Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар, түрлері және формалары


Физикадан сыныптан тыс жұмыстарға физика апталығын, кештерді және т.с.с. мәселелер жатады. Жалпы физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады



бет3/8
Дата11.06.2022
өлшемі1.33 Mb.
#267997
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
15бфоә
MS Access мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік, Приказ об отмене сессии

Физикадан сыныптан тыс жұмыстарға физика апталығын, кештерді және т.с.с. мәселелер жатады. Жалпы физика кешін өткізу мынадай кезеңдерден тұрады:

I. Дайындық кезеңі (1-1,5 ай )

а) мұғалім мен кешті өткізетін оқушылар тобының кештің жоспарын жасауы;

ә) баяндамашыларды бөлу;

б) тәжірибелер мен экспериментті таңдап алып, даярлау;

в) конкурс пен викторинаға есеп сұрақтар таңдау;

г) көрнекіліктер жасау;

е) кештің бағдарламасыкөрсетілген көркем жазылған хабарландыруды күні бұрын (5-6 күн) іліп қою.

II. Кешті өткізу кезеңі (2-2,5 сағат)

а) кеш өтетін бөлмені безендіру;

ә) кешті жүргізу, өткізу;

б) кештің материалдарын жинау;

III. Кештің өтілуін талдау, қорытындылау:

а) оқушылардың сұрақтарына жауап беру;

ә) кештің негізгі бөлімдеріне жауапты оқушылардың есебін тыңдап, талдау;

б) кешті өткізудегі кемшіліктердің себептерін ашу;

в) кешті қорытындылап, баға беру.

Физика және техника бойынша үйірмелер

Физикалық үйірмелер – оқушылардың сыныптан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылар үйірмеге өз тілегі бойынша жазылады. Үйірме жұмысының мазмұны оқушының ғылымға қабілетін ашуды, болашақ мамандығын сенімді таңдауына көмектесуді қамтамасыз етуі тиіс. Көптеген мектептерде тұрақты, табысты жұмыс істейтін үйірме аттары «Радиоэлектроника», «Информатика», «Техникалық моделдер» тәріздес болады.

Физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың тағы басқа сан-алуан интенсивті, қызғылықты түрлері бар: физикалық олимпиада, физикалық кеш. Викторина, шығармашылық кеш, т.с.с.



Қосымша жазам десең





2-сұрақ
Физиканы бағдарлы оқыту және оның кейбір өзекті мәселелері


Бүкіл әлемде, әсіресе соңғы он жылда экономиканың, техниканың, ғылым мен қоғамның дамуын мектептегі білім берудің мазмұны мен технологиясын өзгертумен байланыстыруға талпынуда. Бағдарлы оқыту жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері мен қабілеттіліктерін есепке алып, оның және қоғамның сұраныстарын қанағаттандыруды көздейді. Көптеген шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей еліміздің жеке аймақтарының еңбек ресурстарына деген қажеттіліктерінің артуын есепке алу арқылы да бағдарлы оқытуды тиімді, әрі үйлесімді ұйымдастыруға болады.Сөйтіп бағдарлы оқыту арқылы жалпы орта және мамандық бойынша білім беру арасындағы сабақтастық орнайды. Бағдарлы оқыту жоғары класс (10-11 класс, ал 12 жылдық мектепте 11-12 класс) оқушыларының материалдық жағдайға тәуелсіз толыққанды сапалы білім алуларына бірдей мүмкіндік береді. Осылайша әлеуметтендіру де жүзеге асырылады.
Оқушылардың икемділіктерін, қызығушылықтарын және қабілеттіліктерін толық ескеру үшін оқу қызметін ұйымдастырудың бағдарлы саралап оқыту түрінің қажеттілігі анық.
Физиканы бағдарлы оқытудың кейбір өзекті мәселелері

  • Бағдаралды даярлық үрдісін толыққанды ұйымдастыру.

  • Оқушының икемділіктерін, т.б. жеке ерекшеліктерін және болашақ оқу бағдарын анықтау.

  • Физикалық құрал – жабдықтардың жетіспеушілігі.

  • Оқушылардың бойында физикалық есептерді шығаруға деген жағымды мотивацияны қалыптастыру.

  • Оқушыларға күрделілігі әр түрлі эксперименттік, сандық, сапалық есептерді шығара білуді үйрету.

  • Әрбір оқушының таңдаған болашақ мамандығы негізінде саралап, даралап оқытуды жүзеге асыру.

Оқушыларды оқыту бағдарын таңдауға дайындау негізгі мектепте (7-9 (8-10) кластарда) жүзеге асырылады. Бұл кезде оқушылардың қызығушылықтарын, икемділіктерін, қабілеттіліктерін айқындау, олардың әр түрлі танымдық және мамандық қызмет салаларындағы практикалық тәжірибелерін қалыптастыру және еңбексүйгіштікке, жігерлілікке, жауапкершілікке, мақсаткерлікке баулу қажет. Оқушылардың оқыту бағдарын дұрыс таңдауы өте маңызды. Физика пәні күрделі пәндердің бірі болғандықтан мектеп оқушыларының көпшілігі оны жақсы оқуға талпынудан қашқақтайды. Соңғы жылдары техникалық мамандықтардың мәртебесі артты, ал физика оқушыларға алынбас қамал секілді болып көрінеді. Бірақ бұл олай емес. Егер оқушылардың күшті ішкі мотивациясы болса, бағдарлы оқыту оларды барлық талаптарға сәйкес техникалық мамандық бойынша оқуға түсуге дайындайды. Сондықтан оң-солын ескеріп, барлығын таразылап, шешім қабылдаған жөн. Дұрыс таңдау жасамаса аз уақытын болса да текке өткізіп алады.
Бағдаралды даярлық кезінде сауалнамалар, әңгімелесулер жүргізу арқылы оқушылардың, ата-аналардың сұраныстарын біліп, ескеру және тіркеу қажет. Оқушылар болашақ оқыту бағдарын дұрыс таңдауы үшін бағдаралды таңдау курстары, консультациялар ұйымдастырылуы тиіс. Оқушылардың оқыту бағдарын таңдауға даярлығын сараптау, олардың таңдау курстарындағы оқу нәтижелерінің мониторингін жүргізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы