Глоссарий. Қылмыс бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмы


-Дәріс. Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым), олардың басқа да топтасқан қылмыстардан айырмашылығы Дәріс жоспары



бет3/7
Дата09.09.2017
өлшемі191.99 Kb.
#19823
1   2   3   4   5   6   7

5-Дәріс. Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым), олардың басқа да топтасқан қылмыстардан айырмашылығы

Дәріс жоспары:

  1.  Қылмыстық сыбайластық  немесе қылмыстық ұйым туралы түсінік.

  2.  “Ұйымдасқан қылмыстылық” ұғымының заң шығару және құқық қолдану тәжірибесі

  3.  “Мафия”, “көлеңкелі экономика”, “кәсіби қылмыстылық” және “сыбайлас жемқорлық және т.б.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің  2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  екінші кезеңін іске асыру туралы  (2009-2010 жылдар) жиынтық талдау ақпараты

Дәріс тезистері.

1998 жылғы 2 шiлдеде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жемқорлыққа мынадай анықтама береді: «Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады».

Жалпы танылған анықтамаға сәйкес «жемқорлық», не жемқорлық мінез-құлық, бұл – осы міндеттерді жүзеге асыруға тағайындалған немесе өкілеттік берілген кез келген тұлғаның лауазымдық міндеттерін атқаруға адалдықпен қарамауы. «Жемқорлық» ұғымының мұндай айқындамасы мынаны білдіреді, жемқорлыққа мемлекеттік шенеуніктер ғана емес, сонымен бірге өзінің экономикалық немесе саяси мәртебесінің арқасында қоғамдық мүддені қозғайтын мәселелерге ықпал ететін, немесе мемлекеттің қаржы қаражаттарын не басқа да активтерін басқаратындардың бәрі де жол беруі мүмкін. Жемқорлыққа мүмкіндік жасайтын адамдардың қатарына сондай-ақ өздерінің іс-әрекетімен теріс пиғылды лауазымды тұлғалардың жемқорлық мінез-құлқына жол беретін адамдар да жатқызылады.

Сондықтан, «Нұр Отан» ХДП 2012 жылғы 27 қазанда қазақстандық қоғамның сындарлы күштерімен Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы меморандумға қол қоюға бастама жасады, оның нәтижесінде Жемқорлыққа қарсы жалпы халықтық қозғалыс құрылды. Қазіргі уақытта аталған Меморандумға үш мыңнан астам қоғамдық ұйымдар қосылды.

Қазіргі қазақстандық қоғамда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – күрделі де жаупты міндет, ол құқық қоғау органдарының бүкіл жүйесінің ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғам институттарының да күш-жігерін топтастыруды талап етеді.  

Жемқорлыққа қарсы саясат, бұл – мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін пайдаланатын  шаралар мен құралдардың (аспаптардың) тұтас жүйесі (жиынтығы).

1998 жылғы 2 шiлдеде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жемқорлыққа мынадай анықтама береді: «Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады».

Жалпы танылған анықтамаға сәйкес «жемқорлық», не жемқорлық мінез-құлық, бұл – осы міндеттерді жүзеге асыруға тағайындалған немесе өкілеттік берілген кез келген тұлғаның лауазымдық міндеттерін атқаруға адалдықпен қарамауы. «Жемқорлық» ұғымының мұндай айқындамасы мынаны білдіреді, жемқорлыққа мемлекеттік шенеуніктер ғана емес, сонымен бірге өзінің экономикалық немесе саяси мәртебесінің арқасында қоғамдық мүддені қозғайтын мәселелерге ықпал ететін, немесе мемлекеттің қаржы қаражаттарын не басқа да активтерін басқаратындардың бәрі де жол беруі мүмкін. Жемқорлыққа мүмкіндік жасайтын адамдардың қатарына сондай-ақ өздерінің іс-әрекетімен теріс пиғылды лауазымды тұлғалардың жемқорлық мінез-құлқына жол беретін адамдар да жатқызылады.

Сондықтан, «Нұр Отан» ХДП 2012 жылғы 27 қазанда қазақстандық қоғамның сындарлы күштерімен Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы меморандумға қол қоюға бастама жасады, оның нәтижесінде Жемқорлыққа қарсы жалпы халықтық қозғалыс құрылды. Қазіргі уақытта аталған Меморандумға үш мыңнан астам қоғамдық ұйымдар қосылды.

Қазіргі қазақстандық қоғамда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – күрделі де жаупты міндет, ол құқық қоғау органдарының бүкіл жүйесінің ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғам институттарының да күш-жігерін топтастыруды талап етеді.  

Жемқорлыққа қарсы саясат, бұл – мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін пайдаланатын  шаралар мен құралдардың (аспаптардың) тұтас жүйесі (жиынтығы).

Біздің бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміз мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендетті. Мұны халықаралық сарапшылар атап айтуда.

Алайда бізге сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын жасау қажет.

Парақорларды анықтау және сотқа тарту жеткіліксіз.

Жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді пайдалану, жұртшылықты жемқорлық тәртіп бұзушылықты ескерту мен алдын алуға кеңінен тарту керек.

Басқа елдердің тәжірибесін зерттеп, пайдалану қажет. Мемлекеттік қызметшілердің кірістерін ғана емес, шығыстарын да мағлұмдауға көшу қажет.

Стратегияның негізгі мақсаты Қазақстанның тұрақты дамуы мен экономикалық гүлденуінің маңызды шарты ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-әрекетке бағытталған және мыналарды қамтиды:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет тетігі, республикадағы сыбайлас жемқорлық белсенділігінің алдын алу және оны бейтараптандырудың тиімді жүйесін құру, сондай-ақ адалдықты, сатылмайтындықты көтермелеу арқылы мемлекет пен қоғамның тіршілік әрекетінің барлық саласында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету;

- Қазақстан Республикасы азаматтарының және халықаралық қауымдастықтың мемлекет институттары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына деген сенімін нығайту;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша азаматтық қоғамның әлеуетін күшейту.




6-Дәріс.
 Ұйымдасқан қылмыстардың дамуы және олардың пайда болуына әсерiн тигiзетiн факторлар

Дәріс жоспары:

1.Ұйымдасқан топтар, бандалар, қылмыстық ұйымдар мен қылмыстық қоғамдастық.

2.Қылмыстық ұйымдардың өзiне тән сипаттары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Дәріс тезистері.

 «Ұйымдасқан қылмыскерлiк» ұғымы «ұйымдасқан қылмыс», "ұйымдасқан топ», «ұйымдасқан қылмыстық әрекет», «ұйымдас¬қан қоғамдастық:» сияқты басқа ұғымдармен байланысты. Барлық жерде «ұйым», «ұйымдасқан» сөздерi пайдаланылады. Бұрындары "ұйымдасқан қылмыс» және «ұйымдасқан қылмыстық әрекет» жайында айтылатын. Оның субъектiлерi жекелеген адамдар және адмдар тобы, оның iшiнде ұйымдасқан құрамалар: ұйымдасқан топтар, бандалар, қылмыстық ұйымдар мен қылмыстық қоғамдастық болуы мүмкін. 


Ұйымдасқан топтар бiрнеше адам қылмысты, тiптен аса ауыр қылмысты жасағанда емес, оны жасау үшiн алдын ала бiрiгiп, со¬ған жан- жақты дайындалғанда пайда болады: олар жоспар жасай¬ды барлық күш-жiгерiн сол жоспарға бағындырады, жоспарды жүзеге асыру барысында туындаған проблемаларды бiрлесiп шешедi, нақты жағдайға қарай оған тузетулер енгiзедi. Ұйымдасқан топ бiр қылмысты жасау үшiн де құрылуы мүмкін. Мысалы, банк¬тен ақшаның ipi сомасын ұрлау немесе инкассатор машинасын тонау үшiн қылмыстық кодексте ұйымдасқан қылмысқа бiр немесе бiрнеше қылмыстарды жасау үшiн алдын ала бiрiккен адамдар¬дың тұрақты тобы деп анықтама берiлген, ал банда - адамдарға не¬месе ұйымға шабуыл жасау үшiн құрылатын тұрақты қарулы топ.

Қылмыстық әpeкетін ауқымын кеңейту оған неғұрлым көп әр түрлi субектiлердi тартумен байланысты. 


Ic жүзiнде олар жеке тұлғаларалар да, әр түрлi қылмыстар жасауға маманданған бұрыннан келе жатқан ұйымдасқан топ та, заңды тұлғалар да, мысалы, солар арқылы қылмыстық табыс заңдастан¬дырылған және молаятын заңды тұлғалар болуы мүмкін. Кең ауқымды қылмыстық әрекетке қатысушы әр түрлi субъектiлердiң жұмысын үлестiру қажеттiгi туындайды. Саны едәуiр әр түрлi қылмыстық субъектiлердiң күрделi, көп аспектiлi ұйымдасқан қылмыстық әpeкeтiң басқарғанда ұйымдасқан қылмыстық құра¬маларды тұтас организм ретiнде басқаратын арнайы құрылымдар құрылады. Бұл ретте таза атқарушы функциялармен және қыл¬мыстық кодекстiн Ерекше бөлiмiнде көзделген нақты қылмыс¬тарды тiкелей жасаушы құрылымдарымен қатар басқарушы функ¬циялар мен құрылымдар 
(ұйымдастырушылар, жетекшiлер); қыл¬мыстық ұйымның өзiне тән мұқтаждық арын қамтамасыз eтeтін функциялар құрылымдар (талдау бөлiмшелерi, өзiнiң қауiпсiздiк қызметiң қылмыстық табысты заңдастыру және т.б.) бөлiнiп алы¬нады. Қылмыстық ұйымдарды құрудың негiзi осындай. 
Мұндай ұйымың қоғамдық қауiптiлiгi сонда, ол тек аса ауыр қылмыс жасап қана қоймайды (бұл тұpғыда алғанда оның қоғамға қауiптiлiгi ауыр қылмыстың қоғамдық қауiптiлiгiндей-ақ), соны¬мен қатар өзiн басқаратын субектiлердiн сылтауларына және сырт¬қы жағдайларға байланысты кең ұйымдасқан қылмыстық әpeкeтi оның әр түрлi варианттарында қамтамасыз ете алатын құрылым болып саналады. Қылмыстық әpeкeттi дамыту және жасыру, алы¬натын табысты заңдастыру және молайту, қылмыстық құраманы сол қалпында сақтап қалу логикасы итермелейтiн әр түрлi қыл¬мыстар жасайды. 
«Ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы» федералдық занның жобасында қьлмыстық ұйымға мынадай анықтама берiлген: «Қылмыстық ұйым - а) қылмыстық ұйым не оның басшылық құру; 
ә) Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген қылмыстарды тiкелей жасау; в) қылмыстық ұйым құруды және оның жұмыс iстeyiн қамтамасыз етудiң өзге де формалары бойын¬ша қатысушылар арасында мiндет бөлiнген, бiрлесiп қылмыстық әрекет жасайтын адамдар, не ұйымдасқан топтар, не бандалар». 
Қылмыстық ұйымдар, өздерiнiң қылмыстық әpeкeтiн қорғау мақсатында мемлекеттiк құрылымдармен және азаматтық қоғамның институттарымен, олардың алдына қойылған мiндеттерiн теpic арнаға бағыттап, өзара қатынас орнатуға әрекеттенедi. Осы¬дан барып мемлекеттiк органдар жүйесiнде және кәсiподақтар, шығармашылық одақтар, қауымдастықтар сияқты мемлекеттiк емес салада сыбайлас жемқорлық кең етек алады. 
Қылмыстық әрекет заңды кәсiпкерлiкпен, басқа да қоғам жол беpгeн тiптен қолдайтын қызметпен тығыз айқасып жатады, бұл - халықтың наразылығын тудырмай олардың қылмыстық әpeкeтiн әшкерелеуге едеуiр қиындық тудыpaды. Олар мұқият жасырынады, 'заң шығарушының алдын орағытады, оларың 
қателiктерiн жақсы пайдалады, қолайсыз құқықтық шешiмдерден ертерек caқтaнaды. 
Мұның бәрi, егер мемлекеттiк жүйе тарапынан қателiктер бол¬са ұйым болып сақталып қалуға, тiптен, белгiлi бiр кезеңдерде мемлекетпен жекпе-жекте жеңiске жетуге көмектеседi. 
Қылмыстық ұйымдардың мынадай өзiне тән сипаттары бар: ақпараттар жинау және оларды беру; құқық қорғау институттарын әpeкеттepiн бейтараптандыру, негiзгi әлеуметтiк -экономикалық қызметтердi пайдалану, iшкi құрылымдардың болуы, әрекеттерінің сырттай «заңды» көpiнyi. 
Ұйымдасқан қылмыстық құрамалар саны көбейсе олардың өзара әрекеттесуiнде ықпал ету өpiciн бөлiсу, мемлекетке бiрлесiп қарсы тұру және т.б. проблемалар туындайды. 
Ұйымдасқан топтардың бандалардың қылмыстық ұйымдар¬ды бұл өзара әpeкeттecтiгiн ақпарат алмасуды, құкық қорғау жүйелерiн, өзге мемлекеттiк құрылымдарды және азаматты қоғамның институттарын бейтараптандыру :және пайдалану үшiн, қылмыстық ұйымдардың мұқтаждықтағы функционерлерiне көмек көрсетуде күш жiгердiң бiрiктiрiлуi қамтамасыз eтeтiн қылмыстық қауымдастық пайда болады. 
Қылмыстық қауымдастықтың құрылу негiзiнде бiрлескен ұйымдасқан қылмыстық әрекет негiзiнде құрылатын қылмыстық ұйымдарға қарағанда басқа сипат бар.
Қылмыстық қауымдастықта өзара қарым-қатынасты қылмыс¬тық ұйымдар мен оның элементi болып табылатын қылмыстық топтар жасамайды, осы құрамалардың өкiлдерi немесе тiптен, өзiнше жұмыс icтейтiн кәсiби қылмыскерлер жасайды. 
Қылмыстық қауымдастық ол - басқа қылмыстық құрамалар үшiн жоғары тұрған саты емес, ол өзiнше үйлестiрушi орган, кәсiби қылмыскерлер үшiн онда қылмыстық кәсiподактар кейпi, ал, елдегi саяси процестерге ықпал өте бастаса - партия кейпi бар. 
Қазакстанда қазiргi кезде бiрнеше қылмыстық қауымдастық бар, олар бiрiмен-бiрi қиянкестік соғыс жүргiзуде (өртеп, өлтiрiп кетедi, көпе-көрiнеу атысады және т.б.) 
немесе өзара мәмiлеге келедi. 
«Қылмыстық қауымдастық» терминi қылмыстық құқықта бас¬қаменде қолданылады. Жаңа қылмыстық кодексте қылмыстық қауымдастыққа мүшелерi бiрлесiп қылмыс жасайтын ұйымдас¬қан қылмыстық топтың бiр түpi деп түсініктеме берiлген: « Қылмыстық қауымдастық жасаған деп танылады, егер оны ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшiн құрылған ұйымдас¬қан топ (ұйым) жасаған болса». Бұл - қылмыстық заңның крими¬налдық шындықты дәл көрсете алмауының мысалы. «Ұйымдас¬қан қылмыспен курес туралы» федералдық занның жобасында мынадай анықтама берiлген: «Қылмыстық қауымдастық - ұйым¬дастырушылардың немесе басшы немесе қылмыстық ұйымдардың басқа мүшелерiнiң немесе ұйымдасқан топтардың немесе бандалардық немесе тиiстi құрамалардың немесе адам¬дардың қылмыстық әpeкетін үйлестіру, қолдау, дамыту жөнiндегi шараларды бiрлесiп дайындайтын не iскe асыратын адамдардың немесе қылмыстық әрекетпен айналысатын адамдарға, ұйымдас¬қан топтарға, бандаларға, қылмыстық ұйымдарға қолайлы жағдай тудыратын, сондай-ақ көрсетiлген мақcaттa ауыр қылмыстар жа¬сауды ұйымдастыратын адамдардың бiрлестiгi». 
Қылмыстық қауымдастық қылмыстық ұйымға толқтай айна¬луы немесе оның кейбiр сипаттарын иемденуi мүмкін. 
Ұйымдасқан қылмыскерлiк - кең ауқымда қылмыстық әpeкeтi бар және ондай әрекет үшiн қолайлы жағдай жасаған, осы құра¬маларға, олардың әpeкeтiнe және сыртқы өзара әpeкeттecтiктepiнe қызмет етуде басқарушылық және басқа функциялары бар өз құрылымдарын да, мемлекеттiк құрылмдаp мен азамaттық қоғамның институттарын да пайдаланатын ұйымдасқан қылмыстық қызметтің күрделi жүйесi. 
«Жүйе» ұғымы ұйымасқан құрамалардың жай көптiгiн ғана білдiрмейдi, сонымен қатар олардың органикалықұ бүтiндiгiн, олар¬дың арасындағы әр сипаттағы тұрақты өзара байланыстың оның дамуы, қылмыстық табыстың задастырылуы және молаюы үшiн құрлым қолайлы жағдайдың бар екендiгiн де көрсетедi. 
Ұйымдасқан қылмыскерлiк өзiнiң экономикасы, әлеуметтiк әрі рухани саласы бар, өзiнiң басқару , қауiпсiздiк, жас ұрпақты қалыптастыру жүйесi, юстициясы, 
өзiнiң iшкi және сыртқы саясатысы бар балама қоғам. Ол, шын мәнiнде, мемлекет, азаматтық қоғамның билеушi институттары, дiн ресми таныған және қолданған жүйеде орын тепкен балама болғантықтан, ic жүзiнде, жалпы адам қоғамы құрылымдарының бiрi болып табылады, тиiсiнше, «ресми» қоғам дегенмен өзара әрекеттеседi. Олардың арасында 
шындық да қатаң шекара жоқ: ұйымдасқан қылмыскерлiк өзiнiң шытырылған тұлғалары арқылы әр түрлi заңы қатынастар жасайды; өз қатарына тарту, өз қатарын толықтыру мақсатында халықтың әр түрлi әлеуметтiк топтарының мұқтаждығымен және мүддесiмен санасады; қылмыстық әрекеттiк тұрақты және белсендi мүшлерiмен кей кездерi немесе бiр-ақ рет қарым-қатынас жа¬сайтындарда болады; 
Мұндай жағдайларда әр түрлi жеке және заңды тұлғалар «көзжұмбайлық.» жасайды, олар бiр «сүйкiмдi» адамдарға қызмет көрсеттік деп ойлайды, бұл адамдардың қыллмыстық құрылымдарда тұратындығын немесе оларға байланысты екендiгiн бiлмейдi.




7-Дәріс. Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарға қатысушы қылмыскердiң жеке басы.

Дәріс жоспары:

1.Қылмыскердің жеке басын талдау

2.Қылмысқа қатысудағы басты шарт

3.Қылмысқа  қатысушылардың әрекеттерін квалификациялау



Ұсынылатын әдебиеттер:

Дәріс тезистері.

Қылмыскердің интеллектуалдық-рухани сапа жиынтықтарына, оның физикалық, және рухани жағдайына тән негізгі болмыстық қасиеттері мен ерекшелік құрылымына негізделеді.

Қылмыскердің жеке басын талдау, ол жасаған әрекетті, соның ішінде жеке басының болжауын құзыретпен бағалауды қамтамасыз ету үшін шешуші болып табылады. Қылмыскердің жеке басы туралы жан-жақты және терең ұғынушылыққа қол жеткізу мақсатында, талдау тек қылмысты жасау уақыты мен зерттеу кезеңіндегі жайды ғана емес, сондай-ақ тексерілушінің дамуын да қамтуы қажет. Бұл жағдайда қылмыстың жасырын сарыны да, сондай-ақ психологиялық-психиатриялық ерекшелігі де тең жағдайда есепке алынуы тиіс. Өйткені қылмыскердің жеке басы мен қылмыс өзара байланысты болғандықтан, қылмыскер тұлғасы туралы криминалистикалық жұмыстар аясында алынған тиісті мәліметтер, қылмысты тексеру бойынша қызметтің бір бөлігін білдіреді.

Қылмысқа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстың зардабының өзра байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар.Қылмысқа қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады.Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепші болады.Мұндай себепші болу қылмысты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады.Субьективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.

Қылмысқа қатысу – барлық қатысушылардың бірыңғай қылмысты нәтижеге жетуі үшін бағытталған, ортақ қылмыстық ниетінің болуын білдіреді.Қатысушылардың мінез-құлқының, ниеті мен мақсатының бір-біріне сай келуі де, келмеуі де мүмкін.Мысалы: кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі қызғаныштан, екіншісі кек алушылықпен, ал басқа біреуі пайдакүнемдік ниетпен әрекет жасауы мүмкін.

Қылмысқа қатысудағы басты шарт – барлық қатысушылар қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, әр түрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмысты жүзеге асыруы үшін өздерінің қылмысты әрекеттерін білдіреді.

Ұйымдасқан топқа қарағанда қылмыстық сыбайластық арқылы істелетін қылмыстың зияны да, қауіптілігі де орасан зор. Ұйымдасқан топқа қарағанда қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) айырмашылығы бар. Қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) құрылу мақсаты – ауыр немесе ерекше ауыр қылмысты істеу қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылдану және оны күн көріс көзіне айналдыру.Ұйымдасқан топ қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылданбайды, үнемі шұғылданса ондай топ қылмыстық сыбайластыққа айналып кетеді.Сол сияқты қылмыстық сыбайластыққа бір топ адам, бірнеше ұйым қылмысты әрекеттермен шұғылдану үшін тұрақты құрылымға бірігеді, ұйымдасқан топпен қылмыс істеуде мұндай белгі болмайды.

Қылмысқа айдап салушыдан қылмысқа көмектесушінің айырмашылығы мынада: қылмысқа айдап салушы, орындаушыны қылмыс істеуге көндіретін болса, ал көмектесуші қылмыс істеуге өздігінен бел байлаған адамға ақыл-кеңес, нұсқаулар беру арқылы оның қылмыс істеуге, істелген қылмысты жасыруға деген сенімін нығайтады. Бұл жерде қылмысқа көмектесуші субьективтік жағынан орындаушының істейтін қылмысының мәні жөнінде толық хабардар болса, одан туындайтын зардапты күні бұрын болжаумен бірге қылмысты орындаушының істейтін іс-әрекетіне өзінің себепті байланысының болғандығын толық сезеді және соны тілейді.Заң бойынша күні бұрын қылмыс істегенге дейін немесе қылмысты істеу барысында уәде беріп қылмысты жасырушылық қылмысқа көмектесудің бір түрі болып табылады. Егер қылмыс аяқталғаннан кейін оған көрсетілген көмек қылмысқа көмектесушілік емес, бұл іс-әрекет қылмыстық  заңда көрсетілген жағдайда, қылмысты жасырушылық ретінде сараланады.

Қылмысты  ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) арқылы бірнеше қылмыс істегендерге жаза әр қылмысы үшін бөлек тағайындалады, жазаларды түгелдей немесе ішінара қосу жолымен заңның ауырлау жаза белгіленген бабындағы шектен асырмай, жазаны қорытып бірақ тағайындайды. Бұл осындай ауыр қылмыс түрін істегендерге лайықты жаза тағайындаудың кепілі болып табылады. Яғни, осыған орай жаза тағайындағанда қылмысқа бірге қатысушының әрқайсысының атқарған рөлін, кінәсінің деңгейін, істеген қылмысының мәні мен сипатын, қылмыскердің тұлғасының ерекшелігін қатысушылардың жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай толық есепке алынуы керек.

Қылмысты жасырушылық, қылмысты хабарламау және қылмысқа жол берушілік қылмыстық құқық теориясында қылмысқа жанасушылық деген ұғымды құрайды. Бұл ұғымның қылмысқа қатысудан өзгешеліктері де ерекше. Қылмыстық заңда қылмыстық жанасушылыққа өзіндік ұғым берілуі және оған кінәлі адамдарға жауаптылық белгіленуі бұл тұрғыдағы қылмыстарды қылмысқа бірге қатысудан дәлме-дәл ажыратуға, сондай-ақ заңдылықты нығайтуға толық мүмкіндік береді.

Қылмысқа жанасушылық қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеуге өздері қатыспаған адамдардың сол істелген қылмысты жасыру, істелгелі жатқан немесе істелгені, анық қылмысты хабарламау туралы қасақана іс-әрекеттері немесе заң бойынша қылмысқа қарсы күрес жүргізуге міндетті адамдардың қылмысты әрекет туралы тиісті орындауға хабарламауы, я болмаса, сол әрекеттерге кедергі келтірмейтін әрекетсіздіктері деп белгіленеді.

Қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстык жауапқа тартылады.

Қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толған адамдар кісі өлтіргені (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (103-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа орташа ауырлықтағы зардап келтіргені (104-бап 2-бөлігі), зорлағаны (120-бап), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (121-бап), адамды ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап), кісі тонағаны (178-бап), ұрып-соққаны (179~бап), қорқытып алғаны (181-бап), терроризм (233-бап), адамды кепілге алу (234-бап), террорлық акті туралы біле тұра көрінеу өтірік хабарлағаны (242-бап), қару-жарақты, өқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылығы (257-бап 2,3-бөлігі), тағылық (258-бап), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүддесін және олардың жерленген жерлерін қорлағаны (275 бабы 2-бөлігі), көлік кұралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (299-бап) үшін қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.

Қылмыстық құқық теориясында, қылмысқа  қатысушылардың әрекеттерін квалификациялау  жайында ғалымдардың  арасында бір-біріне қарама-қарсы пікірлер кездеседі, солардың  бірі ұйымдасқан топтың қатысушыларының қылмысқа қатысудағы ролі және олардың әрекеттерін бағалау жайында. Ұйымдасқан топқа қатысушылар, осы топтың мүшелері болып табыла ма, әлде қатысушылары болып табыла ма деген сұрақ туындайды.

Бұрынғы және қазіргі уақыттарда осы мәселені қарастырған ғалымдар ұйымдасқан топтың барлық мүшелері қылмысты бірге орындаушылар болып табылады және олардың пікірінше қылмыстық кодекстің 17-ші бабына сілтеме жасалынбауы керек. Бұған қарсы көзқарастар да бар. Мысалы Ушаков А.В. “Ұйымдасқан топқа оған кірген адамдар қылмысты бірге орындаушылар емес, осындай топтың қатысушылары болып табылады” – дейді. А.В. Ушаковтың пікірінше ұйымдасқан топқа кірген адамдар қылмысқа қатысушылар болып есептеліп, ұйымдастырушылық, айдап салушылық, көмектесушілік әрекеттер жасаған жағдайда 17 баптың осындай рольдер қарастырылған тиісті бөлімдеріне сілтеме жасаулануы керек. Осындай бағытты 2001 жылы қабылданылған «бандитизммен және басқа да қатысушылықпен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық туралы заңдарды соттардың қолдануының кейбір мәселелері жөніндегі» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы да келтіреді. Бұл қаулының 15 пунктінде «ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастықты құрған немесе ұйымдастырған адамдардың  әрекеттері ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптарымен және қылмысты орындауға тікелей қатыспаған жағдайда 28 бапқа сілтеме жасай отырып квалификациялауы керек» деген [74].

Біздің пікірімізше бұл мәселе бір жақты шешілмеуі керек. Ұйымдасқан топпен қылмыстық қауымдастық туралы тікелей жауапкершілікті қарастыратын Қ.К. 235 баптың 3 бөлімінде ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық қауымдастықтың қатысушылары туралы жауапкершілікті қарастырған. Міне осыдан барып, қатысушылар кімдер бола алады немесе қатысушы болуы үшін ұйымдасқан топқа кіруі немесе мүше болуы шарт па және ұйымдасқан топқа мүше емес, қатысушылар да бола ма деген сұрақ туындайды.

Бір байқалатын жәйт ұйымдасқан топқа қатысушылар кей жағдайларда әр түрлі деңгейде қатысып, қылмыстың қосалқы қатысушылары ретінде көріне алады. Яғни біркелкі айдап салушылық, көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен шектеледі. Кейбір ауыр немесе аса ауыр қылмыстар  болып саналатын ұйымдасқан топтар және қылмыстық қауымдастық түрлері, (мысалы бандитизм, т.б.) ұйымдастырушылық, жетекшілік етумен қатар қатысушылықты да тиісті баптың өзінде тікелей көрсетеді. Сот тәжірибесі материалдарына жүгінсек қылмысқа қатысушылар әр түрлі әрекеттер орындау түрімен кездесе береді. Кейбір қатысушылар қылмыстың объективтік белгілерін толық немесе ішінара орындап отырса, ал кейбір қатысушылар үнемі көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен ғана шектеледі. Мысалы Абдрахманов бастаған бес жігіт Омскіден Алматыға қылмыстар жасау мақсатымен келген. Олардың бандиттік шабуылына жергілікті Поцелуева деген қыз үнемі тонауға болатын үйлерді көрсетіп отырады. Тергеу органдары Поцелуеваның әрекеттерін (бұл бұрынғы заңның кезінде болған қылмыс) ҚК 17 бабының көмектесу шілікті қарастырған бөлімімен және 63 (бандитизм) бабымен саралаған. Адам үнемі көмектесу, айдап салу тәрізді әрекеттерді орындаса, олардың әрекеттері ҚК 28 бабына сәйкес келіп, сол бап арқылы сараланатыны белгілі жайт. Практикада мұндай жағдайлар кездескенде тергеу органдары ол қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін 28 бапқа сілтеме арқылы бағалап жатады.

Заң кей қылмыстарда қатысушылықты тікелей сол бапта көрсеткенде, оларды қылмыстың орындаушылары ретінде ұғынуды немесе бағалауды ұсынады. Ұйымдастырушы мен жетекшіден басқалар, яғни қатардағы мүшелері қатысушылар болып табылады. Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастықта қылмыскер үнемі азғырушылық, көмектесушілік тәрізді рольдер орындағанда біз ҚК Жалпы бөліміне сілтеме жасауды дұрыс көрмейміз. Себебі ұзақ уақыттар бойы қылмыстар жасаумен немесе алдын-ала келісім негізінде, мұндай ролдерді орындаушылар осы топтың мүшелеріне немесе орындаушыларына айналады.

Демек, қылмыстық заңның өзінде қатысушылық тікелей көрсетілген жағдайда үнемі болса да біркелкі көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаушылар қылмысты қатысу арқылы орындайды. Бұларды орындаушылардың бір түріне жатқызу себебіміз, біріншіден қатысу белгісі нақты қылмыстарда кездесіп отырады, екіншіден, әдепкі келісім бойынша біркелкі әрекеттерді орындап отыруға міндеттенуі мүмкін.

Мұндай жағдайда оларды осы топтың мүшелері ретінде бағалау керек. Біздің пайымдауымызша “қатысушылар” деген ұғымға қарағанда “мүшелер” деген ұғымның көлемі кең. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың мүшелеріне қатардағы қатысушылардан басқа, осы топтың ұйымдастырушылары, жетекшілері түгел жатады.

Осы себептерден ұйымдасқан топқа, қауымдастыққа қатысушылардың кейбіреулері қылмысты қатысу түрінде орындауы мүмкін. Мұндай жағдайда ол қатысушылар осы топтың мүшелері болып табылады.

Мынадай жағдайлар болады. Мысалы кейбір адамдар ұйымдасқан топтың немесе қауымдастықтың жасаған бір қылмысына ғана қатысуы мүмкін. Бір немесе екі рет ғана көмектесушілік тәрізді қызмет көрсетіп, одан кейін бұл топтың қылмысына араласпауы мүмкін.

Мұндай қылмысқа қатысушыларды қалай қауымдастықтың, ұйымдасқан топтың мүшесіне жатқызасыз? Біздің пікірімізше, егер ұйымдасқан топтың мүшесі болмай, белгілі-бір қылмыстың эпизодтарына ғана көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен қатысса, онда олардың әрекеттері қылмысқа көмектесуші түріндегі қатысушылық деп бағаланып, Қ.К. 28 бабына сілтеме жасалынуы керек.

Ойымызды қорыта айтқанда, ұйымдасқан топқа қатысушылықтың мүшелері екі түрге бөлінеді. Біріншілері қылмыстың объективтік жағын тікелей орындаушылар. Екіншілері қылмысты тікелей орындамай, үнемі азғырушылық, көмектесушілік тәрізді рольдер атқару арқылы қылмысқа қатысу түріндегі орындаушылар. Бұлардың әрекеттерін Қ.К. 28 бабына сілтеме жасамай квалификациялаған дұрыс, өйткені тұрақты түрде қылмыстылықпен айналысатын топтың мүшесі болуына байланысты олардың қоғамға қауіптілігі қылмысты тікелей орындаған адамдардан төмен болмайды. Осы пікірімізді Ресей қылмыстық кодексінің түсіндірмесімен салыстырсақ, олардың түсіндіруімен сай келеді.

Айдап салушы, көмектесуші осындай ролдерді орындаумен шектелмей, басқа да қатысушылармен бірге қылмысты орындауға тікелей қатысса, онда олар қылмыстың тікелей орындаушысы ретінде танылып, іс-әрекетті квалификациялағанда тек қана Қ.К. Ерекше бөлімнің баптары ғана қолданылуы керек.

Ұйымдасқан қылмыстық топ, қылмыстық қауымдастық кінәні ауырлататын құрам ретінде де заңда бейнеленген. ҚР ҚК 235 бабында ұйымдасқан қылмыстық топты, қылмыстық қауымдастықты құрғаны, жетекшілік еткені және басқа адамдардың осындай топтардың қылмысты әрекеттеріне қатысқандығы үшін жауапкершілік қарастырылған.

Бұл жерде қылмыстық кодекстің 31 бабында түсінігі қарастырыла отырып, Ерекше бөлімі де неліктен жеке бап ретінде арнайы қарастырылады деген сұрақ туындайды? Жалпы бөлімде қарастырылған қылмысқа қатысушылық формаларының түсінігі Ерекше бөлім нормаларына толық тарала ала ма немесе толық тарала алмаса бірлесіп қылмыс жасау түріне оның маңызы қаншалықты деп мәселе қою керек.

Ғылымда, оны жетілдіруде шек жоқ. Әйтсе де қоғам  дамуымен бірге ол қоғамның ғылымы да дамиды, оны тұрақты, тиімді, қисынды түрде шешу керек. В.Н.Кудрявцев “құқықтың жалпы мәселелері мен қағидаларын терең зерттеу әділ соттың заңға сәйкес жүргізілуіне жағдай жасайды. Осындай жалпы мәселелердің біріне қылмысты квалификациялау мәселесі жатады”, - деп қисынды айтады.

Қылмыстық құқықта ғалымдардың арасында дау тудырған мәселенің бірі, бұрынғы қылмыстық заңның 17 бабындағы қылмысқа қатысушылықтың Ерекше бөлімге жалпы норма ретінде таралуы туралы болып табылады.

Алғашқы рет бұл мәселе, М.Д. Шаргородскийдің “қылмысты бірге орындаушылықтың да және қылмысты топ болып жасау шылықтың да қылмысқа қатысушылыққа қатысы жоқ. Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімінің баптарында, топ адамдардың қылмысты істері жөнінде әңгіме болғанда қылмысқа қатысушылық емес, тек бірнеше адамдардың кей жағдайларда ғана қылмыс жасауы айтылады” – деген көзқарасымен басталды.

Мұнан кейін шыққан еңбектердің ішінде Ф.Г. Бурчак Қ.К. 17бабын, әр түрлі роль бөліп қылмысты жасауға ғана қолдануды ұсынған. Ол тағы бір еңбегінде “Жалпы бөлімдегі қарастырылған қылмысқа қатысушылық түсінігіне, жауапкершілігі Ерекше бөлімде тікелей көрсетілген, топ болып жасалатын қылмыстар құрамында қосуға болады. Бірақ бұл Жалпы бөлім нормаларының Ерекше бөлімге әмбебаптығына (универсальность) негіз бола алмайды” – дейді

Қ.К. 17 бабының Ерекше бөлімге таралуы жайында П.Ф.Тельнов “Қ.К. Ерекше бөлімінде көрсетілген бірлесіп жасалатын қылмысты әрекеттердің барлығына 17 бап жалпы сипаттағы норма болып табылады”,- дейді. Сөйтіп, осы көзқарасты жақтайтындарға қосылып, Қ.К. 2 бабының 3 бөліміне орай қылмыстық кодекстің Жалпы бөлім нормалары Ерекше бөлімде қарастырылған барлық қылмыстарға таралатынын келтіреді.

Осы пікірді жақтаушылардың бірі Н.Г. Иванов Қ.К. 17 бап ережесі бірлесіп жасалатын қылмыстарға барлық жағдайда жалпы нормативтік ереже болып табылады - дейді.

Сонымен 17 бап Ерекше бөлімге жалпы ортақ норма болып саналмайды деушілер қылмыстық заңдағы 8 баптың, яғни қасақаналық ұғымының жалпы бөлімде қаралғанымен Ерекше бөлімнің барлық баптарына, дәлірек айтқанда абайсызда жасалатын қылмыстарға қатысы жоқ екенін келтіріп дәлелдеген болады.

Зерттеушілердің көпшілігі Қ.К. Жалпы бөлім нормаларының Ерекше бөлім нормаларына таралуына күмән келтірмей, Жалпы бөлім нормаларының көпшілік жағдайларда Ерекше бөлімге ортақ болу себебінен бөлініп шығарылғанын айтады. Яғни, соның бірі қасақана жасалатын қылмыстар үшін ортақ норма – Жалпы бөлімде көрсетілген 27 бап.

ХVIII ғасырға дейін қылмыстық заң Жалпы және Ерекше бөлімге бөлінбегені, тек нақты қылмыстарды анықтайтын жеке қылмыстық заңдардан құралғаны белгілі. Мұндай бөлу қылмыстық заңның дамуы нәтижесінде пайда болған. Бұл бөлу қажетті болды, себебі ол біріншіден заң актілері жиынтығындағы жалпыға ортақ жағдайларды жеке бөлетін еді де, екіншіден құқық қорғау қызметімен айналысатын заңгерлерге бұлай жұмыс істеу ыңғайлы еді. Соның нәтижесінде қылмысты жасау кезеңдері, қылмыстық жауаптылықты шектейтін жағдайлар, қылмыс жасаудан бас тарту тәрізді нормалар бөлініп шықты. Сондықтан да В.Н. Кудрявцев осы мәселе жайында “Жалпы бөлімде қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің, барлық құқықтық нормаларына немесе олардың көпшілік бөлігіне қолданылатын қағидалар мен негізгі ережелер қарастырылады” деп көңілге қонымды пікір келтірген. Бізге бұл мәселе жайында пікір айту үшін, жүйеге бөлу қажеттілігінен пайда болған заң құрылысын түсіндіруге тура келеді.

Барлық құқықтық институттар жүйелік сипатта деп сенімді түрде айтуға болады, ал құқық бұл жоғарғы деңгейдегі жүйенің бір түрі.

Бізге алдымен жүйе неден құралатынын анықтау керек.

Ең алдымен жүйе дегеніміз бір заттағы көптеген өзара қатысты элементтердің ерекшелігі және жиынтығы. Демек, жүйе бұл ең алдымен біртектес элементтердің көптігі. Осы жәйтті терең зерттеген А.Н. Аверьяновтың түсінігі бойынша “Егер жүйе дамуы кезінде элементтер айтарлықтай күрделі болса, онда оның ішінде жеке-жеке топтар құрылады. Топтың ішіндегі элементтердің өзара байланысы мен топтардың бір-бірінің арасындағы байланыстардың айырмашылығы бар, яғни жүйенің ішінде тағыда кіші жүйелер құрылады”.

Жүйенің ішінде жүйелердің құрылуы – бұл жүйенің бір бөлігі және осы жүйенің ішінде өзінше жеке элементтер болады. Бірақ бұл жүйе әр түрлі белгілерге қарай топтарға бөлінгенімен, кейінгі бөлінген кіші жүйелер бастапқы жүйеден мазмұны бойынша алшақ кетпейді.

Себебі, түптеп келгенде бұл бір тектес заттардың немесе белгілердің жиынтығы болып есептеледі.

Осы тұрғыдағы таным түрімен зерттегенде, қылмысқа қатысушылық түрлері және қылмысқа қатысу формалары да жаңағы жоғарыда келтіріп отырған негізі бар, бірақ ерекшелігіне қарай түзілген кіші жүйелерге ұқсайды. Сондықтан, Жалпы бөлімде қарастырылған қылмысқа қатысушылық түсінігі Ерекше бөлімде көрсетілген қасақана бірлесіп қылмыс жасаудың барлық түрлеріне ортақ, ереже болып есептеледі. Сол себептен де қылмысқа қатысу мәселесі Жалпы бөлімге енгізілген. Ал, енді осы мәселенің шешуі ретінде айта кететін негізгі жайт, біздің жоғарыдағы зерттеу бағытымыз бойынша, негізгі жүйе, 27 баптағы қылмысқа қатысушылық түсінігі болады да, одан жеке ерекшелігі бойынша бөлінетін кіші жүйелер немесе түрлер Ерекше бөлімнің жеке баптарында көрсетілген қылмысқа қатысушылық түрлерінің ортақ белгісі екі немесе одан көп адамның қасақана түрде бірлесіп әрекет етуі болады, оларды бір-бірінен ажырататын белгі әр қылмыс түрінің жасалу табиғаты немесе әр қайсысының өзіне тән объективтік жақ белгілері болып табылады. Жаппай тәртіпсіздік, қарулы бүлік, банда т.б.осы тәрізді қылмыс түрлері бұған мысал бола алады. Мұндай қылмыс түрлерінің Ерекше бөлімде көрсетілуі жоғарыда жүргізілген зерттеуіміздің дұрыстығын дәлелдейді. Онда жүйе одан әрі жүйелерге бөлінгенде, әр бөлінген жүйенің басқаларынан ерекше қасиеттеріне, яғни ерекше элементтеріне қарай түзілетінін айттық. Қылмысқа қатысушылықта да осы. Банда немесе жаппай тәртіпсіздік неліктен Ерекше бөлімде жеке қылмыс ретінде көрсетілген? Себебі бандитизмнің де, жаппай тәртіпсіздіктің де т.б. бір-бірімен қылмысқа қатысушылық ұғымына келетін ұқсастықтары болғанымен, әр қайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол ұқсастықтар бұл қылмыстардың сандық белгісіне қарай болып табылады. Мысалы банда қылмысында екі немесе одан көп адам қатысуы міндетті белгі болса, ол белгі қылмысқа қатысушылықтың түсінігінде аталады. Бірақ осы белгі банда үшін шартты, міндетті белгі болғандықтан, Қ.К Ерекше бөлімінде көрсетпеске жол жоқ. Жаппай тәртіпсіздікте де, заңсыз әскери құрама құруда, бандитизмде де осы сандық белгі міндетті белгі болғандықтан жеке құрам ретінде көрсетіледі. Бұлардың басты ерекшелігі, ол Ерекше бөлімдегі қылмыстар бір адаммен де, көп адамның қатысуымен де жасала алады. Ал, бұл қылмыстарды, яғни бандитизмді, жаппай  тәртіпсіздік тәрізді қылмыстарды бір адамның жасауы мүмкін емес. Сондықтан бірнеше адамның бірлескен әрекеттері бандитизм сияқты қылмыстарға міндетті белгі болғанда және ол қылмыстар  қылмысқа қатысушылықтың жеке бір жағдайын білдіре отырып, қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде жеке бапта көрсетілу мүмкіндігіне ие. Бұл мәселе ертеде - ақ анықталған жәйт. С.В. Познышев бір еңбегінде, “кей қылмыстар өз табиғатынан бірнеше адамдардың қатысуын қажет етеді (мысалы бунт, дуэль)” деген дұрыс пікір келтіреді.

27 баптағы қылмысқа қатысушылықтың түсінігі бұларға да ортақ және Ерекше бөлімде қарастырылған кез-келген қылмысқа қатысушылықпен жасалатын әрекеттер 31 баптағы бір формаға белгілері бойынша міндетті түрде сәйкес келуі керек. Жалпы бөлімнің институттары өзіміз білетіндей, Ерекше бөлімдегі қылмыстарға барлық жағдайларда таралмай, тек Жалпы бөлім институтының белгісі қылмысты әрекеттерде орын алғанда ғана таралады.

Бұл мәселені қорытындылай айтқанда, қылмысқа қатысушылық түсінігіне Ерекше бөлімдегі барлық бірлесіп қылмыс жасау түрлері енеді. Ал сандық белгі кей қылмыстар үшін міндетті белгі болған жағдайда және осы қылмыстар Жалпы бөлімдегі қылмысқа қатысушылық формасының біріне жатқанымен, Ерекше бөлімде жеке бап ретінде бөлінуі дұрыс. Мұндай жағдайда Жалпы бөлімнің 31 бабындағы қылмысқа қатысушылықтың формасы  Ерекше бөлімге таралмайды. Өйткені, Ерекше бөлімдегі бірлескен түрде жасалған қылмыстар, қылмысқа қатысушылықтың түрлері болып саналады. Бұл қылмысқа қатысушылық түрлері  қылмысқа  қатысу формаларының біреуіне міндетті түрде  сәйкес келуі керек. Бұл ҚР ҚК  31 бабына қойылатын негізгі талапты  білдіреді.

Енді ҚР. ҚК. 235 бабындағы ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру немесе оған жетекшілік ету және қылмыстық қауымдастыққа қатысу деген қылмыс түрін алайық. Мұндағы заң диспозициясы үш әрекетін: ұйымдастыру, жетекшілік ету, сонымен қатар қатысудан құралады. Бұл бапта жеке қылмысқа қатысушылық түрі жоқ тәрізді, себебі мұнда 31 баптың 3 және 4 бөлімдеріндегі қылмысқа қатысушылықтың формалары келтірілген. Қылмысқа қатысушылық түрі жоқ сияқты деу себебіміз, ұйымдасқан қылмыстық топтың және қылмыстық қауымдастықтың түсінігін ашатын белгілерде жеке қылмысты білдіретін ерекше белгілер кездеспейді. Ұйымдасқан қылмыстық топ және қылмыстық қауымдастық формасында Ерекше бөлімдегі қасақана қылмыс түрлері жасалады. Ұйымдастыру, қатысу тәрізді белгілер де кез-келген қасақана жасалатын қылмыстарда кездесе алады. Бұлай болғанда, қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде мұндай бап болмауы керек сияқты.

Ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастық құрылып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасап үлгермесе, мұндай жағдайға бұрын заңда арнайы норма болмаған. Ұйымдасқан топты және қауымдастықты құру әрекетінің өзі қылмыс жасағандық  білдіре алады, себебі қылмыстық құқық қылмыстылықпен айналысу үшін мұндай тұрақты топтардың құрылуының өзін аяқталған қылмысты әрекет ретінде тайынды. Бірақ қылмыстық заңның Жалпы және Ерекше бөлімдерінің өзара байланысын ескере отырып айтсақ, онда ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық үшін ҚК Жалпы бөлімнің 31 бабында түсінік берілген. Сондықтан Жалпы бөлімнің жекелеген институттары Ерекше бөлімде көрсетілуге жатпайды.  235 бабта табиғатынан екі немесе одан көп адамның қатысуымен ғана жасалатын жеке қылмыстың белгілері  болмағанымен, оның  бүгінгі  заңда  өмір  сүруінің  себебі, біріншіден, ол ұйымдасқан қылмыстық топ және қылмыстық қауымдастық құрылып, бірақ ешқандай қылмыс жасап үлгермеген жағдайы үшін және екіншіден, Ерекше бөлімнің  баптары  ұйымдасқан топпен, қауымдастықпен қылмысты жасауды жауаптылықты ауырлататын құрам түрінде арнайы қарастырмағанда жауапкершілік қолдану болып табылады. Бұл турасында Қылмыстық кодекске берілген түсіндірмелерде де  осындай бағыттағы түсіндірме берілген. Онда қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) ұйымдастыру үшін жауаптылықты қарастыратын бабты түсіндіре отырып, «Қылмыстық қауымдастықты құру және ұйымдастырушылардың, жетекшілердің немесе басқа да ұйымдасқан топтар өкілдерінің бірлестігін құрып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасамаса да қылмыстық ұйымды нақты құрған кезеңінен бастап аяқталған қылмыс болып табылады”.

Демек, қылмыстық қауымдастықты құру арқылы қылмыстар жасауға дайындық кезеңінің өзі Ерекше бөлімдегі тұрақтылық белгісімен сипатталатын және ұйымдасқан топ немесе қауымдастық арқылы қылмыстылықпен айналысу ауырлататын құрам түрінде қарастырылған қылмыстарда аяқталған қылмысты құрайды және іс-әрекет 24 бапқа сілтеме жасалынбай Ерекше бөлімнің баптарымен квалификациялады. Егер ұйымдасқан топ, қауымдастық құру Ерекше бөлімнің баптарында ауырлататын құрам ретінде келтірілмесе, бірақ осы қылмыстарды жасау мақсатында тұрақты қылмыстық топтар құрылса, онда 31 баптың 6 бөліміне сәйкес, қылмыс жасауға дайындалу ретінде бағаланып, іс-әрекет 24 бапқа сілтеме жасау арқылы квалификациялады. Бұл турасында Ресей федерациясының қылмыстық кодексінің түсіндірмесінде біздің осы шешімімізді құптарлық түсіндірме келтірілген. Онда қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) ұйымдастыру үшін жауаптылықты қарастыратын 210 бапты түсіндіре отырып, “Қылмыстық қауымдастықты құру және ұйымдастырушылардың, жетекшілердің немесе басқа да ұйымдасқан топтар өкілдерінің бірлестігін құрып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасамаса да қылмыстық ұйымды нақты құрған кезеңінен бастап аяқталған қылмыс болып табылады”, - дейді. Демек, қылмыстық қауымдастықтың қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі белгілі бір қылмыстарды жасауға дайындық кезеңінің өзі аяқталған, жасалған қылмысты құрайды. Әдетте, келте (усеченный) құрамдарда қылмыстың бастапқы кезеңдері үшін ҚК Жалпы бөлмінің 24-нші бабына сілтеме жасалынбайды. Себебі сол дайындық, оқталу әрекеттерінің өзі мұндай құрамдарда қылмыстың жасалынғандығын білдіреді. Ал жоғарыда аталған Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің түсіндірмесінде әрі қарай “қылмыстық ұйымдардың пайда болу кезеңін қылмысқа даярланғандық немесе оқталғандық ретінде қарастыру керек”, - дейді  [111. 364].

А.В. Наумовтың мұндай пікіріне келісу қиын. Өйткені нақты (фактический) қылмыс ойға алынған әрекеттерді жасағаннан, мақсатына жеткеннен кейін аяқталса, заң түрінде (юридический) қылмыскердің ойға алған мақсатына дейін аяқталып жатады. Мысалы келте немесе формальды құрамдарда. Біз әрине қылмысты квалификациялағанда, оның аяқталу кезеңін заң бекіткен, анықтаған кезеңмен аламыз. Қорыта айтқанда, бұл баптың заңда болуы біздің жоғарыдағы зерттеуіміздің дұрыстығын дәлелдейді. Яғни Ерекше бөлімде бірнеше адамдардың қатысуымен ғана жасала алатын жеке қылмыстар ғана емес, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық тәрізді екі немесе одан көп адамдардың қатысуы қажетті белгі болатын қылмысқа қатысушылық формалары жоғарыдағыдай жағдайлар негізінде қылмысқа  қатысудың бір түрі ретінде жеке бап ретінде көрсетіле алады. Қазіргі заң қолдану жұмысы бойынша, егер қылмыстық қауымдастық және ұйымдасқан қылмыстық топ құрылғаннан кейін бірнеше қылмыстар жасаса, онда барлық жасаған қылмыстар үшін және 235 бабының тиісті бөлімдеріндегі әрекеттерді жасағандығы үшін жауапқа тартылады. Мысалы 1995 ж. 22 желтоқсандағы қорқытып алушылық туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы ҚР Жоғарғы сотының №11 қаулысының 8 арашасында, егер қорқытып алушылықты, ұйымдасқан топты немесе қылмыстық қауымдастықты құрған адам, сондай-ақ оларға басшылық еткен адам жасаса, онда олардың әрекеттерін ҚК 76-7бабының (қазіргі Қ.Р. ҚК 181-нші бабы) екінші бөлімнің 8 тармақшасымен және 63-2 (қазіргі ҚР ҚК 235-нші бабы) тиісті бөліктері бойынша квалификациялауды ұсынады [116]. Сол 2001 жылы 21 маусымда  шыққан ҚР Жоғарғы Сотының “Соттардың  бандитизм және  қылмысқа  қатыса  отырып басқа  қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік  туралы заңнаманы  қолданудың  кейбір мәселелері туралы” № 2  нормативтік  қаулысының 15 тармақшасында  осындай бағыт келтірілген. Онда  “ҚК 31 бабының 5 бөлімінің талаптары  негізінде, ұйымдасқан қылмыстық топты, банданы  немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құрған не  оған басшылық жасаған  адамдардың іс-әрекеттері  тиісінше ҚК 235 бабының 1 бөлімімен не, 2 бөлімімен немесе ҚК 237 бабының 1 бөлімі бойынша және  де сондай-ақ егер оның  ниетімен қамтылса,  ұйымдасқан қылмыстық топ, банда немесе  қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс үшін  жауапкершілік көздейтін ҚК Ерекше  бөлімінің тиісті  баптары бойынша да  дәрежелеуге  жатады”,- делінген. [74].

Біз Қ.Р. Жоғарғы Соты қаулыларының мұндай түсіндірмесін қосымша  түсіндіруге  мәжбүрміз. Біз ҚК 235 бабын ұйымдасқан топтың, қылмыстық қауымдастықтың құрылып әлі ешқандай нақты қылмыс жасамаған кезеңі үшін қолдануды ұсындық. Ал егер ұйымдасқан топ, қауымдастық құрылып қана қоймай бірнеше қылмыстар жасаған болса, 235 бапты пайдалануды ұсынушылар, яғни қылмыстардың жиынтығы бойынша саралауды жақтаушылар бірнеше қылмыстар жасалды, 235 бапта да жаза көрсетілген, сол жазаларды немесе қылмыстарды қосып жаза тағайындау керек дейді. 235 баптағы ұйымдасқан топпен қылмыстық қауымдастықты тек келте құрам ретінде пайдалануды ұсынғаннан кейін, ол барлық ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастық жасаған қылмыстарда қолданылуға негізді себеп болады. Демек қылмыстар жиынтығы ретінде саралауды  қажет  етеді. Біздің пікірімізше ұйымдасқан топ, қауымдастық Қ.К. Ерекше бөліміндегі қасақана қылмыстарды жасап бірақ, оған қатысушылардың әрекеттерін сол бапта ұйымдасқан топ немесе қауымдастық түрінде көрсетілмесе, онда 235 баппен және  сол жасаған қылмысты  қарастыратын баптың  1-бөлімімен саралау керек. Ал жаза тағайындау кезеңінде 235  баптың және жасаған қылмысты  қарастыратын баптың жаза түрі мен көлемі  қолданылады. 235 баптың бірінші, екінші және үшінші бөлімдеріндегі жаза мөлшері де кейбір ауыр қылмыстарға қарағанда аз көрсетілген. Ол жаза, тек қылмыстық қауымдастықты және ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны үшін ғана белгіленген.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған