«химия және биология» факультеті «жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы


Тақырыбы: Құзіреттілік туралы түсінік

Loading...


бет2/5
Дата13.04.2020
өлшемі0.85 Mb.
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Құзіреттілік туралы түсінік



Жоспары:

1.Құзырлылық туралы түсінік

2. Құзырлылықтың негізгі белгілері:

3.Құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің саналық критериі

4.Дәстүрлі білім жүйесіндегі негізгі критерийі


Лекция мақсаты: студенттерге құзырлылық және оның негізгі белгілері туралы түсінік беру
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.Құзырлылық туралы түсінік.

Құзырлылық деген не? Соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық (латын тілінде «соmpetens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді.Құзырлылық маманның «айналымға» түсудегі қажетті шарты



2.Құзырлылықтың негізгі белгілері:-

- тұлға аралық және еңбектегі байланыс мәдениеті;

  • кызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі;

  • қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы;

  • практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті;

  • нақты жағдайларға байланысты кандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі;

  • тиімді шешім қабылдау қабілеті.

Құзырлылық деп -

- танымдық,

  • пәндік-практикалық,

  • тұлғалық тәжірибенің күрделі пайымдамасы, синтезі.


3.Құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің саналық критериі:

- Ғылыми-педагогикалық еңбектерде кәсіби кұзырлылық дайындық сапасына қойылатын
талап немесе к
әсіби теориялық білімдері мен практикалық біліктілігі, тәжірибеден өткізілген
кәсіби маңызды сапасы ретінде қарастырылады. Мұндай контекстке қарастыру құзырлылықпен кәсіби профессионализм ұғымдары арасындағы айырманы ажыратып қарастыруға мүмкіндік
бермейді. Құзырлылық білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлғаның мінез-құлқын, ең бастысы тұлға
мүмкіндігін бағалаудың критериі мақсатында қ
арастыру кұзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критериі
ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды қамтитын кұндылықтарды есепке алуы қажет.
4.Дәстүрлі білім жүйесіндегі негізгі критерийі:

-Дәстүрлі білім беру жүйесінде қандай да бір нақты қызметке дайындық деңгейін анықтау
үшін «адамның бір нәрсеге дайындығы» негізгі критерий ретінде
қарастырылып, ғылыми түрде бірнеше диссертациялык еңбектер аркылы дәлелденіп келген
болатын. Бұл критерий негізінде «мамандық» (квалификация) мәні ашылған. Ал бәсекелестік
жағдайында кәсіби қызметке
дайындығын ғана тілге тиек ету жеткіліксіз. Сондыктан да,
кездейсоқтықтан, әр түрлі ситуациялардан нәтижелі шешім қабылдау, әрекет жасау қабілетін есеп-
ке алатын уақыттың жеткендігін ескере отырып, құзырлылықты нәтижеге бағдарланған білім беру
жүйесінің сапалық критериі ретінде зерттеу бүгінгі күннің талабы.

-Құзырлылық табиғаты бағдарлы мақсат контекстісінде өзіндік дамуының, кызметтік,тұлғалык тәжірибесін жинактауға бағытталған құзыр ұғымы негізінде ашылады.

- Құзыр- Стив Уиддеттің пайымдауында - кажетті мінез-құлықты бейнелеу қабілеті.


Бақылау сұрақтары:

1.Құзырлылық туралы түсінік

2. Құзырлылықтың негізгі белгілері:

3.Құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің саналық критериі

4.Дәстүрлі білім жүйесіндегі негізгі критерийі



Лекция №2

Тақырыбы: 12-жылдық білім беруде қолданылатын құзіреттіліктер



Жоспары:

  1. 12-жылдық білім берудің максаты мен міндеттері

  2. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы

  3. 12-жылдық білім берудегі басымдылық


Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім беруде қолданылатын құзіреттіліктер жайлы мәлімет беру.
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.12-жылдық білім берудің мақсаты мен міндеттері

• жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті

• өзін-өзі дамытуға; '

• өз ойын еркін айта білуге;

. өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін керсете білетін жан-жақты білімді;

• ұлттық тілді;

• тарихты жетік меңгерген;

• отандық және әлемдік мәдениетгі бойында қалыптастырған;

• шығармашылығы;

• ой-өрісі дамыған: интеллектуалды, зиялы, мәдениетті, парасатты, елжанды жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.



Жоғарыдағы мақсаттардан келесі міндеттер туындайды:

• тәрбиелеу және дамытушылық іс-әрекетін ұйымдастыру;

• құзіреттілікті қалыптастыру және дамыту;

• оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;

• оның ішкі мүмкіншілігі,бейімділігі мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.
2.Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында: «12 жылдық білім берудің басты мақсаты өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру»,-деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар, Тұжырымдамада білім берудің күтілетін нәтижелері жоғарыда көрсетілген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы құндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдық, оқу-танымдық, коммуникативтік, ақпаратгық-технологиялық, әлеуметтік-еңбек және тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығы да айтылады. Құзырлылық білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-кұлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қалыптастыру құзырлылық маңызын аша алады.

«Құзыреттілік-дара тұлғаның өзіндік қабілеттері мен статусы шеңберінде қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік және жеке дара формасын үйрету деңгейі» деген анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және тәжірибесі анық байқалып отыр.

Тұжырымдамада көрсетілгендей, құзыреттіліктің өзі бірінен-бірі тәуелсіз бірнеше бөліктерден тұрады. Оларды талдай отырып жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыреттілігін төмендегіше сипаттауға болады. Өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі; өзінің қызметін бағалай білуі; түйткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі; өз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге асыра білуі; өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі; түрлі өмірлік жағдайларда пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі.

12-жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тұлға құзырлылығын калыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруін жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырыудың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тэрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ғана болатындығы белгілі.


3. 12-жылдық білім берудегі басымдылық.

12-жылдық білім берудегі басымдылық-оқушының «қоғамдық субъекті» ретінде өзіндік іс-әрекетін дамытуға бағытталады да, оның еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті Тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.

Білім беру мазмұнын жобалауда оқу бағдарламасын білім берудегі құзіреттілікті жүзеге асыруға, түйінді құзіреттіліктер ретіндегі білім алушылардың яғни, оқушылардың күтілетін нәтижеге қол жеткізуіне бағдарлау керек. Бұл оқушылардың игерілген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін күнделікті өмірде қолдана білуге дайындығынан көрініс табады.
Бақылау сұрақтары:

1.12-жылдық білім берудің максаты

2.Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы

3.12-жылдық білім берудегі басымдылық



Лекция №3

Тақырыбы: 12-жылдық білім беруге көшу-қазіргі заман талабы



Жоспары:

1.12-жылдық білім беру жүйесіне көшу

2.12-жылдық оқытудағы басты және негізгі мақсаттар

3.12-жылдық мектептің басты ерекшелігі


Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық оқытудағы басты және негізгі мақсаттар және 12-жылдық мектептің басты ерекшелігі жайлы оқыту

Лекция мәтіні (қысқаша):

1. 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу.

12-жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қоймайды, сонымен катар білім алушыға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезенде қаланады. Сонымен қатар осы кезенде баланың белсенділігі, онын рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына қарым -қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.

12-жылдық білім беру жүйесіне көшу - коғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым - қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.


2.12-жылдық оқытудағы басты және негізгі мақсаттар.

12-жылдық оқытудағы басты мақсат - қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

12-жылдық мектептің негізгі мақсаты - оқушының зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту. Біздің басты ұстанымымыз тұлғаның жеке дамуына негізделген жан - жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.

Оқу эрекеті - баланың дамуының басты шарты оқу үрдісіндегі маңызды мәселелердін бірі. оқушылардың танымдық қабілеттері мен дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу, танымдық белсенділіктерін арттыру құралы.

Оқушылардың әрекеті зерттеушілік әрекет болу үшін педагог нақты мақсаттар коя білуі керек, ал ашып айтатын болсақ: оқушыларға ғылыми зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін үйрету тиіс және де зерттеуші ( оқушы ) не ашу керек екенін қандай әдіспен, қандай нәтижеге жететіндігін елестете білуі керек.

Танымдық әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игеру бүгінгі білім беру саласының манызды міндеті болып саналады.

Оқушылардың танымдық зеттеу іс - әрекет ерекшеліктеріне мынаны жатқызуға болады: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы, оқу нысанының ерекше сипаты. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игеру бүгінгі білім беру саласының манызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың кабілетін түрлі әрекетті көрсету үшін зерттеуге дайындау және жеке оқу жетістіктерін есепке алу мақсатында портфолиосын жинақтау қажет.

Білім беруді жанарту - үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең - кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт - дәстүрді, мәдени мұраны жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру - оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата- ананың сапалы түрде түсінуін қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.
3.12-жылдық мектептің басты ерекшелігі:

  • ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына;

  • өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне;




  • адамға табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін толық іске асыруына;

  • әр елдің экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру.

12-жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тұлға құзырлылығын қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруін жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді.
Бақылау сұрақтары:

1.12-жылдық білім беру жүйесіне көшу

2.12-жылдық оқытудағы басты және негізгі мақсаттар

3.12-жылдық мектептің басты ерекшелігі



Лекция №4

Тақырыбы: 12-жылдық білім берудегі жаңа технологиялар



Жоспары:

1.12-жылдық білім беру технологияларының ерекшеліктері

2. Ойын, дамыта және коммуникативті оқыту технологиялары

3. 12-жылдық мектептің бастауыш буындарын оқытудың негізі


Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім берудегі жаңа технологиялар жайлы түсінік беру.
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.12-жылдық білім беру технологияларының ерекшеліктері.

Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуде оқытудың басты мақсаты -адамзат мәдениетінің кез - келген саласындағы іс- әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.

Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау мен зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді, өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс балалардың өз қызығушылығынан басталады.

12-жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағдаланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты

бағдары - білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану; баланың жалпы және арнайы кабілеттерін дамьпу білім білікті де игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді. Қазіргі оқулықтың кұрылымында осы бағдарламаға сәйкес өте жан - жақты оқушылар өзбетімен қызыға іздене отырып мағыналы сұрақтарға жауап бере алады. Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамьпуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқьпудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу оқьпудың тиімділігін арттыру, балалардың мектепке оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек.

Белгілі психологтардың айтуы бойынша «Бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады» дейді. Сондықтан ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы.
2. Ойын, дамыта және коммуникативті оқыту технологиялары.

Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын қолдану -окушының оқудағы танымдық іс - әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін колдануға мүмкіндік береді.

Дамыта оқыту технологиясы - шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау, тіл дамытуға бағытталған.

Коммуникативті оқыту технологиясы - сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайды жасайды, жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз - оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты.



12-жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып, әрбір технологияны өзіндік жолда әдіс тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін, өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез- құлқында -мінезі, темпераменті,талабы, көзқарасы, талғамы байқалып, үнемі өзін - өзі өзгертуі, өзін - өзі тәрбиелеуі, өзін - өзі дамытуы, өз іс - әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіре отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді.
3. 12-жылдық мектептің бастауыш буындарын оқытудың негізі.

Орыстың алдыңғы қатарлы бала тәрбиесімен және оны дамьпу жолдарымен айналысқан ғалымдары Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б.Элькониндармен қатар казақстандық педагог-психологтар: В.К.Павленко, Қ.Т.Шериязданова, Б.Баймұратова зерттеулері бойынша баланың ең дамуға ыңғайлы да, қолайлы да кезеңі бес пен алты жастағы шақтары екендігі айқындалған.

Психолог А.А.Люблинскаяның пікірінше, алты жасар бала мектеп жағдайында оқуға дайын, себебі ол қимыл-тірек қозғалысы жағынан саналы әрекет етеді. Ойын барысында да ойлы әрекет ету арқылы өзінің не істегісі келетінін біліп, соны дұрыс атқаруға тырысады, өз әрекеттерінен белгілі дәрежеде қорытынды шығарады, ойлай, киялдай біледі деп түйіңдейді. Ал Д.Б.Эльконин алты жастағы баланың ана тілінің дыбыстау жүйесін білетіндігін, есту, көру қабілетінің жақсы дамығаңдығын, сөз қорының жеткіліктілігін, олармен әнгімелесуге, сұрақтарға жауап алуға толық мүмкіндік болатынын айтады. Міне, мұғалім сабақ берген кезде олардың осы сапаларын сүйенеді. Қазіргі таңда 1-4 сыныптардың барлық пәндері бойынша оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендерінің байқауға арналған нұсқалары жарық көріп, республикамыздың мектептерінде эксперименттік байқаудан өтуде.

12-жылдық мектептің бастауыш буын бағдарламасында әр пән бойынша дайындық кезеңі жеке қарастырылып, оған арнаулы сағат бөлініп ерекше көрсетілген. Мұндағы мақсат -психолгиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін камтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл -оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым - қатысының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.



Білім берудің бүгінгі күнгі мақсатына сәйкес бастауыш мектептің бітірушісі мыналарды меңгеруі және білуі керек:

  • қоршаған дүние туралы білімі болуы және оны әр түрлі жағдайларда қолдана алуы;

  • өз бетімен және басқалармен ынтымақтастықта жұмыс істей білуі;

  • ауызша және жазбаша қарым - қатынас мәдениетінің болуы, өз құрдастарымен және ересектермен өзара қарым - қатынас жасай білуі;

  • ұлттық және адамзаттық кұндылықтарды түсінуі және қабылдауы;

  • табиғатпен, қоғаммен және өз-өзімен дене, адамгершілік, рухани үйлесімділікке ұмтылуы.

Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақта түрлі әдіс- тәсілдерді пайдаланса игі нәтижеге жетері сөзсіз.
Бақылау сұрақтары:

1.12-жылдық білім беру технологияларының ерекшеліктері

2. Дамыта және коммуникативті оқыту технологиялары

3. 12-жылдық мектептің бастауыш буындарын оқытудың негізі



Лекция №5

Тақырыбы: Білім беруді дамытуда химия пәніне қойылатын қазіргі кезеңдегі талаптар



Жоспары:

1.Базистік оқу жоспарындағы химия пәнінің алатын орны

2.12-жылдық мектепте химияның білім мазмұны

3.X и м и я - б и о л о г и я л ы қ бағдарлы мектептерде оқушыларды химиялық әзірлеу жолдары
Лекция мақсаты: студенттерге білім беруде химия пәніне қойылатын қазіргі кезеңдегі негізгі талаптар жайлы мәлімет беру
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.Базистік оқу жоспарындағы химия пәнінің алатын орны.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы адам-коғам-табиғат арасындағы үйлесімді дамуды қамтамасыз ету, өскелең ұрпаққа нарыктық экономиканың талаптарына сай сапалы білім беру,оларды қазіргі өзгермелі және көпмәдениетті адамзат қоғамында өмір сүрүге және табысты қызмет атқаруға қабілетті етіп қалыптастыру міндеттерін қойып отыр. 2006-2007 және 2007-2008 оқу жылдарында осы бағдарламаға сәйкес білім берудің жаңа моделіне көшуге даярлық жасау, білім жүйесін демократияландыру, оқушыларлың ш ы ғ а рмашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктері және практикалық қабілеттерін арттыру, саралап оқытуға, профильдік оқытуға көшу шараларын жүзеге асыруға бетбұрыс жасалды.

Білім беруді демо­кратияландыру, саралау, әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескеру, оқытудың іс-әрекеттік мәнділігін арт­тыру, білімнің практикалық


бағыттылығын күшейту, оқу материалдарының мазмұнын оқушының өмір тәжірибесіне жақындату, оның өзбетінше оқу және ізденушілік қызметін кеңейтетін жағдайлар туғызу білім сапасын арттырудың пәрменді тәсілдері болып саналады.

Базистік оқу жоспарындағы химия пәнінің максат- Жалпыға білім берудің 2002 жылғы Мемлекеттік стандарттарында анықталған. Химия пәні қоршаған орта­ны біртұтастықта қарастыра отырып, тірі және өлі табиғаттың қасиеттері мен кұбылыстары туралы іргелі білім беру окушылардың танымдық белсенділігін арттыру, практикалық қыз­мет дағдыларын дамыту міндеттерін орындайды.

Мектептік химиялық білімді органикалық және бейорганикалық заттар, олардың құрамы, құрылымы мен қасиеті, химиялық реакциялар, олардың мәні мен өту заңдылықтары, заттарды қолдану және химиялық айналулар, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы білімдер құрайды.
2.12-жылдық мектепте химияның білім мазмұны.

Химияның білім мазмұны инвариантты (жылжымайтын) және вариативті (жылжымалы) бөліктен кұралады. Инвариантты бөліктің мазмұны Мемлекеттік стандартқа сай анықталады. Бұндағы оқу материалы химиялық білімнің іргелі міндеттерін іске асырады. Вариативті (жылжымалы) мазмұны оқушылардың қызығушылығы мен қабілетін, сұранысын, химия ғылымының соңғы жетістіктерін, республиканың аймақтық ерекшеліктерін ескереді. Жылжымалы бөліктің мазмұнын әзірлеу және анықтау білім мекемесінің құзырлығына жатады.

2007-2008 оқу жылында химияны окыту 8-10 сыныптарда Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде дайындалған оқу жоспары, бағдарламалар және «ҚР жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен ОӘК-ді дайындау және баспадан шығару мақсатты бағдарламасына» (26.09.1096 ж., бұйрыкқ № 1173) сәйкес шыққан жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері арқылы жүзеге асырылып отыр.

Екі бағытқа арналған «Химия-11» оқулықтарының жетекші идеясы оқушыларға органикалык заттардың құрамы, құрылысы және қасиеттерінің өзара байланысы, органикалық химияның күнделікті өмірдегі және мұнай химия өндірісімен, қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігімен байланысты республикамыздың шаруашылығындағы маңызы, органикалық заттарды пайдаланудың сактық ережелері, сондай-ақ отандық ғылым мен техниканың негізгі даму бағыттары және Қазақстан ғалымдарының хи­мия саласында қол жеткен жетістіктері жөнінде түсініктер қалыптастыры.



Осыған байланысты мектептің жоғары сатысында арнаулы бағдарламалар мен оқулықтар және ОӘК пайдаланылады. Бағдарлап оқу кезінде окушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, одан әрі оқу үшін дұрыс бағдар таңдауына назар аударған жөн. Таңдалған бағдарға байланысты химия пәңін оқытуға БОЖ-дың вариативті бөлігінің сағат сандары есебінен (таңдау пәндері, факультативтік сабақтар) уақытты көбейтуге болады.

Мектептің жоғары сатысында бағдарлап оқытуды ұйымдастырған кезде оқу_ жоспарына міндетті түрде таңдау курстарын енгізу қажет. Олар төмендегідей болуы мүмкін: «Биохимия негіздері», «Сирек элементтер химиясы», «Қазіргі химиялық техно­логия», «Химия және эколо­гия», т.б.

Химияны таңдау пәні ретінде, сондай-ақ тереңдетілген факультативтік сабақ ретінде 8-сыныптан бастап оқуға болады.
3.X и м и я - б и о л о г и я л ы қ бағдарлы мектептерде оқушыларды химиялық әзірлеу жолдары.

X и м и я - б и о л о г и я л ы қ бағдарлы мектептер мен хи­мия тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда химияның негізгі тараулары бойынша арнайы курстар болуы керек. Арнайы курстар үшін мұғалім өз бетінше жұмыс жоспарын, бағдарлама, т.б құжаттар құрастырады, оны арнайы бекіттіреді.

Химияны тереңдететіп оқытуға арналған оқу жо­спарын жасағанда «Жалпы білім беретін мекемелерде жұмыстық оқу жоспарын жасауға арналтан нұскаулар» жинағындағы (Алматы, КАО,2004) оқу жоспарының варианттарын басшылыққа алуы тиіс. Химияны оқытуда толықканды жұмыс жасау үшін оқу әдістемелік кешеннің барлық компоненттерін: оқушылар үшін жұмыс дәптері, есептер мен жаттығулар жинағын және мұғалімдерге арналған әдістемелікті түгел пайдалану қажет.

Химиядан оқу бағдарламасын іске асыру қосымша әдістемелік оқу құралдары, химиялық препараттар мен химиялық реактивтер, арнайы құралдар мен көрнекі және зертханалық таратпа материалдар, электрондық оқулық, диа- және видеофильмдері бар, ақпараттық және техникалық оқу құралдары бар арнайы жабдықталған оқу кабинеттерінде жүргізілуі тиіс.

Қазіргі кезеңде оқушыларды химиялық әзірлеудің жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық білім беруді дамытуда айқындалған жалпы әлемдік тенденцияларға барынша сүйенген жөн:

- инварианты бөлігін анықтай отырып, сызбаландыру, қызметін анықтай оты­рып, теория мен практиканың байланысын күшейту арқылы іргелендіру;

- интегративті процестерді күшейту, жүйелілік, оқушылардың жұмысын шағын топтарда ұйымдастыру;

- өз бетінше жұмыс істеуді көбейту, оқу жұмысының зерттеушілік сипатын кенң тарату (білім мен ақпараттың көзі қызметін атқаратын мұғалім моделі біртіндеп артта қалып, жаңа жүйеде оның нұсқаушылық, жетекшілік, білім беру міндеттерін шешудің дидактикалық және тәрбиелік ерекшеліктерін ескере оты­рып ұйымдастырушылық ролі ашылады);

- химиялық білім берудің мазмұнын экологияландыру, басқа жаратылыстану ғылымдарымен кіріктіру;



  • оқыту мазмұнының практикамен, адамның күнделікті тіршілігімен, техникамен, экономикамен байланысын нығайту;

  • компьютерлендірудің, сандық химиялық, эксперименттің, (компьютерге сүйеніп енгізілген), мультимедиа және интернеттің ролін күшейту;

- оқу пәндерін негізгі (міндетті) және таңдау бой­ынша (міндетті және міндетті емес) деп бөле отырып, соңғысының үлесін біртіндеп арттыру арқылы саралау.

Білім беруді қазіргі кезеңге сәйкес өзгерту әрбір оқушыға белгілі бір білім жиынтығын меңгертуге ғана бағытталмай, сонымен қатар жеке адамның танымдық және жасампаздық қабілеттерін дамытуды ойластыруы тиіс.

«Химия» пәні мынадай дүние танушылық идеяларды түсінуге негіз болады:



- әлемнін материалдық бірлігі;

- зат қасиеттерінің оның ішкі кұрылысына байланыстылығы;



- әлемді, оның ішінде химиялық әлемді тану.

Қазіргі кезде білім беру жүйесінде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталып қалыптасу процесі жүріп жатқанда, білім беруді дамытудың жалпы тенденциялары оқушылардың білімі мен біліктерін елеулі түрде көтерумен ғана шектелмейді, сонымен қа­тар олардың мәдениетін, қабілетін, шығармашылық мүмкіндігі мен өзіндік қасиетін неғұрлым дамытуды, бала денсаулығын сақтап,
нығайтуды, адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыруды көздейді. Педагогикалық процестің маңызды кұрам бөлігі-мұғалім мен оқушы арасындағы жеке адамға бағытталған өзара қарым-қатынас. Бұл ретте оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктерін және практикалық қабілеттерін арттыру, саралап оқыту, профильдік оқьпуды жалғастыру шаралары жүзеге асырылуы тиіс.

Химия пәнінің ерекшелігі оқушылардың практикалық және экспериментальдық қызметіне көп көңіл бөледі. Осыдан оқушының өзіндік танымдық қызметі алдыңғы орынға шығады. Оқу технологиялары көмегімен оқушының білімді игеру дәрежесінің қаншалықты екендігін байқауға болады. Оқушы оқу мазмұнының элементтерін өзбетінше таңдай отырып, өзіне тән қарқынмен, жылдамдықпен, тереңдікпен игереді. Жоғарыда аталған критерийлерге жауап беретін технология түріне модульдік оқыту және жобалап оқыту технологиялары жатады. Бұл технологияларды қолдануда оқытудың проблема қою, іздену, интерактивті, коммуникативті қарым-қатынастарды қолдану жүзеге асырылады, оқушының өзбетінше жұмыс жасауы, белсенділігі, қызығушылығы ескеріледі. Бұрынғы дайын сабақ үлгілері мұғалімге және оның қызметінің белсенділігі мен басымдылығына арналған, ал жоғарыда аталған технологиялар оқушының оқу-танымдық қызметінің белсенділігі мен пәрменділігін арттырады. Кәдуілгі сабақ кейбір оқушының қызметін ғана ұйымдастырады, ал оқу процесіндегі жобалап оқыту технологиялары әрбір оқушының белсенді қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:

1.Базистік оқу жоспарындағы химия пәнінің алатын орны

2.12-жылдық мектепте химияның білім мазмұны

3.X и м и я - б и о л о г и я л ы қ бағдарлы мектептерде оқушыларды химиялық әзірлеу жолдары

Лекция №6

Тақырыбы: 12-жылдық мектепте химия бағытында білім берудің өлшемі



Жоспары:

1.Жаратылыстану ғылымдар арасында химияның ролі

2. Химия сабақтарын пәнаралық байланыста жүргізу

3. 12- жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тұлға құзырлылығын қалыптастыруда мұғалімнің қызметі


Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық мектепте химия бағытында білім берудің өлшемі жайлы түсіндіру
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.Жаратылыстану ғылымдар арасында химияның ролі.

Қазіргі уақыт талабы мұғалімнен әр түрлі әдісті, ізденісті, жаңа идеяларды жан – жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оны күнделікті іс – әрекетінде жүйелі түрде қалыптастыруды қажет етеді.

Сонымен бірге, оқушылардың белсенділігін, жеке – дара жұмыс істеуін ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді. Яғни, әр оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оның табиғи қабілеттерін анықтау,өздік танымдық іс – әрекетіне бағыттау, оның субьектілік қызметін жетілдіру, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы мәселені өтеуден тақырыптың өзектілігі туындайды. Бүгінгі күндегі Қазақстанда бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңестігіне кіру мақсатында білімнің жаңа жүйесі құрылуын ескерсек, көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі нақтылана түспек. Сондықтан оқу – тәрбие үрдісіндегі негізгі мақсат – білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыра отырып, әрбір жеке тұлғаның білім стандартын меңгеруіне, есте сақтау дағдыларының қалыптасуына, өз бетімен жетілуіне, дамуына үлкен жауапкершілігімен қарау.

Қазіргі күні мектептер екі бағытта жұмыс жасайды: қоғамдық – гуманитарлық, жаратылыстану – математикалық. Химия пәні жаратылыстану пәндеріне енеді.

«Жаратылыстану» білім беру саласының мақсаты:

- адам мен қоршаған әлемнің біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастыру болып табылады.

«Жаратылыстану» білімі беру саласының пәндерін оқыту келесі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған:

- физиканың, астрономияның,химияның, географияның негізін құрайтын табиғаттың фундаменталдық заңдарының мәнін игеруі;

- қоршаған әлемді танудың жаратылыстану – ғылыми әдістерін игерту;

- нақты жағдайларда жаратылыстану-ғылыми білімдерін, әдістерін және іс – әрекетін экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес ұйымдастыру тәжірибесін қолдану қабілетін қалыптастыру.

Бүгінде осы пәндерге терең мән берілуде. Сондықтан біздерге ойлануға тура келеді, үнемі ізденіс үстінде болуымыз қажет.
2. Химия сабақтарын пәнаралық байланыста жүргізу.

Қазіргі таңда білім беру жүйесі барлық пәндерді өзара байланыстыра, кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп, оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жекебас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілік, орнықтылық қалыптастыру мәселелерін шешу мақсатын көздеп отыр. Пәнаралық байланыста экологиялық білім беруді ұйымдастыру, жеке пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен өзара жымдасуын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді.

Жоғары сыныптарда оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін өз көзқарастарын дұрыс қалыптастырып дәлелдей алатын сабақ түрлерін көбірек өткізу тиімді. Олар конференция, семинар, реферат жазып қорғау, дебат, т.б. Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, сабақта алған теориялық білімдерін пайдалана білуге дағдыландыру мақсатында төменгі, орта буындарда іскерлік ойындар өткізудің, ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, бір тақырып бірнеше пәнде кездесуі пәнаралық байланыстың дамуына және оқушының тәжірибелік іскерлігін қалыптастырып дамытуға мүмкіндік береді.

Химиядан пәнаралық байланыста экологиялық білім беру үшін материалдарды сұрыптағанда, қоршаған ортадағы болып жатқан әр түрлі құбылыстарды жалпы және жеке заңдар мен ережелер негізінде түсіндіруден бастаса, оқушыларда қоршаған орта жүйесіндегі түрлі үдерістерге танымдық көзқарасы жетіліп, ол жалпы білімнен мамандықтарына қатысты кәсіби білімге ұласа алады.

Жаратылыстану пәндерін пәнаралық байланыс арқылы оқытудың тиімділігін арттыруда мына мәселелер даралап алынып қарастырылады:

- пәнаралық байланыс негізінде берілетін экологиялық білімнің қажеттілігін дәлелдеу;

- экологиялық білім беруде химияның немесе биологияның жаратылыстану пәндерімен байланысында нені оқыту керек;

- пәндер арасындағы өзара байланыс қандай бағытта жүзеге асады және қандай тақырыптарды өзара байланыстыруға болады; пәнаралық байланысты қандай формада және қандай әдіспен оқыту керек;

- пәнаралық байланыс негізінде экологиялық білім берудің нәтижесі қандай болмақ.

3. 12- жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тұлға құзырлылығын қалыптастыруда мұғалімнің қызметі.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тұлға құзырлылығын қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруін жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ғана мүмкін екендігі де белгілі.

Сондықтан да оқушының әр түрлі өмірлік жағдайлардан мектепте алған білімін, білігі мен икем, дағдыларын тиімді қолдана отырып, сәтімен шыға білуіне жағдай жасау сабақ үрдісінде де, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы да тиімді ұйымдастыра білу 12 жылдық білім беру табалдырығын аттағалы тұрған мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. 12 жылдық білім беру тыңнан, таза жерден басталғалы отырған жоқ. Мәселе нені не үшін және қандай мақсатпен , қалай оқытатынымызда.

Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабы, білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан, мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

Мұғалімнің ғана қолынан келетін нәрсе-ол балалардың өз пәніне деген қызығушылығын өшіріп алмай, ары қарай жалғастыруы. Яғни, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін дамыту, таным белсенділіктерін арттыру, қызығушылығын дамыту, барлық оқушыларға берілетін тапсырмалардан ерекше, күрделі тапсырмаларды беру, көбірек ойландыру, танымдық, логикалық ойындар беру арқылы қызығушылықтарын үстемдеу, проблемалық сұрақтармен мәселелерді шешуді, өз бетімен жұмыс істеуді үйрету, зерттеуге баулу қажет.

Осыған байланысты баланы зерттеу әрекетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі.

Бүгінгі баланың әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Баланың айналаны өз бетімен танып-білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану кіші жастағы оқушымен жұмыста ерекше орын алады.

Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі тиімді болып табылады.


Бақылау сұрақтары:

1.Жаратылыстану ғылымдар арасында химияның ролі

2. Химия сабақтарын пәнаралық байланыста жүргізу

3. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тұлға құзырлылығын қалыптастыруда мұғалімнің қызметі



Лекция №7

Тақырыбы: 12-жылдық білім беру мазмұны және интеграция мәселері



Жоспары:

1.Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарғы дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты.

2.Интеграцияның педагогикалық қырын қарастыратын ғылыми зерттеулер.

3.Интеграциялық бағдарламалар.

4.Білімдік интеграцияның жаһандық жаңалықтары.
Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім беру мазмұны және интеграция мәселері туралы мағлұмат беру.
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарғы дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты.

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты - білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың түрақты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамьпу деп көрсетілген.



Білім берудегі қазіргі қалыптасып келе жаткан құзыреттілік тұрғыдан білім берудің мақсаты мен мазмұнын, нәтижесін айқындауда жетекші парадигмаға айналып отыр. Бұған сәйкес білім берудің (және сәйкес оқьпу технологиясы) мектеп түлегінің тұлғалық дамуына, әлеуметке тезірек бейімделуіне мүмкіндік беретіндей (бизнес әлемінде орнын таба алатындай, бәсекеге қабілетті, Қазақстан Республикасының азаматы мен патриоты, жетекші адамгершілік этикалық және эстетикалық құндылықтары бар, салауатты өмір салтын ұстанатын т.б.), яғни білім берудің нәтижесі интеграцияланған тұлға ретінде анықтайтын жаңа парадигмасы қалыптасуда.

Ғылыми айналымға жаңа ұғым енгізілгендіктен, оның мәніне терең бойлап, оған теориялық -әдіснамалык негіздеме беру қажеттігі туындады. Жалпы алғанда білім саласындағы құзыреттілік тұрғыдан (басқа да қызмет саласындағыдай) мүлдем жаңа тұжырымдама болып саналмайды. Оның негізін білім берудің теориялық-әдіснамалық базасын құрайтын әлемдік педагогикалық білім қорынан қарастыруды қажет етеді.



Педагогика ғылымында білім беруді ұйымдастыруға кұзыреттілік тұрғыдан келу арқылы жүзеге асыру бойынша нақты іс-әрекет тәсілдерін меңгеруге бағытталған жұмыстар М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов, П.Я.Гальперин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Бірақ, бұл тұрғыдан көзқарас кәсіби білім берудің мақсатын, мазмұнын, әдістерін анықтауда көптеген жылдар бойы басты орын алмай келді. Құзыреттілік тұрғының теориялық базасын жасау (Н.В.Кузьмина, И.Ф.Исаев, Е.Н.Шиянов және т.б.) жөніндегі мұғалім қызметінің тұжырымдамасы мен моделін (Е.А.Климов, А.К.Маркова, Л.М.Митина, Е.И.Рогов, В.А.Сластенин және т.б.), жоғарғы білім беру деңгейіндегі кәсіптік құзыреттілікті белсенді зерттеу (Ю.Г.Татур, В.А.Адольф, Л.А.Петровская жане т.б.), жалпы білім беру саласына кұзыреттілік тұрғыдан келуді зерттеу (ИА.Зимняя, НА.Гришанова, А.И.Савинков т.б.) зерттеу еңбектерінен басталғаны белгілі.

Білім берудегі кұзыреттілік тұрғыдан әртүрлі құзыреттілік түрлерінің жиынтығы арқылы күтілетін нәтижені қалыптастыруды көздейді. Тек аталмыш тұрғыдан келу арқылы ғана кәсіби салада өнімді өзбетіндік және жауапты іс-әрекетке дайын маман даярлауға болады. Педагогтың құзыреттілігін жеке тұлға қасиеттерінің интеграциясы ретінде қарастыра отырып, кәсіби педагогикалық құзыреттіліктер моделін анықтау қажет. Ресейлік және шетел ғалымдарының еңбектерінде педагогтың құзыреттілігі келесі бағыттарда қарастырылған: кәсіби еңбек нәтижелілігін анықтайтын білім мен біліктердің жиынтығы (Е.П.Тонконогая); жеке тұлғалык сапалар мен қасиеттердің үйлесімі (Л.М.Митина); кәсіби және жалпы мәдени көрсеткіштердің бірлігі (Т.Г.Браже, Е.А.Соколовская).

Білім алушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында олардың білімін интеграциялау қабілетін дамыту мәселесін зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр. Интеграциялық қабілет құзыреттілік тұрғыдан келуде адамның жетістікті әрекетінін қажетті шарты болып табылады. Өйткені құзыреттілік тұлғаның мета білімін яғни интеграцияланған білімін талап етеді. Сондықтан, білімді интеграциялау, синтездеу және талдауды білім алушылардың білім мазмұнын меңгеру процесіндегі ең манызды мәселелердщ бірі ретінде қарастыру көзделіп отыр. Бірнеше кәсіптерді меңгерген адамның жаңа білімді игеруі, бұрын алған білімдері мен жаңа білімдер арасында байланыс орнатуы, кәсіби әрекетте интеграцияланған білімдерін қолдануы және соның нәтижесінде кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуы өзекті мәселелер болып табылады.



Ғылыми, соның ішінде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде интеграция проблемасын зерттеудің белгілі бір дәрежеде тәжірибесі жинақталған. Ол - білім беру теориясы мен практикасын дамытудың жетекші зандылығына айналғандығының куәсі болып табылады.

Дегенмен, интегративтік-педагогикалық зерттеуге шетелдік және Ресейлік зерттеушілер аса көңіл бөліп отырғанды ғана қарамастан Қазақстандық педагогика ғылымында бұл сала әлі жеткілікті дамымай отырғандығын айтуымызға болады.
2.Интеграцияның педагогикалық қырын қарастыратын ғылыми зерттеулер.

Интеграцияның педагогикалық қырын қарастыратын гылыми зерттеулерге тоқталатын болсақ, мысалы Г.Д.Гачев интеграцияны рухани мәдениеттің бірлігін сақтауға, тұтастық бейнесін беруге қабілетті маңызды фактор деп есептейді. П.Н.Федосеев «жаңа адамды» қалыптастыру процесіндегі ғылымдардың өзара әсер етуінің жағымды рөлі туралы пікірді негіздейді. Ал интеграцияның тәрбие процесіндегі зор мәні жөнінде В.П.Кузьмин мазмұнындағы, соның ішіндегі кәсіби білім берудегі интегративтік кұбылысты есепке алудың қажеттілігін көрсетеді.

