Глоссарий. Қылмыс бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмы


Қылмыскерлік детерминациясы ұғымы және оның процестері



бет2/7
Дата09.09.2017
өлшемі191.99 Kb.
#19823
1   2   3   4   5   6   7

Қылмыскерлік детерминациясы ұғымы және оның процестері.

  Детерминация – «дерминат», «детерминдеу» сөздерінен туыды ұғым. Латының determinare сөзі «анықтау» дегенді білдіреді.

  «Детерминация» - белігілеу: анықтау процесі. Деттерминаттар немесе «мән - жайлар», «факторлар» туралы себептер мен жағдайлар үшін біріктіруші терминдер ретінде айтады.

  Қылмыскерліктің детерминация процесі байланыстардың әр түрлі нысандарының әр түрлі нысандарының күрделі өзара әрекеттесуі болып табылады;ол күйдің және өзгелердің тек себептік қана емес, сонымен қатар функционалдық, статистикалық байланыстары.

  Функционалдық тәуелдік объективтік сәйкестікті, өмір сүрудегі параллелизмді және үшінші фактоға тәуелді болуы мүмкін екі фактордың өзгергіштерін көрсетеді. Мысалы, аймақта жұмыссыздықтың көбеюі қажетті мұқтаждықты қанағаттандыру үшін ұрлау санының өсуіне және сатып алушылық сұранымның төмендетуіне алып  келеді.

  Статистикалық байланыста бір фактордың таралу сипатының өзгеруі екінші фактордың өзгеруіне тәуелді болады, мысалы,халықтың санының артуына қарай қылмыс санының көбеюі.

  Статистикалық байланыстағы жеке жағдай – корреляциялық тәуелділік. Егер бір құбы лыстың таралуына тікелей пропоционал болса корреляцияда оң сипат болады.

  Қылмыскерліктің қандай да бір басқа құбылыспен  немесе процеспен өзара байланыстық фактісін айқындауды жеткілікті деп санауға болмайды.

  Себептілік – әмбебап өзара әрекеттестік нысандарының бірі ретінде, детерминацияның генетикалық байланысын ғана білдіретін түрлерінің бірі ретінде қаралады.

  Қылмыскерліктің қоғамның детерминдеуінің жалпы тетігін, оның өзін – өзі детерминдеуін және оны тудырған қоғамға қарсы ықпалды схема жүзінде былай бөлуге болады:

1) қарама – қайшылығы, проблемалары бар қоғам, егер әлеуметтік басқаруда қателіктер кетсе қылмыстық емес сипаттағы теріс әлеуметтік ауытқулар тудырады;

2) күрес жеткіліксіз болған жағдайда бұл әлеуметтік ауытқулар, басқа әлеуметтік факторлармен өзара әрекеттесе отырып, қылмыскерлікке, оның дамуына себепкер болады;

3) қылмыскерлікпен тиімсіз  күрес оның жаңа күйіне «Қылмыскерлік-1», -ге алып келеді, нәтижесінде бұл қылмыстар ауырырақ сипаттамаларға ие болады, оларда ұйымдасқандық және әрекеттің бір түрі – порно, - нарко, -алкобизнес;

4) қоғамдағы келеңсіз әлеуметтік ауытқулар күшейеді;

5) мұның бәрі қоғамның сипаттмасына ықпалын тигізеді.

 Қылмыскерлік детерминациясын зерделегенде әлеуметтік детерминизмнің ерекшелігін есепке алу керек.

Криминологиядағы себептілік ұғымы.

  Орыс тілінде «келтіру» сөзі бірдемені «өндіру» мағынасында қолданылады «себептілік – бұл заттар мен құбылыстар байланыстарының бір түрі, бұл – өндіруші, немесе басқаша айтқанда «генетикалық» байланыс, яғни қандай да бір құбылыстың, процестің туындау фактісін анықтаушы байланыс.   Себептілік туралы айтқанда «себеп және салдар», «себептілік – салдарлық байланыстар», «себептілік тізбектер», «себептілік кемендер» және басқа да санаттар пайдаланылады.

Себептік байланыстардың айрықша ерекшелігі  




3-Дәріс. Қылмыстық топтардың пайда болуы механизмдерi және олардың әлеуметтiк-психологиялық белгiлерi

Дәріс жоспары:

1.Қылмыскерлікті әлеуметтік құбылыс ретінде қарау.

2.Ұйымдасқан қылмыстық топ, қылмыстық қауымдастық кінәні ауырлататын құрам ретінде.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Дәріс тезистері.

  

  Қылмыскерлікті әлеуметтік құбылыс ретінде қарау.



     Қылмыскерлікті зерделеу кезеңі мен қылмыскерлікпен күресуді ұйымдастыру кезеңі арасында қылмыскерліктің детерминациясы мен себептілігін айқындау кезеңі міндетті түрде болады.

  Қылмыскерлікті түр – түрімен, оның нақты жағдайларда пайда болуын жан – жақты түсіндіріп беретін қандай да бір жалпы, «негізгі», «басты» себептері жоқ. Қылмыскерліктің себептеріне баса мән бермеу немесе ол жайында аса қолданбау соңғы уақытқа дейін кеңестік криминалогияда орын алды. Кейбір зорлыққа себеп: «әр түрлі сипаттағы дүниеқорлық», «буржуазиялық меншік психалогия» деп санады. Криминологиялық әдебиетте неғұрлым көп таралған, қылмыскерлікті тұындаған әдеттегі мән – жайлар туралы мәліметтер келіреді. Бірақ өзінің әр түрлі көрінісінде және үйлесімінде бұл мән – жайлар қылмыскерліктің сан алуан түрін туындатуы, оның сапалық және сандық сипаттамаларын әр түрлі анықтауы мүмкін.

  Сондықтан да әр түрлі аймақтардағы адамдардың нақты өмір тірлігінің соған дейіңгі күйін әр уақытта талдау керек.

  Қандай да бір мән – жайдың қылмыстық іс – қимылмен байланысын жәй көрсету ғана емес, сол байланыстың сипатын айқындаудың да маңызы зор, мысалы, өзінің қандай нақты көріністерінде, қандай өзге факторлармен жиынтығында және қандай жағдайларда қандай мән – жайда қылмыстық іс – қимылын тұдырады.

Сонымен, қылмыскерлік – біршама дербес, тұтас, қоғамға едәуір қауіпті құбылыс. Ол қоғамның әр түрлі салаларына, әр түрлі қоғамдық қатынастарға тараған. Бұл тұрғыдан алғанда ол  «әлеуметтік» сөзінің кең мағынасындағы әлеуметтік құбылыс.

  Қылмыскерлік қоғамда болады, қоғам оны тудырады.

  Қылмыскерлік – жай әлеуметтік қана емес, әлеуметтік – психологиялық құбылыс, себебі ол адамдарын жеке олардың іс – қимылдарынан, әрекетінен ттысқарыда болмайда. Ол адамдардың жалпы  қоғамға қауіпті іс – қимылын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар қылмыстық – құқықтық тыйымды бұзу лажсыздық емес, ал ситуация шешімінің басқа варианттарына жол беретін жағдайлардағы айыпты іс – қимылды да көрсетеді.Қылмыскерліктің әлеуметтік мәні қандай? Мұндай сұраққа Ф. Энгельс өзінің «жұмысшы жағының Англиядағы жағдайы» деген кітабында жауап берген. Ол әр түрлі қылмыстардың объективтік ұқсастығын бөліп алған, сонан соң қылмыскерліктің теориялық ұғымын қалыптастырған:«Мұнда ұрлық жайында, полицияға шабуыл жайында, ата – анасы тастап кеткен некесізге алимент төлеуге әкесін мәжбүрлеу жайында, күйеуін әйелінің ұландырғаны жайында жариялайды. Осы тектес оқиғаларды ағылшының барлық газеттері хабарлайды. Англияда әлеуметтік соғыс жаппай жүріп жатыр. Әркім өзі үшін басқалардың бәрімен күресуде, ал басқаларға зиян келтіру керек пе, оны ол тек менмендік тұрғыдан шешеді: қай жағы өзіне тиімді.Бір сөзбен айтқанда, әркім басқаның бәрін жау көреді, жолында тұрғандарды қағып кеткісі келеді, немесе  өз мақсаттарында пайдаланады».

  Сонымен, әрбір қылмыстың объективтік ұқсастығы не пайдалы деген менмендік есеппен әркімнің қалған басқаларға қарсы күрес. Мұндай көрініштердің көптігі туралы мәліметтер негізінде Ф. Энгельс «әлеуметтік соғыс» жайында сөз етеді. Ал, «әлеуметтік соғыстың»  бұл түрін бөліп алады,оны «тәртіпті силамаудың ең соңғы көрінісі» деп атай отырып, оның негізінде таза менмендік емеп жатқандығын көрсетеді.

Қылмыстық құқық теориясында, қылмысқа  қатысушылардың әрекеттерін квалификациялау  жайында ғалымдардың  арасында бір-біріне қарама-қарсы пікірлер кездеседі, солардың  бірі ұйымдасқан топтың қатысушыларының қылмысқа қатысудағы ролі және олардың әрекеттерін бағалау жайында. Ұйымдасқан топқа қатысушылар, осы топтың мүшелері болып табыла ма, әлде қатысушылары болып табыла ма деген сұрақ туындайды.

Бұрынғы және қазіргі уақыттарда осы мәселені қарастырған ғалымдар ұйымдасқан топтың барлық мүшелері қылмысты бірге орындаушылар болып табылады және олардың пікірінше қылмыстық кодекстің 17-ші бабына сілтеме жасалынбауы керек. Бұған қарсы көзқарастар да бар. Мысалы Ушаков А.В. “Ұйымдасқан топқа оған кірген адамдар қылмысты бірге орындаушылар емес, осындай топтың қатысушылары болып табылады” – дейді. А.В. Ушаковтың пікірінше ұйымдасқан топқа кірген адамдар қылмысқа қатысушылар болып есептеліп, ұйымдастырушылық, айдап салушылық, көмектесушілік әрекеттер жасаған жағдайда 17 баптың осындай рольдер қарастырылған тиісті бөлімдеріне сілтеме жасаулануы керек. Осындай бағытты 2001 жылы қабылданылған «бандитизммен және басқа да қатысушылықпен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық туралы заңдарды соттардың қолдануының кейбір мәселелері жөніндегі» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы да келтіреді. Бұл қаулының 15 пунктінде «ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастықты құрған немесе ұйымдастырған адамдардың  әрекеттері ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптарымен және қылмысты орындауға тікелей қатыспаған жағдайда 28 бапқа сілтеме жасай отырып квалификациялауы керек» деген [74].

Біздің пікірімізше бұл мәселе бір жақты шешілмеуі керек. Ұйымдасқан топпен қылмыстық қауымдастық туралы тікелей жауапкершілікті қарастыратын Қ.К. 235 баптың 3 бөлімінде ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық қауымдастықтың қатысушылары туралы жауапкершілікті қарастырған. Міне осыдан барып, қатысушылар кімдер бола алады немесе қатысушы болуы үшін ұйымдасқан топқа кіруі немесе мүше болуы шарт па және ұйымдасқан топқа мүше емес, қатысушылар да бола ма деген сұрақ туындайды.

Бір байқалатын жәйт ұйымдасқан топқа қатысушылар кей жағдайларда әр түрлі деңгейде қатысып, қылмыстың қосалқы қатысушылары ретінде көріне алады. Яғни біркелкі айдап салушылық, көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен шектеледі. Кейбір ауыр немесе аса ауыр қылмыстар  болып саналатын ұйымдасқан топтар және қылмыстық қауымдастық түрлері, (мысалы бандитизм, т.б.) ұйымдастырушылық, жетекшілік етумен қатар қатысушылықты да тиісті баптың өзінде тікелей көрсетеді. Сот тәжірибесі материалдарына жүгінсек қылмысқа қатысушылар әр түрлі әрекеттер орындау түрімен кездесе береді. Кейбір қатысушылар қылмыстың объективтік белгілерін толық немесе ішінара орындап отырса, ал кейбір қатысушылар үнемі көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен ғана шектеледі. Мысалы Абдрахманов бастаған бес жігіт Омскіден Алматыға қылмыстар жасау мақсатымен келген. Олардың бандиттік шабуылына жергілікті Поцелуева деген қыз үнемі тонауға болатын үйлерді көрсетіп отырады. Тергеу органдары Поцелуеваның әрекеттерін (бұл бұрынғы заңның кезінде болған қылмыс) ҚК 17 бабының көмектесу шілікті қарастырған бөлімімен және 63 (бандитизм) бабымен саралаған. Адам үнемі көмектесу, айдап салу тәрізді әрекеттерді орындаса, олардың әрекеттері ҚК 28 бабына сәйкес келіп, сол бап арқылы сараланатыны белгілі жайт. Практикада мұндай жағдайлар кездескенде тергеу органдары ол қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін 28 бапқа сілтеме арқылы бағалап жатады.

Заң кей қылмыстарда қатысушылықты тікелей сол бапта көрсеткенде, оларды қылмыстың орындаушылары ретінде ұғынуды немесе бағалауды ұсынады. Ұйымдастырушы мен жетекшіден басқалар, яғни қатардағы мүшелері қатысушылар болып табылады. Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастықта қылмыскер үнемі азғырушылық, көмектесушілік тәрізді рольдер орындағанда біз ҚК Жалпы бөліміне сілтеме жасауды дұрыс көрмейміз. Себебі ұзақ уақыттар бойы қылмыстар жасаумен немесе алдын-ала келісім негізінде, мұндай ролдерді орындаушылар осы топтың мүшелеріне немесе орындаушыларына айналады.

Демек, қылмыстық заңның өзінде қатысушылық тікелей көрсетілген жағдайда үнемі болса да біркелкі көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаушылар қылмысты қатысу арқылы орындайды. Бұларды орындаушылардың бір түріне жатқызу себебіміз, біріншіден қатысу белгісі нақты қылмыстарда кездесіп отырады, екіншіден, әдепкі келісім бойынша біркелкі әрекеттерді орындап отыруға міндеттенуі мүмкін.Мұндай жағдайда оларды осы топтың мүшелері ретінде бағалау керек. Біздің пайымдауымызша “қатысушылар” деген ұғымға қарағанда “мүшелер” деген ұғымның көлемі кең. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың мүшелеріне қатардағы қатысушылардан басқа, осы топтың ұйымдастырушылары, жетекшілері түгел жатады.

Осы себептерден ұйымдасқан топқа, қауымдастыққа қатысушылардың кейбіреулері қылмысты қатысу түрінде орындауы мүмкін. Мұндай жағдайда ол қатысушылар осы топтың мүшелері болып табылады.Мынадай жағдайлар болады. Мысалы кейбір адамдар ұйымдасқан топтың немесе қауымдастықтың жасаған бір қылмысына ғана қатысуы мүмкін. Бір немесе екі рет ғана көмектесушілік тәрізді қызмет көрсетіп, одан кейін бұл топтың қылмысына араласпауы мүмкін.

Мұндай қылмысқа қатысушыларды қалай қауымдастықтың, ұйымдасқан топтың мүшесіне жатқызасыз? Біздің пікірімізше, егер ұйымдасқан топтың мүшесі болмай, белгілі-бір қылмыстың эпизодтарына ғана көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен қатысса, онда олардың әрекеттері қылмысқа көмектесуші түріндегі қатысушылық деп бағаланып, Қ.К. 28 бабына сілтеме жасалынуы керек.Ойымызды қорыта айтқанда, ұйымдасқан топқа қатысушылықтың мүшелері екі түрге бөлінеді. Біріншілері қылмыстың объективтік жағын тікелей орындаушылар. Екіншілері қылмысты тікелей орындамай, үнемі азғырушылық, көмектесушілік тәрізді рольдер атқару арқылы қылмысқа қатысу түріндегі орындаушылар. Бұлардың әрекеттерін Қ.К. 28 бабына сілтеме жасамай квалификациялаған дұрыс, өйткені тұрақты түрде қылмыстылықпен айналысатын топтың мүшесі болуына байланысты олардың қоғамға қауіптілігі қылмысты тікелей орындаған адамдардан төмен болмайды. Осы пікірімізді Ресей қылмыстық кодексінің түсіндірмесімен салыстырсақ, олардың түсіндіруімен сай келеді.

Айдап салушы, көмектесуші осындай ролдерді орындаумен шектелмей, басқа да қатысушылармен бірге қылмысты орындауға тікелей қатысса, онда олар қылмыстың тікелей орындаушысы ретінде танылып, іс-әрекетті квалификациялағанда тек қана Қ.К. Ерекше бөлімнің баптары ғана қолданылуы керек.

Ұйымдасқан қылмыстық топ, қылмыстық қауымдастық кінәні ауырлататын құрам ретінде де заңда бейнеленген. ҚР ҚК 235 бабында ұйымдасқан қылмыстық топты, қылмыстық қауымдастықты құрғаны, жетекшілік еткені және басқа адамдардың осындай топтардың қылмысты әрекеттеріне қатысқандығы үшін жауапкершілік қарастырылған.

Бұл жерде қылмыстық кодекстің 31 бабында түсінігі қарастырыла отырып, Ерекше бөлімі де неліктен жеке бап ретінде арнайы қарастырылады деген сұрақ туындайды? Жалпы бөлімде қарастырылған қылмысқа қатысушылық формаларының түсінігі Ерекше бөлім нормаларына толық тарала ала ма немесе толық тарала алмаса бірлесіп қылмыс жасау түріне оның маңызы қаншалықты деп мәселе қою керек.

Ғылымда, оны жетілдіруде шек жоқ. Әйтсе де қоғам  дамуымен бірге ол қоғамның ғылымы да дамиды, оны тұрақты, тиімді, қисынды түрде шешу керек. В.Н.Кудрявцев “құқықтың жалпы мәселелері мен қағидаларын терең зерттеу әділ соттың заңға сәйкес жүргізілуіне жағдай жасайды. Осындай жалпы мәселелердің біріне қылмысты квалификациялау мәселесі жатады”, - деп қисынды айтады.

Қылмыстық құқықта ғалымдардың арасында дау тудырған мәселенің бірі, бұрынғы қылмыстық заңның 17 бабындағы қылмысқа қатысушылықтың Ерекше бөлімге жалпы норма ретінде таралуы туралы болып табылады.

Алғашқы рет бұл мәселе, М.Д. Шаргородскийдің “қылмысты бірге орындаушылықтың да және қылмысты топ болып жасау шылықтың да қылмысқа қатысушылыққа қатысы жоқ. Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімінің баптарында, топ адамдардың қылмысты істері жөнінде әңгіме болғанда қылмысқа қатысушылық емес, тек бірнеше адамдардың кей жағдайларда ғана қылмыс жасауы айтылады” – деген көзқарасымен басталды.




4-Дәріс.
 Ұйымдасқан қылмыстық топ – ұйымдасу деңгейi және құрылысы

Дәріс жоспары:

1.Ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастық.

2.Бандитизм

3.Қылмыс құрамының субъективтік жағы



Ұсынылатын әдебиеттер:

Дәріс тезистері.

Ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастық құрылып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасап үлгермесе, мұндай жағдайға бұрын заңда арнайы норма болмаған. Ұйымдасқан топты және қауымдастықты құру әрекетінің өзі қылмыс жасағандық  білдіре алады, себебі қылмыстық құқық қылмыстылықпен айналысу үшін мұндай тұрақты топтардың құрылуының өзін аяқталған қылмысты әрекет ретінде тайынды. Бірақ қылмыстық заңның Жалпы және Ерекше бөлімдерінің өзара байланысын ескере отырып айтсақ, онда ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық үшін ҚК Жалпы бөлімнің 31 бабында түсінік берілген. Сондықтан Жалпы бөлімнің жекелеген институттары Ерекше бөлімде көрсетілуге жатпайды.  235 бабта табиғатынан екі немесе одан көп адамның қатысуымен ғана жасалатын жеке қылмыстың белгілері  болмағанымен, оның  бүгінгі  заңда  өмір  сүруінің  себебі, біріншіден, ол ұйымдасқан қылмыстық топ және қылмыстық қауымдастық құрылып, бірақ ешқандай қылмыс жасап үлгермеген жағдайы үшін және екіншіден, Ерекше бөлімнің  баптары  ұйымдасқан топпен, қауымдастықпен қылмысты жасауды жауаптылықты ауырлататын құрам түрінде арнайы қарастырмағанда жауапкершілік қолдану болып табылады. Бұл турасында Қылмыстық кодекске берілген түсіндірмелерде де  осындай бағыттағы түсіндірме берілген. Онда қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) ұйымдастыру үшін жауаптылықты қарастыратын бабты түсіндіре отырып, «Қылмыстық қауымдастықты құру және ұйымдастырушылардың, жетекшілердің немесе басқа да ұйымдасқан топтар өкілдерінің бірлестігін құрып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасамаса да қылмыстық ұйымды нақты құрған кезеңінен бастап аяқталған қылмыс болып табылады”.

Енді ҚР. ҚК. 235 бабындағы ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру немесе оған жетекшілік ету және қылмыстық қауымдастыққа қатысу деген қылмыс түрін алайық. Мұндағы заң диспозициясы үш әрекетін: ұйымдастыру, жетекшілік ету, сонымен қатар қатысудан құралады. Бұл бапта жеке қылмысқа қатысушылық түрі жоқ тәрізді, себебі мұнда 31 баптың 3 және 4 бөлімдеріндегі қылмысқа қатысушылықтың формалары келтірілген. Қылмысқа қатысушылық түрі жоқ сияқты деу себебіміз, ұйымдасқан қылмыстық топтың және қылмыстық қауымдастықтың түсінігін ашатын белгілерде жеке қылмысты білдіретін ерекше белгілер кездеспейді. Ұйымдасқан қылмыстық топ және қылмыстық қауымдастық формасында Ерекше бөлімдегі қасақана қылмыс түрлері жасалады. Ұйымдастыру, қатысу тәрізді белгілер де кез-келген қасақана жасалатын қылмыстарда кездесе алады. Бұлай болғанда, қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде мұндай бап болмауы керек сияқты.

Демек, қылмыстық қауымдастықты құру арқылы қылмыстар жасауға дайындық кезеңінің өзі Ерекше бөлімдегі тұрақтылық белгісімен сипатталатын және ұйымдасқан топ немесе қауымдастық арқылы қылмыстылықпен айналысу ауырлататын құрам түрінде қарастырылған қылмыстарда аяқталған қылмысты құрайды және іс-әрекет 24 бапқа сілтеме жасалынбай Ерекше бөлімнің баптарымен квалификациялады. Егер ұйымдасқан топ, қауымдастық құру Ерекше бөлімнің баптарында ауырлататын құрам ретінде келтірілмесе, бірақ осы қылмыстарды жасау мақсатында тұрақты қылмыстық топтар құрылса, онда 31 баптың 6 бөліміне сәйкес, қылмыс жасауға дайындалу ретінде бағаланып, іс-әрекет 24 бапқа сілтеме жасау арқылы квалификациялады. Бұл турасында Ресей федерациясының қылмыстық кодексінің түсіндірмесінде біздің осы шешімімізді құптарлық түсіндірме келтірілген. Онда қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) ұйымдастыру үшін жауаптылықты қарастыратын 210 бапты түсіндіре отырып, “Қылмыстық қауымдастықты құру және ұйымдастырушылардың, жетекшілердің немесе басқа да ұйымдасқан топтар өкілдерінің бірлестігін құрып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасамаса да қылмыстық ұйымды нақты құрған кезеңінен бастап аяқталған қылмыс болып табылады”, - дейді. Демек, қылмыстық қауымдастықтың қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі белгілі бір қылмыстарды жасауға дайындық кезеңінің өзі аяқталған, жасалған қылмысты құрайды. Әдетте, келте (усеченный) құрамдарда қылмыстың бастапқы кезеңдері үшін ҚК Жалпы бөлмінің 24-нші бабына сілтеме жасалынбайды. Себебі сол дайындық, оқталу әрекеттерінің өзі мұндай құрамдарда қылмыстың жасалынғандығын білдіреді. Ал жоғарыда аталған Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің түсіндірмесінде әрі қарай “қылмыстық ұйымдардың пайда болу кезеңін қылмысқа даярланғандық немесе оқталғандық ретінде қарастыру керек”, - дейді  [111. 364].

А.В. Наумовтың мұндай пікіріне келісу қиын. Өйткені нақты (фактический) қылмыс ойға алынған әрекеттерді жасағаннан, мақсатына жеткеннен кейін аяқталса, заң түрінде (юридический) қылмыскердің ойға алған мақсатына дейін аяқталып жатады. Мысалы келте немесе формальды құрамдарда. Біз әрине қылмысты квалификациялағанда, оның аяқталу кезеңін заң бекіткен, анықтаған кезеңмен аламыз. Қорыта айтқанда, бұл баптың заңда болуы біздің жоғарыдағы зерттеуіміздің дұрыстығын дәлелдейді. Яғни Ерекше бөлімде бірнеше адамдардың қатысуымен ғана жасала алатын жеке қылмыстар ғана емес, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық тәрізді екі немесе одан көп адамдардың қатысуы қажетті белгі болатын қылмысқа қатысушылық формалары жоғарыдағыдай жағдайлар негізінде қылмысқа  қатысудың бір түрі ретінде жеке бап ретінде көрсетіле алады. Қазіргі заң қолдану жұмысы бойынша, егер қылмыстық қауымдастық және ұйымдасқан қылмыстық топ құрылғаннан кейін бірнеше қылмыстар жасаса, онда барлық жасаған қылмыстар үшін және 235 бабының тиісті бөлімдеріндегі әрекеттерді жасағандығы үшін жауапқа тартылады. Мысалы 1995 ж. 22 желтоқсандағы қорқытып алушылық туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы ҚР Жоғарғы сотының №11 қаулысының 8 арашасында, егер қорқытып алушылықты, ұйымдасқан топты немесе қылмыстық қауымдастықты құрған адам, сондай-ақ оларға басшылық еткен адам жасаса, онда олардың әрекеттерін ҚК 76-7бабының (қазіргі Қ.Р. ҚК 181-нші бабы) екінші бөлімнің 8 тармақшасымен және 63-2 (қазіргі ҚР ҚК 235-нші бабы) тиісті бөліктері бойынша квалификациялауды ұсынады [116]. Сол 2001 жылы 21 маусымда  шыққан ҚР Жоғарғы Сотының “Соттардың  бандитизм және  қылмысқа  қатыса  отырып басқа  қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік  туралы заңнаманы  қолданудың  кейбір мәселелері туралы” № 2  нормативтік  қаулысының 15 тармақшасында  осындай бағыт келтірілген. Онда  “ҚК 31 бабының 5 бөлімінің талаптары  негізінде, ұйымдасқан қылмыстық топты, банданы  немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құрған не  оған басшылық жасаған  адамдардың іс-әрекеттері  тиісінше ҚК 235 бабының 1 бөлімімен не, 2 бөлімімен немесе ҚК 237 бабының 1 бөлімі бойынша және  де сондай-ақ егер оның  ниетімен қамтылса,  ұйымдасқан қылмыстық топ, банда немесе  қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс үшін  жауапкершілік көздейтін ҚК Ерекше  бөлімінің тиісті  баптары бойынша да  дәрежелеуге  жатады”,- делінген. [74].

Біз Қ.Р. Жоғарғы Соты қаулыларының мұндай түсіндірмесін қосымша  түсіндіруге  мәжбүрміз. Біз ҚК 235 бабын ұйымдасқан топтың, қылмыстық қауымдастықтың құрылып әлі ешқандай нақты қылмыс жасамаған кезеңі үшін қолдануды ұсындық. Ал егер ұйымдасқан топ, қауымдастық құрылып қана қоймай бірнеше қылмыстар жасаған болса, 235 бапты пайдалануды ұсынушылар, яғни қылмыстардың жиынтығы бойынша саралауды жақтаушылар бірнеше қылмыстар жасалды, 235 бапта да жаза көрсетілген, сол жазаларды немесе қылмыстарды қосып жаза тағайындау керек дейді. 235 баптағы ұйымдасқан топпен қылмыстық қауымдастықты тек келте құрам ретінде пайдалануды ұсынғаннан кейін, ол барлық ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастық жасаған қылмыстарда қолданылуға негізді себеп болады. Демек қылмыстар жиынтығы ретінде саралауды  қажет  етеді. Біздің пікірімізше ұйымдасқан топ, қауымдастық Қ.К. Ерекше бөліміндегі қасақана қылмыстарды жасап бірақ, оған қатысушылардың әрекеттерін сол бапта ұйымдасқан топ немесе қауымдастық түрінде көрсетілмесе, онда 235 баппен және  сол жасаған қылмысты  қарастыратын баптың  1-бөлімімен саралау керек. Ал жаза тағайындау кезеңінде 235  баптың және жасаған қылмысты  қарастыратын баптың жаза түрі мен көлемі  қолданылады. 235 баптың бірінші, екінші және үшінші бөлімдеріндегі жаза мөлшері де кейбір ауыр қылмыстарға қарағанда аз көрсетілген. Ол жаза, тек қылмыстық қауымдастықты және ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны үшін ғана белгіленген.



Бандитизм (237-бап) - аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жыл өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілігі сол, банды құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр қылмыстарды жасайды.

Қылмыстық тікелей объектісі - коғамдық қауіпсіздік. Қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай мүдделер.

Объективтік жағынан бандитизм бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша сипатталады:

1.   Азаматтарға   немесе   ұйымдарға   шабуыл   жасау   мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру.

2.  Орындай топтық (банданы) басқару.

3. Тұрақты қарулы топқа қатысу.

4. Бандалық   топқа   кіретін   адамдардың   біреуінің   болса   да қарулануы.

Қаруланған банда деп екі немесе одан көп адамдардың алдын ала келісіп азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында құрылған қаруланған, тұрақты топты айтамыз.

Банданы құру деп банданы жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, банданың құрамына мүшелер тарту, банды мүшелерінің рольдерін белгілеу олардың істейтін қылмыстарын жоспарлауды айтамыз. Бандыны құрушы, әдетте оның ұйымдастырушысы болып табылады.

Банданың тұрақтылығы қаруланған топтын мүшелерінің кылмысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі келісімнің нәтижесі аркылы анықталады.

Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше қылмысын қылмыстық іс-әрекет деп айтамыз.

Бандаға кіретін топ мүшелерінің ең болмағанда біреуінің атылатын немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-ақ әртүрлі жарылғыш құралдары да жатады.

Баңдитизм құрамы құрылысы жөнінен келте қылмыс құрамына жатады. Сондықтан да қылмыс қарулы топ (бандыны) құрған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұл жерде қарулы топқа кіретін банда мүшелерінің біреуінің болса да қарулануы жеткілікті. Банда құрылған уақыттан бастап, бандалық топ басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан бандитизм құрамы аяқталған деп табылады.

Бандыны басқару деп құрылған банданың қылмыстық іс-әрекеттерінің оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуылды жасайтын нақты объектілерді таңдап алу, шабуылды жүзеге асыратын тәсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен "тәрбиелік" сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жәбірленушілер мен куәлардың көзін жою туралы шешімдер қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру немесе өткізу, бұйрықтар беру әрекеттерін айтамыз.

Шабуыл жасау деп қылмыстық нәтижеге жету үшін бандалық топтың жәбірленушіге күш қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану кауіпін тұғызуын айтамыз.

Егер шабуыл барысында адам өлімі немесе адамның денсаулығына зиян келтірілуі орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

Субъективтік жағынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 237-бабыңца көрсетілген әрекеттерді істейтінін сезеді және оны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет - әртүрлі болуы мүмкін, оның негізгісі - пайдакүнемдік ниет.

Қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі -арнаулы мақсат азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады.

Қылмыстык субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам. Егер бандаға 14 пен 16 жастың арасындағы адамдар қатысса, онда олар өлтіргені, әйел зорлағаны, ұрлық жасағаны үшін, яғни Қылмыстық кодекстің 15-бабының 1-тармағындағы қылмыстарды істегені үшін ғана жауапқа тартылады. Қылмыстық кодекстің 237-бабынын, 2-тармағында тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысқаны үшін жауаптылық көрсетілген.

Бандаға қатысу деп — олардың жасаған шабуылдарына тікелей қатысу, сонымен бірге банданы қаржыландыру, қарумен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз ету, әрекеттерді орындауларын айтамыз.

Қылмыстық кодекстің 237-бабының 3-тармағы бандитизм әрекеттерін адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылық белгіленген. Мұндай әрекеттерді көп жағдайларда қаруға қатысы бар, оны пайдалану сырын жете білетін полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер істеуі мүмкін. Осы бап (237-баптың 3-тармағы) бойынша қылмыс субъектісі болып лауазым адамдары (Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертуі) коммерциялық немесе өзге ұйымдардың  басқарушылары   (ҚК-тін   228-бабының   ескертуі) Мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті көп мөлшерде икемдету мақсатымен бір топ адамның алдын ала сөз байласуы бойынша шабуыл жасап, шабуылға үшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына кауіпті күш жұмсаумен ұштастырып немесе сондай күш жұмсамақ болып, қорқытып үй~жайға немесе қойма орындарына басып кіру арқылы жасалса немесе дене ауыр жарақаттарымен ұштасса, иә болмаса бұл қылмысты ерекше қауіпті рецидивист істесе немесе бұрын меншікттік немесе коғамдык немесе азаматтардың өзіндік мүлкін икемдену мақсатымен шабуыл жасап тонаған немесе бандитизм жасағап  істесе -- мүлкі тәркілене отырып, 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруға жазаланатындыгы көзделген.

Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осыңдай топты (банданы) басқару - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдара қатысу - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жалпыға бірдей қауілті заттарды қолдану ережелерін бұзұмен байланысты қылмыстар.

Радиоактивті материалдарды нормативтік құқықтық және технологиялык талаптарға сай дұрыс пайдалану қоғамға, адамзатқа зор пайда келтіруі мүмкін. Бірақта радиоактивті материалдармен ұқыпсыз немесе қылмысты түрде жұмыс істеу аса зор қауіпті зардаптарға әкеліп соғады.

Қылмыстың тікелей объектісі - радиоактивті материалдармен кауіпсіз жұмыс істеуді реттейтін қоғамдық қатынастар. Қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі немесе денсаулығы. Осы қылмыстың заты болып - тек қана радиоактивті материалдар танылады. Оларға радиоактивті нәрселер, радиоактивті қалдықтар т.б. заттар жатады. Радиоактивті заттармен жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы заңымен белгіленген.

Қылмыстық кодекстің 247-бабының 1-тармағында көрсетілген кылмыстың объективтік жағы: радиоактивті материалдарды заңсыз алу, сақтау, пайдалану, біреуге беру немесе бүлдіру, сондай-ақ оларды тасымалдау және көму әрекеттері арқылы сипатталады. Мұнда көрсетілген алуға - радиоактивтік материалдарға ҚК-нің 248-бабында көрсетілгеннен   басқа   кез   келген   тәсілмен   (сатып   алу,   айырбастау, сыйға алу) арқылы қолға түсіру жатады.

Сақтауға - көрсетілген заттарға шын мәнінде қожалық етіп, иелікте ұстау әрекеттері жатады. Радиактивті материалдарды пайдалануға - оны мақсатты немесе басқандай мақсатсыз қолданып, игілікке жарату әрекеттері жатады. Қазақстан Республикасының "Атом энергиясын пайдалану жөніндегі", сол сияқты "Халықтың радиациялық кауіпсіздігі туралы" заңдарына және басқа арнаулы нормативтік актілерге қайшы іс әрекеттер заңсыз деп танылады.

Кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не қужаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиактивті немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құралдарды, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдалануға немесе жалған декларациялаумен ұштастыра Мемлекеттің кеден шекарасы арқылы өткізген үшін қылмыстық жауаптылық, Қылмыстық кодекстін 250-бабында арнайы көрсетілген.

Қарумен   кез   келген   түрімен   заңсыз   іс-әрекеттер   жасау   өте қауіпті. Қарулы адам әруақытта да орасан  зор зиян  келтіруі мүмкін.

Сондықтан   заң   осындай   заттармен   айналасқаны   үшін   қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Көрсетілген қылмыстың тікелей объектісі - қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш кұрылғыларды айналымға қауіпсіз шығаруды реттейтін қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қылмыстың заты - қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар және жарылғыш құрылғылар, суық қару болып табылады.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы желтоқсанның 30-ында қабылданған "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" заңында осы көрсетілген заттарға анықтамалар берілген.

Өрт каупінің тікелей объектісі - адам өмірі мен денсаулығы болуы мүмкін. Объективті жағына талданып отырылған қылмыс (256-баптың 1-тармағы) өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге әкеп соғу аркылы сипатталады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау Қазақстан Республикасының арнаулы заңымен белгіленген. Қылмыстың зардабы -өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан адам денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян (ҚК-тін 103, 104-баптары) келтіру немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіру болып табылады, өзге де ауыр өрттен тұтас жанып кетуі, ұзақ уақытқа кәсіпорын жұмысының тоқтап қалуы және т.б. әрекеттер жатады.

Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс кұралдарын басып алу қылмыс объектісі - өзінін ең терең мағынасындағы қоғамдық қауіпсіздік болса, екі және үшінші бөлімдер бойынша оған адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қосу керек.

Бұл қылмыстың объективті жағы үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алудан немесе оларды жою не бүлдірумен қоқытып, ұстап тұрудан құрылады.

Басып алу деп басып алынғанды босату үшін белгілі бір шарттар қою мақсатымен үйлерге, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына не өзге коммуникацияларға бағытталған, заңсыз әрі күні қолданылатын кез-келген әрекетті түсіну керек.

Ал, ұстап тұру деп басып алғанды босатуға кедергі жасау мақсатымен күш қолдану арқылы жасалған әрекеттерді айтамыз.

Аталған қылмыс құрамында қорқыту жазбаша немесе ауызша түрде білдіріп, сол сияқты, ашық немесе жасырын (аноним) болуы мумкін. Қорқыту, оны естіген адамның осы айтылғанның орындалуы мумкін деп есептеуіне барлык негіздер болатындай шынайы қабылдауы керек. Қылмыс іс жүзінде басып алу сәтінен бастап аяқталған болып есептеледі.

Әр тұлға үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс кұралдарын басын алудан басқа да қылмыстық - жазалаушы әрекеттер жасаса, онда оның әрекеттері қылмыс жиынтығы бойынша бағалануы тиіс. Қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған тұлға.  Егер де әрекеттер:

а)  адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б)  бірнеше рет;

в)  өмірге не денсаулыққа қауіпті күш қолданыла отырып;

г)   қару  немесе  қару   ретінде   пайдаланылатын   басқа   заттарды колданыла отырып;

д)  пайдакүнемдік ниетпен жалдау арқылы жасалса, Қылмыстық кодекстің 238-бабының 2-бөлімі бойынша бағаланады.

Бағалаушы белгілердің мазмұны Қылмыстық кодекстің 234-бабы ның сәйкес белгілерімен бірдей Қылмыстық кодекстің 238-бабыньщ 1 және 2-баптарында көзделген әрекеттер егер оларды ұйымдасқан топ жасаса  немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса ерекше бағалаушы белгілер болып табылады, бұлар да адамды кепілге алудың сәйкес белгілерімен бірдей.

Басып алғандарын босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр егу мақсатында үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзі коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап туру, оларды жолмен немесе бүлдіремін деп қорқытумен үштасса - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың 1 немесе 2 бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темір жол составын  әкету, сол сияқты қолға түсіру аракідік көрініс беретін құбылыс. Бұл тұрғыдағы қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздік. Көрсетілген қылмыстың қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы, сондай-ақ меншігі болады.

Қылмыстық объективтік жағы екі түрлі әрекеттен тұрады: әуе немесе су кемесін не жьшжымалы темір жол составын айдап әкету, осы көлік құралдарын айдап әкету мақсатында басып алу.

Әуе келігі кемесіне - адамдар немесе жүк тасуға бейімделген, ауа қысымы күшімен қозғалатын ұшу аппараттары жатады. Оған үшақтың, тікұшақтың барлық түрлері, сондай-ақ спорттық әуе шарлары, дирижабльдер  жатады.

Су-Көлігі кемесі мұхиттарда, теңіздерде өзен көлдерде адам немесе жүк тасуға арналған көлік құралы. Бұған теплоходтардың сан түрі, су асты қайығы, катерлер, теңіз яхталары, өзі жылжитын яхталар жатады. Бұған: локомотивтің барлық түрлері, электр күшімен жылжитын вагондар,

платформалар жатады.

Осы көрсетілген көлік құралдарына өз бетінше иелік етіп оны  қалауынша пайдалану айдап әкету деп табылады.

Көлік   құралдарын   жүргізуші    адамдардың   басқа   адамдардың көлікті  рұксатсыз,    белгіленген   маршруттарды    өзгерте    отырып,    өз бетінше пайдаланса мұндай әрекеттер  айдап  әкетуге  жатады.   Басып  күш қолдану,   қорқыту  немесе  алдау   арқылы   әуе,   су   кемесін немесе жылжымалы темір жол составын құқыққа қайшы түрде иелік етулер жатады. Күш қолдану экипаж мүшелеріне, жолаушыларға дене жарақатын келтіруімен   көрініс  табады.   Қорқытуға,   өлтіруге,   көлікті апатқа ұшыратуға, жарылыс жасауға байланысты ниет білдірушіліктер жатады. Алдауға  әртүрлі   амал-айлалар   қолдану   (экипаж   мүшелерін,    жүргізушілерін,      жолаушыларды      жаңылыстыру      арқылы маршрутты өзгерту)  әрекеттері жатады.  Қылмыс формальдық  құрамға жатады және ол  жоғарыда  көрсетілген  әрекеттерді  жасаған  уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік     жағынан      қылмыс      тікелей      қасақаналықпен

жасалады. Адам көлікті заңсыз айдап әкеткенін немесе көлік құралын

басып алғанын сезеді және соны істеуді тілейді, Басып алудың мақсаты

көлік құралын айдап әкету болып табылады. Қылмыстың субъектісі -

ойы толған, есі  дүрыс  адам.   Қылмыстық  кодекстің  239-бабының  2

тармағыңда осы қылмыстың ауырлататын түрлері жасағаны үшін жауаптылық көрсетілген. Олар: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша (Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2-тармағы);

б) бірінші рет; в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып (Қылмыстык кодекстің 179-бабы); г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып жасалса (Қылмыстық кодекстің 179-бабы).

Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану жәбірленушінін денсаулығына жеңіл, орташа ауыр немесе ауыр зиян келтіруді білдіреді.

Қорқыту - өлтірумен, денсаулыққа жеңіл, орташа ауыр және ауыр зиян келтірумен шошыту арқылы білдіреді. Жасалған істі Қылмыстык, кодекстің 239-бабынын 3-бөлімі бойынша бағалау үшін адам өлімі кінәнің абайсыз түрінің болуымен орын алғандығын анықтау керек. Айдап әкету немесе басып алу кезіндегі кісі өлтіру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша қосымша бағалауды талап етеді.

Өзге ауыр зардаптар - көліктің немесе жылжымалы теміржол составын апатқа ұшырауынан самолеттердің ұшу немесе поездардың жылжу графиктерінің (кестесінің) айтарлықтай бұзулуынан, т.б. тұруы мүмкін.



Теңіз  қарақшылығы   -   халықаралық   істер   қатарына   жатады, қылмыстық-құқықтық күрес  халықаралық-құқықтық  конвенциялар негізіңде  жүргізіледі.   (мысалы,   балық   теңіз   туралы   Женева Конвенциясы, 1958 ж.)

Теңіз қарақшылығы - сауда, азаматтық кемелерді ашық теңізде жасалатын заңсыз басып алу, тонау немесе суға батыру. Қазақстан Республикасы Жаңа Қылмыстық кодекстің 24-бабы теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында күш қолданып немесе осындай күш қолданумен қорқытып шабуыл жасағандық үшін жауаптылық көздейді. Қосымша тікелей объект - адамдардың өмірі. Кылмыстық заты - бөтеннің меншігі (жүк, кеме, жанар май, отын).  Қылмыс құрамы формальдық. Ол шабуыл жасаған уақыттан бастап аталған деп танылады. Осы қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі қылмыстың жасалу орны болып табылады. Теңіз қарақшылығы  ашық теңізде немесе көлде, не өзенде, я болмаса өзен, көл жағалауыңда жасалуы мүмкін.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі күш қолданып немесе күш қолданамын деп қоркытып шабуыл жасап, теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында қарақшылық жасайтынын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.

Қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі - бөтеннің мүлкін басып алу (кеме, катер, жүктерді, жабдықтарды, ақша және басқа заттарды) болып табылады.

Қылмыстық кодекстің 24-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген. Олар бірнеше рет (Қылмыстық кодекстің 11-бабы) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған  әрекет.   Қылмыстық  кодекстің  240-бабының  3-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі үшін жауаптылық белгіленген. Олар егер теңіз қарақшылығы ұйымдасқан топпен жасалса (Қылмыстық   кодекстің   31-бабының   3-тармағы),   не   абайсызда   кісі өліміне не өзге зардаптарға (мысалы, ауыр дене жарақатына, кеменің күйреуіне, ірі материалдық залалға) әкеліп соқса. Егер теңіз қарақшылығы әрекетінен  кісі  өлімі  орын   алса,   онда  іс-әрекет  қылмыстардың жиынтығы   (Қылмыстық   кодекстің   96   және   240   баптар)   бойынша сараланады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді