Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



бет9/31
Дата19.01.2023
өлшемі0.86 Mb.
#417335
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
Педагогика кафедрасы
628668, рабочая тетрадь пмэ 2019, ИББ СЕССИЯ, Оқу іс-тәжірибе бағдарламасы ПС 201
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Одаренные дети. Пер. с англ. М.: Прогресс,1990. – 381с.

  2. Савенков А. Одаренный ребенок в массовой школе //Нач. Школа. Прил. К газ. «Первое сентября» , 2004, № 4.- С. 16 – 20.



Дәріс 3. Балалар ұжымындағы дарындылардың жай – күйіне психологиялық – педагогикалық талдау жасау
1.Дарынды балалардың психологиялық – физикалық даму ерекшеліктері.
2.Дарынды балалардың психологиялық – жастық дамуының сипаттамасы.
3.Дарынды балалардың ұжыммен өзара әрекетін ұйымдастыру бойынша педагогикалық жетекшілік жасаудың міндеттері.
Мақсаты: ғылыми психологиялық – педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау арқылы дарынды балалардың балалар ұжымымен өзара әрекетін ұйымдастыру бойынша педагогикалық жетекшілік жасаудың қажеттігін дәлелдеу.
Міндеттері:

  • дарынды балалардың психологиялық-физикалық даму ерекшеліктерін қарастыру;

  • дарынды балалардың психологиялық-жастық дамуының ерекшеліктеріне сипаттама беру;

  • дарынды балалардың құрдастарымен өзара әрекетінің түрлеріне талдау жасау.

Негізгі түсініктер: психикалық даму, жастық даму, дамудың озуы, қарым-қатынас, өзара әрекет, балалар ұжымы, ұжымдағы қарым-қатынастың комфорттілігі және дискомфорттілігі.
Ертедегі Қытайда дарынды балаларды «Шэнь тон», яғни киелі бала деп атаған. Расында дарынды балаларды киелі бала деп атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап, оларға дұрыс жол сілтеу қажет.
Жалпы педагогика-психология ғылымында «дарындылық» мәселесіне қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде. Дарынды бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық - ол жоғары потенциялы бар, шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін - адам.
И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын көрсетті. Олар:
1. Ақыл –ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқлатын балалар.
2. Мектептің жекеленген пәндеріне және әр түрлі іс-әрекетіне қабілетті балалар,
3. Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар[1;56].
Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі – ол әлі толық қалыптаспаған тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа біткен қасиет деген.
Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар дарындылық адам баласының даму барысында тәрбиеге байланысты дейді. Сонымен дарынды бала - ол кім?
Психологиялық педагогикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша дарынды баланың бейнесі анықталды.Олар:
1. Интеллектуалды және ақыл-ой белсенділігі бар бала сөйлеу белсенділігінің жоғарлығымен, ойының ұшқырлығымен, байқағыштығымен, мәселені шешуде жан-жақты жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында көсем болумен, есте сақтауының беріктігімен т.с.с қасиеттерімен ерекшеленеді.
2. Бейнелеу өнері бар бала - сурет салуға көп уақыт бөлінуінен, көргенін есте сақтауымен, сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.
3. Әнге қабілеті бар балалар - ән сабақтарына аса қызығушылықпен қарайды, ритмикалық бөліктерді оңай қайталайды, таныс әуендерді бірінші дыбыстан таниды.
4. Қозғалыстың белсенділігі бар бала жаттығуларды орындауда тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына дене күші күшті болып келеді.
Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар, (әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б.қажет.
Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады.Сондықтан балалар дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Диагностика үрдісін жүзеге асырушы педагогтар мен психологтарға ғылыми принциптерді жетекшілікке алып, балалар дарындылығын бағалау құралдарын өте мұқият таңдау қажет. Біздің бала қабілеттілігін диагностикалау жұмысымыз оның ішкі қабілеттілігін бағалауға арналған.Кейде біз, баланы дарынсыз дей отыра, оның бүкіл психикасын мүгедек етуімізде мүмкін.
А.Савенков дарынды балаларды анықтаудың келесі принциптерін ұсынды:
1. Кешенді бағалау принципі. Баланы зерттеу жан-жақты және кешенді болуы керек. Баланың интеллектуалдық қабілеттілігінің даму деңгейінен басқа психо-физикалық қасиеттері мен құбылыстарының мүмкіндігінше кең аймағын зерттеуіміз қажет. Зерттеуші үшін баланың шығармашылық қабілеттілігінің дәрежесін, психо-әлеуметтік және физикалық даму деңгейін зерттеу маңызды бола бастайды. Кешендік бағалау принципіне тікелей қатынасы бар бағалаудың сапалы жақтарында есте ұстау қажет. Бұл арада бала психикасының құрылымындағы жеке функциялары мен қабілеттерінің даму деңгейінің сәйкестілігін анықтау туралы сөз болып отыр.
2. Ұзақ мерзімдік принцип. Балалар дарындылығының деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін диагностикалық зерттеулердің бір уақыттық шара болуы мүмкін емес. Бұлай жасауға осы мәселенің теориялық жағынан қарастырылу деңгейі ғана емес,сонымен қатар осы үрдістің әдістемелік жағынан қамтамасыз етілу деңгейінде мүмкіндік бермейді.
3. Тренингтік әдістер мен тапсырмаларды қолдану принципі. Бір реткі зерттеуге арналған кәдімгі диагностикалық әдістемелердің кемшілігіне баладан арнайы стандартты тапсырмалар арнасын шешуді талап ету және оның нәтижесі бойынша бағалау жатады. Сонымен қатар,бір реткі тапсырмалар бір уақыттық диагностиканың қызметін атқарады, олар кейбір жағдайларда балаларда табиғи стресстен туған қателіктердің алдын алуға да мүмкіндік бермейді. Тренингтік әдістемелер диагностиканың мақсатын өзгертуге, яғни оларды ең әуелі бала қабілеттілігін коррекциялау мен дамытуға бағыттауға мүмкіндік жасайды. Тренингтік әдістемелерді қолдана отырып, ұзақ мерзімдік диагностиканы жүзеге асыруға сол арқылы бір реттік зерттеуде міндетті түрде болатын кейбір психологиялық бөгеттерді шектеу мүмкін болады. Тренингтің көмегімен ұзақ зерттеуге алынған бала біртіндеп қысымнан құтыла отырып, өзінің табиғи қабілетін көрсете бастайды.
4. Баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескеру принципі. Көптеген мамандар баланың дарындылық деңгейін бағалауда қанша актуальды жағын бағаласақ, сонша потенциалдық мүмкіндігін бағалау керек дегенді айтады. Бұдан басқа, педагогикалық және әлеуметтік жағынан баланың сол сәттегі істегені емес, одан болашақта не күтуге болады сол маңыздырақ болады.
5. Диагностикалық экологиялық әдістерді тірек ету принципі. Экологиялық әдістерді баланың жасанды, зетханалық жағдайда емес кәдімгі жағдайдағы мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау әдістері жатады. Дегенмен, бұл арада біздің мүмкіндіктеріміздің шектелетінін ұмытпау керек.
6. Әр түрлі мамандардың қатысу принципі. Диагностикалық зерттеулерде психологтардан басқа педагогтар, физиологтар, ата-аналар және балалар қатысуы қажет. Балалар тек зерттелуші арналған арнайы өңделген, әдістемелік құралдары болуы керек. Тек осы мәліметтерді қатар қойып салыстыру ғана шынайы көріністі бере алады.
7. Балалардың өз дарындылығын бағалауға қатысу принципі. Жалпы балалар психодиагностикалық жұмыстарға зерттелуші рөлінде ғана қатысады. Әйтседе дарындылықты объективті бағалау үшін баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ[2;258]. Балалар дарындылығының диагностиалық үрдісін фундаментальдық идеялар ретінде жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алып, келесі ретпен жүзеге асыруға болады:
1. Ұйымдастыру деңгейі. Алдын-ала ізденіс кезеңі. Осы кезеңдегі жұмыстың мәніне бала туралы алғашқы мәліметтерді жинастыру жатады. Ақпаратты тасымалдаушыларға әр түрлі деректер жатады мәселен, ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, педагогтар және балалардың өздері. Ата-аналар үшін келесі әдістемелер қолданылады: «дарындылық картасы», «интеллектуалдық портрет» және т.б. Мұғалімдер үшін баланың бейімділігін анықтауға арналған әдістемелер:«оқушылардың қызығушылығының картасы», «интеллектуалдық портрет».
Практикалық психологтар интеллектуалдық даму деңгейін анықтау (Д.Венслер,Дж.Равен), шығармашылық ойлауды бағалау (Е.П.Торренстің, Дж.Пилфордтың тесттері) шығармашылық ойлаудың қысқа тұлғаның бағыттылығын анықтаудың дәстүрлі әдістемелерін қолдана отырып, баланың психикалық ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасын ұсынады.
Медициналық құжаттар мен мектеп дәрігерлерінің байқауына жалпы таңдау жасау негізінде баланың физикалық даму аймағы зерттеледі. Балалардың өзінің
дарындылығын анықтау диагностикасына қатысуы олардың тесттік тапсырмаларды орындауымен анықталады.
2. Бағалаушылық - коррекциялық кезең. Бұл кезең диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Олар продуктивті ойлауды психо-әлеуметтік аймақты физикалық мәліметтерді дамытуға бағытталған.
Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.
3. Өзін бағалау кезеңі. Бұл кезеңде балаға өздігінен қосымша сабақтарды таңдау құқығы беріледі. Баланың еш зорлықсыз қосымша сабақтарды жалғастыруға деген ниеті дарындылықтың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жоғары интеллектуалдық жүктемелерге деген бейімділіктің байқалуын көптеген ғалымдар дарынды баланың ерекше қасиеттерінің бірі деп есептейді. Бала сабақты әрі қарай жалғастыруды өздігінен таңдай отыра, өзі үшін қосымша интеллектуалдық жүктемелердің қажет екендігі туралы сұрақты шеше алады. Осылайша, ол өзінің дарындылығын бағалауға қатысады.
4.Қорытынды іріктеу кезеңі. Жұмыс барысындағы ақпарат деректерінен алынған мәліметтерді негізге алып, балалардың қосымша сабақтарға қатысуы мен оның нәтижесін таңдау арқылы әр баланың дамуына болжам жасалады.
Қорыта айтсам,жоғарыда аталған балалар дарындылығын диагностикалаудың принциптеріне сүйене отырып, біз балалар ерекшелігін зерттеуге нақты әдістемелер ұсынамыз.Ұсынылған әдістемелер 6-9 жастағы балаларды зерттеуге арналған. Сонымен қатар, авторлар бұрынғы бар тесттерді қолданбайтынын айта кету керек. Балалар дарындылығын зерттеуге арналған стандартты тесттер қазіргі ғылыми әдебиеттерде жан - жақты берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бағдарламасына сәйкес
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
сәйкес оқыту
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасы
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
республикасы білім
Жалпы ережелер
бекіту туралы
нтізбелік тақырыптық
арналған жиынтық
жалпы білім
болып табылады
Қазақстан республикасының
Зертханалық жұмыс
арналған әдістемелік
рсетілетін қызмет
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
Қысқа мерзімді
білім берудің
пәнінен тоқсанға
тақырыптық жоспар
қызмет стандарты
туралы жалпы
атындағы жалпы
пайда болуы
әдістемелік ұсыныстар
Жұмыс бағдарламасы
қарым қатынас
емтихан сұрақтары
пәнінен тоқсан