Габдулгазиз М. Мұрыннан қан кету

Loading...


Дата21.09.2021
өлшемі18.69 Kb.

Габдулгазиз М.

  1. Мұрыннан қан кету -мұрын қуысынан қанның ағуымен көрінетін, жиі кездесетін жағдайды айтады.

Мұрыннан қан кету себептері: Жалпы немесе жергілікті себептер әсерінен болуы мүмкін. Жалпы себептерге: Инфекция аурулары жатады. Сүзек көбінесе мұрыннан қан кетумен басталады. Мұрыннан қан кету көбінесе дифтерия да, қызамықта, қызылшада, тілмеде, гриппе байқалады. Мұрыннан қан кету-алейкия, лейкемия, пернициозды анемия, пурпура, скорбут сияқты аурулар белгісі болуы мүмкін. Қан қысымын көтеретін жүгіру, секіру жаттығулар да таймыр жүйесінің тұрақсыздығынан қан кетуді тудырады. Мұрынның бір жағынан қан кету мұрын қуысы аймағында ісіктің хабаршысы болуы мүмкін.

Жергілікті себептерге: ұрғаннан кейінгі қан кетуді айту керек. Мұрыннан қан кету алдыңғы бас сүйегі ойығының сыну белгісі болуы мүмкін. Мұндай жарақаттарда кейде мұрыннан жұлын сұйықтығы ағады. Көбіне мұрын пердесінің алдыңғы қабырғасын саусақпен зақымдаудан жиі қан кетеді.

Мұрын қуысындағы қан кетуге бейім аймақтар. 1- Киссельбах аумағы. 2- ішкі таңдай негізгі артериясының жоғарғы және төменгі тармақтары



Мұрыннан қан кетуді тоқтату әдістері: Қан кету орнын анықтау оңай емес, азғантай қан кетуді ең қарпайым әдіспен тоқтатуға тырысу керек. Қан ағып тұрған жақтағы мұрын қанатын мұрын пердесіне саусақпен басу, науқасты дұрыс қалыпта ұстау. Адамды жатқызуға болмайды себебі мұндай жағдайда қан мұрын-жұтқыншаққа кетіп науқас оны жұтып, ол асқазанды тітіркендіріп, рефлексті түрде құсықпен сыртқа шығады. Алдымен мұрынды ұйыған қаннан тазартып, егерь де науқас жас бала болатын болса, 1:10000 адреналин ерітіндісіне батырылған мақта қояды. Қанаған жерді мұрын пересінің алдыңғы шетінен бастап іздейді.

  1. Мұрынның шырышты қабығы бөгде зат түскенде қызарып іседі. Ұшы сүйір бөгде зат оны жарақаттайды да, грануляция дамып бөгде затты жауып, ол ісікке ұқса болады. Сондықтан диагноз қою қиындайды.

Бөгде зат әдетте төменгі мұрын жолында болады, олар көбінесе төменгі кеуілжір мен мұрын пердесінің арасында қыстырылып қалады; сирек жағдайда ортаңғы мұрын жолынан табылады, мысалы жарақаттанғанда. Кейде ұзақ уақыт мұрын қуысында жатып қалған бөгде зат әк және фосфор тұздарымен өсіп кетуі мүмкін, осындай жағдайда ринолдар пайда болады. Ол кейде үлкейетіні сонша, оны алу үшін операция жасау керек болады.

Симптомдары (белгілері). Мұрынға түскен бөгде зат рефлексті түшкіру, жас ағу кейде бас ауруын туғызады, одан кейін рефлекс өшеді. 3 – 4 күннен кейін: 1) мұрынның біржағы бітеді; 2) мұрын қаңқасынан бір жақты жағымсыз иісті ірің ағады, кейде қан араласады; 3) кейде біржақты бас ауруы пайда болады.

Ажырату диагностикасында аурудың жас шамасына көңіл аудару керек: бөгде зат көбінесе балаларда болады, одан басқа жас балаларда мұрындағы үштік сифилис сияқты мұрыннын қосалқы қуыстарының іріңдеуі сирек болады.



Емдеу. Бөгде затты алып тастау. Бөгде зат әртүрлі невроздар, мұрынның қосалқы қуыстарының, жас жолының тіпті менингоэнцефалит ауруларын туғызуы мүмкін. Бөгде затты алып тастау толық жазылуға себеп болады. Ең қарапайым әдіс – сіңбіру. Балаға бөгде заты бар мұрыннан ауыз арқылы желді қатты үрлетеді, ол үшін саусақпен мұрынның екінші қанатын мұрын пердесіне басып тұруы керек. Егер бөгде зат шықпаса, риноскопия жасап тұқыл ілмекпен алу керек. Ол үшін баланы дәрігер көмекшісі ұстап, ал дәрігер – маман тұқыл ілмекті бөгде зат үстінен енгізіп, арттан алға қарай жылжытып мұрын қуысынан шығарады. Нервісі нашар, қорқақ балаларға кейде қысқа уақытқа сезімсіздендіру жасауға тура келеді.

3. Мұрын жарақаты әртүрлі болып келеді. Оларға сүйек шығуы, сызат (трещина), ығысусыз сүйек шығуы, ығысумен сүйек сыну жатады. Көп жайдайдағы мұрын жарақатында мұрын сүйектері мен аралық перед зақымдалады. Аса қатты жарақатта тіпті маңдай өсіндісі, жоғары жақ сүйек қабырғалары, мұрын маңыз қойнаулар сүйегі де сыну мүмкін. Жеңіл түрдегі жарақаттар мұрын маңындағы терінің зақымдауымен ғана шектеліп қойса, ал бұдан аурылау түрінде жұмасақ тіндермен қоса сүйек, шеміршек зақымдалады. Бірақ кейбір жағдайларда тіпті ауры жарақаттың өзі сырттай білінбей, жұмсақ тірденді зақымдамай ақ болуы мүмкін. Атылған жарақатта шекелей немсе толықтай мұрын бөлінуімен жүреді. Оның мұрын сүйектерін және оның айналасындағы құрылымдарды зақымдаумен көрінеді. Тікелей тиган оқ, мұрын қуысы сүйектерін жарып, мұрын маңы қойнауларына, одна бассүйек қуысына, мойынға кетеді. Мұндай жағдайда адам бірден өліп кетуі мүмкін.

Диагностика: Мұрын жарақатын қаншалықты зақымданғанын білу үшін сырттай қарау, пальпация жасау, зондттау, эндоскопия, рентгенографиялық зерттеу әдістеріне жүгіну керек. Айналадағы мүшелерді зақымдауына байланысты лор, окулист, невропатолог қарап, лабораторный және басқа зерттеулер жүргізілуі мүмкін.



Жарақат уақытында науқаста шок, жүрек айну, лоқсу, есін жоғалту көріністері болуы әбден мүмкін. Осы көріністердің әрқайсысы бас миы шайқалуына, кейде бассүйек негізінің сынуна көрініс болып келеді. Науқас басы на иммобилизация жасалып, неврологиялық зерттеу жүргізілу керек. Сыртқы мұрыннан қан ағу өздігінен басылып қалады. Бірақ егерь қан кету этмоидальді артериядан кететін бокса, қан ағу интенсивті болып, тек мұрын тампонада сын жасағанан кейін ғана тоқтайды. Конъюнктивальді және теріастылық қанталауларды (кровоподтеки) көз маңы орбитасындағы қан құйылулардан ажырата білу керек (көзілдік симптомы – симптом очков).

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...