Физика бойынша зертханалық сабақтар. Физика есептерін шығарудың жалпы əдістемесі



бет1/3
Дата11.06.2022
өлшемі189.08 Kb.
#267996
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
6 билет
1 Физика бойынша зертханалық сабақтар

6-билет
1 Физика бойынша зертханалық сабақтар.
2 Физика есептерін шығарудың жалпы əдістемесі.
3 Серіппеге ілінген жүк 2мин ішінде 60 тербеліс жасайды. Егер серіппенің қатаңдығы 4,9 Н/м болса, онда жүктің массасы

1. Физика - эксперименттік ғылым. Соңдықтан, физикадан өткізілетін оқу эксперименті оқушылардың физика бойынша алатын білімдерінің көзі және физикалық кұбылыстарды зерттеудің әдісі, физика сабақтарындағы басты көрнекілік болып табылады.


Зертханалық жұмысты (экспериментті) орындағанда, физика- лық құбылыстарды оқушылардың өздері бақылайды, тексеріп көреді; табиғат заңдылықтарын зерттейді; "қолдан қайта
жасайды", сандық және сапалық қасиеттерін байқап, өлшейді; өз бетінше қорытынды жасауға үйренеді, физикалық процестерді біліп-тануға және өмірде қолдануға мүмкіндік болатындығына сенімі артады. Зертханалық эксперимент оқытудың ең әсерлі және нәтижелі әдістеріне жатады. Оны физика ғылымындағы эксперименттік зерттеу тәсілдерінің бейнесі және тікелей "көшірмесі" деп түсіну керек. Сондықтан ол мектеп физика пәніне ғылыми-зерттеу сипат береді. Мектепте физиканы оқыту- дың мақсаттарын орындайтындай зертханалық эксперименттің мынадай әдістемелік ерекшелік маңызы бар.

  1. Демонстрациялық тәжірибені көрсеткенде оқушылар тек ғана пассивті түрде бақылаушы рөл атқаратын болса, зертханалық экспериментке олардың өздері белсене қатынасады, физикалық құбылыстарды өздері қолымен істеп көріп, өлшеулер жүргізеді, физикалық шамалар мен тұрақтыларды тағайындайды.

  2. Зертханалық жұмыстарды орындағанда оқушылар физика- лық приборлармен, аппаратуралармен жұмыс істеуге үйреніп, политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамытады, практикалық маңызын түсініп, олардың табиғат құбылыстарын біліп-тануға қажетті құрал екендігіне көз жеткізеді.

  3. Зертханалық эксперимент жасау үстінде оқушылар бізді қоршаған табиғат құбылыстары туралы өзінше қорытынды жасауға үйренеді, физика заңдарының практикалық маңызына түсінеді, физика ғылымының техникамен және өмірмен байла- ныстылығына сенетін болады. Бұл физиканы оқытудағы формализмді жоюға жәрдемдеседі.

  4. Зертханалық сабақтарда окушылар ғылыми-зерттеу жұмыс- тарды жүргізуге дағдыланады, физика ғылымының танымдық күшіне сеніп, оқуға деген олардың ынта-жігері артады.

Мектепте өткізілетін зертханалық эксперимент белгі- ерекшеліктеріне қарай мынадай 5 топқа классификацияланады:



  1. Зертханалық экспериментке оқушыларды

қатыстырылуы бойынша :1) олардың барлығы түгел міндетті түрде орындайтын сыныптық зертханалақ, жұмыстар; 2) сыныптан тыс уақытта (физика кабинетінде, үйде), физикаға қызығушы оқушылардың ғана істейтін зертханалық жұмыстары болып бөлінеді.

  1. Өткізілетін орны мен уақыты бойынша зертханалық жұмыстар 4 түрге бөлінеді : 1) толық бір сабақ бойы; 2) сабақта

қысқа уақыт (5-10 мин.) мерзімде; 3) физикалық практикум деп аталатып ұзақ уақыт (2 сабақ) бойы; 4) сыныптан тыс уақытта (кабинетте, үйде - 10,30 мин) өткізілетін эксперимент.

  1. Зертханалық эксперимент мазмұны бойынша сандық және сапалық жұмыстар болып бөлінеді.

  2. Өткізу тәсілдері бойынша зертханалық эксперимент:

1) фронталь; 2) әр түрлі жұмыстар жүйесі; 3) физикалық практикум болып 3 ке бөлінеді.

  1. Зертханалық эксперимент қойылу мақсаты бойынша зерттеушілік, эвристикалык, иллюстративтік болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы