Халықтық сәндік-қолданбалы өнер әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірибесі бейнеленген

Loading...


бет2/2
Дата22.06.2021
өлшемі21.88 Kb.
1   2
Бейнелеу өнері.

Құстар мен жануарлардың суретін салу.
Бұл әдістемелік материалдың мақсаты – оқушыларға жануарлар мен құстарды салудың әдістерін, оңай әрі дұрыс салу жолдарын үйрету.

Натурасына қарап ойыншық аюды бейнелеу әдістерін үйрету үшін оқушыларға олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерін, пропорциясын (өзара қатынасын) кескіндері мен еркше тән белгілерін түсіндіру керек. Аңдар мен құстарды тұрпатына қарап бейнелеу сабақ бойына жүргізіледі. Егер сурет акварель бояуымен боялатын болса, ол екінші сабақта орындалады. ИКТ пайдаланып ойыншық аюды салу жолдарын түсіндіреміз, ертегі көрсетеміз, әңгіме тыңдатамыз.

Алдымен қағазды қалай орналастыру керектігі, яғни тігінен пайдалану керектігі ескертіледі. Себебі аю денесі тікшіл формаға жатады. Сонан соң дәптер бетіне аюдың жалпы денесін анықтайтындай төрт сызық жүргізіледі.(1-а сурет). Мұғалім балалардың натураға зер сала қарап, онымен өз суретін салыстырып отыруларын қадағалайды.

Мұнан соң денесінің пропорциялары: басының, кеудесінің кескіндері түсіріледі.(1-ә сурет)

Оқушылардыға қарындаштарын қатты бастырмай сызулары ескертіледі. Келесі кезеңде аюдың барлық денесін салып шығады, оның көзі, құлағы белгіленеді.(1-б сурет).Енді аю денесінің дұрыс салынуын, пропорциялықтың сақталуын қайта бір тексеріп өтіп, көмекші салу сызықтарын айқындату керек.(1-в сурет). Онан соң суреттің түсін келтіре отырып, қарындашпен штрихтар жүргізіледі. Түсіндіру жұмысы осымен аяқталады.(1-г,д суреттер).

Осылай ойыншық аюды салу жолдарын түсіндіріп болған соң, тақтадағы суреттер сүртіліп тасталады да, балалардың алдына фонға ойыншық аю қойылады. Балалар оған қарап отырып, өздеріне қалай, қай қырынан көрініп тұрса, сол қалпында салып шығулары керек. (Мұғалім аралап жүріп оқушылардың қатесін дер кезінде дұрыстап жіберуі керек, олай болмаса, бүкіл жұмыс қате орындалуы мүмкін).

Дәл осы бағытта тұлыбына қарап отырып сауысқан суретін салуды қарастырайық.

Ол үшін алдымен сауысқан туралы әңгіме, жұмбақтар айтылып, қай құс туралы айтылып тұрғанын таптырған соң, сауысқанның суретін салатындары хабарланады.Суретті салмас бұрын сауысқанның дене құрылысындағы ерекшеліктеріне талдау жасалады, яғни басқа құстардың денесі сияқты сауысқанның денесі де сопақша болып келетіні, оның да басы, құйрығы, аяқтары болатыны айтылады. Ал сауысқанның олардан ерекшелігі: оның мойны қысқа, құйрығы ұзын, жіңішке және тік, түсі ақ пен қарадан ғана тұрады.(2-сурет)

Ағаш бұтағына қонып отырған сауысқанды бейнелеу дәптерді тігінен ұстап, оның бетіне шамасына қарай көлбеу ұзын сызық жүргізуден басталады. Ол сызықты тең екі бөлікке бөліп, жоғары бөлігіне сауысқанның кеудесін, басын орналастырамыз. Төменгі бөлікте оның оның ұзын құйрығы болады. (2а сурет). Онан соң құстың денесінің, тұмсығы мен басының, құйрығының сырт формасы әлсіз сызықтармен жүргізіледі (2ә сурет). Келесі кезеңде сауысқанның денесін айқынырақ тауып, яғни қанатының үшкір ұштары, ағаш бұтағынан ұстап отырған берік саусақты аяқтары, дөңгелек көздері және түсін келтіру шектері ( ақ түсті жерді боямай дәптер бетін ақ күйінде қалдыру керек.) белгіленеді.

(2 сурет)

Ендігі жұмыс белгіленген жерлерді түсін келтіре бояумен(қара түсті қою және әлсіз – сұйық етіп бояу) аяқталады.(2в сурет).

Түсін табу кезінде ақ және қара түстерді пайдаланып қана қоймай, оның көзінің жылтырақтығын, қанаты мен құйрығы, қауырсындарының ұлпа, жұмсақ және жылтырлығын көрсету әдістері айтылады. Балалар оны келтірулері керек.

Бастауыш класс балаларына тірі қоян, кірпі, құстар суреттерін т.б. салу қиын. Себебі олар қойған орындарында қозғалмастан тұрмайды, ал балалар болса, оларды алғашқы көрген қалпында есте сақтап қала алмаулары мүмкін. Сондықтан аңдар, құстар, балықтар натурасына қарап салу кезінде тек қана тұлыбы бойынша салынады.

Оқушылар құстар мен балық, жануарларды салу жолдарын меңгеріп алса, алдағы сабақтарда ертегілерге, мысалдар мен әңгімелерге иллюстрациялар салғанда қиналмай қолданып, жұмыс жасай алады.



Аңдардың суретін салу - бейнелеу өнерінің ең бір қызық түрі. Мұғалім оқушыларға аңдар, құстар, балықтардың суретін салуды үйрете отырып, олар туралы қызықты әңгімелер айтып, қосымша ғаламтор материалдарын пайдаланып, оқушылардың табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырып, эстетикалық тәрбие береді, табиғатты қорғауға үйретеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
тоқсанға арналған
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
білім беретін
арналған тапсырмалар
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
нтізбелік тақырыптық
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
болып табылады
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
мамандығы бойынша
әдістемелік кешені
жалпы білім
Сабақ мақсаты

Loading...