Глоссарий. Қылмыс бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмы



бет5/7
Дата09.09.2017
өлшемі191.99 Kb.
#19823
1   2   3   4   5   6   7


10-Дәріс.
 Ұйымдасқан қылмыстылықпен күресудегi халықаралық бiрлескен әрекеттер және оның атқаратын ролi.

Дәріс жоспары:

1.Ұйымдасқан қылмыстылықпен күресудегi халықаралық бiрлескен әрекеттер

2.Сыбайлас жемқорлықпен күресті реттейтін, негізін қалаушы БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясы

Ұсынылатын әдебиеттер:

Дәріс тезистері.

 Халықаралық келісім-шарттар халықаралық ынтымақтастықты дамытудың ең маңызды құралдарының бірі болып табылады, ол мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен халықаралық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Мамандар атап көрсететіндей, халықаралық ынтымақтастық жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес үшін айырықша маңызды мәнге ие.

 БҰҰ-ның, Дүниежүзілік банктің, ДВҚ-ның, ДСҰ-ның, ЕО-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың бірқатар халықаралық-құқықтық актілерінде жемқорлық қазіргі уақытта ұлттық шекараның шегінен шығып, бүкіл қоғам мен экономикалық жүйені қозғайтын құбылыс деп көрсетеді.

 Халықаралық қоғамдастық осы салада тиісті заңнамалар мен алдын ала шаралар қабылдауды қоса, қоғамды жемқорлықтан қорғауға бағытталған бірінші кезекте келісілген саясат жүргізудің қажеттігі туралы ұйғарымға келді. Бұл заңның үстемдегіне, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қауіп төндіретін, мемлекеттік басқарудың негізін жоятын, бәсекелестік шарттарын бұрмалауға алып келетін және қоғамның моралдық бастауларына айтарлықтай залал келтіретін жемқорлықтың салдарларымен байланысты.

  Әлемдік қоғамдастық жемқорлыққа қарыс күрестің және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың стандарттар жүйесін қалыптастырды. Ол БҰҰ-ның және Еуропа Кеңесінің шеңберлерінде қабылданған халықаралық-құқықтық актілерде бекітілген. Қазақстан бұл конвенциялардың көпшілігін бекітіп үлгерді.

Мынаны айту керек, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес халықаралық-құқықтық құжаттар біздің мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігіне айналды.

Қазіргі уақытта жемқорлыққа қарсы халықаралық құжаттардың кешенінде мыналар негізгі болып табылады:

1) 2003 жылғы 31 қазандағы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы;

2) 2000 жылғы 15 қарашадағы БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы;

3) 1990 жылғы 8 қарашадағы Еуропа Кеңесінің "Қылмыстық жолмен алынған табыстарды жылыстату, анықтау, алу туралы" конвенциясы;

4) 1997 жылғы 26 мамырдағы Еуропалық Одақтың Еуропалық қоғамдастықтың лауазымды тұлғаларын немесе Еуропалық Одақ мүше мемлекеттерінің лауазымды тұлғаларын қозғайтын жемқорлықпен күрес конвенциясы;

5) 1997 жылғы 21 қарашадағы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарының Халықаралық коммерциялық мәмілелерде шетелдік лауазымды тұлғаларды сатып алумен күрес туралы конвенциясы;

6) 1999 жылғы 27 қаңтардағы Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясы;

7) 1999 жылғы 4 қарашадағы Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенциясы.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті реттейтін негіз қалаушы бірегей  халықаралық-құқықтық құжат 2003 жылғы БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясы болып табылады. Онда былай деп атап көрсетіледі, «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою - бұл барлық мемлекеттердің міндеті» және «кең көлемді көп тәртіпті көзқарас сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу үшін қажет».

Конвенцияның 3-бабына сәйкес, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оны тексеріп тергеуге және қылмыстық ізге түсу және операцияларды тоқтата тұруға (бөгеп тастауға), тыйым салуға, тәркілеуге және осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыс ретінде танылған қылмыстардан алынатын табыстарды қайтаруға қолданылады.

Қылмыстық-жазалау әрекеттері ретінде мыналар айқындалады:

1) ұлттық жария лауазымды тұлғаларды, шетелдік жария лауазымды тұлғаларды және жария халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларын параға сатып алу;

2) жария лауазымды тұлғаның мүлікті талан-таражға салуы, заңсыз иемденуі немесе өзге де мақсатсыз пайдалануы;

3) пайдакүнемдік мақсатта әсер ету арқылы теріс қылық жасау;

4) қызмет бабын теріс пайдалану;

5) жеке сектордағы параға сатып алу және талан-таражға салу;

6) қылмыстардан түсетін табыстарды жылыстату және сот билігін жүзеге асыруға кедергі келтіру.

БҰҰ-ның Конвенциясы өзара құқықтық көмекті, жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаны беруді, операцияларды тоқтата тұруды (бөгеп тастауды),  қылмыс жасау үшін арналған мүлікті, құрал-жабдық пен басқа да құралдарды қоса, қылмыстардан түсетін табыстарға тыйым салу мен тәркілеуді егжей-тегжейлі реттейді.

Конвенция сыбайлас жемқорлық қылмыстың 13 түрін келтіреді, олардың 10-ы параға сатып алудың екі дәстүрлі көрінісін – парақорлықты нақтылауға толық келеді: пара алу және пара беру.

«Заңсыз баюдың» криминалдануы айтарлықтай қызығушылық туғызады, ол жария лауазымды адамның заңсыз баюын, яғни оның заңды табыстарынан елеулі түрде артып кетуін, өзі оны ақылға қонымды ретпен негіздей алмағанын білдіреді. Өмір шындығының дәл осы фактісі бұқаралық ақпарат құралдарының жіті назарын аударатын объектіге айналып, азаматтардың заңды ызасын туғызады.

Халықаралық-құқықтық актілердің нормалары заңсыз баю фактілерін тексеру кезінде кінәсіздік презумциясы принципінен шегініс жасауға жол береді.

2003 жылғы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы да аталған әрекетті криминалдандыруды ұйғарады. Алғаш рет мұндай ереже 1988 жылы БҰҰ-ның Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясында бекітілді, онда мүше мемлекеттерге тәркілеуге жататын табыстар мен басқа да меншіктің заңды пайда болуын дәлелдеу ауыртпашылығын сезіктіге аудару ұсынылды.

Жемқорлық әрекеттерді тежеу құралдары ретінде мүліктер мен табыстарды тәркілеу 1999 жылғы Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясыда көзделген. 19-баптың 3-тармағы тәркілеу құқығын жүктеу немесе өзге де тәсілмен қылмыс жасау құралы мен Конвенцияға сәйкес осылай деп айқындалған қылмыстық жолмен келген табыстарды немесе құны осы табыстарға баламалы мүліктерді алып қою қажет етілуі мүмкін сондай заңнамалық және өзге де шаралар қабылдауды талап етеді.

Аталған Конвенцияның 23-бабында Конвенцияның 19-бабының 3-тармағына сәйкес заттық айғақтарды және жемқорлықтан түскен табыстарды немесе құны осы табыстарға баламалы мүліктерді анықтау, іздеу, бөгеп тастау және тыйым салу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында ұлттық заңнамаларға сәйкес арнаулы тексеру әрекеттерін пайдалануға жол беретін шараларды қоса, қажет етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдау талабы бекітілген.

2003 жылғы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы да 31-бабында мыналарды тәркілеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды талап етеді:

а) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардан түскен табыстарды немесе құны осындай табыстардың құнына сәйкес келетін мүлікті;

б) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды жасау кезінде пайдаланылған немесе пайдалануға арналған мүлікті, жабдықты немесе басқа да құралдарды.

Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жемқорлық проблемасының ауқымдылығы мынаған алып келді, халықаралық қоғамдастық XX ғ. ортасында жария басқару және мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жолын кесуге арналған құқықтық нормалар мен ұйымдық құралдарды әзірлей бастады.   



Мұның дәлелі ретінде мынадай халықаралық құжаттарды келтіруге болады:

- Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың мінез-құлқының халықаралық  кодексі (1996 жылдың 12 желтоқсаны);

- «Халықаралық коммерциялық операциялардағы сыбайлас жемқорлықпен және парқорлықпен күрес туралы» БҰҰ-ның декларациясы (1996 жылдың 16 желтоқсаны);

- БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық конвенциясы (2003 жылдың 31 қазаны);

- «Шенеуніктер арасындағы сыбайлас жемқорлық» БҰҰ Резолюциясы (1990 жылдың 24 наурызы);

- «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» Еуропа Кеңесінің конвенциясы (1999 жылдың 27 қаңтары);

- «Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы» Еуропа Кеңесінің конвенциясы (1999 жылдың 4 қарашасы);

- «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» үлгілік заң (1999 жылдың 3 сәуіріндегі ТМД қатысушы мемлекеттері Парламентаралық Ассамблеясының қаулысы. № 13-4).

Жемқорлықпен күресуге құқық қорғау органдарына Құқық тәртібін қолдау жөніндегі лауазымды тұлғалардың мінез-құлық кодексі (1979 жылдың 17 желтоқсаны), Полиция туралы декларация (1979 жылдың 8 мамыры) сияқты және басқа да құжаттардың нұсқамалары жолданды.

Бұл актілерде трансұлттық және басқа да корпорациялар, делдалдар мен осы тараптарға қатысушылар практикасында болатын парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлері айыпталады.

Жемқорлықпен күрес проблемаларына арналған халықаралық құжаттарды зерделеу былай деуге мүмкіндік береді, олардың бірқатарында осы келісім-шарттарды жүзеге асырудың ұйымдық-басқару аспектілерін реттейтін әкімшілік құқық нормаларының едәуір саны қамтылған.

Атап айтқанда, әкімшілік құқық нормаларымен тиісті шартты (конвенцияны) оындау үшін тараптар тағайындаған, жемқорлықпен күрес жүргізуге тиіс құзыретті органдардың қызметі реттеледі, аралас басқару құрылымдарын құру жөніндегі тараптардың міндеттері белгіленеді, басқару іс-қимылының қажетті түрлері айқындалатын ынтымақтастықтың нысандары мен әдістері көрсетіледі, келісім-шартты (шартты, конвенцияны) және басқаларын орындау жөніндегі кейбір іс-қимылдарды жетілдірудің ережелері (немесе тәртіптері) белгіленеді.

Мәселен, БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы мынаны айқындайды, әрбір қатысушы мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес тұрғысында олардың тепе-теңдігін анықтау мақсатында тиісті құқықтық құжаттар мен әкімшілік шараларды бағалауды мезгілді жүргізуге ұмтылады.

БҰҰ-ның конвенциясына сәйкес әрбір қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда және өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес азаматтық қызметшілердің және тиісті жағдайларда сайланып қойылмайтын жария лауазымды адамдарды жұмысқа қабылдау, іріктеу, қызмет өткеруі, қызметі жағынан өсуі және өз еркімен орнынан түсу сияқты жүйені құруға, қолдауға және нығайтуға ұмтылады

БҰҰ конвенциясының аталған жүйесі:

- мүлтіксіз жұмыс сияқты объективті мөлшерлемелерге негізделеді;

- сыбайлас жемқорлық тұрғысынан алғанда ерекше осал саналатын жария лауазымды атқару үшін кадрларды іріктеу мен даярлаудың тиісінше рәсімдерін және осындай лауазымдардағы осындай кадрлардың алмасылуын қамтиды;

- қатысушы мемлекеттің экономикалық жағынан даму деңгейін ескере отырып тиісінше сыйақылар төлеуге және әділетті айлық ақылар белгілеуге жәрдемдеседі;

- ондай адамдардың көпшілікке арналған міндеттерді дұрыс, адал және тиісті орындау талаптарын қанағаттандыра алатын білім беру мен оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ұшырасатын және лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты қауіп-қатерлерді ұғынуын тереңдету мақсатында оларға мамандандырылған және тиісті даярлықты қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік сатып алулар, жария қаражатты басқару, жария есептілік саласында аталған Конвенцияға қосылған мемлекет бухгалтерлік кітаптардың, жазбалардың, қаржы ведомстволарының немесе жария шығыстар мен табыстарға қатысты басқа да құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес қажет етілуі мүмкін және осы құжаттамаларды бұрмалауына кедергі жасайтын азаматтық-құқықтық және әкімшілік шараларды қолдануды; оңайлатылған әкімшілік рәсімдерді жасауды, сондай-ақ жария әкімшілікте сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі туралы мезгілді есеп беруін енгізуі мүмкін ақпаратты басып шығаруды міндеттенеді.

Конвенция мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында мемлекеттер ынтымақтастығының әкімшілік-құқықтық және ұйымдық тетіктерін айқындайды.

Атап айтқанда, онда жемқорлықпен байланысты азаматтық-құқықтық және әкімшілік мәселелер бойынша тексеруге және іс жүргізуге жәрдем көрсету, жемқорлық сипаттағы қылмыстарды дер уақытында анықтау мақсатында қолданылатын ақпарат алмасу мен әкімшілік және басқа да шараларды үйлестіру тетіктері айқындалады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемалары Біріккен Ұлттар Ұйымының Қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс істеу жөніндегі VIII конгресінде арнайы талқыланды (Гавана, 1990 ж.). «Мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық» деп аталатын резолюциясында конгресс БҰҰ Хатшылығы даярлаған «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің практикалық шаралары» нұсқаулығын мақұлдап, оның кең таралуын қамтамасыз етуге шақырды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте Еуропа Кеңесі ерекше мүдделілік білдірді, 1996 жылғы қарашада қабылданған Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлықпен күресте  басшылыққа алудың 20 қағидаты туралы резолюциясы (1997 жылдың 6 қарашасы) соны растау болып табылады, оны Министрлер кабинеті сыбайлас жемқорлықтың тиімді жолын кесу және онымен күресте серпінді қозғалысқа жәрдемдесу мақсатында барлық мемлекеттердің пайдалануына ұсынған болатын.   

Еуропа Кеңесінің жоғарыда аталған бағдарламасы шеңберінде мыналар әзірленді: Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік конвенциясы және  Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік конвенциясы.
Тақырып 11. Ұйымдасқан қылмыстық әрекеттерді ашу мен тергеу процесін жедел-іздестіру және криминалистиқалық қамтамасыз ету.

1.Ұйымдасқан қылмыстардың белгілері

2.Ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалатын қылмыстарды тергеудің өз ерекшеліктері

3.Қылмыстық істі қозғау кезеңінде оқиға болған жерді қарау нәтижелерімен қатар жасырын қызметкерлердің жұмысы



4. Күдіктілер мен айыпталушылардан жауап алудың тактикалық ерекшеліктері
1.Қазақстанда ұйымдасқан қылмыс заңды және заңсыз бизнестің ең кірісі мол саласына еніп, экономиканың негізгі бөлігін бақылауға алып, мемлекетіміздің қалыпты дамуының тұрақсыздануын көздеп отыр. Қорқытып алушылық, қарақшылық, есірткі мен психотропты заттардың заңсыз айналымы, экономикалық және тағы басқа, яғни көбінесе ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалатын қылмыстар мемлекетке едәуір зардап келтіруде. Бүгінгі таңда ұйымдасқан қылмыстылық тек заңды экономикаға ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдар құрылымына енуге ұмтылып, атқарушы және сот билігін сыбайлас жемқорлыққа тартуда

Жасаған қылмыстары үшін жауапкершіліктен жүйелі түрде бой тасалап жүрген ұйымдасқан қылмыскерлер өздерінің заңсыз ақшаларын жасырын және заңды экономика инфраструктурасына аудару арқылы оларды сәтті түрде заңдастырады. Аталган топтар жоғары мобильді, қазіргі таңдағы жаңа көлік және техникалық байланыс құралдарына, үлкен қаржылық мүмкіндіктерге ие болып отыр. Сонымен қатар олар өздерінің заңсыз әрекеттерінде жедел-іздестіру қызметінің әдістерін қолданып, өз қатарларына құқық қорғау органдар қызметкерлерінің арасынан өздеріне жақ болатын және физикалық жағынан дайындығы мықты тұлғаларды тартып отыруда. Ұйымдасқан қылмыстылық жалпы қылмыстылықтың құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан да оны «әдеттегі» қылмыстылықтан бөлектеп қарастыруға болмайды, сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық қызметтің жедел-криминалистикалық сипаттама элементтерін анықтауда қылмыстардың жалпы құрылымын негізге алу қажет делінген

2.Ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалатын қылмыстарды тергеудің өз ерекшеліктері. Ол ерекшеліктер мынадан байқалады, қылмысты квлификациялау мәселелері, қылмыскерлердің тарапынан балсенді және тұрақты қарсылық көрсетілуі, қылмыстардың көп эпизодтылығы, объективті дәлелдемелерді табу мен бекітудің қиындығы болып табылады. Тергеудің алдында қойылған алғашқы сұрақ, ол қылмыстық қоғамдастықты құру фактісін немесе оны құруға дайындалу фактісін анықтау болып табылады. Сонымен қатар тергеудің алғашқы сатыларында «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 11- бабында көзделген жедел-іздестіру шараларын жүргізудің маңызы өте зор. Бұл шараларға сұрастыру, бақылау, жедел еңгізу, телефон сөйлесулерін тыңдау, т.б. жатады. Оларды жүргізу арқылы қылмыскерлердің қылмыстық қызметтерінің конспирациясына, олардың ұйымдастырылуына, құрылымның иерархиясы мен құрылым ішіндегі тәртібіне әсер етіп, қарсылық көрсетуге болады. Жедел-іздестіру қызметінің қорытындылары сот жұмысы процесіне енгізіледі, яғни ресмилендіріледі. Жедел жолмен алынған мәліметтерді ресмилендіру процесінде ұсынылған заттарға (мысалы, видеотаспалар, фотосуреттер, т.б.) қарау жүргізу, куә ретінде жедел уәкілдерден жауап алу, сараптамаларды тағайындау және т.б. тергеу әрекеттері жүргізіледі. Осындай қылмыстық істер бойынша кейбір тергеу әрекеттердің тактикалық ерекшеліктері көбінесе дәлелдемелерді алу мен бекітудің қиындығымен; ұйымдасқан қылмыстық топтар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа салынған көмекшілері тергеуге кедергі жасап отырған жағдайда дәлелдеме заттарды табу мен оларды икемді түрде пайдалану қиындығымен ерекшеленеді. Бұл жағдай куәлар мен жәбірленушілерден мұқият түрде жауап алу әдістерін ғана емес, сондай-ақ оларды қылмыстық әрекеттерден қорғау әдістерін, кейбір тергеу әрекеттерін жүргізу барынша техникалық құралдарды (бейне және дыбыс жазу құралдарды, т.б.) қолдануды, сонымен қатар табылған іздер мен дәлелдеме заттарды зерттеу үшін әр түрлі бағыттағы арнайы білімдердің болуын талап етеді. Жедел-іздестіру материалдары тергеу процесінде кең қолдануының мүмкіндігі мен қажеттілігіне байланысты оның қылмыстық іс-жүргізу заңының талаптарына сай етудің спецификалық тактикалық ерекшеліктері бар. Тәжірибе көрсеткендей, ұйымдасқан қылмыстық топ қызметіне байланысты жедел-іздестіру материалдарын жүзеге асыру процесінде қабылданатын тактикалық шешімдер өз күрделілігімен ерекшеленеді, яғни осы жағдайда тергеу ахуалының түрлі компоненттерін, жедел материалдарды жүзеге асырудың қиындығын, тергеуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде сұрақтарды ескеру қажет. Осындай қылмыстық істерді тергеу барысында кейбір тергеу әрекеттерді жүргізудің маңызы зор болып табылады. Оқиға болған жерді қарау барысында қылмыс адамдар тобымен жасалғанын анықтауға болады, яғни табылған іздер, қылмысты жасау әдісі мен қылмыс құралдары оған негіз бола алады. Қылмыс және қылмыскерлердің іздерін бағалау келесі мән-жайларды анықтауға мүмкіндік береді:

- іздердің пайда болу себесін анықтау;

- іздердің пайда болу әдістерін, олардың пайда болу уақыты мен жағдайларын анықтауға, яғни қылмыстың мән-жайларын ойда қалыптастыру;

- табылған іздерді жасалған қылмыспен байланысын анықтау, іске қатысы жоқ іздерді жою және өзге де іздерді табуға байланысты мәліметтер алу;

- із қалдырушы объектілерді анықтау; - қылмыскерлердің жеке басы туралы мәліметтерді анықтау, қылмысқа қатысы жоқ тұлғаларды алып тастау;

- табылған іздердің өзге қылмыстар материалдарымен, яғни қылмыс жасау әдісінің ұқсастығы, т.б. байланысын анықтау;

- болжамдарды шығару, тергеуді жоспарлау үшін мәліметтерді алу

3.Қылмыстық істі қозғау кезеңінде оқиға болған жерді қарау нәтижелерімен қатар жасырын қызметкерлердің жұмысы, пәтерлерді және аулаларды аралау, жәбірленушілер мен өзге де тұлғалардан сұрау жүргізу, іздеу-қызмет иттерін пайдалану, т.б. сияқты жүргізілетін жедел-іздестіру шаралардың нәтижесінде алынған мәліметтер қолданылады. Оқиға болған жерді қарау барысында алынған ақпарат әрдайым толық бола бермейді. Ол қылмыстың адамдар тобымен жасалғанын көрсетіп, бірақ осы топтың ұйымдастырушылық дәрежесі туралы мәлімет бере алмайды. Ал жедел материалдары қылмыскердің өз кінәсін мойындап келуі немесе қылмыскерлердің саны мен белгілерін, ал кейбір кезде қылмыстық топтың ұйымдастырушылық дәрежесін анықтауға, олардың қызметтері туралы бағалы мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін жәбірленушілердің түсініктемелері алғашқы ақпарат ретінде негіз болса, онда қылмыстар ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалғаны туралы сөзсіз айтуға болады. Ұйымдасқан қылмыстық топтармен жасалған қылмыстар туралы мәліметтерді алудың тәсілдері ішінен жауап алудың орны ерекше. Оның тактикалық қамтамасыз етілуі оны жүзеге асырудың тәсілдері мен, керек жағдайда, жауап алу жоспарын құрумен ерекшеленеді. Осындай жоспар келесі тұлғалардан жауап алуға дайындалу барысында құрылу қажет: - егер жедел ақпарат қолданылса, онда барлық жауап беруші тұлғалардан. Бұл жерде жоспарлаудың негізгі мақсаты – бұл ақпарат алудың қайнар көзінің ашылуынан сақтау болып табылады; - қылмыстық қоғамдастықтағы рөлі мен жағдайына қарамастан осы қоғамдастық мүшелерінен жауап алу. Осы категориядағы тұлғалардан жауап алу барысында жауап алудың тактикалық тәсілдерін мұқият ойластыру мен таңдауды, оның қатаң тәртібін орнату, тұжырымның нақтылығын, жауап алынатын тұлғаға бар дәлелдемелерді ұсынудың нәтижесін болжамдауды қажет етеді

4.Күдіктілер мен айыпталушылардан жауап алудың тактикалық ерекшеліктері. Аталған категориядағы тұлғалардан жауап алудың тактикасы келесі жағдайларға тәуелді болады: - қылмыстық топ әрекеттерінің сипаттамасы: күш қолдану арқылы; пайдакүнемдік - зорлықпен жасалынатын қылмыстар (қарақшылық, тонау); зорлықсыз жасалатын мүліктік қылмыстар (ұрлық, алаяқтық, т.б.); экономика саласындағы қылмыстар; - қылмыстық қоғамдастық мүшесінің жағдайы мен рөлі; - қоғамдастық мүшесінің бұрынғы «қылмыстық қызметке» дейінгі қызметі, мамандығы, білімі, отбасы жағдайы, сондай-ақ бұрынғы соттылығы, қылмысты ашу мен тергеу тәсілдерін білуі; Жауап алу затының ерекшелігі қылмыстық ортадағы жағдайы мен рөлімен анықталады5 . Осыған байланысты қылмыстық топтың ұйымдастырушыларынан (басшылары), қылмыстық әрекеттерді тікелей орындаушылардан, топтың өзге де мүшелерінен жауап алудың ерекшелігін қарастырайық.

Қылмыстық қоғамдастық ұйымдастырушысынан жауап алу барысында келесі мән- жайларды анықтау қажет:

 қылмыстық қоғамдастықты құру туралы ойдың кімде және қандай жағдайда пайда болғанын, оған қандай себеп болғанын;

 қандай қылмыстық әрекеттер ұйғарылды, қылмыс эпизодтары, олардың нақты қатысушылары, ұйымдастырушының қылмысқа тікелей қатысуын;

 қылмыстар қандай тәсілдермен жасалды, ол тәсілдің қалай таңдалғанын, ол туралы мәліметтер қандай қайнар көзден алынғанын, қоғамдастық мүшелерінің қайсысында бұл тәсілді қолдануға тәжірибесі болғанын;

 қоғамдастықтың құрылымын, конспирация шараларын, байланыс құралдары мен тәсілдерін;

 қоғамдастықтың материалды-техникалық жабдықталуы, қорғанысы, трансферттік құралдары;

 топқа жаңа мүшелерді тарту тәсілдерін, мемлекеттік және өзге органдардағы жемқорлыққа бет бұрған элементтермен байланысы, топ құрылымы, қорғаныс тобының құрамы, оның қызметі, барлау және өзге ақпараттарды алудың қайнар көздері;

. орындаушылар, олардың сипаттамасы, орындаушылардың эксцесс фактілері және оларға елеулері; қоғамдастықпен байланысты үзген тұлғалар, олардың сипаттамасы, қалған топ мүшелерінің «бас тартушылыққа» деген көз қарастары;

 қылмыстық жолмен табылған мүліктер, ақшалар, құнды заттар, оларды топ мүшелерінің арасында бөлу, ұйымдастырушының үлесі, ортақ мүліктің , ақшалардың болуы, олардың жұмсалуы;

 қоғамдастықтағы жеке қарым-қатынастар, жан-жалдар, оларды шешудің тәсілдері мен жауапқа тарту жүйесі; бәсекелес «көсемнің» болуы, онық басшымен қарым-қатынасы. Тікелей орындаушылардан жауап барысында анықталатын мән-жайлар:

 жауап берушінің нақты қай қылмысты жасағаны;

 қылмыстардың бастамашысының кім болғанын, оларды кім жоспарлағаны, алғашқы жоспардан бас тартушылық болды ма;

 қылмысты жоспарлау үшін қандай шаралар жоспарланды, түрлі жағдайларға байланысты қылмыстық ойдың жүзеге аспауы немесе сәттілігі келмеген жағдайда өз-өзін қалай ұстауы қажет, қылмыс үстінде үсталғанда қандай аңыз (легенда) пайдаланғанын;

 ұрланған заттарды сату орындарын, конспиративті пәтерлердің бар – жоғын;

 қылмысты жасау нәтижесінде алынған мүлік пен бағалы заттардың үлесі қандай;

 қылмыстық қоғамдастық мүшелерімен қарым-қатынасы қандай;  қоғамдастықтың қылмыстық қызметіне қалай қатыстырылды, оның себептері. Қорғау тобы мүшелерінен жауап алу кезінде мыналар анықталады:

 қылмыстық қоғамдастыққа қалай тартылды, оның қандай қасиеттері оған негіз болды;

 оның атқаратын міндеттері қандай, оларды кім бекітті;

 топ кімдерден құрылды, олардың міндеттері;

 қару-жарақтардың болуын, ола қандай жолмен алынғанын, оларды қолдану кездері болды ма, қашан, қайда, не үшін, нәтижесі қандай болғанын анықтау;

 топ мүшелер арасындағы байланыс құралдары, конспирация әдістері, т.б. Қарастырылып отырған категориядағы қылмыстарды тергеуді жүзеге асыруда жедел-іздестіру щараларды анализдеу және жоспарлаудың керектігі туады. Жоспарлаудың эффективтілігі қылмыстық әрекеттердің, қылмыскерлердің жеке басының және олардың қылмысты жасау механизмдер сипаттамасын терең зерттеуге тәуелді болады6 . Жедел-іздестіру шараларын жоспарлау барыснда осы және басқа да факторларды есепке алу кезінде бар күштер мен құралдарды үйлестіруге, сондай-ақ жедел-іздестіру шараларын кешенді және білікті түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді