалап оқыту технологиясы

1. Жобалап оқыту технологиясының құрылымы

2. Жобалап оқыту технологиясын қолданудың ерекшелігі


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

8




Пробемалы оқыту технологиясы

1. Пробемалы оқыту технологиясының құрылымы

2. Пробемалы оқыту технологиясын қолданудың ерекшелігі


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

9




Ақпараттық құзіретілік

1.Ақпараттық құзіреттіліктің мәні

2. Ақпараттық құзіреттілікті қолдану


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

10




Коммуникативтік құзіреттілік

1. Коммуникативтік құзіреттіліктің мәні

2. Коммуникативтік құзіреттілікті қолдану


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

11




Проблеманы шешу құзіреттілігі, олардың аспекттері.

1.Проблеманы шешу құзіреттілігінің мәні

2. Проблеманы шешу құзіреттілігі аспекттері.


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

12




Базалық құзіреттіліктердің химиядағы көрінісі

1.Базалық құзіреттілік туралы түсінік

2.Химияда базалық құзіреттіліктерді қолдану


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

13




Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың ұлттық рейтингтік жүйесі

1.Оқушыларды бағалау түрлері

2.Ұлттық рейтингтік бағалау


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

14




Оқушылардың химиядан көрсететін жетістіктерінің деңгейлері

1.Химиялық білімді оқушылардың меңгеру деңгейлері

2.Оқушылардың химиядан жеткен жетістіктерін саралау


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

15




Негізгі және бағдарлы мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудың жалпылама критерийі

1.Бағалаудың жалпылама критерийі

2.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау


1

ПЖҚ

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10


11. ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ







Сабақтың тақырыбы мен жоспары

Кредит,

сағат саны

Бақылау түрі

Әдебиеттер

(әдебиет №, реті, тарауы, беті)

1

2

3

4

5

1

Құзырлылылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі.

1

СЖ

№1

7-12 бет


2

12-жылдық білім беруде қолданылатын құзіреттіліктер

1

Глоссарий

Тест


№2

10-15 бет



3

Қазақстан республикасындағы 12 -жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасы.

1

СЖ

№5

15-19 бет



4


12-жылдық жалпы орта білімнің Мемлекеттік стандарты

1

Бақылау сұрақтары

Глоссарий



№8

19-22 бет



5

12-жылдық білім беруге көшу қазіргі заман талабы

1

СЖ

№5

22-28 бет



6

12-жылдық оқытудағы басты және негізгі мақсат.

1

Тест

Глоссарий

Коллоквиум


№11

35-40 бет



7

12-жылдық білім беруге біртіндеп көшуді жүзеге асыру


1

СЖ

№7

31-34 бет



8

Оқу әрекеті, оқушылардың әрекеті, танымдық әрекеті.

1

Реферат

Глоссарий



№9

28-31 бет



9

12-жылдық білім берудегі жаңа технологиялар

1

СЖ

№10

45-55 бет



10

Деңгейлік саралау технологисы

1

Глоссарий

Тест


№9

40-45 бет



11

Презентациялар технологиясы

1

СЖ

№14

57-65 бет



12

Модульдік оқыту технологиясы

1

Глоссарий

Реферат


Коллоквиум

№1

75-80 бет



13

Дамыта оқыту технологиялары

1

СЖ

№10

56-бет


14

Проблемалы оқыту технологиясы

1

Бақылау сұрақтары

Тест


№3

70-74 бет



15

Білім беруді дамытуда химия пәніне қойылатын қазіргі кезеңдегі талаптар

1

СЖ

№10

66-69 бет



16

Қазіргі заман білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтері.

1

Тест

Глоссарий




№5

80-85 бет



17

Оқу-тәрбие жұмысының сапасын көтеру.

1

СЖ

№3

73-79 бет



18

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру.

1

Реферат

Тест


№7

91-94 бет



19

Педогогтардың кәсіби-педогогикалық икемділіктерін қалыптастыру жүйесі.

1

СЖ

№9

100-110 бет



20

12-жылдық мектепте химия бағытында білім берудің өлшемі.

1

Тест

Бақылау сұрақтары



№1

95-100 бет



21

12-жылдық орта білім берудің көздеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес білім беру нәтижелері.

1

СЖ

№7

111-118 бет



22

12-жылдық білім беру мазмұны және интеграция мәселелері.

1

Тест

Глоссарий



№1

120-128 бет



23

Интеграциялық бағдарламалар.

1

СЖ

№2

130-133 бет



24

Білімдік интеграцияның жаһандық жаңалықтары.

1

Бақылау сұрақтары

Тест


№23

128-135 бет



25

12-жылдық білім берудегі құзіреттілік амалының әдістемелік ерекшеліктері мен құрылымдық үлгісі.

