Гастростома асқазан тесігі; Илеостома – іштің алдынғы бетіндегі мықын ішегі аймағындағы жасанды тесік; Колостома



бет5/6
Дата19.05.2023
өлшемі37.96 Kb.
#577419
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Стома кезіндегі мейіргерлік күтім
Дарис 2 ДШжС тарихы, лекция озин, Зәр шығару жүйесіңі қызметі бұзылған кездегі мед
Отадан кейінгі күтім.
Стоманы отдан кейін егу – емдеу бөлмесінің мейірбикелері не стоматерапевтер бақылайды.Стоманы тұрақты бақылап,оның түсі бағаланады.Ішек түсінің қызылдығы, оның өмір сүру қабілетін білдіреді,ал қан айналымы бұзылған ішек қоңыр түсті.Стома мен тері тігісінің бүтіндігі бақыланады.
Отадан кейін бірден стома арқылы алғашқы 24 – 28 сағатта кілегей бөлінеді.Ішек жұмысы қалыпқа келуіне байланысты стома арқылы ішектен жел бөліне бастайды.Стоманың барлық түрінде де ішектен шығатын бөлінділер алдында сұйық болады.Стома орналасқан орнына байланысты бөлінділер сипаты өзгереді.Су алмасуы бұзылуы,тері тітіркенуі белгілері пайда болуы мүмкін.
Стома күтімінің маңызды бір бөлігі – теріні қорғау.Стома айналасы терісі ішек бөлінділері әсерінен тітіркенуі мүмкін."КонваТек" фирмасы – стома(илео-,коло- және уростомалар) салынған ауруларға бұйымдар жасаудың көшбасшысы – лидері,жабысқақ пластиналар – теріні тітіркендірмейтін компоненттерден жасалған. Пластина науқас терісінде 7 күнге дейін тұра алады,салғанда жеңіл жазылады,қыртыстанбайды,екінші тері сияқты.Осы пластинаға сенімді түрде жинайтын қап бекітіледі,бөлінділер жан – жаққа ақпайды.Одан басқа колостома айналасындағы тері дәрілік заттармен тазартылады(дәрігер тағайындауы бойынша).Олар тек қана теріні нәжіс тиюінен сақтап қана қоймайды,сонымен қатар қабынуға қарсы әсер етеді.Мысалы,Стомагезив - паста("КонвоТек" фирмасы) ол тек қосымша қорғау және емдеу құралы емес,сонымен қатар ол пластинаның денеге сенімді қосылуына ықпал етеді.


Пациентті стома күтіміне үйрету.
Стома күтімін орындай тұрып, пациенттің күтімді үйренуге әзірлігін бағалау қажет. Сөзбен де мимика арқылы да пациентке қазіргі жағдайына байланысты ынтымақтастық білдіру керек. Үйретуді жоспарлай отырып, адамның әр түрлі фундаментальды қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты, барлық мәселелерді алдын ала ойластыру керек:
өмір сүру натижесіндегі бөлінділерді қалыпты бөлуді;
жағдайға сәйкес тамақтануды;
күнделікті өмірде қауіпсіздікті сезіну, жанұя мен достарының қолдауын сезіну;
стоманы күту дағдыларын игеруде қолдауды сезіну;
стомаға психологиялық бейімделуі;
басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі болуы.
Пациентті нәжіс қабылдағышын қалай ауыстыратынына үйрету және стационардан шығар алдында жазбаша нұсқау беру. Үйретуге әдетте үш-төрт сабақ қажет болады. Бірінші сабақ барысында пациент шара сатыларын мейірбике орындауында бақылайды. Ол стома қол тигізгенді «сезбейтінін» айтады және қызыл түс оның жағдайынынң жақсы екенін білдіреді. Пациентті қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берілуі тиіс (егер сұрақтар медициналық мейірбике білімі шеңберінде болса). Екінші сабақта пациент нәжіс қабылдағышты әзірлеуге, теріні тазартып оны стома айналасы ортасына қоюға көмектеседі. Үшінші сабақта ол өз-өздігінен медициналық мейірбике бақылауымен нәжіс қабылдағышты ауыстырады. Кейбір пациенттерге тәжірибе көбірек қажет болуы мүмкін. Ондайда сабақ көбірек жоспарланады.
Нәжіс қабылдағышты ауыстыру жиілігі пациент оның қандай түрін пайдаланып жүргеніне байланысты. Бір компонентті адгезивті нәжіс қабылдағышты ішіндегі бөлінділерге толуы ортасына жеткенде немесе пациент қапты алып журуде ыңғайсыздық пайда болса ауыстырылады.
Қажеттігі болмаса нәжіс қабылдағышты жиі ауыстырмаған жөн, себебі тері тітіркенеді және зақымданады. Екі компонентті жабысатын пластинасы бар жүйе 3-4 күнге қалдырылады, ал жабылатын және дринажды қапшалар ыңғайлы мерзімге ауыстырылады.
Нәжіс қабылдағышты ванна бөлмесінде ауыстырған жөн, бірақ дәретханада да ауыстырып үйренген дұрыс, себебі дәретхана - ең осындай шараны үйден тыс орындауға ыңғайлы орын. Стоманы күтуге қажетті заттар бірге қақпағы жабылатын бір ыдыста сақтаған жөн және олардың пайдалануға дайын күйінде болғаны дұрыс. Нәжіс қабылдағышты ауыстыру үшін қажеттері:
жаңа нәжіс қабылдағыш (сәйкес түрі мен өлшемдері);
стома өлшемдері өзгергенін не өзгермегенін тексеру үшін өлшегіш (трафарет). Оны медициналық мейірбике береді;
пациент пайдаланатын қосымша материалдар (мысалы, «Стомагезив» пастасы эпилятор, фен, дезодорант және т.б.) қағаз сүлгі мен салфеткалар, жұмсақ ысқыш, сабын, қайшы, пластырьлар,
қағаз қап, пластикалы пакет не газета (пайдаланған нәжіс қабылдағышқа);
кішкене қайшылар (мүмкін болса домалақталған, екіншісі үшкірлі);
қосымша қысқыш (дренаждалатын нәжіс қабылдағыш үшін)
кішкене айна.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі