Хавдслям Онергуль

Loading...


Дата29.07.2020
өлшемі39.69 Kb.
Мен, Хавдслям Онергуль, 1994 жылы 18 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келдім. 2000 жылы Майтүбек жалпы орта білім беретін мектепке бардым. 2012 жылы мектепті жақсы тәмамдап, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына түстім. 2016 жылы оқу орнын бітірдім. Сол жылдың қыркүйек айынан осы күнге дейін Шідерті жалпы орта білім беретін мектебінің шағын орталығында тәрбиеші болып жұмыс істеймін. 

Сотталмағанмын.

1992 жылы 29 желтоқсанда дүниеге келген Дакей Ерболатпен некелескенмін. Электро-монтер мамандығы бойынша орта білімі бар, Қазақстан темір жолында электро-монтер болып жұмыс істейді. Біз бірге Шідерті поселкесі, Мұңайтпасұлы көшесі 2-үй пәтерінде тұрамыз. Екі баламыз бар.

Менің мамандығым –мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі. Бала кезімнен тәрбиеші болуды армандаған едім.Осы арман мақсатпен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие»бөлімін бітірдім.Бұл тәрбиеші мамандығын таңдаудағы себебім, ол өте қызықты мамандық:сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді ал мен болсам олардың өмірімен бірге өмір сүремін,табыстарына қоса қуанамын.

Мен жаһандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздің ертеңгі алға бастайтын мықты ескегі болатын балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеумен оқу-білім қайнарымен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды мақтан тұтамын.Біз мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері,тәуелсіз татулығы жарасқан байтақ мекеннің болашағы үшін құстың қанатындай су болса да көмегімізді тигізіп жатырмыз деген мақтаныш кеудемді кернейді.

Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат-міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек.Менің өмірдегі ұстанымым-жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау.Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес.Ол-адам бағдарын жасаушы,келешек ұрпақтың сәулетшісі.

Қазағымның болашағы, келешек келбеті мен тәрбиелеген бүлдіршіндердің тәрбиесінде, қосар үлесімде. Рухани адамдығымның өнегесі шексіз, тұлғаң асқақ, өн бойын тазалыққа тұнып тұрса, өмірден алар орның ерекше деп түсінемін.
Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнеріңді үйретіп бақытты етсең өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің. Тәрбиенің тал бесігі балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтің қызықты. Бала-көз қуанышың. Бала-ел байлығы, қоғам бақыты. Баланың балабақшадан жақсы тәлім-тәрбие алғанын қалаймын, аянбай сол үшін де еңбек етемін. Еркіндікке жол беремін. Баланың еркін сезінуі оның бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.
Баламен ойнасаң дүние сырының кілті іздемей-ақ табылады, өз атын еркін айтады, бала жүрегінен орын аласың. Бала тәрбиесінде заманауи технологияларды қолдануда белсенділік пен шығармашылық ізденіс дамиды. Баланың білімге деген құлшынысын арттырасың. Дамыта оқыту, жеке бағдарлы оқыту, проблемалап оқыту, денсаулық сақтау технологиясымен жүргізер жұмысың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жүйелі атқарылатын жұмыс кешені болып табылады. Тәрбиеленуші бүлдіршінді күннің шұғыласына, судың тұныұтығына, жаңбырдың мөлдір тамшысына, айдың нұрына, желдің самал лебіне, жайқалған әсем гүлдерге және кемпірқосақтың алуан-алуан түстеріне теңеймін, шын ниетім, себебі жетер жетістігімде баланың арқасы.
Баламен арамыздағы сыйластық сезімді қалыпты ұстанамын да жаһандану дәуірінде, жасампаз ғасырда балабақшадағы бүлдіршіннің ұстазы-тәрбиеші болғаныма мақтанамын.

Бұл сөздің астарында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігі айқындап тұр.Бала тәрбиесі,оның ішіндегі балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе.Ақын М.Жұмабаев айтқандай. «Тәрбие-адам баласын кәміл жасқа толып,өзіне-өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» -деген екен.Сондықтан біз балаларымыздың болашағына,тәрбиесіне жауапты жандармыз.

Мен балабақшада үшінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.
Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін,

«Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін.Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым сан түрлі болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу іс — әрекетін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?.



Әрине әрбір оқу іс — әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін.Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау,жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру.Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан. Сөзімді қорытындылай келе,тәрбиеші мамандығымды шексіз мақтан тұтатынымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды,қалтқысыз еңбек ететінімді айтқым келеді.Мен үшін күнделікті балабақша балалардың алаңсыз күміс күлкісін,шаттыққа толы көңіл күйлерін көріп,балалармен бірге ойнап күлгеннің өзі бір бақыт деп білемін.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...