Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.
Формативті бағалау әдістерінбірнеше шартты қатарлар мен түрге жіктеуге болады.
Әдістердің бір түрі мұғалімнің сабақ түсіндіру және жаттығулар орындау барысында қолданылады.
1. «Қолмен белгі беру» әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді.
· Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)
· Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)
· Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)
Оқытушы белгілерге қарап кейбір оқушыларға орнынан тұрып айтуын сұрайды.
(1) Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрайды.
(2) Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі.
(3) Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны оқытушы қадағалайды. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалуы тиіс.
Тыңдалған жауаптардың қорытындыларына қарай ұстаз өткен тақырыпты қайталап, білімдерін бекіту немесе тақырыпты меңгертуді жалғастыра беру жайлы шешім қабылдайды. Егер оқушылар тақырыпты қайта түсінбегендей жағдайда болса, ұстаз тағы бір шағым тексеру жұмысын жүргізуі тиіс. Бұл жұмыс оқушылардың тақырыпты түсіну барысындағы өзгерістерді байқау үшін арнлған.
2. «20 секунд» әдісі. Ұстаз арнайы сұрақтар жасырады және ойлануға 20 секунд уақыт береді. Қолданылатын әдіс оқушылардың өз жауаптарын ой елегінен өткізіп, нақты жауап берулері үшін жасалынады. Бұл әдіс барысында сұрақ айтылып болған соң бірден алғашқы секундтардан кейін зерек 4- 6 оқушының жауабы тыңдалып, олардың тез ойлау қабілетін дамытады. Орта және жоғары сынып оқушыларына өз жауаптарын қағаз бетіне түсіртеді, себебі ауызша жауап берсе бір-бірінің ойын бөліп, бөгет жасаулары мүмкін.
Басқа да әдістер сияқты оқушылардың жауабын нақтылау үшін ұстаз « Неге? Не себепті? Қалай?»- деген сұрақтарды қояды. Ұстаз бұл сұрақтарды тек дұрыс жауап бермегендерге ғана емес, сонымен қатар дұрыс жауап бергендерге де қоюды естен шығармауы керек. Бұл оқушылардың білімі мен бағасын айқындай түсу үшін жасалынады.
Мысал:
Оқушы ауланған ұлуларды зерттеп, олардың тіршілігі жайлы презентация жасайды. Сонда оқушы келесі мәселеге баса назар аударады: «Менің ойымша, дәл қазіргі уакытта аквариумда ұлулардың үш ұрпағы тіршілік етуде». Сол кезде ұстаз: «Не себепті сен олай шештің?» - деді. – Оқушы: «Себебі, біз бұл ұлуларды аулағанда олардың өлшемдері үлкен және орташа болған, ал қазір аквариумда тек кішкентай ғана өлшемді ұлулар қалды. Бұдан мен аквариумда ұлулардың үш ұрпағы бар екен деген қорытындыға келдім». Яғни, нақтылау сұрақтарын қою арқылы ұстаз оқушының білімін анықтай түсті.