Мысал. 52 оқушының 23-і значок, 35-і марка, ал 16-сы значок та, марка да жинайды. Қалғандары жинаумен айналыспайды. Қанша оқушы жинаумен айналыспайды?
4. «Біліктілік барлық жерде қолданыс табады» (сюжеттік өзегі: шешімдері математикалық ойлаудың қатысуын талап ететін элементар-техникалық және практикалық сұрақтар).
Мысал . Қосындыны тап:
5. «Алгебрамен бірге және олсыз» (сюжеттік өзегі – бәрібір; амалдық өзегі: шешімнің алгебралық немесе кез-келген басқа жолы, бірақ әдістің өзінде, немесе шешімнің әдістерін салыстыруда қандай да бір гәп бар). бұл қызықты есептер шеңбері : егер адам алгебралық білімдерді білсе, онда есеп қызықсыз болып қалады, себебі шешімі - қарапайым. Сонымен бірге, мұндай есептерді шығару үшін алгебраны қолданбай шешімді шығаруды ұсынатын математикалық жарыстар принципі қолданбалы.
Мысал. Егер саны 9-ға бөлінсе, онда саны да 9-ға бөлінетіндігін дәлелде.
Дәлелдеу: , деп аламыз және
алмастыруын қолданамыз. Алатынымыз . Осыдан қарастырылып отырған сан 9-ға бөлінетіндігі шығады.
6. «Математика есептеулерсіз дерлік» (амалдық өзегі: амалдар жоқ дерлік, бірақ шығару үшін шебер талдау қажет). Есептердің бұл тобына оларды шешу үшін есептеулер аз немесе мүлдем болмайтын, бірақ талдау тізбегі қажет есептер жатады. Осындай есептер түрінің шешімін қамтамасыз ететін талдаулар тізбегін іздеу - құпияны ашуға ұқсас, сондықтан қызықты.
Мысал.
1) 5 л және 7 л екі ыдыстың көмегімен краннан 6 л су алуға болады?
2) (Байырғы есеп). 12 адам 12 нан әкетіп барады. Әрбір ер адам 2 наннан, әйел адам – жарты наннан, бала – ширек наннан апара жатыр. Қанша ер адам, қанша әйел адам және қанша бала болған?
Кез-келген функционалдық сауаттылықты дамытушы есеп танымдық белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеудің әр түрлі деңгейінде орындалуы мүмкін:
еліктей отырып жаңғырту;
талдау арқылы жаңғырту;
шығармашылық.
Оқушы аталған деңгейлердің әрқайсысына жету үшін олардың логикалық ойлауына мүмкіндік беретін дамытушы есептер жүйесі қолданылады.
Әдебиет
Гусев В. А. «Психолого-педагогические основы обучения математике» Москва, 2003.
Кордемский Б. А. «Удивительный мир чисел», Москва, «Знание», 1975.
Миракова Т. Н. «Развивающие задачи на уроках математики в 6-8 классах», «Квантор» журналы 1991 жыл, №3.
Достарыңызбен бөлісу: |