Хіх-хх ғасырдың басындағы Польша тарихы өз Отанын патшалық самодержавиенің тырнағынан құтқаруға тырысқан, соның салдарынан қуғынға ұшыраған бірегей поляк тұлғаларынсыз толық болмас еді



бет1/4
Дата18.03.2023
өлшемі1.35 Mb.
#502826
  1   2   3   4
Байланысты:
Newcfdsap
today tomorrow forever для мужчин цена – Google Поиск, Хронология Қазақстан тарихы 1, Қанатұлы Дәулет, 10.03.2023 1-інші сабақ, 10.03.2023 2-інші сабақ

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанға жер аударылған халықтардың 1/5 бөлігін құрайтын аз ұлт өкілдерінің проблемаларын ғылыми тұрғыдан зерттеу, оларды тең құқылы деп түсіну, құқық қорғау заңдылығының іске асуы, аралық қатынастың теориясы мен практикасындағы кемшілікті жоюға мүмкіндік берді. Қоғам өмірінің барлық саласына жариялықпен демократияның енген кезінде, Қазақстандық Кеңес поляктары тарихының кезеңдерін жан-жақты зерттеу өзекті мәселе болып отыр.
ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы Польша тарихы өз Отанын патшалық самодержавиенің тырнағынан құтқаруға тырысқан, соның салдарынан қуғынға ұшыраған бірегей поляк тұлғаларынсыз толық болмас еді.
Бұл жерде Польшаны ғана айтып қоюға болмайды. Сол бір патша қай елді болмасын қыспаққа алған жылдары елін, жерін, халқын осы бір ауыр құрсаудан алып шығамын деп шыққан өзге елдердің азаматтары сол сәтте-ақ қуғынға ұшырады. Әділетсіздік үшін күресемін деп патша үкіметіне қарсы шыққан азаматтарды патшалықтың қай жерінде соғыс жүріп жатса сол жерге әскер күші ретінде пайдаланды.
Қазақстан жерінде Польшадағы азат ету қозғалысына қатысушылар ХІХ ғасырдың өзінде-ақ жер аударылып отырды. Осы кезде Қазақстанның Ресейге қосылу процесі жүріп жатқан болатын.
Патшалық Ресей Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата, Шымкент қалаларымен қазақ далаларының оңтүстік бөлігінің шекарасы құрамына ендіруге Қоқан және Хиуа хандықтарымен күресті жүргізді.
Ауыр Қоқан-Хиуа езгісі жағдайында қазақ халқы көздерін Ресей жаққа тікті. Ресейге саяси бағдарлану қазақтардың тарихи дамуының әрі қарайдағы келешегіне нұсқан еді. Осы кезде Қазақстан территориясына Польшадағы 1863 жылғы 23 қаңтардағы көтерілісі Поляк корольдігін, Литваны ішінара Белоруссияны, оң жағалаудағы Украинаны қамтыған ұлт-азаттық көтеріліс болды /1/. Осыған байланысты саяси сотталған поляктар жер аударылды. Олар орыстар сияқты қазақтарға жаны ашып көмектесуге тырысты.
200 жылдан аса уақыт ішінде Қазақ-Поляк қарым-қатынасында, бірде-бір поляк өз еркімен Қазақстанға келген жоқ. Бұның бәрі поляк үкіметінің эмиграциялық саяси іс-шараларының нәтижесі еді. Қазіргі уақытта бұл фактіге ерекше тоқталып өту керек. Соның ішінде уақыт кезеңдерінде поляк-қазақ қарым-қатынастарының пайда болуымен және дамуының нәтижесі екі елдің де егемендігіне тікелей байланысты. Бұл жерде еске алатын нәрсе пайда болған ойлардың әр түрлі және шым-шытырық болуына тоқталып кету керек.
Рига бейбітшілік келісім нәтижесінде СССР-дің территориясындағы өмір сүрген лагерлердегі айдауда және демократияда болған поляктар тоталитарлық жүйеде өмір сүрген. Міне осы жағдай Қазақстан территориясында поляк диаспорасын құруға негіз болды. Осы шектес құбылыстар 30-жылдарда Қазақстанда орын алып, көптеген қазақтар қаза болды. Көбісі Варкута, Норильск, Колыма, Қарағанды, Сібір лагерлеріне жөнелтілген. Қазақ тарихында осы мәселе бойынша алғашқы зерттеулер пайда бола бастады. Ол поляктардың әрекетінен де орын ала бастаған. Қазақстан мен поляктардың достық қарым-қатынасын адамзат есінде үнемі сақталуы тиіс.
Қазақ-поляк қарым-қатынасының тарихи жоспарында үлкен 4 кезеңдегі атауға болады. Бірінші кезең ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың аяғы; екінші кезең ХХ ғасырдың аяғы; үшінші кезең-екінші дүние жүзілік соғыс кезі; төртінші кезең-қазіргі кезең. Бұл кезеңдер зерттеудің ғылыми мақсатын анықтайды /2/.
Айта кететін жағдай ХІІІ ғасырдың басында Ватикан елшілігінің мүшесі монах Бенекдит поляк Қазақстанға сапарында Арал теңізінде, Сырдария даласында, Балқаш көлінде, Тұздыкөл Алакөлде болған. Бұдан жеткен мәліметтердей, басқа Вроцлав монахының қолжазбалары Орта Азия аумағында поляктардың қоныстануы, ертеден келе жатқаны дәлел бола алады. Орта Азияда поляктар мен қазақтар арасында қарым-қатынас 200 жылдан астам уақытқа созылды. Ол әсіресе 30-шы жылдардағы Сталиндік репрессия кезінде халықтардың азаматтық құқының жойылуы, олардың ұлттық ерекшеліктерінің келеке етілуі "ұлтшылдықпен күрес" деген айдармен бүкіл бір ұлттың өз туған, өскен өркен жайған жерлерінен басқа жерлерге күштеп қоныс аударулар ұлттық институт мәдениетінің төмендеуіне, аз ұлт өкілдерінің ұлттық мемлекеттік мәнінің жойылуына әкеліп соқтырды.
Осы сияқты қоныс аударылған поляктарға саяси мәселелерге байланысты күрделі де жоғарғы сатыдағы өзекті проблемаларға ғылыми ізденісінен зерттеп, жаңа конференциялар ұсынудың маңызы зор.
Польшадағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысушы поляк интеллигенттері Патша үкіметінің қаһарына ілігіп, Ресей жеріне, Ресей арқылы қазақ даласына саяси жер аударылды. Қазақ жеріне келген саяси жер аударушылардың орталығы-Семей өңірі болды. Бұл өңірде 60-80 жылдары белгілі қайраткерлермен қатар алғашқы поляк социалистері де шоғырланды. Солардың бірі де бірегейі-Серерин Гросс еді.
Ол 1858 жылы бай помещиктің отбасында дүниеге келеді. поляк халқының халықшыл революционері. 1877 жылы Санкт-Петербург университетінің құқықтану факультетін бітірген. Құқықтану ғылымының кандидаты /3/ поляк жастарының астыртын революциялық ұйымының жұмысына белсене қатысқаны үшін 1881 жылы тұтқындалып, полицияның ашық бақылауымен 5 жылға Батыс-Сібірге жер аударылған. Гросс алғашында Есіл қаласына қоныс тебеді /4/.
Сол жерде Анна Скалоцкой есімді әйелге үйленеді. 1883 жылы Семейге ауысып, мұнда ол Семей облыстық статистика комитетінде деректерді жинап өңдеу барысында көлемді жұмыс жүргізеді.
Гросс барлық күш-жігерін өткенді жан-жақты зерттеуге, жергілікті музей мен қоғамдық кітапхана ашуға көп күш жұмсайды. Гросстың осындай әрекеті қазақ қоғамының мәдениетімен саяси жағдайының дамуына ерекше әсер етті. Гросс кітапханасында қазақтың ағартушы ұлы ақыны Абай Құнанбаев болды. Абаймен Гросс арасында достық қарым-қатынас осыдан басталады /5/.
Гросс Абайға айналада не болып жатқанын, ішкі орталықтағы саяси хал-ахуалмен де таныстырады. Екі Ресейдің болғандығын біріншісі ұсақ халықпен орыс халқын қанап езіп отырған патша үкіметі институттері, орыс помещиктері мен капиталистері Ресейі болса, екіншісі: Ұлы ғылымның, Ұлы мәдениеттін, Ұлы әдебиеттің прогрессивтікті бұлағының Ресейі бар екенін ұғындырады.
Абайға идея жағынан үлкен әсер еткен революцияны саяси жер аударушылар өкілдері болды. Олармен танысу Абайдың ақыл, ой-санасының дамуына кең өріс ашты. Дүниеде болып жатқан сан алуан оқиғалардан хабардар етті /6/.
Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілік реформаларға байланысты қазақтардың дағдысы құқығын зерделеп, жүйеге келтіруге А.А.Монтьев, С.С.Гросс, А.Блох, Е.Михаэлестар бастамашы болды. 1886 жылы Статистика комитетінде аталған есімдер "Қазақтардың заң жөніндегі әдет-ғұрыптарын үйренуге арналған материалдар" еңбегін басып шығарды. Аталған еңбекті жазу барысында Семей уезі Шыңғыс болысындағы Құнанбай ауылында Гростың 1 ай қонақ болғандығы мұрағат деректерінде сақталған.
Қазақ жұртшылығы дағдылы құқық жөніндегі басылымның жарық көруіне ризалықпен қарады. Ол туралы "Дала уалаяты" газеті арнаулы хабар басты. Аталған газетте мұсылман діні де ХІҮ ғасырдың аяғына қарай енген орыс ықпалы да, далада ежелден келе жатқан дағдылы құқықты бұза алмады-деп мәлімдеді /7/.
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақ жеріне келген саяси жер аударушылар қазақ тарихында өшпес із қалдырды.
Диплом жұмысының зерттелуі. ХІХ-ХХ ғасырда Польшадағы азат ету қозғалысына қатысушылардың Қазақстанға саяси жер аударылғандардың келуі туралы Ғ.Сапарғалиев, В.А.Дьяков «Общественно-политическая деятельность ссылных поляков в до революционном Казахстане» Алматы. 1971 жылы жарық көрген жан-жақты баяндалады.
Сондай-ақ ХІХ-ХХ ғасырдағы жарық көрген баспасөз материалдарында көптеп жариялана бастады. Бұндай зерттеулерге Т.Т.Шевченко, Плящеев А.Н., Костенко А.Т., Құлжанова Р. Т.б. еңбектерін жатқызуға болады. Олар ел басқарудағы тоталитардық режимнің үстемдігі, халық билігінің сөз жүзінде ғана қалғандығы тарихи фактілер келтіріле отырып баяндалады.
Диплом жұмысының міндеті мен мақсаты. ХІХ-ХХ ғасырдың басында айтылған Қазақстанға саяси жер аударылып келген поляктардың қазақ жеріне өткізген уақыттарында атқарған құнды жұмыстарын айту, жазу және таныту.
Тақырыптың толық әрі жан-жақты зерттелуне байланысты Қазақстанға ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындаңы саяси жер аударылып келген поляктардың психологиялық, моральдық, саяси жағдайларына әсер еткенін түсіндірді.
Менің таңдаған тақырыбым дәл қазіргі күнге дейін толық зерттелмеген. Біз білетін мәлімет-бұл патша үкіметінің мүддесін көздейтін сол кезеңдерде бұрмаланып жазылған деректер ғана. Дәл қазіргі еліміз егемендік алып, қолымыз бостандыққа жеткен заманда, сонау ауыр жылдары жерімізде әділетсіздік үшін күресемін деп қандай жандардың қуғынға ұшырағанын және олардың еліміз үшін жасаған игі істерін білетін уақыт туған секілді және мұны тек біліп қана қоймай болашаққа жеткізу керек деп ойлаймыз.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, ІІ тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет