«химия және биология» факультеті «жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы


Тақырыбы: 12-жылдық білім беру жүйесіне болашақ маман даярлауда педагогикалық құзіретттілікті оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың маңызы

Loading...


бет4/5
Дата13.04.2020
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5

Тақырыбы: 12-жылдық білім беру жүйесіне болашақ маман даярлауда педагогикалық құзіретттілікті оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың маңызы.



Жоспары:
1.12-жылдық мектептін негізгі мақсаты

2.Тұлғалық-рефлексиялық қатынас шарттары

3.12-жылдық білім беруде педагогтардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту бағыттары. 4.Интеграцияның негізгі үш тегі мен түрлері.

5.Стандартқа сәйкес білім мазмұнына қойылатын талаптар.

6.12-жылдық білім беру жүйесінде болашақ мамандарға сілтемелер.


Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім беру жүйесіне болашақ маман даярлауда педагогикалық құзіретттілікті оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың маңызын түсіндіру
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.12-жылдық мектептін негізгі мақсаты.

12-жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамд арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адам алыптастыруды көздеген заман талабы. Білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік емес елдің экономикалық дамуының негізі ретінде де танылған.Білім беру жүйесінің маңызды да күрделі сатысы-бастауыш мектеп,сондықтан ол мұндай мақсатқа жетуде ерекше орын алады. Бұл сатыда білім берудің басты ерекшеліктері «Жалпы білім беретін мектеп бастауыш сатысындағы білім мазмұны Тұжырымдамасында» айқын көрсетіліп,әрі оқушының дарынын ашу тұрғысында мұғалімдер қауымына тың міндеттер жүктеп,оларға әрбір мәннің мақсатын қайта карауға бағыт береді.

12-жылдық мектептін негізгі мақсаты:

  • жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;

  • өзін-өзі дамытуға;

  • өз ойын еркін айта білуге;

  • өз қалаулары мен қоғам талабына сай,өзін көрсете білетін жан-жақты білімді сапалары қалыптасады. Оның мәні:оқушылар мен мұғалімдер ұжымында диалогтік қарым-қатынасты жүзеге асыру; өзге адамдармен жайлы қарым-қатынас, түсінісу, шығармашылық жұмыстар арқылы бірлесіп әрекет істеуге бейімділігін дамыту.


2.Тұлғалық-рефлексиялық қатынас шарттары.

Тұлғалық-рефлексиялық қатынас шарттары тұлғаны педагогикалық үдерістегі субъект ретінде танып, оның бойындағы әлеуеті мен мүмкіндіктерінің дамуы үшін қолайлы орта туғызуды көздейді. Тұлғаның өзіндік сапаларын дамыту, оны өз әрекетінің субъектісі ретінде қалыптастыру, өзіндік рефлексия арқылы өз тәжірибесіне сыни көзбен қарау арқылы өз әрекеттерін, айналамен қарым-қатынасын кайта зерделеуін көрсетеді. Осы педагогикалык шарттар орындалған жағдайда окушы дайын білімді игеруші емес, білім материалын өзі зерделеу арқылы шындықты танушы тұлға болады, яғни бұл үдерісте оқушы - әрекетті жузеге асырушы және субъектілік тәжірибесіне сүйену аркылы оқушы - өзін-өзі тәрбиелеуші болып қалыптасады. Мұндай тұлғаға бағдарланған оқытуды жүзеге асыратын болашақ педагогтардың өздері де әрекетті жүзеге асырушы және өзін-өзі тәрбиелеуші болуы тиіс.
3.12-жылдық білім беруде педагогтардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту бағыттары.

Педагогтың кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру мен дамыту жұмыстары сан қырлы. Біз бұл саладағы ізденістерімізді екі бағытта топтап көрсетуді жөн көрдік. Педагогтардың құзыреттілігін қалыптастыру мен дамыту аддымен педагогтардың теориялық білімдерін қажет етеді. Сондықтан бірінші бағыттағы жұмыстар 2009 жылдан бастап «12-жылдық білім беру жүйесінің педагогикалық-психологиялық негіздері» атты арнайы курс енгізу арқылы жүргізілуде. «12-жылдық білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық негіздері» атты таңдау пәнінің мақсаты - болашақ мамандардың 12-жылдық мектепте жұмыс жасай алатын жаңа тұрпатты мұғалім болып қалыптасуы үшін кажетті білімдерінің базалық деңгейлері (ғылыми-теориялық, әдістемелік, психологиялық педагогикалық) қатарындағы психологиялық-педагогикалық дайындықтарын қалыптастырып, дамытуға негіз салу.

Бағдарлама оқу-әдістемелік қамтамасыз еткенде ғана жүзеге асатыны белгілі. Алдымен оқу-әдістемелік кешеннің электронды нұсқасы дайындалып, байқаудан өткізілген соң, институт қаражатына А.Кенжеғұлованың авторлығымен 500 дана 13 баспа парақтық «12-жылдық білім беру жүйесінің педагогикалык-психологиялық негіздері» атты оқу-әдістемелік құрал шығарылды. Оқу-әдістемелік құрал кұрылымы мен мазмұны студенттердің ақпараттық, коммуникативтік, проблеманы шеше білу құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатын көздей, зерттеушілік оқыту технологиясына негізделе жасалды. Сонымен катар студенттерді, оқьпушыларды, мектеп мұғалімдерін 12-жылдық білім беру жүйесі бойынша нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету мақсатында Масrо Меdіа Ғlesһе бағдарламасымен дайындалған нормативті құжаттардың 7 тараудан тұратын «Сызбалар жинағы» электронды дискіде шығарылды. Бұл арнайы курс бакалавриатпен қатар магистратураның педагогика және психология мамандықтарында окытылып келеді. Нәтижесінде соңғы үш жылда педагог құзыреттілігі тұрғысынан 5 магистратуралық диссертация қорғалды.

12-жылдық білім беру жағдайындағы болашақ педагоггардың құзыреттілігін қалыптастыру мен дамыту бойынша екінші бағыттағы жұмыстар қатарына тұлғаға бағдарланған білім беру бағытында жаңалықтар ендіруге ұмтылатын, авторлық бағдарламалар құруға, тәжірибеде бар жаңалықты өз тұрғысынан өзгерте алуға қабілетті педагогтің шығармашылық жұмыстарын жатқызамыз, яғни мұны педагогтың өзіндік тәжірибесі арқылы үлгі бола білуі деуге болады. Бұл тұрғыда басталғанына биыл 22 жыл толып отырған Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылы-ақ ана тілімізді өз тұғырына қондырамыз деген ұлы максатпен бастаған ғылыми ізденісімізді атар едік. 1991 жылы «Бастауыш білім жүйесін интеграциялық ұстаным негізінде жетілдіру» деген тұжырымдамамен өзгертуді қолға алдық: министрліктің рұқсатымен бағдарлама, оқу жоспары өзгертілді, облыстық білім басқармасы коллегиясының шешімімен «авторлық класс» статусы беріліп, үш жыл эксперимент жүрді, он бес оқулық пен оқу құралдары жазылды. Нәтижесінде авторлық бағдарлама мен окулықтар бойынша он жыл бойы Алматы қаласы мен Ақтөбе облысының елуден аса мектебіңде жүздеген мұғалімдер бастауыш мектептің мыңдаған түлектерін дайындап шығарды. Оқушылар өз шығармашылығына, табиғи ана тілін дамытуға негізделген, бейнелеу өнері және жазумен интеграцияланған «Әліппеден», сол кездегі ана тілі және қазақ тілі пәндері кіріктіріліп, жаңа кұрылымды, мазмұнды, бейнелеу өнерімен интеграцияланған, оқушының зерттеушілік қызметіне негізделе жазылған «Қазақ тілі және сөз өнері» оқулығынан, ұлттық тағылымға арналып, бейнелеу өнерімен сабақтастырыла, өзіндік оқу әрекеті арқылы меңгеруге арналған

«Балалар әдебиетінен», бала бойында ізгілік пен имандылық негізін қалайтын «Ата дәстүр» оқулығынан және «Домбыра» сабағынан дәріс алды.
4.Интеграцияның негізгі үш тегі мен түрлері.

2000 жылы «Вариативтік авторлық ана тілі оқулықтарындағы интеграциялық ұстанымның ғылыми-әдістемелік негізі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғалды.


Біздің ғылыми еңбегімізде жеке тұлға қасиеттерін калыптастыруға сай келетін пәндерді
топтау арқылы интеграция жасау көзделді. Бұл жағдайда интеграцияның тәрбиелік қызметі
жетекші болып, оларды жіктеу қалыптасуға тиісті қасиеттерге, білімге, әрекет түрлеріне
негізделеді. Өйткені ғалымдар өткен ғасырдың соңғы онжылдықтарындағы зерттеулерінде
пәнаралық байланыстың оқу материалына тәуелді болмайтын, жалпы, әмбебап өлшемдерін
іздеу байқалғанын және мұндай жағдайда интеграцияны жіктеу білім мен әрекет түрлеріне
негізделетіндігін атайды. Интеграцияның жаңа дәрежеге көтерілу кажеттілігі жайлы қазақстандық ғалымдар да өз пайымдауларын айтты. Ғалым А. Бисенбаеваның «Бүгінгі қазақстандық қоғамның терендеп келе жатқан процесі-мектепте білім беруді ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысы мен интеграциясының жаңа дәрежеге көтерілуі негізінде құруды талап етіп отыр» деуі де осы ойды меңзеді. Н.С.Антоновтың пікірі бойынша кез келген жағдайда пәнаралық байланыстың үш белгісі мен үш түрі сақталу керек. Оқу-тәрбие үдерісінің барлық аспектісіне енетін пәнаралық байланыс жасалу керек. Сондықтан интеграцияның бір түрі бөлініп қаралмайды, мүмкіндігінше талдаудың ірілендірілген бірлігіне (формалар, тектер, деңгейлер т.б.) назар аударылады. Сөйтіп, дидактикада пәнаралық байланысқа біржақты қарау көзқарасын жеңу тенденциясы басым болғандығы байқалды.

Интеграцияның негізгі үш тегі мен түрлері бар: мазмұндық-ақпараттық, операциялық-әрекеттік, ұйымдастырушылық-әдістемелік. Интеграция білім мазмұны негізінде жасалса, мазмұндық-ақпаратгық текке жатады. Оқу-танымдық әрекеттердің тәсілдері және окушылардың дағдыларына сүйенсе, операциялық-әрекеттік, ал әдістер мен ұйымдастыру формаларына негізделсе, ұйымдастырушылық-әдістемелік интеграцияға жатады. Олардың әрқайсысының өз өлшемдері болады.
5.Стандартқа сәйкес білім мазмұнына қойылатын талаптар.

12-жылдық жалпы орта білімнің Мемлекеттік стандартының негізгі тұжырымдамасына сәйкес келесі түйінді құзіреттіліктердің тізімі көрсетілген.

1.Проблеманы шешу құзыреттілігі.

2.Ақпараттылық құзыреттілік.

3.Коммуникативтік құзыреттілік.



Стандартқа сәйкес білім мазмұнының қол жетерлігі және тұтастығы, ішкі және пәнаралық байланысты қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сонымен қатар стандарт төмендегідей талаптарды қажет етеді:

Білім беру және оқу бағдарламаларының тұлғалық мәнділігін, білім беруде өмірлік,тәжірибелік бағдарлануын қамтамасыз ету;



  • Түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыратын оқу пәнінің мазмұны арқылы тапсырмалар жүйесінің берілуі;

  • Білім алушыларға қоршаған әлемде шындықты тануға жеке тұлғасының өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беретін білім беру және оқу бағдарламаларының тәрбиелеушілердің потенциалы, оның жеке тұлғаның рухани-құлықтық аясын жағымды қоғамдық маңызды ұстанымдары мен бағдарларын қалыптастыруға бағытталуы;

  • Білім беру және оқу бағдарламаларының дамытушы әлеуеті, онда өнімді ізденушілер және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің бейнеленуі;

  • Білім беру мазмұны жүктемесінің шынайлылығы және онымен барлық білім алушылардың қамтылуы.

Оқьпудың жоспарланатын нәтижелері оқу пәні бойынша әр деңгейде ең алдымен:

1.Білім берудің алдыңғы және кейінгі деңгейлерінде сабақтастықты қамтамасыз етуге;



2.Білім алушылардың іргелі ғылыми және мәдени құндылықтар туралы түсініктер қалыптастыруға;

3.Білім алушылардың әлеуметтенуіне, олардың салт-дәстүрді, әлеуметтік нормаларды құлықтық ережелерді және әлеуметтік құзіреттіліктерді меңгеруіне бағытталады.
Қ
азақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының маңызды принциптерінің біріне білім берудің әр деңгейінде білім беру құрылымы мен мазмұнының білім алушылардың

психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес келуі жатады. Бұл принципті жүзеге асыру әрбір жас кезеңіне сәйкес жасалған білім беру мазмұны оқушылардың психикалық дамуының кезендері мен психологиялық ерекшеліктерінің сипаттамаларының өлшемдер есепке алуды талап етеді.
6.12-жылдық білім беру жүйесінде болашақ мамандарға сілтемелер.

12-жылдық білім беру жүйесінде болашақ маман мынадай сілтемелерді ескеруі қажет:

1. 12-жылдық оқьпудың басылымдағы оқыту уақытының ұзартылуында ғана емес, оның құрылымының, оқу-тәрбие жүйесі мен мазмұнының, әдістері мен өзгерістерінің баланың, мектептің және қоғамның жақсару жағдайын жүзеге асыруға бағытталуында екенін;

2. 12-жылдық оқытудың жаңа әдістерін білу және орынды қолдану шеберлігін білу;

3. Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін істейтіндігін;



4. Баға құнды емес, бала құнды екенін;

5.Әр сабақтың мақсаты - баланың басқаға ұқсамайтын тұлғалық қасиетін аша білу;

6.Баланың ықыласын шығармашылық қасиетін оята білу.

Сонымен қатар,сынып жетекшісі оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастыру 12-жылдық оқытудың мына тұжырымдарын ұғынып, түсінген жағдайда ғана тәрб ие міндеттерінің шешімі нәтижелі болады:

1.Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы;

2.Тәрбиенің жүйелілік сипатта болуы;

3.Тәрбие іс-әрекеттерінің мақсаттарының бірлігі, оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің өзара -тәрбие жүйесінің кепілі;

4.Тәрбие үрдісі - жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған іс-әрекетіне, құндылықтарына сүйену керек.

Қорыта айтқанда, бүгінгі қоғамдағы өзгерістер болашақ маманның өскелең ұрпақтың оның тәрбие жүйесіне көзқарасты терендетуге бағытталған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес,жалпы адамзаттың, қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді жан-жақты дамыған ұлт тәрбиелеуіміз керек» деген еді.
Бақылау сұрақтары:

1.Тұлғалық-рефлексиялық қатынас шарттары

2.12-жылдық білім беруде педагогтардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту бағыттары. 3.Интеграцияның негізгі үш тегі мен түрлері.

4.Стандартқа сәйкес білім мазмұнына қойылатын талаптар.

5.12-жылдық білім беру жүйесінде болашақ мамандарға сілтемелер.

Лекция №13

Тақырыбы: 12-жылдық білім беруге көшуге дайындық –жеке тұлғаға бағытталған білім беру



Жоспары:

1.12-жылдық білім беруге көшудің әлеуметтік-материалдық мәселелері.

2.12-жылдық білім беруге көшудің негізгі әдіс-тәсілдері.

3.12-жылдық білім беруге көшу жұмыстарының қазіргі деңгейі.


Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстармен таныстыру
Лекция мәтіні (қысқаша):


1.12-жылдық білім беруге көшудің әлеуметтік-материалдық мәселелері.

Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің міндеті - оқушылардың білім алып қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сініріп, тәрбиелі, әдепті, бір сөзбен айтқанда, интеллектуалды-үйлесімді болуын қамтамасыз ету. Жаңа көзқарас ұлтты ойлануға, ойлауға үйрету арқылы қалыптан тыс көкжиекке көз жіберуге тәрбиелеу, білімді өз бетінше зерделеу, технологиялар мен инновациялардағы жаналықтарды жүзеге асыра білу бейімділігімен бағанады. Міне бүгінгі интеллектуалдық мектептерге қойылатын талаптар осыларға негізделген.Еліміздің тәуелсіздіктің туын көтергелі білім стандартының оңтайлы жолдары іздестіріліп, дүниежүзілік білім кеңістігіндегі интеграциялау қажеттілігінен табылатындай деңгейге көтерілу мақсатында білім саласында жан-жақты жұмыстар жасалуда. Қазіргі жаңару кезеңінде қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның өзекті мәселелерін күрделендіріп отыр.
2.12-жылдық білім беруге көшудің негізгі әдіс-тәсілдері.

Мұғалімдердің бүгінгі күні окьпу үрдісінде болып жатқан жаналыктар мен өзгерістерден
дер кезінде хабардар болып отыруы
- сапалы білім берудің кепілі. Сондықтан да мұғалімдердің
біліктілігін жетілдіру курстарынан уақтылы өтіп отыруы қажет.

Пән апталығында оқушылардың пәнге деген ықыласын артып, қызығушылықтары анықтала бастаса онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылар білімін дамытып қана коймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Оқушы бойындағы бейімділік пен икемдікті дамыту мақсатында I жарты жылдықта химия, биология, география пәндері апталығы және информатика, физика, математика пәндері апталығы, тарих, казақ тілі пәндері апталығында сыныптан тыс пәндік сайыстар, интеллектуалды ойындар, конференциялар мен акциялар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, сахналық қойылымдар көрсетілді.

12-жылдық білім беруге көшу мәселелерімен ата-аналар арасында түсінік жұмыстары, жиналыстарда мектепалды даярлық тобындағы ата-аналарға сауалнамалар жүргізу, т.б. әдістер арқылы тусіндірілуде.



Танымдық қу және оқудан тыс) іс-әрекет оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүииені танудың маңызды кұралдарының бірі - білім алуға, өздігінен білім алуға ынталандырып, ақыл-ойдың дамуына, ғылыми білімдерді жүйелі меңгеруге көмектеседі.

Еңбек іс-әрекеті материалдық заттар жасауға, оларды сақтауға, көбейтуге бағытталған. Түрлері: өзіне-өзі қызмет көрсету, қоғамдық пайдалы және өнімді енбек.
3.12-жылдық білім беруге көшу жұмыстарының қазіргі деңгейі.

12-жылдық білім беруге көшу жұмыстары сабақтан тыс уақытта да жүріп отырады. Мәселен, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескесі жыл сайын оқушылардын көмегімен түрлі өнімдер өсіруде. Мектеп жанындағы учаскіде тәжірибе жүргізу және оны бақылау, кейбір еңбек кұралдарымен жұмыс істей білу - политехникалык білімді терендетеді. Политехникалық білімнің зерделенуіне мұғалімнің қазіргі өндіріс туралы білімдері көмектеседі. Кәсіптік білім сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға нақты мамандық туралы білімдер, іскерлік дағдылар көмегімен, жалпы және политехникалык білім негізінде беріледі. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Мектебіміздегі 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жеке тұлғанын өз ісіне деген жауапкершілігін арттырып, берік сенімге негіздеп игі нәтижесін береді деп сенеміз.


Бақылау сұрақтары:

1.12-жылдық білім беруге көшудің әлеуметтік-материалдық мәселелері.

2.12-жылдық білім беруге көшудің негізгі әдіс-тәсілдері.

3.12-жылдық білім беруге көшу жұмыстарының қазіргі деңгейі.



Лекция №14
Тақырыбы: 12-жылдық білім беру жағдайындағы педагог құзіреттілігі: қалыптастыру, дамыту бағыттары
Жоспары:

1.12-жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығы.

2.Субъектаралық қатынастар шарттары.

3.Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары.


Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім беру жағдайындағы педагог құзіреттілік түрлері жайлы мәлімет беру
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.12-жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығы.

12-жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығын ғалымдар Н.Коперниктің ашқан жаңалығына теңейді. Ал ол жаңалық бәрімізге мәлім: «Күн - астрономиялық орталық. Басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады». Олай болса, білім алушы тұлғасы да күн іспеттес орталыққа айналып, педагогикалық әрекеттер сол тұлғаға бағдарланып, оның айналасына шоғырландырыла жүргізілуі тиіс. Міне, осы тұста педагог алдында оның кұзыреттілігіне сын боларлық «қалай?» деген сұрақтың шешімін табу проблемасы тұрады. Ол педагогтің тұлғаға бағдарланған оқыту жүйесінің ерекшеліктерін білу деңгеніне байланысты болмақ.

Тұлғаға бағдарланған оқытуда 12-жылдық педагог қызметінің тиімділігі «субъектаралық қатынастар», «ұжымдық-диалогтық қатынастар», «тұлғалық-рефлексиялық қатынастар» деп аталатын педагогикалық шарттардың орындалуына тікелей байланысты.
2.Субъектаралық қатынастар шарттары.

Субъектаралық қатынастар шарттары - білім берудегі оқушы мен мұғалімнің арақатынасына қажетті үдеріс. Педагогикалық үдерісте субъектаралық қатынастар шарттарының орындалуы негізінде тұлға өз дамуының, білімінің субъектісі болып қалыптасады. Оның мәні: тұлғаның өзін құндылық ретінде қабылдауға негіз болатын субъектаралық қарым-қатынас орнату; тұлғалық ерекшеліктерін түсіну, оның ой-пікірімен, арман-мақсатымен, проблемаларымен санасу; оқушыны жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін тани отырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттау.


3.Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары.

Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары қандай ұжым болса да ол құрамындағы субъектілердің арақатынасына - интерсубъектілікке негізделеді. Сондықтан белгілі бір әлеуметтік топтағы диалогтық қатынасқа түсу арқылы тұлғаның адамгершілік, рухани

дамытудың интеграциялық моделіне айналды. Авторлық бағдарлама қазірде де мектептерде ана тілін вариативтік жоспар бойынша тереңдете оқыту үшін пайдаланылуда.

«Интеграциялық ұстанымға негізделген оқулық: мазмұны мен құрылымы» атты монография болашақ мұғалімдерді, магистрларды 12-жылдық білім беру жүйесіне дайындауда тұлғаға бағдарланған оқытуға қажетті интеграция мен оқулық теорияларынан, дамыта оқытудың ғылыми негіздерінен, бастауышта оқытудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінен мағлұматтар беру арқылы шығармашылықтарын дамытуда зор үлесі болуда. Студенттердің интеграция тақырыптарына дипломдық жұмыстар жазуына негіз болды.

Міне, осындай көп жылғы ғылыми-әдістемелік тәжірибеміз негізінде педагогикалық әрекеттерді өзіміз дайыңдап жатқан болашақ мұғалімдерге бағдарлай, теорияларды практикамен тығыз ұштастыра, олардың айналасына шоғырландыра білсек, ұстаз педагогтың өзінің субъектілік тәжірибесі арқылы құзыреттілігі дамуымен қатар өз шәкірттерінің де құзыреттілігін дамыта алады.
Бақылау сұрақтары:

1.12-жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығы.

2.Субъектаралық қатынастар шарттары.

3.Ұжымдық-диалогтық қатынас шарттары.



Лекция №15


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...