1

СЖ

№4

135-140 бет



26

12-жылдық оқытудың әдістемелік негізі.

1

Глоссарий

Тест


№5

129-136 бет



27

12-жылдық білім беру жүйесіндегі жаңалық

1

СЖ

№4

146-152 бет



28

12-жылдық мектеп мұғалімі.

1

Тест

Бақылау сұрақтары



№7

5-9 бет


29

Ұстаздың оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жолдары

1

СЖ

№2

59-65


бет

30

Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы түрде қалыптастыру шаралары.

1

Глоссарий

Тест


Бақылау сұрақтары

№9

161-169 бет




  1. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ







Сабақтың тақырыбы мен жоспары

Кредит,

сағат саны

Бақылау түрі

Әдебиеттер

(әдебиет №, реті, тарауы, беті)

1

2

3

4

5

1

Құзырлылықтың негізгі белгілері.

1

Сж

№1

7-12 бет


2

12-жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми- әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету жолдары

1

Бс


№2

10-15 бет



3

ҚР білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

1

Жб

№5

15-19 бет



4

12-жылдық мектеп педогогының кәсіби құзіреттілігі: арнайы құзіреттілік; әлеуметтік құзіреттілік; білім беру құзіреттілігі.

1

Т

№8

19-22 бет



5

12-жылдық мектеп педогогінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын арттыру жолдары.

1

Г

№5

22-28 бет



6

12-жылдық білім берудегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне қойылатын талаптар

1

Т

№11

35-40 бет



7

Жаңа тұрпатты педогогты қалыптастыру жүйесінің белгіленген сатылары.

1

Сж

№7

31-34 бет



8

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтерудің жұмыс түрлері.

1

Т

№9

28-31 бет



9

12-жылдық білім беру жүйесіне болашақ маман даярлауда педогогикалық құзіреттілікті оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың маңызы.

1

Сж

№10

45-55 бет



10

12-жылдық білім беруде педогогтардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту бағыттары.

1

Жб

№9

40-45 бет



11

Интеграцияның негізгі үш тегі мен түрлері.

1

Сж

№14

57-65 бет



12

Стандартқа сәйкес білім мазмұнына қойылатын талаптар.

1

Т

№1

75-80 бет



13

12-жылдық білім беру жүйесінде Болашақ мамандарға сілтемелер.

1

Сж

№10

56-бет


14

12-жылдық білім беруге көшуге дайындық- жеке тұлғаға бағытталған білім беру

1

Т

№3

70-74 бет



15

12-жылдық білім беруге көшудің әлеуметтік-материалдық мәселелері.

1

Сж

№10

66-69 бет



16

12-жылдық білім беруге көшудің негізгі әдіс-тәсілдері.

1

Бс

№5

80-85 бет



17

12-жылдық білім беру жағдайындағы педогог құзіреттілігі: қалыптастыру, дамыту бағыттары.

1

Сж

№3

73-79 бет



18

12-жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығы.

1

Г

№7

91-94 бет



19

Субектаралық қатынастар шарттары.

1

Сж

№9

100-110 бет



20

Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары.

1

Т

№1

95-100 бет



21

Тұлғалық-рефлексиялық қатынастар шарттары.

1

Сж

№7

111-118 бет



22

12-жылдық білім беру жағдайында оқушыда қалыптасатын құзіреттіліктер

1

Т

№1

120-128 бет



23

Тұлға-мазмұнды күрделі ерекше әлеуметтік ұғым.

1

Сж

№2

130-133 бет



24

12-жылдық мектепте химия бағытында білім берудің өлшемі

1

Жб

№23

128-135 бет



25

12-жылдық орта білім беруді көздеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес білім беру нәтижелері.

1

Сж

№4

135-140 бет



26

12-жылдық білім беру мазмұны және интеграция мәселелері

1

Т

№5

129-136 бет



27

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру.

1

Жб

№4

146-152 бет



28

Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы түрде қалыптастыру шаралары.

1

Сж

№7

5-9 бет


29

Негізгі құзіреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нәтижелер.

1

Т

№2

59-65


бет

30

12-жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі

1

Сж

№9

161-169 бет




13. ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты

2. «12 жылдық білім беру» республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық журналы.

3.ҚР-да 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. /ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 04 қаңтардағы №1 бұйрығымен бекітілген./

4.Роза Дәулетбекова “Тұлға құзыреттілігін қалыптастыру”

5.Әлия Абдулла “Жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастырудағы халық педагогикасының маңызы”

6.12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы зерттеушілік оқыту технологиясы

Г.К.Өтеғұл ОПКБА ж ҚДИ,2010ж.

7.И. Нұғыманов, Ж.Ә. Шоқыбаев, З.О. Өнербаева. Химияны оқыту әдістемесі. А. 2005ж

8.Бахишева С. «12 жылдық білім беру және оқушы тұлғасы».Білім кілті.[№1, 2006]

9.Жазықбаева Ұ. «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы 12 жылдық білім берудің тиімділігі». Білім әлемі. [№1, 2007]



10. Нұғыманов И. Химияны оқыту әдістемесі А., Рауан 1993

14 .ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ



1

Құзіреттілік туралы түсінік

2

Құзырлылықтың негізгі белгілері.

3

Құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі. Құзырлылықтың дәстүрлі білім жүйесіндегі негізгі критерийі.

4

12-жылдық білім беруде қолданылатын құзіреттіліктер

5

Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасы.

6

12 –жылдық жалпы орта білімнің Мемлекеттік стандарты

7

12-жылдық білім беруге көшу-қазіргі заман талабы

8

12-жылдық оқытудағы басты және негізгі мақсат.

9

12-жылдық мектептің басты ерекшелігі.

10

12-жылдық білім беру жүйесі.

11

Оқу әрекеті, оқушылардың әрекеті, танымдық әрекеті.

12

12-жылдық білім берудегі жаңа технологиялар

13

Деңгейлік саралау технологиясы.

14

Презентациялар технологиясы.

15

Модульдік оқыту технологиясы.

16

Проблемалы оқыту технологиясы.

17

Білім беруді дамытуда химия пәніне қойылатын қазіргі кезеңдегі талаптар

18

Қазіргі заман білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтері.

19

Ұстаз шығармашылығы. Оқу-тәрбие жұмысының сапасын көтеру.

20

Мұғалімдердің біліктігін жетілдіру.

21

Педагогтардың кәсіби-педагогикалық икемділіктерін қалыптастыру жүйесі.

22

12 жылдық мектепте химия бағытында білім берудің өлшемі

23

Тұлға құзыреттілігі.

24

Проблемаларды шешу құзіреттілігі.

25

Ақпараттық құзіреттілігі.

26

Коммуникативтік құзіреттілігі

27

12-жылдық білім беру мазмұны және интеграция мәселері

28

Интеграцияның педагогикалық қырын қарастыратын ғылыми зерттеулер.

29

Интеграциялық бағдарламалар.

30

12-жылдық білім берудегі құзіреттілік амалының әдістемелік ерекшеліктері мен құрылымдылық үлгісі

31

12-жылдық оқытудың әдістемелік негізі.

32

12-жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту.

33

12-жылдық білім беру жүйесіндегі жаңалық .

34

12-жылдық мектеп мұғалімі

35

12-жылдық білім берудің жаңа реформалық жүйесі.

36

Жаңа үлгідегі мектеп мұғаліміне қойылатын талаптар.

37

12-жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету жолдары

38

ҚР білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

39

12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілігі

40

12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді сапасын арттыру жолдары

41

12-жылдық білім берудегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне қойылатын талаптар

42

Жаңа тұрпатты педагогты қалыптастыру жүйесінің белгіленген сатылары.

43

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтерудің жұмыс түрлері.

44

12-жылдық білім беру жүйесіне болашақ маман даярлауда педагогикалық құзіретттілікті оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың маңызы.

45

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру жұмысының нәтижесі.

46

Білімдік интеграцияның жаһандық жаңалықтары.

47

12-жылдық білім беруде педагогтардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту бағыттары. Интеграцияның негізгі үш тегі мен түрлері.

48

Стандартқа сәйкес білім мазмұнына қойылатын талаптар.

49

Оқу пәні бойынша әр деңгейде оқытудың жоспарланатын нәтижелері.

50

12-жылдық білім беру жүйесінде болашақ мамандарға сілтемелер.

51

12-жылдық білім беруге көшуге дайындық –жеке тұлғаға бағытталған білім беру

52

12-жылдық білім беруге көшудің әлеуметтік-материалдық мәселелері.

53

12-жылдық білім беруге көшудің негізгі әдітәсілдері.

54

12-жылдық білім беруге көшу жұмыстарының қазіргі деңгейі.

55

12-жылдық білім беру жағдайындағы педагог құзіреттілігі: қалыптастыру, дамыту бағыттары

56

12-жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығы.

57

Субъектаралық қатынастар шарттары.

58

Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары.

59

Тұлғалық-рефлексиялық қатынастар шарттары.

60

12 жылдық білім беру жағдайында оқушыда қалыптасатын құзіреттіліктер

61

12 жылдық білім берудің әдіснамалық негізі.

62

Тұлға – мазмұнды күрделі ерекше әлеуметтік ұғым.

63

Оқушылардың оқудағы белсенділігі оқуға қажетті білім, білік, дағдыны саналы түрде қалыптастыру шаралары.

64

Мектепте химияны оқытудың құзіреттілік негіздері

65

Оқушыларды әлеуметтендіру, бұл саладағы химияның ролі

66

Негізгі құзіреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нәтижелер.

67

12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі

68

Арнайы құзіреттілік

69

Әлеуметтік құзіреттілік

70

Білім беру құзіреттілігі.

71

Химия пәніне қойылатын қазіргі кездегі талаптар

72

Педагогикалық инновация туралы түсінік

73

Базалық құзіреттіліктердің химиядағы көрінісі

74

Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың ұлттық рейтингтік жүйесі

75

Оқушылардың химиядан көрсететін жетістіктерінің деңгейлері

76

Негізгі және бағдарлы мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудың жалпылама критерийі

77

Базалық құзіреттіліктердің химиядағы көрінісі

78

Нәтижеге бағдарланған оқытудың жанарған дидактикалық моделі

79

12-жылдық білім беруде - оқытудың бағалаудың стандарты туралы

80

Оқушыны бағалаудың мақсаты мен мазмұны

81

Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың ұлттық рейтингтік жүйесі

82

Химияны оқытудан күтетін нәтижелерін бағалау тәсілдері

83

Оқушылардың химиядан көрсететін жетістіктерінің деңгейлері

84

Оқушыға көзқарас

85

әлемдегі әр елдің оқуды бағалаудың негізгі ерекшеліктері

86

12-жылдық білім беру және оқу әрекеті

87

ҚР білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

88

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы.

89

Әлемдік және отандық тәжірибелер нәтижелері

90

12-жылдық білім жүйесін саралау

15. СТУДЕНТТЕРДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ БІЛІМІН

РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

Білім беру ісіндегі басты приоритет – студенттердің жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдісінде басымдылық рөл оқытушыға емес, студентке берілуі тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпай, ол өздігінен оқуы керек. Оқытудың негізгі мақсаты - өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқытудың негізгі формасы – студенттермен жұмыс істеу, дифференциялау.

Әрбір студент басқа студент пен салыстырылмайды, керісінше өзімен - өзі салыстырылады. Студенттер өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды.

Студенттердің білімін бағалау – оның жіберген қатесіне жазалау емес, жетістігін мадақтау, көтермелеу құралына айналуы тиіс.

Студенттердің білімін бағалау кредиттік оқыту жүйесінің міндетті элементі болып кіреді.

Қорытынды бақылау-емтихан студенттің академиялық уақыт ішіндегі кәсіптік білім бағдарламасын меңгеру дәрежесін анықтау үшін өткізіледі.

Емтихан компьютерлі, жазбаша тестермен немесе ауызша, жазбаша түрде өтеді. Емтиханның өту формасын оқу-әдістемелік кеңес тағайындайды.

Студенттің білімін бағалау рейтингтік балл екі бөліктен тұрады: біріншісі – рейтинг балының 40% құрайды, оны студент күнделікті бақылау (ОБСӨЖ), СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін жинақтайды. (А1;А2-жетінші және он төртінші апталарда өткізілетін аттестаттау балдары), екіншісі – рейтинг балының 60% құрайды, ол қорытынды бақылау – емтиханның нәтижесі осы балдардың қосындысы студенттің білімінің рейтингтік көрсеткіші:

R=(А1+А2)x0,6 + Э x0,4

Рейтингтің жоғарғы мәні – 100 балл



Студенттің оқу жылындағы академиялық үлгерімі GPA мәні былайша есептеледі:

GPA =

И1 , И2 ,..., ИП – студенттің қорытынды балының сандық баламасы.

К1 , К2 ,..., КП – студенттің оқыған пәндер кредиті

1 курс студенті келесі курсқа көшу үшін GPA мәні «+Д» – 1,33 (55-59%) балдан кем болмауы керек, 2 курс студенті үшін – «+С» – 2,33 (70-74%), 3 курс студенті үшін «В-» – 2,67 (75-79%) кем болмауы керек.



Әр деңгейдің ұпай саны студенттердің білімін бақылаудың үлгілері мен кіріспе, ағымдағы және аралық бақылаулармен жиналады. Төменде студенттердің баллмен есептегенде білім градациясының кестесін беріп отырмыз:

Бағалаудың әріптік жүйесі

Баллдары

Бағалаудың %-тік мазмұны

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4.0

100

Өте жақсы

А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

Жақсы

В

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2.0

65-69

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанғысыз

Пәннен F – деген баға алған студент жазғы семестрде оны қайта тапсыру керек





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...