Қазіргі ҒТП ғылымдар аймағында іргелі даярлық алған мамандарды талап етеді соған байланысты мамандар даярлауда ғылымдар синтезін есепке алудың қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты ерекше маңызды мынадай қарама-қайшылық байқалады: бүкіл білім берудің мазмұны түгелімен және толықтай ғылымдардың функционалдығы мен бөлінуі принципіне құрылған, бірақ сол мезгілде ғылыми білім кұрылымының дамуында оның интеграциялану тенденциясы басты болып табылады.

Интеграцияның педагогикалық қыры қарастырылатын еңбектерде жоғары мектеп және қоғамның дамуына ортақ интеграциялық тенденциялар анықтала отырып, сонымен қатар жоғары оқу орнындағы интеграциялық процестердің пайда болу ерекшеліктері қарастырылады. Онда оқу процесіндегі кейбір сапалық өзгерістерді жобалауға деген ұмтылыс бар.

Бүгінгі күні интеграция қоғамның, ғылым мен білімнің дамуындағы жетекші тенденция ретінде қарастырыла отырып, білім берудегі интеграцияның барынша жетістікпен жүруіне қажетті шарттарды анықтаудың зор маңызын, оның жоғары мектептегі мамандарды даярлаудың сапасын арттыруға тигізетін әсерін атап өтуге болады. Жоғары мектептегі интеграциялық процестердің өзіндік ерекшелігін айтатын болсақ, білімнің синтезі мен кооперациясының жоғары мектеп жағдайы үшін мамандар даярлауы мен ғылыми зерттеулерін жетілдірудің маңызды факторы ретінде негіздеуге арналған теориялық талдаудың қажеттілігі туындап отыр.
3.Интеграциялық бағдарламалар.

Шетелдік педагогикалық әдебиеттерде практикалық синтез проблемасына үлкен көңіл бөлінеді. Оларда мазмұндық интеграция мәселесіне де көп орын беріледі. А.Блюм оқыту мазмұны интеграциясының әртүрлі дәрежелерін қарастыра келіп, координацияланған процесс және бағдарламалар бойынша бір аймақтан алынған білім басқа аймақтан алынған білімге негіздеп құрады. Бұл тұрғыда әртүрлі сипаттағы аралас бағдарламалар тиімді болып келеді. а) кеңейтілген пәнаралық бағдарлама; ә) «байланыстырушы бағдарлама»; б) бірізді бағдарлама. Мұның алғашқысы - бірнеше пәннің бір пәнге құрастырудың нәтижесі. Оған мысал ретінде «Әлеуметтік пәндер» пәнін алуға болады. Оған тарих, география, экономика, социология, құкықтану, антропология кіреді. «Байланыстырушы бағдарлама» бірнеше пәннің бір пәнге қосылуын көздейді, бірақ бір жүйе құраушы пән негізінде құрылады.

Бағдарлама бойынша логикалық тұрғыдан келу басым: онда бір тақырып бірінен кейін екіншісі бірізді беріледі. Мысалы қала тарихын өту процесінде алдымен экономикалық мәселелер туындайды. Одан соң - географиялық, экологиялық және т.б. «Бірізді бағдарламаны» жүзеге асыру формасының бір түрі - интегративті оқу күні деп аталады. Шетелде «ірі блоктық» кұрастырылған бағдарламалар пәнаралық тақырыптар негізінде жасалады.



Интеграцияның амальгамдық бағдарламалары жоғары дәрежеде қолданыс тапқан. Оларда білім салаларының координациясы немесе құрастырылуы емес, нақты өмір жағдайларын барынша жақындатылған жобалар негізге алынған. Мысалы: ойын алаңының жобасы, азаматтық қоғамды дамыту т.б. жобалары. Жобаға (проект) идея сапасында қазіргі өмірдің оң мағыналы әлеуметтік проблемасы ретінде - жатсыну алынуы мүмкін. Бұл жағдайда оны екі есептік нүктеден, яғни баспа беттерінде жазылатын әлеуметтік құндылықтар және көркем әдебиетте ұсынылатын көзқарастарды салыстыру тұрғысынан қарастыру маңызды.

Аталған бағдарламалардың түрлері ғылымның, техниканың, мәдениеттің, әртүрлі аймақтарының өзара бір-біріне кірігуінің тереңдігін сипаттайтын интеграция дәрежесін көрсетеді. Интеграциялық бағдарламаларында төмендегілерді біріктіру көзделген.



  1. қиылысатын пәндерді: химия және физиканы физикалық химияға; тіл мен тарихты тіл тарихына т.б.

  2. әртүрлі жаратылыс ғылымдарын;

  3. іргелі және қоғамдық ғылымдарды;

  4. жаратылыс ғылымдары мен философия;

  5. жаратылыс және қоғамдық ғылымдар;

  6. шет тілдері және олардың мәдени ортасы.

Олай болса интеграцияның шегі жоқ екен. Оған шет елдердегі интегративтік курстар, проектілер интеграциялық курсы жобасында, өз «өзегіне» физика, жаратылыс ғылымдарын ала отырып тарихпен, философиямен, өнер және әдебиетпен интеграцияланады. Сондай-ақ университеттің ғылыми жобасы астрономия, физика, химия, биология, геологияны біріктіреді және осы пәндер үшін ортақ (жалпы) категорияларды әртүрлі позициялар қарастырылатын категорияларды меңгеру мақсатын қояды. Бір қызығы, аталған курс дедуктивтік интеграция аталған пәндердің мәліметтерін өзіне біріктіретін, жалпы тақырыптардан тұратын, кұрастырушы тәсілмен қалыптасады.

Ал, екінші бөліміне негізінен жүйелеу тән, яғни олардың әрқайсысының ерекшелігіне көңіл бөлудің қажеттілігін дәлелдейді. Бірақ көрсетілген айырмашылыктар жалпы міндеттерді орындауға кеселдік келтірмейді. Ол міндеттер: а) қоршаған дүниенің белгілі бір құбылыстарын бөліп алып көрсету іскерлігі және оған ғылыми түсінік беруге үйрету; ә) білім алушыларға құбылыстарды өз бетімен талдауға мүмкіндік беретін жалпы ұғымдар жүйесін үйрету; в) дүниені эксперименттік тану әдістерін және проблемаларды өз бетімен шешу жолдарын іздестіруге; ғылыми дүниетанымның мәдени құндылыктарын түсінуге үйрету. Интеграцияның мүмкіндіктерін жеке пәндердің басқа пәндермен интеграциясынан да көруге болады.


4.Білімдік интеграцияның жаһандық жаңалықтары.

Педагогикалық интеграцияның жекелеген қырлары көптеген елдер ғалымдарын қызықтыратындығы байқалады. Неміс зерттеушілері Л.Клинберг дидактика мен техниканың интеграциясы проблемасын, К.Г.Томашевский тәрбие мен білім берудің бірлігінің органикалық тұтастық табиғатын ашып көрсетеді. Ғылыми-педагогикалық интеграция мәселесін француз зерттеушісі Ф.Бест қарастырады.

Білімдік интеграцияның жаһандық жағы венгер ғалымдарының еңбектерінде ашылады. Мысалы, Л.Кеммен педагогтар даярлаудағы интеграцияның мүмкіндігін қарастырған. Оқыту және тәрбиелеу процесіндегі интеграция проблемасына болгарлық педагогтардың еңбектері де арналған. Югаславия ғалымдары кәсіптік педагогиканың интегративті қызметін анықтай отырып, кәсіби білім берудегі интеграция мәселесін шешеді.

Батыс елдеріндегі қазіргі интегративтік-педагогикалық идеяларының бірі - кооперативті оқыту принципі болып табылады. Оның негізінде білім алушылардың ойлау әрекетінің ұжымдық ұйымдастыру тәсілі алынады. Мұнда «ынтымақтастық миссияға, «оқыту үрдісінде» өзара қолдау және өзара түсіністікке ерекше көңіл бөлінуі бұл тұжырымдаманың ізгіліктік бағдарының айқын куәсі.

Шетелдік еңбектерде педагогикадағы кооперативтік төңкеріс және америкалық мектептердегі оқытудың кооперативтік принциптері деген сөздер жиі кездеседі. Оқу процесінің тиімділігін арттыруда білім алушылар, оқытушылар, білім беру мекемесі әкімшілігі, ата-аналардың бірлесіп қатысуы, компенсаторлық оқытуды жүзеге асыруы, сабақтарда шығармашылық ахуал, интегративтік формаларды қолдануы «қазіргі ең кең таралған педагогикалық идеялар болып табылады» деп жазады М.Н.Зофеева өзінің «Шетелдік әдебиеттердегі интеграция проблемасы» деген еңбегінде.

Шетелдік педагогтар білім берудегі интеграцияның тікелей технологиялық қырларын да қарастыра отырып интеграциялық әдістердің, жобалау-интеграция кұралдарын қолданудың формалары мәселелері шешімін тапқан. Бұған оқу процесіндегі ынтымактастық әдістері, интегративтік семинарлар т.б. Бұған АҚШ колледждеріндегі құрастырылған курстар мен интегративтік семинарлар, американдық мектептер мен елдің іскерлік әлемінің серіктестік



қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өткенді жөн:

  • сабаққа педагогикалық талдау жасау;

  • дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;

  • сабақты ұйымдастырудың педагогикалық - психологиялық негіздері;

  • мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

Мұғалім үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі көзі-сабақ болып табылады. Тек сабақта ғана мұғалім оқушылармен ұжымдық, топтық, жеке дара жұмыстар жүргізе отырып, оқушылардың білімінің мол, дүниетанымының кең, тәрбиелі азамат болып өсіп шығуына мүмкіндік жасайды, сабаққа талдау жасау, оның ішкі кұрылымының бірізділік, логикалық байланысы жағынан көптеген сұрақтарға жауап таба аламыз.

Сабаққа талдау жасаудағы негізгі мақсат-жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау, жетістіктерді жетілдіріп, кемшіліктерді жою жөнінде ой тұжырымын жасау. Әрбір мұғалім «Мен сабақтың негізгі мақсат-міндеттерін анықтай отырып, өзіме жауапты істі шешуге деген құштарлыққа ие боламын» деген қағиданы бойына сіңіріп, жүрегімен ұғынуы тиіс.

Дамыта оқытудың негізгі мақсаты - окушылардың белсенділігін арттыра отырып, өздігінен оқуға үйрету.

Жаңа қоғам мұғалімі үшін өзінің шығармашылық жұмысына ұқыптылығымен қарау нәтижелі сабақтың жағдайын жасау болып табылады.

Тек нақты мақсат пен материалды жетік меңгеру мұғалімге кез келген күтпеген жағдайды сабақты сабақ етіп, аспай-саспай жүзеге асыруға, жұмыс формасын бұзбауға көмектеседі.

Жастардың тәрбиесімен айналысатын ұстаздар өз ұстанымын осы мақсатты іске асыруға пайдаланса, онда еліміздің бейбітшілік пен бірлік, ынтымақ қашан да қанатын жайып тұратыны сөзсіз.
Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарғы дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты.

2.Интеграцияның педагогикалық қырын қарастыратын ғылыми зерттеулер.

3.Интеграциялық бағдарламалар.

4.Білімдік интеграцияның жаһандық жаңалықтары.

Лекция №8

Тақырыбы: 12-жылдық білім берудегі құзіреттілік амалының әдістемелік ерекшеліктері мен құрылымдылық үлгісі



Жоспары:

1.12-жылдық оқытудың әдістемелік негізі.

2.12-жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту.

3. 12-жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі.

4.12-жылдық мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары
Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім берудегі құзіреттілік амалының әдістемелік ерекшеліктерін түсіндіру
Лекция мәтіні (қысқаша):


  1. 12-жылдық оқытудың әдістемелік негізі.

Еліміздің 12-жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында Отандық оқыту теориясындағы, педагогика мен психологиядағы ізгілікті дәстүрлер мен ой-пікірлерді зерделеп, саралай отырып, келешекке бағытталған әлеуметтік - психологиялық танымды дамытудың маңызы зор. Білім берудің адамға, тұлғаға бағытталуы, білім мазмұнының демократиялылығын, замана талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің ізгілендіру сипаты - 12-жылдық оқытудың әдістемелік негізі ретінде қызмет ете алады. Оқьпудың оқушыға бағытталған мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін, одан туындайтын ұстанымдары мен шарттарын жүйелеу арқылы қазіргі ұлттық білім берудің әдістемелік негіздерін жасауға болатыны сөзсіз. Онсыз мектептер мен білім беру мекемелеріндегі ұлттық идеяны көздейтін тұжырымдаманы қамтамасыз ету мүмкін емес.

Сонымен қатар, мектепті 12-жылдық білім беру жүйесіне көшіруге байланысты мұғалімдерді де дайындау қажет. Мұғалімді дайындау мәселесі, оның тұлғалық сапалары, кәсіптік кемелденуі, педагогикалық такт, әдеп туралы көптеген ғалымдар ғылыми негізде жүйелі түрде зерттеді. Соңғы жылдары басты ескерер нәрсе мұғалім жұмысындағы шығармашылық мәселесіне ауыса келе, құзыреттілік қабілеттерді дамыту мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізіліп, педагогикалық этика, педагогикалық такт, педагогикалық шеберлік мәселелерін жетілдіруге қатысты көптеген ұсыныстар берілді. Сонымен бірге, педагогикалық -психологиялық ісрекет жайында: эстетикалық сапалар, адамгершілік негіздері, құқықтық мәселелері, зерттеушілік, интелектуалдық дамуы, рухани мәдениеті, әдістемелік негізі, жалпы білімділігі, кәсіби педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті, т.б. ерекшеліктері бар.



Мұғалімге мүмкіндігінше болуы керек деген салаларға оның дауысы, сыртқы келбеті, айналадағылармен қарым-қатынасы, оқушыны өзіне тарта білуі, ойдың ұшқырлығы, тіл байлығы, сөз саптау шеберлігі мен шешендігі, көтеріңкі көңілдің болуы шарт.

12-жылдық білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, ондағы өз орнын анықтауын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

12-жылдық білім беруге біртіндеп көшуді жүзеге асыру - оның кажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын қамтитын процесс.


2.12-жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту.

12-жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту арқылы өзіндік талабын қанағаттандыруды, оның жеке тұлға ретінде дербес қалыптасуына игі ықпал етуді мақсат етеді. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: оқушыларға бейінді окытудың белгілі бір бағытын тандауына мүмкіндік туғызу; окушылардың әлеуметтік және жеке кәсіби жағынан өзін-өзі анықтауына, өзгермелі қоршаған ортаға бейімделе білуіне септігін тигізетін өзіндік білім алуын ұйымдастыру. Нәтижесінде оқушының болашақ мамандығына саналы тандау жасауына жағдай туады, өзіндік іс-әрекетін бағалай білуге дағдыландыратын түпкілікті кұзыреттерге қол жеткізіледі, сөйтіп оқушылардың одан әрі білім алуын жалғастыруына игі ықпал етеді.
3. 12-жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі.

12-жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық - мазмұндық моделі мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады: атап айтсақ, жеке тұлғаның жас кезендерінің ескерілуі: күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағытталуы. Мұнда оқытудың сабақтастығы мен әрбір оқыту сатысы басты назарда болуы керек.

12-жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық - баланың тек кана білім алып қана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуы, яғни, 11-12-сыныптардағы білім мазмұны оқушының жоғары оқу орнының алғашқы курстарында алатын білім мазмұнымен кіріктіріледі. Оқушы мен оқытушы арасындағы өзара түсіністік пен ықпалдастыққа негізделген оқыту барысы оқушының ойлау жүйесінің дамуына, кұндылық бағдарының айқындалуына, қарым-қатынас жасай білу дағдысының қалыптасуына игі ықпал етеді. Нәтижесінде оқушының қоршаған ортасына деген қатынасын өзгертетін, танымдық қабілетінің деңгейін көрсететін, ойлау дәрежесінің терендігін



байқататын, ақпаратты қабылдап, талдап, өзіндік тұжырым жасай алатын түпкілікті құзыреттерге қол жеткізеді.

Бұл процесс 12-жылдық білім беру жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңартумен қатар, оқьпудың тың әдістемесін дүниеге әкелетін, құнды идеялардан туындайтын жаңа оқьпу технологияларын енгізуді талап етеді.
4.12-жылдық мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары.

12-жылдық білім берудің әдістемелік негіздеріне орай, мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары мыналар болып табылады:

  • мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам қызметінің серпінді кұрылымымен сәйкес келтіру;

  • оқушыларды өз бетінше білім алуға және оны пркатикада қолдануға, оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеу;

  • әрбір жас кезеңіндегі негізгі психикалық жаңа кұрылымдарды қалыптастыру төңірегіндегі оқу үрдісін жолға қою;

  • оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын кеңінен қолдану.

Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттерді жүктейді:

  • оқушының жеке тұлға ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;

  • оқушылардың белгілі бір білімді тандауы мен меңгеруін, олардың оқу үрдісі кезінде тандау мүмкіндіктері мен кұқықтарын қамтамасыз ету;

  • оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтастық ізгі қатынастырын орнықтыру;

  • білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету;

  • білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану - ғылыми білімдердің диалекгикалық бірлігін қамтамасыз ету.

12-жылдық білім беру жүйесіндегі жаңалық - мектеп шәкіртінің тұлғасын әлеуметтендіру. Біртіндеп оқушының бойында қалыптасатын әлеуметтендіруді әрбір пән өз үлесін қосу арқылы іске асыратын болады.

Нәтижеге бағдарланған оқытудың әрекетті - кұзыреттілік негіздерінің қатарында 12-жылдық орта білім берудің көздеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Стандарт негізінде мынадай білім беру нәтижелері айқындалған:

  • білім алушыларды әлеуметтендіру - бағдарлану және кұндылықтар жүйелері түріндегі тұлғалық нәтижелер;

  • метапәндік нәтижелер - оқу-тәрбие барысының шеңберіндегі және нақты өмір жағдайларындағы мәселелерді шешу кезінде қолданылатын іс-әрекеттің әмбебап тәсілдері ретінде қалыптастырылған түйінді құзыреттіліктер:

  • пәнді оқыту нәтижелері - игерілген білім, білік, дағды және білім беру салалары бойынша пәндік құзыреттіліктер.

Әрбір пәндерді игеру нәтижесінде мектеп пәнінің жететін нәтижелерінің ең маңыздысы түптеп келгенде пәндік құзыреттіліктер болып саналады. Олар алған білімнің тікелей өмірмен байланыстырып, білімін терендетуге, кездескен жағдаяттарды шешуге жол ашады. Сондықтан әрбір ұстаз өзінің шәкірттеріне үйрететін білімінің ең жауаптысы да, ең кажеттісі де пәндік құзыреттіліктер екенін еске ұстап соған жетуге талаптануы тиіс. Егер 12-жылдық білім беруді «Нәтижеге бағдарланған оқыту жүйесі» деп атасақ, ол білім стандарттарының талаптарына сай күні бұрын айқындалған оқушының бойында қалыптасатын пәндік кұзыреттіліктер жүйесі

болып саналады.



Болашақ 12- жылдық мектепте оқытудың жаңа моделінің алдына қойып отырған басты

міндеттер:



  • жалпы орта білім берудің кұрылымы мен мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне әрі белгілі бір білім деңгейіне және мүмкіндіктеріне сәйкес келтіру;

  • оқу-тәрбие барысының көмегімен оқушыларды жаппай әлеуметтендіруді қамтамасыз ету:

мектеп бітіретін түлектердің жеткен деңгейін, олардың жеке қасиеттерін

құзыреттіліктер түрінде болжау. .. .

Тұлғаға бағдарланған оқытуды жүзеге асыру ғылыми білімдермен қоса, танымдық әдіс-тәсілдер қамтылған білім мазмұнын әзірлеуді талап етіп, оны терең зерттеуді, қажет етеді. Ең

интегративті формалары; оқу процесіндегі бірлескен шығармашылық әдістері т.б. мысал бола

алады.


Қазіргі кезде елімізде жоғарғы оқу орны қызметін ғылыммен және өнеркәсіппен интеграциясы проблемасын қарастыра отырып ұйымдастыру жағына көп көңіл бөлінуде. Бұл нақты үрдіс тұлғаға «қызмет» ету үшін өндірістің, ғылымның, білім беру, басқарудың барлық құралдарын біріктіру, интеграциялау талап етіледі. Жоғары оқу орны ішілік кооперация және интеграция мәселелері де өз шешімін табуды қажет етеді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының ғылыми мекемелермен интеграциясының ерекшеліктері, «оқу-ғылыми-өндірістік» кешендердің жіктемесі, «білім беру-ғылым-өндіріс» жүйесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық және технологиялық-әдіснамалық негіздері өңделуі қажет.

Білім көлемінің ұлғаюы мен білімнің күрделіленуі және оны жеткізудің дәстүрлі әдістері арасындағы қарама-қайшылықты көрсетеді. Бұл қарама-қайшылықты шешу құралы ретінде «оқытудың ерекше әдістерін» - проблемалық, программалық оқыту, суггестология, бейінді оқыту жүйелері яғни оқу пәндері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін кұралдар сапасының логикасы, аналогия ұсынылады.

Құзыреттілік тұрғыдан білім берудегі интеграциялық үрдістерді технологиялық қамтамасыз етудің мәселесін арнайы қарастыруды қажет етеді. Мамандар даярлаудағы интеграция өз кезеңінде оқу процесіндегі әдістер, формалар мен құралдардың белгілі-бір өзгерісіне алып келетіндігін көрсетеді. Бұл өзгерістердің мәні оқыту мен тәрбиенің бір-бірімен нашар байланысқан формалары мен әдістерінен мамандардың білім мен әрекетінің синтезі мен әмбебаптылығы міндеттеріне сәйкес келетін кең көлемдегі өзара байланысты кешеніне көшу одан әрі олардың органикалық жүйеге интеграциялануы деп есептейміз.



Сонымен, құзыреттілік тұрғыдан маман даярлауда олардың білімін интеграциялаудың барынша тиімді құралы - интерактивтік оқыту. Интерактивтік оқытуды қолдану лекция және практикалық сабақтар құрылымын мәнді өзгерте отырып, олардың аралығында жаңа формалардың тууына мүмкіндік береді. Оның мысалына іскерлік ойындарды жатқызуға болады. Іскерлік ойындар өндірістік ситуацияларды имитациялайды және оқытушы мен студенттерден бір жағынан білімнің әртүрлі аймақтарының синтезін талап етсе, ал екіншіден мамандардың ұжымдық әрекетін моделдейді. Қорыта айтқанда, құзыреттілік тұрғыдан білім берудегі интеграциялық үрдістер оқу сабақтарының барлық формаларын «теориялық проблема - практикада жүзеге асыру» циклын меңгеру үшін біртұтас жүйеге келтіреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...