«Философия» пәні бойынша СӨЖ-3 Тақырып: Қайта өрлеу діуірінің эстетикасы. Топ: ээк-21-6 Орындаған: Ербол Диас


Орта ғасырлар және қайта өрлеу философиясы



бет2/6
Дата02.01.2022
өлшемі40.94 Kb.
#147748
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Кіріспе “Философия – адамзат дамуыны айнарынан бастау алатын (1)

Орта ғасырлар және қайта өрлеу философиясы

 

Орта ғасырлар деп аталатын кезең Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Европа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия, т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан діні қоғамдық  өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың, қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды. Осы кезеңдегі фолософиялық ілім “схоластика” (мемлекеттік ғылым) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:



  1. Балауса схоластика(9-12 ғ.). Ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір-бірімен біте қайнасып ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалилерге (жалпылық) байланысты пікір-талас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді (Аристотельдің формалық логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.

  2. Кемеліне жеткен схоластика (13 ғ.) Аристотельдің еңбектері латын тілінде болса  да  көпшілік  арасында  тарап ,философиялық  теологиялық  ілімнің  қалыптасып  кең  етек  алған  кезең  болды. Негізгі  өкілдері Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.

  3. Құлдырау кезеңі (14-15 ғ.) Шынайы-ғылыми  және  философиялық  ойлардың  тез  қарқында дамуының  арқасында  (әл-Фараби  мен  ибн-Рушдтың “екіұдай ақиқат” концепциялары  негізінде),теологияның  тек  бедел  мен  атаққа  табынған , тәжітибеден, өмірден  алшақ, керенаулық  сарыны  басым  мистикалық  ілімге  айналуына  байланысты  схоластика  мүлде  нәтижесіз  тіл  безеген  ғылымсымақ  ретінде  қалыптасты. Негізгі  өкілдері:Ульям Оккам, Жан Буридан, т.б.

 

Схоластикалық  пікірталас үстінде  христиандық  догмаға  сәйкес  келе  бермейтін  көптеген  философиялық  мәселелер  көтеріліп, кейінгі  кезеңдерде  өз  шешімдерін  тапты. Августин Аврелий – (354-430 ж.ж.) философ, белгілі  католик  шіркеуінің  уағыздаушысы  және  саясаткері. Ол – августинизм  деп  аталған  христиан  философиясындағы  неоплатонизм  бағытының  негізін  қалаушы. Негізгі  еңбектері: “Тәубеге  келу”, “Құдай  қаласы  туралы”, т.б.

 

 

Августиннің  ілімі  бойынша, адам  дүниеге  келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары  құдайдың  ерік-жігерімен  белгіленіп  қойған. Ол     белгі  игілікке (адам оған лайықты болмаса да)  немесе  азаптарға  (жазықсыз



болса да) бағытталған  болуы  мүмкін. Құдай  әлемді  жаратқанда, барлық  заттардың  түрлерінің бастамасын  олардың  бойына енгізіп, әрі  қарай  өздері  дамитындай  мүмкіндік берген. Адамзат  тарихы  да  осы  заңдылыққы  бағынады. Тарихтың  даму  негізінде  адам  санасының  өзіне  деген  сенімділігі (бұл сенімнің негізі – құдай) мен құдайға деген сүйіспеншілігінің  деген  танымдық  күші  жатыр. Осы  түсінікті  басшылыққа  ала  отырып, Августин  адамзат  тарихы  бір-біріне  қарсы  екі  патшалықтың  күресінің  нәтижесі  деп  тұжырымдайды. Ол  құдайға  қарсы, күнделікті  өмірдің  қызығын  күйттейтіндер  мен  құдайдың  патшалығы  арасындағы  күрес. Августин  құдай  патшалығы  арасындағы  күрес. Августин  құдай  патшалығы  дегенде  жердегі  оның  өкілі – Рим  шіркеуін айтады. Шіркеу  құдай  патшалығы  атынан  сөйлейтін  болғандықтан, оған  жердегі  пенделердің  бәрі  де  бағынулары  керек.

Августинизм  теологиялық-философиялық бағыт  ретінде  Батыс Европа елдерінде 12 ғасырға  дейін  үстемдік етті, кейін  христиандық  аристотилизмнің  негізін  қалаушылар  Ұлы Альберт  пен  Фома Аквинскийдің  ілімдерімен  ығыстырылды.

Схоластикалық  тәсілдің  негізін қалаушы  және  қорғаушы  француз  теологы-схолосты, философ  Пьер Абеляр (1079-1142 ж.ж.) болды. Негізгі  еңбегі – “Бар және жоқ”.

Абелярдің  пікірінше, шынайы  өмір  сүретін – жалқылар, бірақ  олардың  өзара  ортақ  қасиеттері  болғандықтан, осы негізде  жалпылар  ұғымы  қалыптасады. Бұл  жалпылар  шын  өмір сүреді, себебі  ол  құдайдың  ақыл-ойында  есепте  тұр  әрі ол  жаратқан  заттардың  үлгісі  болып  табылады. Олай болса, жалқыларды  зерттеп, алған  білім  де, жалпылардың  шын  екеніне  деген  сенім  де  бір-біріне  қайшы  келмеулері  керек. Адамға  ең  керекті  нәрсе  оның  іс-әрекеті  емес, құдайға деген  сенімі.

Абеляр  осындай  екіұшты  пікірлері  үшін  номиналистер  жағынан да, реалисттер  жағынан да  сынға  түсті.

Христиандық  діни  ілімді  Аристотельдің  философиясымен  байланыстырып, шіркеудің  алғашқы  схоластикалық  ұстазы  болған, 1879 жылдан  бастап  католик  шіркеуінің  шешімімен  осы  шіркеудің  ресми  теолог-философы  деп  жарияланған  Фома Аквинский  1225-26 ж. туылып, 1274 ж.  қайтыс  болады. Негізгі  еңбегі “Теологияның  жиынтығы”, т.б. Ол Аристотельдің  іліміне  сүйене  отырып  белсенді  түр (реттілік принципі) мен тұрақсыз  және  қалыптаспаған  материаның (болмыстың әлсіз түрі) арасындағы  байланысты  түсіндіру  арқылы  Иисус Христостың  бойындағы құдайлық  (идеалдық)  және  адамдық (материалдық)  қасиеттерін  теориялық

жолмен  негіздеуге  тырысады. Құдайдың  арқасында  қосылған  алғашқы  бастамалар – түр  мен  материя  жеке  заттар  әлемін  тудырады. Адамның  өзі  де  жан (түр  қалыптастыратын  принцип) мен  дененің  қосындысынан  пайда

болған.  Жан  “таза түр”  ретінде  күйреуі, жоғалуы  мүмкін  емес.  Бірақ  ол  жерде  тіршілік  пайда  болғанға  дейін  жеке  өмір  сүрмеген, оны  құдай  жаратқан.

Рух  пен  материяның  табиғаты  туралы  пікірталас  жалқылар  мен  жалпылардың (универсалилер) табиғаты  жөніндегі  тартысқа  айналды.  Фома  Аквинский  Аристотельдің  жалпы  ұғымдар  жалқылардың  түр  қалыптастыратын  принципі  ретінде  өмір  сүреді  деген  іліміне  сүйене  отырып, универсалилер  ақыл-ойдың  жемісі  болғанымен, санадан  тыс, құдайдың  ойында  орын  алғандықтан, өз  алдына  жеке  дара  тіршілік  етеді  деп есептейді. Осыдан  келіп  ол  универсалилердің  үш  түрлі  өмір сүретіндігін  көрсетеді. Яғни, олар:


  1. зат пайда  болғанға  дейін – құдайдың ойында;

  2. заттардың өзінде – олардың мәні  ретінде;

  3. заттардан кейін, адамдардың  ақыл-ойында – сол

заттардың  ұғымы, абстракциялық  ойдың  нәтиже-

сі  ретінде  өмір сүреді.

Заттардың  мәні  олардың  түпнегізі – құдайдың  бойындағы  жалпы  идеялар  болғандықтан, адамдардың  мақсаты – соларды  діни  сенім  арқылы  білуге  ұмтылу. Ал  философия  болса, ол  да  діни  догмалардың  дұрыстығын, ақиқаттығын  өзіне  тиесілі  бар  беделімен  дәлелдеуі  керек.

Аквинскийдің  пікірінше, дін  құдайдың  табиғатын  түсіндіретін  ілім, сондықтан  шіркеу  оны  уағыздаушы  ретінде  азаматтық  қоғамнан  жоғары  тұрады. Демек, өкімет  билігі  құдайдан. Жердегі  тіршілік  о  дүниедегі  болашақ  рухани  өмірге  дайындық  болғандықтан, патшалық  билік  рухани (діни) билікке  бағыну  керек. Рухани  билікті  жүргізетін, аспанда – Христос, жерде – Рим  папасы. Аквинскийдің  ілімі  ХІХ ғасырдың  аяғында  қалыптасқан  қазіргі  кездегі  философияда  өзіндік  орын  алып  отырған  неотомизмнің  теориялық  және  идеологиялық  арқауы  болып  отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді