Грамматика және оның салалары. Негізгі грамматикалық ұғымдар


Зат есімнің лексика – грамматикалық сипаты



бет9/78
Дата02.01.2022
өлшемі156.19 Kb.
#147409
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78
Байланысты:
МОРФОЛОГИЯ (1)

Зат есімнің лексика – грамматикалық сипаты.

Зат есімдердің қай-қайсысы болсын заттық ұғымды білдіретіндіктен, олар негізінен біркелкі болғанымен іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларды қамтиды.

Тілімізде немесе өмірде көзбен көріп, қолмен ұстап тануға болатын заттарды деректі немесе нақтылы я конкретті зат есімдер деп аталады.

Мысалы : сөздік, кітап, домбыра, кілем, бөрік.

Сол сияқты тілімізде ой арқылы сезілетін яғни көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін зат есімдер де қалыптасқан. Оларды дерексіз я абстракты зат есімдер деп аталады. Мысалы : сезім, қиял, әсер, інкәрлік, ой, сана.

Заттардың ішінде даралау және жинақтау ұғымын білдіру қабілеті де жоқ емес. Мысалы : құрт, құмырсқа, апа, қарындас,төсек, шөп тәрізді дара сөздер белгілі заттардың аты болса, құрт –құмырсқа, апа – қарындас, төсек –орын, шөп – шалам сияқты қос сөздер белгілі бір ұғымдарды жинақтап, олардың топ-тобының атын білдіреді. Ал мая-мая , қора –қора , тау-тау сияқты қос сөздер бөлу я даралау ұғымын білдіреді.

Зат есімдерді семантикалық ерекшеліктеріне қарай іштей мал атаулары, өсімдік атаулары, құрт-құмырсқа атаулары, үй-мүліктерінің атаулары, саяси- әлеуметтік салада қолданатын атаулар деп бөлуге болады .

Зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтарда кездеседі. Мысалы : адамзат( кімдік) және ғаламзат(нелік) есімдерін, жалқы есімдерді, көптік мәнді есімдерді, эмоциялы –экспрессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жатқызуға болады.

Тіліміздегі зат есімдерді семантикалық және грамматикалық сипаты жағынан талдаған кезде , олардың бір саласы адам атаулары, екінші саласы адамнан өзге жан- жануарлар мен заттардың атаулары болып келеді. Осы аталған екі топтың біріншісіне қатысты сөздердің бәрі тек кім?-деген сұрауға жауап береді. Кім?-деген сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Зат есімнің бұл тобына адам атаулымен байланысты ұғымдардың аттары және кісі аттары енгендіктен , оларды семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдері деп атауға болады(Персондық есімдер).

Не?- деген сұрау адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады. Мысалы : топырақ, су, күлкі, ағаш, жусан, нан, ірімшік, аю, жолбарыс,үй . Зат есімдердің бұл тобы адамнан өзге жан-жануарлардың, заттар мен нәрселердің, заттық ұғымдардың атауларын түгел қамтитындықтан, оларды семантикалық ерекшеліктеріне қарап ғаламзат есімдері(наперсондық есімдер) деп аталады.

Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз ұғымдарды білдіретін зат есімдер әдетте жалпы есімдер деп аталады. Мысалы : ағаш, ат, ас, дала, су.

Ал заттар мен заттық ұғымдарды жалпылама түрде атайтын осындай жалпы есімдермен қатар белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын жалқы есімдер де бар. Жеке я дара заттарға берілген осындай зат есімдерді жалқы есімдер дейміз.Мысалы : Асқар, Тайбурыл, « Еңбек», Көкшетау, Абылай хан алаңы, Абай проспектісі.

Затты жеке – даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді көптік мәнді есімдер деп атайды. Мысалы: ұн, алтын, жел.

Зат есімдердің ішінде затты я заттық ұғымды әдеттегідей атаумен қатар, сол аталған заттың сын-сипаты жағынан қандай екендігін қоса-қабат білдіре атайтын, олардың кейбір өзіндік сипатын нақтылай түсіп, әсерлеу не бейнелеу жолымен қолданылатын топтары да бар . Мысалы: көл, тау, төбе, арба деген жалпы есімдердің көлшік, таушық, төбешік, арбашық деген түрлері , сандық, кітап деген зат есімдердің сандықша, кітапша деген түрлері бар.


Сол сияқты адамға байланысты әке, шеше, апа тәрізді туыс атауларын әкей, шешей, апай деп, шешетай, ағатай, әкежан деп те қолданылу бар. Сондай-ақ бала,бота сөздерін балақан, ботақан деп, бөпе, қалқа, сәуле секілді жалпы есімдер мен Әлия, Нұрлан тәрізді жалқы есімдерді бөпеш, қалқаш, Сәулеш, Нұрыш, Әлкен деп айту да кездеседі. Сөйтіп, кейбір зат есімдердің әдеттегідей бейтарап түрде жалпы қолданылуымен бірге , үлкен тұтып құрметтеу я сыйлау , кіші тұтып еркелету, кем тұтып қомсыну тәрізді эмоциялық әсер, экспрессивтік рең бере қолданылатын формалары болады. Бұл формалар мен жай түрде айтылған сөз формалардың араларында өзара ерекшеленетін семантикалық айырмашылық болады.

Зат есімдердің көпшілігі өздерінің лексикалық мағыналарында жұмсалып, өздеріне тән түрлену жүйелерін және сөйлемде өз алдарына дербес мүше болу қасиеттерін сақтап отырады. Ал кейбір зат есімдер өздеріне тән байырғы қызметтерінен жартылай айрылып, көбінесе көмекші сөздер, яғни көмекші есімдер есебінде жұмсалады.

Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз. Көмекші есімдер сан жағынан көп емес, оларға: алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады.

Көмекші есімдердің негізгі сөздерге үстейтін қосымша мағыналары көбінесе көлемдік, мезгілдік қатынастарды білдіреді. Көмекші сөздердің мағыналары қаншалықты солғындағанымен, шылау сөздердегідей бүтіндей я жартылай жоғалып кетпейді.Көмекші есімдер алдында тұрған ілік жалғаулы сөзбен әбден жымдасып, сонымен біртұтас семантикалық бірлік түзеді. Көмекші есім деп грамматикалық өзгеріске түсіп дерексіздену нәтижесінде заттық мағынасынан айрыла бастаған тәуелдік жалғаулы көбіне мекендік септіктерде қолданылып, матаса байланысқан тіркестің екінші сыңары қызметінде жұмсалатын зат есімнің кеңістік мәнді ерекше бір тобын айтады. Лексикалық жағынан алғанда, қазақ тіліндегі көмекші есімдерді білдіретін мағынасына бір нәрсенің үстіңгі, астыңғы жағын, алдыңғы , артқы жағын, шеті мен жанын, айналасын, ішкергі тұсы мен ортаңғы тұсын білдіретін ыңғайына қарай оларды шартты түрде горизанталь бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін, вертикаль бағыттағы кеңістік қатынасты, көлемдік кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдер деп бөлінеді.

1.Горизанталь бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдерге : алды, арты, қасы, жаны, маңы, тұсы, шеті, жан-жағы, айналасы, төңірегі секілді сөздер жатады.

2.Вертикаль бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдерге : асты, үсті, беті, түбі секілді көмекші есімдер кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді